Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тіл тағдыры- ұрпақ тағдыры -

Тіл тағдыры- ұрпақ тағдыры

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1067 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы
Желаев селолық округі Мектептен тыс жұмыс орталығы
Қосымша білім беру педагогы
«Ұлағат» үйірмесінің жетекшісі,
Елемисова Арайлым Абылайқызы

Сабақтың аты: «Тіл тағдыры- ұрпақ тағдыры»
Мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне , туған жеріне құрмет көрсете білуге баулу.
Көрнекілігі: көрме бұйымдары, ұлттық тағамдар, Ту, Конституция кітабы, қанатты сөздер.
Мұғалім: Тіл мәселесі қазір ең өзекті мәселе болып тұр. Оның бүгінгі халі мен болашағына алаңдаушылық та бар. Мына алдарыңызда тұрған оқушылар келешек ғасырымыздың азаматтары, келешек осылардың қолында. Бүгінгі үйірмеден тыс сабағымыздың да себебі осында.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
«Тіл тағдыры- ұрпақ тағдыры» атты үйірмеден тыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Той-тойларда, мейрамдарда,
Батырларша мына біз,
Көгілдір ту- біздің туды
Тік көтеріп шығамыз.
Қазақстан Республикасының көкбайрағы ортаға әкелінсін. Көкбайрақтың астында тік тұрамыз.
2-жүргізуші:
Ғұрпымыз бар ел сенген,
Дәстүріміз ең ізгі.
Әділдікпен өлшенген,
Заңымыз бар негізгі.
Бас иетін бар адам,
Әрбір сөзі салмақты.
Қорғар бәле-жаладан
Ата Заң бұл ардақты!

1-жүргізуші: Ортаға Қазақстан Республикасының Ата Заңы әкелінсін!
1-оқушы: Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі.
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
2-оқушы: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана-тілі- оның бақыты, оның қуанышы.
3-оқушы:
Туған тілім табындырған талайды,
Ел ертеңі саған ғана қарайды.
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Ана тілім әрқашанда арайлы.
4-оқушы:
Өз тіліңді білу, өз тіліңде ер жетіп, ел қатарына қосылу- өмірден алған ең үлкен сыйың.

2-жүргізуші:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның құдіретті үнін сүйем- деп Мұқағали ағамыз жырлағандай , келесі кезекті әнге береміз.
Ән: «Туған ел»
2-жүргізуші:
Өнердің нәр береді шапағаты,
Әркімнің өнерге бар махаббаты.
Талпынып қыздар шықты кәнекей,
Қонақтар қошеметпен қол соғайық.
Ортаға «Ұлағат» үйірмесінің биші қыздарын «Қазақ» биімен шақырамыз.
5-оқушы:
Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз деп тастаған,
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.
Айтыс: «Қара қазақ пен Шала қазақтың айтысы»
Қара қазақ:
Діні есінде сақталған, тілі есінде,
Қиындықпен шыңдалған күрескенде.
Қазағымның мақтанышы бола білген,
Ақындарын , қарағым, білесің бе?
Шала қазақ:
Қазақстан , говорят, Абай елі,
Кунанбаевич пе еді, қалай еді?
Знаю Джамбул, Ауезов, Сулейменов,
Всех не перечислишь , надоело......
Қара қазақ:
«Естімеген елде көп» о, жасаған,
Қызығына өмірдің тоймас адам.
Әлгі айтқаның бір тобы алыптардың,
Ат шаптырып қазағым той жасаған.
Шала қазақ:
Ол жақта той, без конца, бұл жақта той
Болатұғын түрі жоқ у нас покой.
Озып келген байгадан лошадтарға
Автомобиль береді , ужас какой...
Қара қазақ:
Қандай ащы шығады үнің қалқам,
Қандай жерден алып ең білім қалқам?
«Ер қанаты-ат» деген қазақ атам,
Тұлпарларға тимесін тілің қалқам.
Шала қазақ:
Слава богу, шықсақта көшпелі елден,
Красный диплом маған кіл беспен берген.
Қашан көрдің крылья у лошадей,
Жарыспай ма жүгіріп, пешком жермен?
Қара қазақ:
Астапыралла, шырағым, бұлай деме,
Шатастырды өзіңді құдай неге.
Жеті атаңды, тегіңді білесің бе?
Туыс та боп қалармыз сұрай келе...
Шала қазақ:
Ненавижу көршінің шалын неге,
Говорит: «Маған боласын қарын бөле»
Менің руым якобы, қотыр тайлақ,
Бұның бәрі дикость қой в самом деле.
Қара қазақ:
Әрбір пенде теріп жеп татар дәмін,
Жер бетінде жалғайды сапарларын.
Мұсылмандық парызды білесің бе?
Ораза ұстап жатыр ғой қатарларың.
Шала қазақ:
Жрать нечего, ұстайды амал қанша,
Зря дома аштан-аш қамалғанша.
Екі заяц атады бір пулямен
Голадовка жариялап алаң барса...
Қара қазақ:
Қайтейін, босқа ысырап болыпты өлең,
Жүрек мұздап кетті ғой, тоңып денем.
Сеніменен айтысқан мен де ақымақ,
«Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген.
Шала қазақ:
Издеваться етуге қазақ ұста,
Не думаю, что ақылым қысқа,
Игрушка емеспін мен ешкімге,
Оскорблять етпеңіз , пожалыста..,
Қара қазақ:
Шұбар тілдің базарын ашайық та,
Современный біз айтыс жасайық па?
Ойбай, мен де шүлдірлеп барамын ғой,
Кеттім, қашқан пәледен машайық та...
1-жүргізуші:
Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен,
Жолықсын қонақтар жас күнімен.
Үлгі алсын жас ұрпақ бүгін бізден,
Ежелгі ата-баба дәстүрімен.
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай данамыз жырлағандай, кезекті әнге береміз.
Ән: Атамекен
(Оқушылардың қолында шар, ту.)
1-жүргізуші:
Бүгінгі Тіл мерекесіне арналған үйірмеден тыс сабағымыз өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңызға көп, көп рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.