Меню
Назад » » »
Тіл мәдениеті
загрузка...

загрузка...
ОҚО Сарыағаш ауданы,
Ө. Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясы,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Зулпиева Ултусын Ануаровна

Сыныбы: 7 «В»
Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті
Сабақтың мақсаты: Тіл мәдениеті жайлы түсінік қалыптастыру, жаттығулар арқылы етістіктің шақтары бойынша алған білімді пысықтау, морфологиялық талдау жасау.
Міндеттері:
- Сөйлеу тілдерін жетілдіру, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Топта ұйымшылдыққа, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
- Өз ойын еркін айта алатын, сыни тұрғыдан ойлай білетін тұлға қалыптастыру.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, ОүБ және ОБ, ТЖД балаларды оқыту.
Стратегиялық іс әрекет: «Жигсо» әдісі, «Синквейн» әдісі, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі.
Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалім іс әрекеті Оқушылардың іс әрекеті ресурстар
3 мин Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Оқушыларды психология
лық дайындау.
Өзін -өзі реттеу. Сыныпқа ену, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу.
Жылы лебіз тренингі арқылы (оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіру) ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Орындарынан тұрып сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.
Бір – біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді.
- Бүгінгі күнің сәтті өтсін.
- Сабағыңды беске оқы, ата-анаңның үмітін ақта.

3 мин Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу. Сандар арқылы 2 шағын топқа бөлу. Оқушылар саналып ,шағын топтарға бөлінеді Топ реті көрсетілген парақшалар.
1-топ –«Туған тіл» тобы
2-топ –«Ана тілі» тобы.
5 мин Үй тапсырмасын сұрау, бекіту
Сұрақ-жауап 5-тапсырма сурет бойынша портрет жазу тапсырылған. Топтар ішінде оқуға тапсырып үздіктерін сыныпқа оқуды тапсыру. Жазылған портреттерін топтарда оқып, үздіктерін анықтап, сыныпқа оқу. Талқылау. Дәптер
15 мин Жаңа сабақ
Тіл мәдениеті
«Жигсо» әдісі

1-тапсырма


2-тапсырма

3-тапсырма

«Ақылдың алты қалпағы» әдісі Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында «Тіл мәдениеті» тақырыбында алдын ала дайындалған мәтін ұсыну.

Берілген мәтінді оқытып, мазмұнын айтқызып, деңгейлік тапсырмаларды орындату.

Жоғарыда берілген мәтіндегі тұйық етістіктерді теріп жазып, септету.

Берілген сөйлемдерді толықтырып жазу.

«Қазіргі қоғамдағы тіл мәселесі» тақырыбын жан-жақты талқылауды ұсыну. Әр топ өз мәтінін оқып, өзара талқылап, келесі топқа түсіндіреді. Тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады. Талқылайды.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
І топ –ІІІ деңгей.
ІІ топ –ІІ деңгей
Ортақ тапсырма:
ІІІ деңгей
Мәліметтерді топтастырып жазады..Қадірлеу, сөйлеу білу, т.б.

Халық бар жерде .... бар.
Тілімізді ..... ұстайық.

Тақырып бойынша жан-жақты мәліметтерді келтіре отырып талқылайды. Постер жасап, қорғайды. Мәтін жазылған үлестірмелі материалдар.

Оқулық, дәптер, қаламсап.

Оқулық, дәптер, қаламсап,

Дәптер, қаламсап, оқулық.

Постер, маркер, қаламсап, түрлі-түсті қағаздар,қайшы.

10мин Сабақты бекіту
«Синквейн» әдісі.
«Тіл құдіреті» тақырыбы бойынша «Синквейн» әдісімен жұмыс ұсыну. «Тіл құдіреті» тақырыбы бойынша «Синквейн» әдісі бойынша бес жолды өлең жазады. Дәптер қаламсап.
3 мин Бағалау.
Әр топтың басшысын сайлап, тапсырма орындау барысында, топ мүшелерін бағалатады. Топтық жұмыстарда топтар өзара бағаланады. Әр топ басшысы өзінің топ мүшелерін бағалайды. Топтар өзара бір-бірін бағалайды. Бағалау парақшасы, бармақша, фигура, смайлик.
2 мин Үйге тапсырма
4-тапсырма Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашып, сөйлемдер құрап жазуды тапсыру. Күнделікке жазып алады. Оқулық, дәптер, калам.

4 мин Рефлексия. Оқушыларға жасыл, қызғылт түсті стикерлер таратады. ББҮ Оқушылар стикерлерге бүгінгі өткен сабақ бойынша алған әсерлерін жазады.
Түрлі-түсті стикерлер. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тіл мәдениеті можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 275 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar