Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тіліктерді орындау ережелері -

Тіліктерді орындау ережелері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1338 | Размер: | Автор: гость
. Нұрлыбаев Асылхан Тұрысұлы,
№21 жалпы орта мектебінің сызу және бейнелеу өнері пән мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Тіліктерді орындау ережелері

Сабақтың мақсаты: Тіліктердің орындау ережелерін меңгеруі. Тақырып арқылы оқушыларды сызба сауаттылығына үйрету. Адам өміріндегі сызбаның маңыздылығына көз жеткізу, түсіндіру, дәлелдеу.
Білімділігі: Тіліктер туралы түсінігін кеңейтіп,оқушыларға өз білімін талдап, түсіндіре алуына, білімдерін жетілдіруге бағыт-бағдар беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, теориялық, практикалық салыстыру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды таза сыза білуге, шыдамдылыққа, төзімділікке, сызба мәдениеттілігіне тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, схемалар, кестелер, макеттер, кубиктер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, талдау, салыстыру, тірек-сызба, сұрақ-жауап, ой қозғау, ИБО
Типі: Жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды 4 топқа бөлу.
Қайталау сұрақтары:
1. Проекция дегеніміз не?
2. Фронталь, горизонталь, профиль проекцияларды түсіндір?
3. Аксонометриялық проекция және оның түрлері?
4. Қима дегеніміз не?
5. Қималардың түрлерін ата?
Ежелгі гректер «техника» сөзі деп шеберлікті, адамдардың тапқырлығын, ақыл ойын атады. Бертін келе бұл сөздің мағынасы тапқырлардан шыққан еңбектің қаруы деген көзқарастағы сөз мағынасында қалыптасты.
Машина жасау, электротехник, радиотехника, прибор құрастыру, химия, мұнай және газ өнеркәсібі бұның бәрі-жоғарыда атап өткен техниканың қазіргі заманға сай болған техниканың жетістіктері.
Осы техниканы меңгеру және оны дамыту табысты еңбек ету, жоғарғы квалификациялы жұмысшы, өндіріс шебері, инженер, конструктор болу үшін сызудағы сызбаларды, проекцияларды, сызықтың түріне, белгісі мен өлшемдеріне қарап, түсінікті ой қалыптастыру керек.
Сызу техникада ғана керек емес. Біздің мына заманымызға сай кез келген мамандық иелерінің үнемі серігі болып табылады. Біз бұл құбылысқа көңіл бөле бермейміз. Тек қана «Неге мұндай? Неге сондай? Неге қисық? Неге түзу?» т.б. осындай сұрақтар туындағанда ғана, сол сұраққа жауап іздеп шытырман сызықтар , өлшемдерді қағаз бетіне қалай түсіргенімізді білмей қаламыз. Бұл –сызу. Демек, техниканың, дамудың тілі.

II Жаңа сабақ:
Тіліктерді орындау ережелері.
Қандай болса да бір заттың, тетіктің немесе бұйымның ішкі құрылысын сызбада көрнекі түрде көрсету үшін, тілік деп аталатын шарттылық қолданылады.
Тілік – ойша жазықтықпен (немесе бірнеше жазықтықпен) кесіп өткендегі заттың кескіні. Сонда заттың байқаушы мен қиюшы жазықтықтың арасында орналасқан бөлігі алыстаған сияқты болып көрінеді. Тілікте қиюшы жазықтықтағы және оның арғы жағындағы кескіндер көрсетіледі. Демек, тілік қиманы қамтиды.
 178-179-суреттер бойынша түсіндіріп өтемін.
 Тетіктердің макеттері бойынша тіліктерді түсіндіріп өтемін.
 Электронды оқулық арқылы жұмыс жүргізу.
 180-суретті жұмыс дәптерлеріне орындату.

III “Жылжымалы кубиктер” ойыны
IV Тесттік тәсілмен: (сызба арқылы)
V Жаңа білімді бекіту:
Жаңа білімді бекіту әдісі сұрақ-жауап және тест түрінде.
Қандай кескін тілік деп аталады?
Сызбаларда тіліктерді не үшін қолданады?
Тіліктің қимадан айырмашылығы неде?

VI Қорытынды:
Жаңа сабақты қорытындылауға суреттер қолданамын. (Стакан, кесе т.б).
Сабаққа әкелінген алмаға, конфеттерге (шоколад), пышақпен кесіп, фронталь, горизонталь, профиль тіліктерді орындап көрсету.
Оқушыларды бағалау.
VII Үйге тапсырма:
183-суретті жұмыс дәптерлеріне орындау. Тіліктерді орындау ережелерін оқулықтан оқып келу.186-суреттің (а) А4 пішімді қағаз парағында өлшемдері бойынша орындап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.