Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ -

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2500 | Размер: | Автор: гость
. ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ
ОҚО, Бәйдібек ауданы, "Жолғабас негізгі орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Альжанова Ш. О.,
математика пәні мұғалімі Амиртаева М. Т.
Бүгінгі таңда еліміздегі білім берудің мазмұны жаңартылып, оқытудың жаңа тәсілдері мен технологиясы енгізіліп, осыған орай білім беру сапасын көтеру қажеттігі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қоғамдағы өзгерістер, жаңа бағыттар, қоғамның ашықтығы, оның жедел түрде дамуы мен ақпараттануы білім беру талаптарын күрт өзгертті.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері,елімізде көптеген өзгерістер болып жатыр. Білім мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі - «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». Онда Елбасы: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш –жігерімізді салуымыз керек» - деген.
Оқу материалдарын оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай сұрыптап ұсыну, сабақтың типі мен түрін оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау, мақсаттарды және күтілетін нәтижені анықтау, оқу біліктілігін жетілдіру. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
ҚР білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей т.б.) кіріктірілген оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі –жеке тұлғаны әлеуметтендіру, яғни түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және қолдаушы ортаны құра отырып, қажетті тілдік дағдыларды дамыту керек. Мұндай ортада оқушылар тілдесімнің түрлі формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіре алады. Оқыту процесінде оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынасында тілді сауатты пайдалануын мадақтап отыру қажет.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырып отыр. Яғни, бұл үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің төрт тілдік (тындалым, айтылым, оқылым және жазылым) дағдысын дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Орыс, ағылшын тілдерін қазақ сыныптарындағы оқушыларға меңгерту басты мәселесі екендігі жалпы баршамызға белгілі. Қазақ мектептерінде орыс, ағылшын тілідерін оқытудың мақсаттары - оқушыларды дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Мұғалімінің негізгі міндеті — орыс, ағылшын тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу.
Жас ұрпаққа сапалы білім беру, мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан орыс, ағылшын, қзақ тілін үйретудегі бастапқы мақсат – коммуникативтік бағытта оқыту деп санаймын. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді, оқушы үшін өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады.
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым - қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым - қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады --- таңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу, оқу, жазу, түсіну.
Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.
Коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны дұрыс. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым – қатынас жасаушылардың бір – бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді. Тілдерді үйрету әдісі үнемі заман талабы, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады, бір орында тұрмайды, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыруды өмір талап етеді.
Тілдің қызметі, сөйлесу қағидасы — оқушыларды жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, грамматикалық ережелерді дұрыс қолдануға үйрету. Технологияның элементтерін қолдана отырып, оқушы бойына тіл заңдылықтарын сіңіріп, қолдана білу, ауызекі сөйлеу, мәнерлеп оқу, логикалық ойлау қабілеттерін, сауатты жазу дағдысын тиімді меңгеруді талап етемін.
Коммуникативтік технологияның элементтері оқушыларды бірден әлеуметтік жағдайлар арқылы сөйлеуге үйретуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі оқушылардың тілдік белсенділігін арттырудың негізі болады, сынып алдында өздерін еркін ұстауға көмектесетіндігін дәлелдейді. Сондықтан технологияны қолданудағы мақсат – нәтижелі пайдалану. Бұл технология элементтерін енгізу үшін қолайлы жағдай жасау, жеке оқушымен жұмыс істеу. Оқу процесінің негізінде бұл технология элементтерін пайдаланып, сабақта оқушылардың білімділігін, іскерлігін, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық сезімін дамыту. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың бір жолын тіл дамыту жұмыстары арқылы іске асыруға болады. Бір сөзбен салыстыру, жинақтау, талдау, нақтылау, жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен осы технология элементтерін пайдалану арқылы топпен, жеке, жүппен істеу арқылы жетістіктерге жетеміз. Осы жетістіктерді сабақтарда және сыныптан тыс шаралардан көруге болады. Бүгінгі күнде біздің қоғамымызға адамдармен еркін сөйлесіп, тіл табыса алатын коммуникативті адамдар керек.
Біз мектепте қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдері бірігіп, қазіргі таңда оқушылардың коммуникативті дамуына ықпал жасау мақсатында билингвт сабақты ұйымдастыруды жөн көрдік. Онда оқыту мен оқудағы жаңа әдіс -тәсілдерді пайдалануды іске асыра отырып, сабақта оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыру, өзіне сенімін нығайту, өз ойларын пікірлерін дәлелдеп айтуға үйрету, өзін-өзі шынайы бағалауға үйрету мақсатын негізгі алдық.
Көптілді және билингвалды білім беру үлгісін енгізудің идеялық негізіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: "Бізге кейбір пәндерді мектепте оқыту бір мезгілде қазақ тілінде де , орыс тілінде де жүргізілуі туралы ойласуы керек. Бұл - біздің бүкіл білім беру жүйеміз үшін жаңа міндет", - деген сөздері басшылыққа алынған.
Билингвалды оқыту негізінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудағы есепке алынатын ең маңызды мәселе мәдениетаралық қарым - қатынастың нәтижесі ретінде болжауға келетін түсініспеушіліктер. Бұл мәселе оқушыда тілдік және мәдениетаралық компетенцияларды сабақтастыра қалыптастыруды көздеген лингвоәдістемелік міндеттердің шешімін талап етеді. Осы міндеттер екінші тілді меңгеру барысында ұлттық мәдениеттің заңдылықтары мен сөйлеу әрекетінің этномәдениеттік стреотиптерінің қалыптастыруын қарастырады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты, 2010.
3. Б.А. Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қолданылуы»
4.«Қазақ тілі және әдебиеті» бірінші тіл ретінде оқу бағдарламасы (Білім беру мазмұнын жаңарту аясында)(жобасы)
5. "Мектеп" журналы- 2012ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.