Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
TIMSS халықаралық білім сапасын бағалау  жөніндегі зерттеулер аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру -

TIMSS халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1904 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО Сарыағаш ауданы №26 Т. Өстеміров атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейдазимова Ақмарал Серікбайқызы.

“TIMSS халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру”
Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
«Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл, білім, ар мінез деген нәрселермен озады» - деп ұлы ақын Абай Құнанбаев айтқандай қазіргі заман- тек білім мен ғылымның ғана заманы.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақта» -деп, ертенгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет тек – білімде.
Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны-«ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал – білім.
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» атты құжатында «...тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады» деп атап көрсетілген . Аталған құжатта мектеп оқушыларының фунционалдық сауаттылығын дамытудың 4 түрлі механизмі қарастырылған. Біріншіден, білім берудің мазмұны мен әдіснамасын түбегейлі жаңарту, екіншіден, оқу нәтижелерін бағалау жүйесін өзгерті, үшіншіден, қосымша білім беру жүйесін дамыту, төртіншіден, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне ата-аналардың барынша белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады .
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында «Бесекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылығы жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсеткен болатын.
«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады
Қазіргі заман талабына сай жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда .Соған орай ұстаздардың алдында тұ рған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.Тұлға құзіреттілігін дамыту – ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Осы мақсатта мен өз сабағымды Блум таксаномиясы негізінде құрастырамын. Себебі Блум таксаномиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады.
Мақсаттар жүйесі
Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті
Білу.Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері
Түсіну.Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.
Қолдану.Алған білімді қолданады
Талдау.Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады
Жинақтау.Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.
Бағалау(сыни өзіндік пікір)
Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды.
Біліктілігі
Оқушы іс-әрекеті
Білу.Етістік дегеніміз не?
Түсіну.Жұмбақты оқып шешуін тап. Шешуіне қатысты екі сөйлем құра. Сызбаға етістік жайлы білгенінді жаз
Қолдану.Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра
Талдау.Мәтінді көшіріп жаз. Етістікті тап, болымды ,болымсыз түрін ажырат.
Жинақтауы.Артық сөзді тап. Жазады , ұшып келеді, қайық ,жүзеді
Бағалауы.Шағын эссе жаз
Сенің атын кім? Сенің сүйікті құстарың бар ма? Ол үшін не істей алатындығынды ойландың ба? Құстарды қорғауға сенің тигізер үлесің қандай?
Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында бес жолды өлең, сурет бойынша әңгіме құрастыру, тақырып төңірегінде өлеңдер құрастыру жұмыстарын жүргіземін.
Мысалы 1 «Бес жолды өлең»
Не? Астана
Қандай? көрікті ,әсем
Не істейді? Гүлденеді , тамашалайды, дамиды
Түйін Әсем Астана гүлденеді.
Синоним қала
Мысал 2 «Сөз ойла, көп ойла»
Қарындаштар (қар ,ана , қашан , қарын , қараша , тары т.с.с.)
Мысал 3 «Өлең шығарайық»
---------------------кезіңнен
--------------------көзіңнен
--------------------ұмыттың
--------------------үміттің
Мысал 4 «Сөзжұмбақ»
Бірлік ,бекінген ,күш , төрткүл , әбестік , қалтырау ,жетілген ,қонақ , келу ,жүзім ,жымыңдаған . (Бұл сөздерде қандай жәйт біріктіреді?)
Бұл жұмыстардың соңында свот талдау жүргізіп, қорытынды жасаймын.
Оқушылардың ғылыми ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында «балық сүйегі», «әдебиет үйірмесі» әдістерін қолданамын.
Мысалы1: «Әдебиет үйірмесі»
Баяндаушы-әңгімені мазмұндайды
Зерттеуші- әңгімедегі негізгіні анықтайды
Сілтемеші- сөздіктермен жұмыс жүргізеді
Сұрақ құрастырушы- сұрақтар даярлайды
Дәнекер- өмірмен байланыстырады
Бейнелеуші-әңгімедегі негізгі кейіпкерді суреттейді.
Мысал 2: «Балық сүйегі»
Тақырыбы: «Туған жер» Қ. Аманжолов
Оқу тапсырмасы
Білу
Қ. Аманжолов туралы не білетініңді балық сүйегіне жаз. Өлеңді мәнерлеп оқып шық.
Түсіну
Тау не дала сөздеріне сипаттаманы балық сүйегіне жаз.
Қолдану
«Туған жер» жайлы 1 шумақ өлеңді балық сүйегіне жаз.
Талдау
Неткен байтақ , неткен ұлы тіркестеріне сөйлем құра
Жинақтау
Отан, туған жер жайлы мақал жаз
Бағалау
Өлеңді өмірмен салыстыр, дәлелде.
Осындай жұмыстарды жүргізу арқылы мен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттырамын. Жұмыстарымның нәтижесінде оқушыларым Батырбай Сара әдебиеттік оқу пәнінен аудандық олимпиадада І орынды , Давлятов Иманғали «Самұрық» зияткерлік сайысынан жүлделі ІІ орынды , ал Сұлтанбек Дінмұхамед ІІІ орынды иеленді.
Қорыта айтқанда белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген пікірін негізге ала отыра мұғалім әрдайым кәсіби дамуына назар аудару қажет.

Пaйдаланылған әдебиeттеp:
1.Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын.
2. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.
3. ҚР Үкіметінің 2012 ж. 25 маусымдағы № 832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары»
4.TIMSS-2011 Халықаралық зерттеу нәтижелері
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.