Меню
Назад » » »
Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы.
загрузка...

загрузка...
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы
№3 жалпы орта білім беретін қазақ
мектебінің бірінші санатты бастауыш
сынып мұғалімі Мукашева Эльмира Женисовна

Сабақтың тақырыбы:”Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы.”


Сабақтың мақсаты:
а)білімділігі:Оқушыларға тіктөртбұрышты параллелепипед және текше туралы түсініктерін қалыптастыру;санның кубын есептеп үйрету.
ә)дамытушылығы:оқушылардың өзін-өзі бағалауын, есептеп шығару арқылы логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Коммуникативтілік құзыреттілігін қалыптастыру.
б)тәрбиелігі:оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, елжандылық, адамгершілік пен адалдық, шапшаңдық пен тазалық қасиеттерін қалыптастыру. Бірінің пікірін бірі тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:экспедиция
Сабақтың әдісі:топтастыру, ой шақыру, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап.
Сабақтың құрылысы:
I.Психологиялық дайындық

II.Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау стратегиясы «”Ия” немесе “Жоқ”» ойыны.

III.Мағынаны тану

Сергіту сәті “Жаңбырдың үні” тренингі

IV.Рефлексия

“ Бес қадам “тренингі.

V.Бағалау
VI.Үйге тапсырама.

Кезең Жұмыс мазмұны Уақыт Күтілетін нәтиже
Кіріспе қызықтырушылық- кезең
1.Ұйымдастыру:
-Сәлемдесу
-Оқушыларды түгендеу
-Назарын сабаққа аудару
-Құрал-жабдықтарын түгендеу
2.Психологиялық дайындық:
Күлім қағып қолымды,
1,2,3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Ыстық алақаныммен,
Маңдайыңнан сипайын.
Құшақтасып өзіңмен,
Амандасып алайын.
3.Сабақтың мақсат-міндетін қою:
Біз бүгінгі сабақта геометриялық экспедицияяға аттанамыз.Осы экспедицияға қатысу үшін бірнеше сынақтан өту керек.Сынақтан өтпес бұрын,кім айтады геометрия сөзі нені білдіреді?
(Оқушылар жауабы)
Дұрыс айтасыңдар!
Геометрия алғашқы рет Мысырда пайда болған,содан ол жақтан басқа елдерге тараған.Мысырлықтар ұзындықты өлшеудің басты бірлігі ретінде шынтақты пайдаланды.Шынтақ 7 алақанға ,алақан 4 саусаққа бөлінді.Осылайша геометрия,геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылымға айналды.Ал,сіздер геометрия пәнімен 7-сынпта жақынырақ танысасыңдар.
Өткен тақырыпты пысықтау:
Ой қозғау стратегиясы:
Бірінші сынақтан өту үшін “ия немесе жоқ”ойынын ойнаймыз.
1.Тіктөртбұрыштың ауданы-ұзындығы мен енінің көбейтіндісі.
2.Шар-жазық фигура.
3.Тіктөртбұрыштың периметрі-барлық қабырғаларының қосындысы.
4.1 дм-де 15 см
5.Санды екі бірдей көбейткіш ретінде алу-санның квадраты.
Екінші сынақтан өту үшін бері қараймыз.

Оқушыларды сабаққа дайындау

Сабаққа деген қызығушылығын ояту

Геометрия туралы мағлұмат алу.

Өткен тақырыптарды қаншалықты игергенін білу.

Бағдарлау – мотивациялық кезең

Мына фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады.
(Оқушылар жауабы)
Жазық фигураларды кім атайды?
Көлемді фигураларды кім айтады?
Жарайсыңдар балалар!
III.Мағынаны тану:
Сонымен, сендер сынақтан өттіңдер,енді экспедицияға шығуға дайынсыңдар.Әр ғылыми экспедицияның мақсаты бар,ол-ғылыми құбылыстың қандай да бір ерекшелігін зерттеу.Сендер қалай ойлайсыңдар,біздің экспедицияның мақсаты қандай болу керек?
( Оқушылар жауабы геометриялық фигуралар)
Дұрыс,айтасыңдар,балалар!Бүгінгі сабағымызда параллелепипед пен текшені зерттейтін боламыз .Біздің сабағымыздың тақырыбы: «Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы.».
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадысы мен тақырыпты жазамыз.
Мысал 1.
Бері қарайық.Мынау қандай фигуралар? Фигураларды атайық.Әр түрінен неше фигура бар?

10 Фигураларды анықтату

Сабақтың мақсатын оқушыларға айтқызу
Фигураларды топтастыру
Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше-сендерге өте жақсы таныс фигуралар, өйткені көптеген заттар осындай пішінге ие.Қандай заттар?
(оқушылар жауабы)
Жарайсыңдар балалар!
Мынау қандай фигура?
(Оқушылар жауабы)
Параллелепипед туралы не білеміз?
(Оқушылар жауабы)
Тіктөртюұрышты параллелепипед жақтары тіктөртбұрыш болып келетін көлемді фигура яғни,дене.
Бұл фигураның 8 төбесі, 6 жағы,12 қыры бар. Кез келген төбеден 3 қабырға шығады.
Параллелепипедтің 3 өлшем бірлігі бар-ұзындығы, ені, биіктігі. а-ұзындығы, в-ені, һ-биіктігі болып белгіленеді.

Осы фигуралардың пішініндегі заттарды айтқызу. Білу, түсіну, қолдану(Блум таксономиясы).
Параллелепипед туралы білетіндерін айту..
Операционалдық-орындаушылық
кезең

Рефлексиялық-бағалау кезеңі Мынау қандай фигура?Текше туралы не білеміз?

Текше-барлық жақтары шаршы болып келетін тіктөртбұрышты параллелепипед.Текшенің 6 жағы бар.Текшенің жақтары туралы не айтуға болады?
Оқушылар жауабы
Текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің жазбасында тіктөртбұрыштардың өлшемдері қандай?
(Оқушылар жауабы)
Неліктен?
(Оқушылар жауабы)
Жақсы . Жарайсыңдар!
Мысал 3-ке назар аударайық.


Қай сандарды бірдей екі көбейткіш түрінде жазуға болады?
(Оқушылар жауабы)
Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін санның квадратына ауыстырып қалай жазуға болады?
(Оқушылар жауабы)

4=2*2=2² 36=6*6=6²
16=4*4= 4² 64=8 *8 =8²
49=7*7 =7 ² 81= 9*9=9²
25=5*5=5² 9=3* 3=3²
ә)
Үш бірдей көбейткіштің көбейтіндісі бола алатын сандарды таба аласыңдар ма?
2*2=8 4*4*4=64
Ережемен жұмыс
Бірдей үш санның көбейтінідісін көбейткіштердің кубына ауыстыруға болады.
4*4*4=4²
4*4*4=16*4=(10+6) *4=40+24=64
1- топ:1-б, 2-топ- 2 баған, 3 топ-3 баған, 4 баған бәріне
б)3²,7²,2²,6²,5²,5²,8²,2²,9²,4²,3².
Есеп 4
Әр көйлекте-2 м қызыл және 3 м сары мата
20 қызға-? м мата
Шешуі: (2+3)*20=100(м)
Жауабы:100 м мата.
ә)Әкелінді-20 қорап
Әр қорапта- 30 балалар әдебиеті және 20 оқулық
Барлығы-? оқулық
Шешуі:(30+20)*20=1000(к)
Жауабы:1000 кітап
Сергіту сәті “Жаңбыр үні” тренингі
Мысал 5
1 топқа 2 топқа
7*30+30*6 1000-(70*3)
50+60*5 6*30-160-40
2*20+360/60 800-80/2
19+6+250/50 450+450-400*2
920-720-150/3
3-топ: қалаулары
Мысал 6 өзіндік жұиыс
1 топ-1 баған 2 топ-2 баған 3 топ-3баған
430/10 43 1000/5 200 1000/50 20
500*2 1000 70*3 210 560/8 70
810/90 9 90*9 810 800/4 200
600/2 300 630/7 90 70*6 420
600/300 2 900/100 9
Бәріне 4 баған
1000/50=20 800/10=80
90*5=450 1000/10=100
800/400=2
Мысал 8 ауызша
6 кг+5кг 8кг+3 кг
III Рефлексия
1-топқа: параллелепипедті сипаттау
2-топқа:текшені сипаттау
3-топқа:параллелепипед пен текшенің ұқсастығы мен айырмашылығын айту.
“Бес қадам”тренингі
Нені білдім?
Не ұнады?
Нені әлі де білуім керек?
V.Бағалау.
Бағалау парағы арқылы.
Үйге тапсырма.

Текше туралы білетіндерін айту.

Ойлау қабілеттерін дамыту.
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

Өзіндік жұмыс жасау.

Сабақты қаншалықты меңгергендерін байқау.
Өз пікірлерін дәлелдейді.

Өз ойларын айту.

Өздерін қаншалықты бағалайды. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 278 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar