Меню
Назад » » »
Тік бұрышты үшбұрыштарды шешу
загрузка...

загрузка...
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі
Машрапова Жазира Сейфуллақызы
Геометрия пәнінен 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары

Тақырыбы:Тік бұрышты үшбұрыштарды шешу
Мақсаты:.Тік бұрышты үшбұрышты шешу үшін Пифагор теоремасын, сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі анықтамасын қайталап, есептер шығару. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын арттыруға жағдай жасау
Міндеттері:
- Пифагор теоремасын қолданып, есептер шығаруда қолдана білу,
- оқушылардың өз бетімен ой қорытындыларын жасауға жетелеу,
- математикалық тілде сөйлеуді дамыту,
- топтық жұмыста өзара сыйластық қарым-қатынасын қалыптастыра отырып, ізденімпаздық, шапшаңдық
қабілеттерін арттыру.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сын тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Стратегиялық іс-әрекеттер: Критериалды бағалау, АКТ, «Сергіту сәті», «Ақылды доп» стратегиясы, Рефлексия «Тілек ағашы», кластер, постер .

Сабақ кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурс
тар
Ұйымдастыру кезе
ңі
3мин Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа даярлығын қадағалау. Топқа қызыл, жасыл, сары, көк түстер арқылы бөлу. Әр оқушыға бағалау парағын таратамын.
«Сағат сайынғы достар» тренингін ұйымдастырамын.
Сабаққа дайындалады.
Түстер арқылы топқа бөлініп отырады. Топ атын анықтайды.
Оқушылар сабақ бойы алған «смайликтерді» өз бағалау парағына жапсырып отырулары керек. «Жақсы» формативті бағалауы Түрлі түсті қағаз
дар
Қызығушылық
ты ояту
7 мин Үй жұмысын ИТ арқылы тексеру
№278 (1,а,б), (2,а,б)
№281 (2)
«Ақылды доп» стратегиясын ұйымдастырамын.

Үй жұмысын ИТ арқылы тексереді.
«Ақылды» доп стратегиясы бойынша «Тік бұрышты үшбұрышты шешу» тақырыбына оқушылар бір-біріне допты ұсына отырып ашық, жабық сұрақтар қояды, келесісі жауап береді және ол да келесі оқушыға сұрақ қояды, т.с.с. «Бас бармақ» арқылы бағалау
Ватман

Мағына
ны тану
10мин

Сергіту сәті
2 мин

7 мин

Топтық жұмыс ұйымдастырамын.
«Тік бұрышты үшбұрыштарды шешу» тақырыбына математикалық газет дайындау
Бағалау критерийлерін анықтап алу.
1-топ. Егер АВ=10, sinA=0,6 болса, АС мен ВС-ны тап.
2-топ. Тең бүйірлі тік бұрышты үшбұрыштың табаны 9√2см-ге тең. Бүйір қабырғасын тап.
3-топ. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы 91см, ал диагоналі 109 см болса, екінші қабырғасын тап.
4-топ. Ромбының қабырғасы 13 дм, ал диагональдарының бірі 10 дм. Екінші диагоналін тап.

Критерий
лер Дескрипторлар


Формулалар
Есептің шешімі
Мат.тілде қорғау
Оқушылар бағалау критерийлерін анықтап алады, есепті шығарып, математикалық газетті дайындайды, топпен жұмыс жасайды. Әр топ дайындап әкелген математикалық газеттерін тақтаға шығып қорғайды.
Критерийлердің орындалғанын анықтайды. Дескрипторлар арқылы бағалайды.
Критериалды бағалау Интерактивті тақта, таратпа карточкалар, бағалау парақтары, ватман, маркер
Пифагор теоремасы мен Пифагор өмірі мен еңбегі жайында қызықты тарихи мәліметтер
Қызықты тарихи мәліметтермен танысады. Слайд
«Кім жылдам?» Сәйкестік тесті
№ Есептер: Жауаптар:
1. сosα= 1/2 болса, sinα=? 5
2. Тік бұрышты тең бүйірлі үшбұрыштың катеттері 5-ке тең. Гипотенузасын тап. 1
3. 1 - sin2α өрнегі неге тең? 6√3
4. Тік бұрышты үшбұрыштың катеті 6-ға, ал гипотенузасы 12-ге тең болса, белгісіз катетті тап. √3/2
5. a=3, b=4, с=? 30
6. Есепте:
cos600+sin300- cos900 сos2α

7. Егер С бұрышы тік, АВ гипотенузасы 6-ға тең, ал ВС катеті 3√3 –ке тең болса, А бұрышы неше градус? 5√2
Берілген тапсырмаларды жеке-жеке орындайды. Дұрыс жауабын тапқан оқушы интерактивті тақтада түрлі түсті маркермен сәйкес жауабын белгілейді.

Смайликтер арқылы бағалау

ИТ, смайликтер, маркер
10мин Тесттік тапсырма:
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері а=6, в=8 болса, с-гипотенуза неге тең?
Ромбының қабырғасы 5см, ал ұзын диагоналі 8см. Кіші диагоналін тап.
Есепте: cos450-sin450- cos900
Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 12см, ал бүйір қабырғасы 10 см болса, табанына түсірілген биіктікті тап.
Sinα=√3/2 болса, онда α неше градусқа тең?
Гипотенузасы 13√2 дм болатын тең бүйірлі тік бұрышты үшбұрыштың каттері неге тең?
Ықшамда: 3 - sin2a – cos2a
Ықшамда: (tga*ctga – cos2a)*1/(〖sin〗^2 a)
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 4, ал каттері 2 және 2√3 болса, барлық бұрыштарын тап.
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 11 см, катеті 9 см болса, екінші катетін тап. ACTIV oit тестілеу құралы арқылы тест тапсырмаларына жауап береді.
Оқушылар өздерінің нәтижелерін бірден тақтадан көреді, бағалау парағына белгілейді.
Бағалау шкаласы:
«5»-тік баға 10 есеп дұрыс
«4»-тік баға 9-7 есеп дұрыс
«3»-тік баға 6-4 есеп дұрыс ACTIV oit тестілеу құралы
Ой толғаныс
3 мин Ашық сұрақ:
«Тік бұрышты үшбұрыштарды шешу» үшін қандай теоремалар, анықтамалар, формулалар қолданылады? Өмірде қолданылуы?
«Тік бұрышты үшбұрыштарды шешу» тақырыбына кластер құруды ұйымдастырамын. Оқушылар «Тік бұрышты үшбұрыштарды шешу» тақырыбына кластер құрады.

ИТ
Үйге тапсырма
1 мин 1. №388
2. БОНУС тапсырма: Пифагор үштігіне 10 мысал жазып келу. Үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазады.

Бағалау Оқушылардың тест нәтижесі, смайликтер саны мен бағалау парақтары бойынша бағалау. Оқушылардың тест нәтижесін мұғалім берген шкала арқылы және жиналған смайликтері арқылы өзін-өзі бағалайды. Суммативті бағалау Бағалау парақтары
Рефлек
сия
2мин «Тілек ағашы» стратегиясы бойынша Стикерлерге өз ойларын, сабақты қаншалықты түсінгенін, тілектерін жазады. Формативті бағалау Стикерлер

Қарағанды облысы,

Шахтинск қаласы Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тік бұрышты үшбұрыштарды шешу можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 301 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar