Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Тілашар» ертеңгілігі. -

«Тілашар» ертеңгілігі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1456 | Размер: | Автор: гость
. «Тілашар» ертеңгілігі.
Мақсаты:
1. Оқушылардың мектеп туралы білімдерін кеңейту.
2. Мақал – мәтелдер, өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.
3. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, айтқан ақылдарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан бүгінгі мерекелеріңіздің куәгерлері 1сынып оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар. Ендеше, бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтары, қадамдарыңа сәттілік тілей отырып ортаға шақырайық.
І.Кіру сәті - музыкамен алдымен 6 жастағылар, соңынан 7 жастағылар кіреді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Той деп бүгін көңіл шіркін тасады
Ән менен күй көңіл шіркін тасады,
Той деп келген қонақтарға мың рахмет
Ақ жаулықты аналар той шашуын шашады.
(Әжелер шашу шашады )
«Тілашар» мерекесін ашу, құттықтау сөз мектеп бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Кулушева Акмарал Закарияқызына беріледі.
Айналайын, балғындар,
Алға бағыт алдыңдар.
Ертең өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар!
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!
Оқушыларға кезек беріледі.
Назым
Шашу шашты әжелер,
Сылдырлатып теңгелер.
Тойымыздың шашуы,
Сәт сапарға тең келер.
Бибигуль
Оқушының мойнына
Ақ жағасы жарасар.
Кел, келіңіз тойыма
Тойымның аты - Тілашар
Қадыржан
Алтыға толдым биыл мен
Оқушы болып киінем.
Арқама сөмке асына,
Мектепке барам асыға.

Ғабдысалауат
Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.
Милана
Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз – оқушы боламыз.
Ән " Біріншіге барамын "
Ғабит
Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді,
Білім жиып өсемін.
Төгіп адал терімді.
Мен мектепке барамын.
Аделя
Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен.
Надежда
Бар байлықты басқарып,
Оқу – білім тұрады.
Кітапты көп оқыған
Білімді боп шығады.
Ілияс
Тану үшін бабаңды,
Тану үшін анаңды.
Тану үшін ғаламды-
Мектеп керек адамға!
Мұғалім:
Балалар, біз енді келген қонақтарымызға өзіміздің биыл қайдан келгенімізді, нені үйренгенімізді, не білетінімізді көрсетейік. Балалар, біз биыл қайда келдік?
Оқушылар: Біз мектепке келдік.
Мұғалім: Мектепке не үшін келдіңдер?
Оқушылар: Біз оқу үшін келдік.
Мұғалім: Біз қазір қайда отырмыз?
Оқушылар: Біз сыныпта отырмыз.
Мұғалім: Мектеп туралы қандай тақпақ білеміз? Қане айтып жіберейік.
Зармина
Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
Багдар
Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.
Данияр
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Едил
Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
Гүлсезім
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала мен қаланың,
Мен мектепке барамын.
Тимур
Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.
Ералы
Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.
Мерей
Мен тілеймін ұстазыма
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең.
Ән "Сәлем саған, мектебім "
Милана
Пайдаң тиіп Отанға,
Риза болсын халқымыз.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Назым
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.
Аделя
Барлық бала таң қалып,
Әліппені ашады.
Сөз құраған әр әріп
Білім нұрын шашады.
Би "Полька ".
Ал, ендеше оқушыларымыздың барлық пәндер бойынша білімдерін тексеріп көрейік.
1. Жұмбақ шешу:
Дүниетану сабағында біз табиғат, табиғатты нелер құрайды, табиғат құбылыстарымен таныстық. Қазір табиғат тақырыбына байланысты жұмбақтарды шешесіңдер
1.Ағаштарды шайқайды, 2.Шашылды көктен ақ моншақ
Көзге көрінбейді Жоғалды біздер тапқанша-ақ
Шарлағанда сай-сайды (бұршақ)
Бір сәт ерінбейді (жел)
3.Әуеде ақ мамық 4.Аспанды от қамшы осады,
Қалпақтап ұшады Ащы үнін ышқынып қосады
Қанаты талып, (найзағай)
Жерді барып құшады 5. Зәулімде тұрағы
(қар) Тіреусіз тұрады(бұлт)
6.Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады (аяз)
7.Ұрмай соқпай жылатады, Әркім бірақ ұнатады (пияз)
8.Түскенде алтын күз, Жинадық алтын тіс (бидай)
9.Тігіп алып көк шатыр, Қызылкүрең доп жатыр (қызылша)
10.Доптар жатыр желісі бар,Қабат-қабат терісі бар(капуста)
11.Жазда жайнайды, күзде жайрайды (жапырақ)
12.Қысы жазы шешпейтін,көйлегі бар жасылдан
Өзгертпейді еш кейпін, жаралғандай асылдан (шырша)
13.Күндіз атады, кешке батады (күн)
14.Түнде көп,күндіз жоқ (жұлдыздар)
15.Бейнесі суда дірілдейді, бірақ қармаққа ілінбейді (ай)
Мұғалім: Біздің Қазақстан Республикамыздың елордасы қай қала?
Оқушылар: Елордамыз - Астана қаласы.
2. Сауат ашу кезеңінде біз қандай білім алғанымызды көрсетейік.
а) «Астана» сөзіне дыбыстық талдау жасау
ә) А,о, р, л, ш, ш, с, у, ы, д, т, м, н, ң, ғ, ж, і, ә, ө, қ, к дыбыстарын дауыстыға, дауыссызға бөл
б) Сөз құра: ла, да,ты, са, ма, то, ор, ал,ау (дала, саты, маса, тоты, алты, сала, алма, алда, орта, аула)
- Міне мұнда көп әріптер кеспесін әкелдім, қане бір- бірден шығып өздерің қалаған әріптерді алыңдар. (Оқушылар әр түрлі тапсырма орындайды).
Орындауға дайынсыңдар ма?
- Қандай дыбыс?
- Сөздің қай жерінде келеді?
– Қолдарыңдағы әріптерден басталатын сөздер айтыңдар.
- Ол сөздерді буынға бөліңдер.
- Қолдарыңдағы әріптерге басқа әріп қосып, қандай буындар құрауға болады?
- Қолдарыңдағы әріптердің жазба түрін тақтаға жазып беріңдер.
Дауысты, дауыссыз екеніне байланысты бордың түсін дұрыс таңдау керексіңдер.
3. Математикадан алған білімдерімізді тексереміз.
- Қандай сызықтар?
- Б. ж. (түзу және қисық сызықтар)
- Ал мыналар ше?
0 1 2 3 4 – бұлар сандар.
+ – қосу азайту амалдары
= < > тең артық кем
2 + 1 2 – 1 өрнектер
2 + 1 қосынды 2 – 1 айырма
2 + 1 =3 теңдік
2 – қосылғыш
1 – қосылғыш
3- қосындының мәні
2 – 1 =1 теңдік
2 – азайғыш
1 – азайтқыш
1 – айырманың мәні
Көрініс:"Мақта қыз бен мысық"
Ғабдысалауат
Асыл сөзін тілімнің,
Бойға құйған Әліппе.
Нақ бастауы білімнің,
Қырық екі әріпте.
Қадыржан
Әліппені ұстап мен,
Мақтанбаймын мен текке.
Дайын дәптер қаламым,
Жақсы оқушы боламын.
«Әке, шеше және мен»
Баласы «Әліппе» оқулығын алып, оқи алмады, сонсон анасына барады да, «Шеше, шеше «Әліппені» оқуға көмектесші!» дейді, шешесі әкесіне жұмсайды, өзі ыдыс жуып жатады, ал әкесі газет оқып, өзі теледидар көріп отырады, ол баласына «Шешеңе бар, менің қолым тимейді, қазір бокс көрем» дейді, ал баласы екінші рет шешесіне келгенде, шешесі баласына ұрысып жібереді, бала жылап кетеді.
(Ата-аналарға балаға көңіл бөлулерін сұрайды).
Мұғалім: Қазір ата-аналарымыздың арасында мақал мәтел сайысын өткіземіз. Ережесі : мен мақалды бастаймын, ал ата -ана жалғасын білсе қостайды
1.Ел көркі - мал, өзен көркі –тал, 4. Ата –бәйтерек, бала-жапырақ
2.Ырыс алды - ынтымақ 5.Отан –қуат, отбасы-шуақ
Ынтымақ - ырыс қазығы 6.Еңбегін қатты болса,
3.Әдепті бала - арлы бала, Татқаның тәтті болады
Әдепсіз бала-сорлы бала 8.Өнерлінің өрісі кең
7. Еңбектің наны тәтті, 9.Жақсыдан үйрен,
Жалқаудың жаны тәтті жаманнан жирен.
10.Байлықтың атасы - еңбек,
Анасы-жер
11.Білім –теңіз, мектеп –кеме
12.Кітап-білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
13.Күш - білімде
14.Досы көпті-жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды

Мұғалім: Мұғалім: Біздің еліміз қалай аталады?
Оқушылар: Біздің ел - Қазақстан Республикасы.
Мұғалім: Балалар, Қазақстан - біздің сүйікті атамекеніміз. Еліміз егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып саналады.
Ән «Менің Отаным».
Ілияс
Мен оқушы боламын,
Болам жігіт зор әлі,
Қазақстан жалауын,
Көтеремін жоғары.
"Достық" биі.
Мұғалім :
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сендердей өренді
Білімнің нәрлі сырына.
Болдыңдар енді оқушы.
Міне оның дәлелі.
Тағайын бүгін сендерге
Оқушы деген белгіні.
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Құтты болсын қарағым,
Оқушы деген жаңа атың.
Құрметті оқушылар енді осы атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деген сеніммен, ертеңгілігімізді аяқтаймын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.