Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тіл белесі -

Тіл белесі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1294 | Размер: | Автор: гость
. Алға аудандық білім бөлімі
Арнайы курс
«Тіл белесі »
11 класс
2013-2014 оқу жылы
Ақай ауылы

Алға аудандық білім бөлімінің эксперттік кеңесінде

бекітілді.
«___» ___________ 2013ж №_____ хаттама негізінде

ААББ әдіскері ________Қасым.С.

Бағдарламаны құрастырған:
Ильинка орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Бердеева Р.М.

Пікір жазғандар:
ӘБ жетекшісі
Аубакирова Д.Б.

Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Икласова С.Қ.

.

«Тіл белесі» арнайы курсында оқушылар тіл білімінің салаларын тереңнен түсіне отырып, өздеріне түсініксіз тұстарын оқу, қайталау, жаттау, талдау арқылы білімдерін тереңдете түседі.
Түсінік хат
Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында.
Н.Ә. Назарбаев.

Білім беру саласын жоғары деңгейге көтеруде басты бағыт болып отырған еліміздегі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) - білім сапасын анықтауда қоғамдық саяси және әлеуметтік мәні бар жалпы мемлекеттік шара болып табылады. Осы жетілдірудің ең басында, бірінші кезекте ұстаздар қауымының, пән мұғалімдерінің жауапкершілігі ерекше. «Тіл белесі» арнайы курсында қазақ тілі пәнінің барлық саласы оқушы деңгейіне сай қамтылады. Күрделі тақырыптарға баса назар аударылып, сол тақырыптардың мазмұнын пысықтау мақсатында сабақ соңында, бөлім соңында жаттығу жұмыстары мен тест сұрақтары беріледі.Бұл курс Жоғары оқу орнына түсуші талапкерге дайындық барысында қазақ тілінің грамматикалық материалдарын оқып – үйренуіне, 5-11 кластарда алған білімдерін жүйелі түрде қайталап, нығайтуларына орасан зор пайдалы болатынын сеніммен айтуға болады.
Бұл курс – 11 класс окушыларының 5-10 сыныптарда қазақ тілден алған білімдерін жүйелеп қайталау,талдау, одан әрі тереңдете түсуде маңызы зор болмақ.

Пікір.

11класс оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша дайындалған «Тіл белесі» арнайы курсы бағдарламасы ҚР білім және ғылым министрлігінің жалпы білім беретін мектептер стандарт талабына сай жасалған. Бағдарламадағы материалдар оқушылардың білімдерін қайталату, толықтыру, қорыту мақсатында жасалған. Аталған әдістемелік құрал оқушылардың дара ерекшелігін ескере отырып білім беруде көптеген оң әсері болмақ.Сондықтан да осы бағдарламаны пән мұғаліміне пайдалануға ұсынылады. Оқушылармен әрдайым бірлікте отырып, тақырыпты тереңнен меңгеру, әрбір өтілген тақырыпты тест сұрақтарымен байланыстыру, негізгі қажетті деген сөздерді түрлендіре отырып, сұрақтар қойдырта білу, әрбір сұраққа дұрыс жауап бере білуге,дұрыс жауапты есте сақтап қалуға үйрету бұл курста басшылыққа алынған.


Мақсаты:
-Оқушыларға сапалы білім беру;
-Жан – жақты білім бере отырып ізденгіштік қабілеттерін дамыту;
-Тест жұмыстары арқылы оқушы білімін тексере отырып, дамыту;
- Оқушыларға өз ой – жүйелерін, білім мазмұнын жинақтау, талдау.

Міндеті:
-Оқу көрнекі құралдарын жүйелі пайдаланып, оқушыларды пәнге қызықтыру;
-Теориялық білімнің практикамен ұштасыу;
-Өзіндік бақылау жұмыстарын өткізу.
-Көзбен көру, есте сақтау қабілеттерінің дамыту;
- Талдау қабілеттерін дамыту.

.

«Тіл белесі» арнайы курсының базалық
білім мазмұны – 34 сағат, аптасына 1 сағат

1.Кіріспе –1 сағат.
Қазақ тілі туралы түсініктерін білімдерімен ұштастыру.
2. Қазақ тіл білімі – 1сағат.
Қазақ тіл білімінің өзге тілдерден ерекшелігі, салалары туралы мағлұмат алу.
3. Терминдер – 1сағат.
Терминдердің қазақ тіліндегі маңызын, өзіндік ерекшелігін, емлесін ұғыну.
4 . Фонетика -5сағат.
Фонетикалық түсініктерін қайталату, толықтыру, талдата отырып білім беру.Дыбыстардың ерекшелігін ашып көрсету.
5. Лексика-3 сағат.
Лекскалық бірліктердің маыздылығын, сөз, сөйлем талдаудағы сөз мағынасының маңыздылығын үғыну, пайымдау.
6.Морфология- 14сағат.
Сөз таптарының өзіндік тұлғаларын, қолданылу ерекшеліктерін, талдау, жинақтау барысында түсіну, қорытынды шығару.
7. Синтаксис- 7сағат.Сөз, сөйлем туралы білімдерін дамыту, кеңейту, қолданы білу, қатмен жұмыс арқылы білімдерін дамыту.
8.Стиль -1сағат.
Стильдік ерекшеліктерді ұғыну.
Қорытынды – 1 сағат.
Бастапқы (Қыркүйектегі)білім сапасымен салыстыру, қорытынды жасау.

Білім,білік, дағды:
-Тілдегі негізгі түсініктерді кеңейту және тереңдету;
-Өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;
-Еркін талдай білу(фонетикалық, лексикалық,морфологиялық,синтаксистік) іскерлігін қалыптастыру;
-дүниетаным мен ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
-алған білімді қолдана білуге үйрету.



Күнтізбелік – тақырыптық жоспары

№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Күні Қолданыла-тын
әдіс-тәсілдері Қолданыла-тын материал-дар
1 Кіріспе 1 Түсіндіру, мәлімет беру
2 Қазақ тіл білімі 1 Сын тұрғысынан ойлау Шың
3 Қазақ тіл біліміне енген термин сөздер 1 топтастыру Терминдер сөздігі
4 Фонетика, дыбыс, әріп 1 Тірек -сызба плакат
5 Дыбыстың өзіндік ерекшеліетері 1 Түсіндіру, талдау Плакат, шың
6 Дауысты дыбыстар ерекшелігі 1 Сын тұрғысынан Плакат
7 Дауыссыз дыбыстар несімен бөлек 1 Блум таксономиясы плакат
8 Үндестік заңы.Буын, тасымал 1 Венн диаграммасы Шың
9 Лексика, зерттеу саласы 1 Түсіндіру, мәлімет беру
10 Қолданылуы шектеулі сөздер 1 Сын тұрғысынан ойлау Шың
11 Қанатты сөздер, сөз мағынасы 1 топтастыру Мақалдар жинағы
12 Морфология, сөз құрамы 1 Тірек -сызба плакат
13 Қосымша, жұрнақ, жалғау 1 Түсіндіру, талдау, жинақтау Плакат, шың
14 Сөз таптары.Зат есім 1 Сын тұрғысынан Плакат
15 Сые есім, сан есім 1 Блум таксономиясы плакат
16 Есімдік, жасалуы, түрлері 1 Венн диаграммасы Шың
17 Бақылау тесті 1 Картамен жұмыс, тест Плакат, карта
18 Етістік, жасалуы, түрлері 1 Түсіндіру, мәлімет беру
19 Етістіктің мағыналық ерекше түрі.Етіс түрлері 1 Сын тұрғысынан ойлау Шың
20 Іс- әрекеттің уақытын білдіруі 1 топтастыру шың
21 Орындаушының іс- қимылға байланысты ой –пікірі, қатынасы 1 Тірек -сызба плакат
22 Тұйық етістік, емлесі 1 Түсіндіру, талдау Плакат, шың
23 Үстеу, түрлері, жасалуы 1 Сын тұрғысынан ойлау Плакат
24 Шылау,еліктеу сөздер, одағай сөздер 1 Блум таксономиясы плакат
25 Қорытынды тест 1 тест Сынақ кітапшасы
26 Синтаксис, сөз тіркесі,сөйлем 1 Талдау, мәлімет беру плакат
27 Сөздердің байланысу түрлері, тәсілдері 1 Сын тұрғысынан ойлау Шың
28 Сөйлем түрлері, сөйлем мүшелері 1 топтастыру Терминдер сөздігі
29 Жалпылауыш сөздер 1 Тірек -сызба плакат
30 Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөз 1 Түсіндіру, талдау Плакат, шың
31 Құрмалас сөйлем 1 Сын тұрғысынан Плакат
32 Сабақтас құрмалас 1 Блум таксономиясы плакат
33 Стиль 1 Венн диаграммасы Шың
34 Қорытынды 1 Тест

Күтілетін нәтижелер:
1.Өз бетімен жан – жақты білім алу;
2.Туындаған қиындықтардың жолын іздеу;
3.Қосымша ақпараттарды пайдалана отырып, өзіндік тұжырым жасай білу;
4. Теориялық білімдерін практикада қолдана білу;
5. Өзіндік «Мендерін» қалыптастыру;
6. Өзін-өзі бағалай білу.

Пайдалынған әдебиеттер:
1. « Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2013 жыл
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» 2013 жыл
3. «Ұстаз» газеті 2013 жыл
4. ШЫҢ 2007ж, 2012ж.
5. Дамыта оқыту технологиясы Б.А.Тұрғынбаева Алматы 2000жыл
6. Б.Қ.Ерғалиева, Ж.Б.Жақсыбаева «Қызықты қазақ тілі» 2011жыл
7. Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына түсушілер үшін тесттер жинағы Алматы.,2013ж
8. Интернет желісі www.45 minut.kz.
9 . «Ана тілі» газеті 2013жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.