Меню
Назад » » »
Тірі организм ретінде өсімдік мүшелерінің өзара байланысы. Өсімдіктер және қоршаған орта.
загрузка...

загрузка...
Ниязова Мажыра Баяносовна
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Бейнеу кешкі мектебі» КММ Тірі организм ретінде өсімдік мүшелерінің өзара байланысы. Өсімдіктер және қоршаған орта.


Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыпты қайталай отырып, өсімдік мүшелері арасындағы байланыс туралы оқушылар білімін жүйелеу және толықтыру. Танымдық ойындар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық мәні: СТО технологиясының тәсілдерін қолдану арқылы оқушыларға ұжымдасып жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білуге үйрету.
Міндеттері:
• Оқушылар өсімдік мүшелерінің бір-бірімен тығыз байланыстылығын меңгереді;
• Өсімдіктің қоршаған ортамен байланысын түсінеді.
• Өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын біледі.
• Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, қорғауды ерекше қажет ететін өсімдіктер туралы мағлұмат алады..
Білімділік мәні: Өсімдік мүшелері жөніндегі теориялық білімді меңгертіп, оны іс жүзінде қолдануға үйрету.
Тәрбиелік мәні: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, экологиялық мәдениетілікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Көрнекі құралдары: Өсімдік мүшелері арасындағы байланысты бейнелейтін сурет-плакат, таратпа материалдар, интерактивті тақта, Слайдтар, Жемістер муляждары, өсімдіктер суреттері.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы бойынша топтық, ұжымдық топтастыру.
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Пәнаралық байланыс: Экологиямен- Қазақстанның жергілікті жерлерінің жеміс -жидектерінің түрлері.
Қазақ әдебиетімен: Өсімдіктер туралы мақал—мәтелдер, жұмбақтар.
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу
3. Үй тапсырмасын сұрау
4. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау
5. Жаңа тақырыпты меңгерту үшін тапсырмалар беру
6. Бекіту
7. Бағалау(Рефлексия)
8. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: Сабақты бастамас бұрын оқушыларды топқа бөліп аламыз. Тақтаға «Ізгілік» ағашына түрлі – түсті алма суреттері ілінеді. Оқушылар алма суреттерін алғанда келесі бетінде тамыр суреті барлар «тамыр» столына, сабақ суреті барлар «сабақ» столына , жапырақ суреті барлар «жапырақ »столына , гул суреті барлар «гүл» столына жайғасады. Осылайша оқушылар 4 топқа бөлінеді.
Оқушылар қане, қазіргі уақыт жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі.Оқушылар халық неліктен күзді «Алтын күз»дейді? Күз мезгіліне жататын айларды маған кім атап береді? Күз мезгілінің бірінші айы- қыркүйек,жасылдың сарыға ауысқан кезеңі дейді екен халық. Жеміс-жидектер пісіп,халықтың молшылыққа кенелетін кезі. екінші айы- қазан, жиған- терген мол болатын ай дейді, Астық жиналып қамбаға құйылады. үшінші айы—қараша... Қараша десе дегендей,өсімдік атаулы жапырақтарын түсіріп, айнала қоңырқай тартып, аспанды будақ-будақ қара бұлттар торлайды.Суық түсіп, қыс мезгілінің жақындағаны сезіледі. Жыл ішіндегі маусымдардың өзгерісіне сай өсімдік атаулының тіршілігінде де көп өзгерістер байқалады.
Біз білетін өсімдіктер мүшелері бойынша неше топқа бөлінетін еді? Оқушылар: Вегетативті және генеративті болып бөлінеді. Ендеше сабағымыздың бүгінгі тақырыбына сай өсімдік мүшелерінің бір-бірімен байланысын түсінуіміз керек.Ол үшін өткен тақырыптарымызды ойын түрлерімен естерімізге түсіреміз.Өсімдіктің жер асты мүшесін тамыр дейміз. «Тамыр» мүшесіне жету үшін мынадай кедергілерден өтуіміз керек.
Үй тапсырмасын сұрау. Үйден жемістер мен тұқымдар түрлері, олардың таралу ерекшеліктерін оқып, мазмұндап келу тапсырылған болатын.
а)Сәйкестендіру тест;
№ Жемістер мен тұқым ерекшеліктері Өсімдіктер
1 Шырыны мол, әрі жұмсақ, тұқымдары көп. Қызанақ, жүзім, картоп.
2 Бір ұялы, тұқым саны бірнешеу , құрғақ жеміс Асбұршақ, үрмебұршақ, соя.
3 Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа пердесі бар. Қырыққабат, шомыр, шалқан.
4 Жидек тәрізді, «асқабақты»жемістер. Қауын, қарбыз,асқабақ, қияр.
5 «Алма жеміс»деп аталады. Алма, алмұрт, беже.
6 Тұқымы жеміс серігімен тұтасып кеткен, құрғақ жеміс. Бидай, жүгері, тары.
7 Жеміс серігінің біразы жұқарып қанатқа айналған . Үйеңкі, қайың
8 Жеміс серігі тұқыммен бірікпеген, құрғақ жеміс. Күнбағыс,өгейшөп, таусағыз.

ә) Муляждармен жұмыс
Жемістен не пайда болады?Тұқым пайда болады. Тұқымның таралуының себебі неде?Артына өсімдік ұрпақ қалдырады.Табиғатта әр түрлі жолмен таралған жемістер мен тұқымдар , қыста топырақты қыстап, көктем шығысымен топырақта жатып тамыр шығаратындары кездеседі. Немесе өсімдіктің жер үсті мүшелері қурағанмен жер асты мүшесі- тамырдан өскін шығарып, тіршілігін бастайтындары бар.Ендеше көктемгі тұқымдардың өнуінен не пайда болады?. Әрине жер асты өркен -тамыр пайда болады.
І «Танысайық» бөлімі.« Жеміс жинау»ойыны
«Тамыр» , «Сабақ», «Жапырақ» , «Гүл» столында отырған оқушыларға парақша мен таратпалар таратылады.. Берілген парақшаға өсімдіктің мүшелері өздеріне қатысты сөздерді жинақтайды. Тақтаға шығып, талдайды.Енді саяхатымызды өсімдіктің тамыр мүшесінен бастаймыз.
Негізгі бөлім кіндікте,
Қосалқы бөлім тағы бар
Жер астын мекен етсе де,
Бар істі тындырар жайы бар (тамыр)

2. тапсырма.«Биологиялық диктант» Сөйлемнің ішіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді байланыстыр.
Өсімдіктің қоректенуі 2 түрлі жолмен жүреді. Біріншісі тамыр арқылы, екіншісі жапырақ арқылы.
Тамыр арқылы қоректенуде топырақтағы минералды тұздар мен суды тамыр бөлімдері атқарады. Тамыр бөлімдері атқаратын қызметтеріне қарай тамыр оймақшасы, бөліну, өсу, сору, өткізу аймақтары болып бөлінеді. Сору аймағында қалың түктері 2-3 күн сайын түлеп, топырақ түйіршіктерімен жанасып, ондағы су мен минералды тұздарды сорады. Өткізу бөлімі сору аймағынан алынған минералды тұздар мен суды өсімдіктің сабағына жеткізеді.
Тірек сөздер:минералды тұздар , тамыр оймақшасы, бөліну, өткізу. Сору, өткізу бөлімі, сабағына.
Тамырдан соң , коректік заттар қайда барады?
Жарайды, келесі келетініміз «Сабақ» мүшесі. Сабақ мүшесіне келмес бұрын мына кедергілерден өтейік.
1.Жұмбақ:
Мүшелердің жалғап арасын
Қоректік заттар тасиды,
Қорға жинап болғасын
Бәріне тұрып бас иеді.( сабақ)
2. тапсырма:Суретті тәжірибе: Ыдысқа бояу езілген су құйып, оған гүлдеп тұрған өркенді саламыз.Бірнеше күннен соң судан өркенді алып, ұстарамен кесеміз.Сонда сүрек қабатының және өсімдік гүлінің боялғанын көреміз. Сонда минералды тұздар мен судың сабақтың сүрек қабатымен қозғалғанын көреміз. Жапырақта түзілген органикалық заттар сабақтың қай қабатымен қозғалатынына көз жеткізу үшін, Су құйылған екі ыдыстың біреуіне қабығы сақиналап кесілген , екіншісіне бүтіндей бұтақтар салынады. 3-4 апта өткенде №1-ші ыдыстағы бұтақтар тек жапырақтары бар өркен шығарып қоймай, сақиналап кесілген жерден қосалқы тамыр да шығарады. № 2-ші ыдыстағы қабығы кесілмей салынған өркеннің төменгі суға батып тұрған ұшынан тамыр пайда болады. Бұдан шығатын нәтиже:
Органикалық заттар тін қабатындағы сүзгілі түтіктермен қозғалатынын көреміз.
Балалар қоректік заттар сабақтан шығып қайда барады?
Жапырақ мүшесіне.
Жұмбақ: Ешкім де жемейді,
Тәтті екен демейді.
Сарғайып кетеді,
Үзіліп түседі. (Жапырақ)

ендеше «Жапырақ» мүшесіне сапар шегейік. Алдымыздағы кедергілерден өту үшін мынадай тапсырмаларды орындауымыз керек.
1.тапсырма: «Бұл не?» ойыны. Мына берілген сөздерден жапыраққа тиістісін тақтаға жазып, дәптерге көшіріңдер.
Ауадан көмірқышқыл газы мен суды сіңіріп, нәтижесінде органикалық зат түзеді. Гүл шығарады, тамырдан соң дамиды, жеміс береді, тұқым шашады, органикалық заттарды жинайды, көбеюге қатысады, жасушадағы артық суды буландырады, бунақденемен тозаңданады, желмен таралады.,хлорофил, сарғаяды, адамдар шірінділерін жинап топыраққа көмеді.
2. тапсырма:«Молшылық»ертегісі: Ертеде, көктем шығысымен Жапырақ елінде үлкен жиын- той болады екен. Тойға көрші ауылдардан күштерін сынамақшы болып балуандар келеді. «Күн» аулынан жарық , «Ауа»аулынан көмірқышқыл , «Тамыр» ауылынан минералды тұз бен су келеді.Той жаз бойы жалғасады. Барлығы күштерін сынап, ортаға барын салады. Осылардың қатысуымен сол елде қант пен крахмал, оттегі молая түсіп, Гулдер, жемістер мен тұқымдар түзіледі.ауылдарға нәр кіреді, молшылыққа кенеледі..Олардың мерекелеуі сары күз келгенше жалғаса береді екен...Күз келгенде жапырақтар,жемістер сарғайып, үзіліп түсіп жатады? Балалар, айналаға қарасақ ,ағаш өсімдігінің жапырағының сарғайғанын көреміз. Неліктен? Жапырақтың сарғаюын немен түсіндіруге болады?.
Түзілген қоректік заттар қайда кетеді? Гүлге . Ол гүлді, жемісті, тұқымды түзуге қатысады. Өсімдіктің өсу мүшелеріндегі қоректік заттар қоры мол жиналған жағдайда гүлдейді. Гүлден жеміс пен тұқым дамиды. Гүл, жеміс, тұқым өсімдіктің көбею мүшелері болып саналады.
Гүл мүшесіне жету үшін , мынадай тапсырмаларды орындауымыз керек.
1-тапсырма:Жұмбақтарды шешуге қатысайық.

Сабағы садақ оғындай,
Жер қайысқан тобырдай,
Жесең бірақ жұғымтал,
Көзденжасты шұбыртар.(Жуа), Бұтағында азығы
Ортасында қазығы( Алма ағашы)
Іші сары, сырты қатты

Дәні дәрі, дәмі тәтті
Пісіріп жесең ас- тамақ
Оның аты ......(асқабақ)
Ұзын мұртты сары бас,
Сопақша көк өңі бар,
Қонынында наны бар (бидай)
Пайдалы, мөлдір сөлі бар
Піскен кезде жияр
Оның аты.....(қияр)

Денесін жерге тығатын,
Шашы жерден шығатын,
Қызғылт- сары қазықты,
Кім бар қане ұғатын?(сәбіз)
Қырық көйлек киінген,
Бір түйме жоқ ілінген(қырыққабат)

2. тапсырма.Гүл муляждарынан берілген сұрақтарға жауап бере отырып, гүл құрылысын жинақтайды. «Гүлдер» ойыны.
Гүлдің дәл ортасында орналасқан...
Гүлдің барлық бөлімдері бекінеді...
Бақбақ өсімдігінде үлпекке айналған...
Күлте жапырақшадан кейін орналасқан, хош иісті...
Тостаған мен күлтесі біріксе.....
Аналықтың ең негізгі бөлігі...
Тозаңқап пен аталық жіпшеден тұрады...
Тозаңның ұшып аналықтың аузына түсуі...
Тозаңданған соң , аталықтың жыныс жасушаның жұмыртқа жасушамен қосылуы....
Гүлі ашық реңді, хош иісті тозаңдану...
Тозаңдары өте майда, көп болса...
Шырыны мол, әрі жұмсақ, тұқымдары көп...
Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа пердесі бар...
3-тапсырма:«Жасырынбақ» ойыны
Сөйлемнің ішінен жасырынып тұрған жеміс пен өсімдік аттарын тауып, дәптерге көшіріп жаз.
1.Күн ыстық болғандықтан, Асан ағасына қой бағысты.(Күнбағыс)
2. Жауынқұрт топырақта ін қазып, тіршілік етеді.(Жауқазын)
3.Халық арасында: «Үйіңе келген қонаққа астан бұрын қабағыңды бер» деген мақал бар.(Асқабақ)
4. Асан бүгінгі күн райына қарамастан қойларын қорадан шығарды. Кенеттен бұршақ аралас жауын жауды. (Асбұршақ)
5.Талғат әкесіне көмектеспек болып жерді қопсытқанда, астынан жаңғақты көрді. (Жержаңғақ).
6. Саматқа сахнада мың бұралып билеген қыздардың жүздері айдай сұлу болып көрінді. (Бидай)
ІІ.«Зерттеу» бөлімі. Шығармашылық жұмыс:
1-топ, тамыр- табиғат құбылыстарының суретін салу және жұмбақ құрастыру.
ІІ-топ сабақ-өсімдіктің қоршаған ортамен байланысын түсіндіру.Мақал- мәтел құрау.
ІІІ-топ жапырақ.- өсімдіктің табиғаттағы маңызын түсіндіру.Өлең шумағын құрастыру.
4-топ. Гүл(жеміс, тұқым) –адам өміріндегі маңызын түсіндіру және суретпен бейнелеу.
ІІІ.Жинақтау бөлімі:
Балалар осы ауылдарды аралап болсақ, енді өсімдікті құрастырайық!
« Орнын тап» ойнында өсімдік мүшелерін ретімен орналастыр, әр мүшеге анықтама бер
Жер астында түйнегі,
Әрі қорек, әрі нан
Қара моншақ түймесі
Көрінеді бойынан (картоп)
1-топ тамыр- қоректендіру мүшесін салады да, тақтаға жапсырады.
ІІ- сабақ – тасымалдау. мүшесін салады да, тақтаға жапсырады.
ІІІ-топ, жапырақ- ауаман қоректендіру.
4-топ. Гүл( жеміс, тұқым)- көбейту.
Қорытынды бөлім: (Топтастыру стратегиясы)
Нені білдім?, нені үйрендім? Нені білгім келеді?
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы;Кері байланыс: Рефлексия. 2мин
Үйге тапсырма:Өсімдік мүшелерінің байланысы туралы материалдар жинақтау.(1 мин)

Пайдаланылған материалдар

І.Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы:
1. Оттегі мөлшері көбейеді.(фотосинтез құбылысы)
2. Суды буландырып, ауаны ылғалдандырады.(гуттация)
3. Ыстықты қайтарып, суықты бәсеңдетеді.(тыныс алу)
4. Өсімдік тамырлары топырақты шаюды, желдің ұшыруынан сақтайды.(тамырдың орнығып қалуы)
5. Өсімдіктің қураған бөліктері топырақты органикалық және минералды заттармен құнарландырады. (тыңайтқыштар)
6. Кейбір өсімдіктер ауадағы зиянды микробтарды өлтіреді.(фитонцидтер)

ІІ.Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы:
1.Жер бетінің ажарын ашатын жасыл әлем.(ағаштар)
2.Дәрі-дәрмек қоймасы.(Аптека)
3.Адам ағзасына қуат беретін дәрумендер көзі.(Витаминдер)
4. Киім-кешек, азық-түлік, (өнеркәсіп)
5.жихаз, отын, құрылыс материалы.(өндіріс орны)

Оқушыларға «Жаңа ақпарат» кітапшасы таратылады.
Тақтаға 4 топтан 4 оқушы шығып, 1-топ тамырға «Жарық сүйгіш»өсімдіктер, 2-топ сабаққа «Жылу сүйгіш»өсімдіктер, 3-топ жапыраққа: «Суды көп қажет етпейтін»өсімдіктер, «Суды мол қажет ететін »өсімдіктер, 4-топ гүлдерге:«Жел-ауаны қалайтын» өсімдіктерді қолдарындағы «Жаңа ақпарат» көмегімен орта жағдайларына қарап бөлу, тақтаға жазу.

Өсімдік мүшелерінің қоршаған ортаман қарым-қатынасы.
Өсімдіктер қоршаған ортадан су, ауа, минералды тұздарды сіңіреді, күннің қызуы мен жарығын пайдаланады. Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдай- жарық. Жарық болмаса фотосинтез жүрмейді, яғни органикалық заттар түзілмейді, оттегі бөлінбейді, ауа арқылы қоректену бұзылады. Алайда өсімдіктердің жарық сүйгіштігі бірдей емес.Жарықты көп қажет ететіндер:киікоты, қызыл бас жонышқа,шегіргүл,сексеуіл, көкпек, изен, қалампыр, қоңыраугүл жатса, жарықты көп қажет етпейтін өсімдіктерге: тайтұяқ, өгейшөп, наурызгүл, айдаршөп, , саумалдық, қарғакөз жатады. Өсімдіктің дамуы мен өсуі суық күзде және қыста тежеліп, көктемде жаңаратынын білесіңдер. Демек , өсімдік тіршілігі үшін жылу қажет. Жылуға байланысты жылу сүйгіш асқабақ, қызан, үрмебұршақ, асбұршақ өсімдіктер жатса, ал жылуды көп қаламайтын- бидай, күздік бидай, сәбіз, пияз, мақта, жауқазын өсімдіктері бар. Желдің қажеттілігі өсімдіктер арасында жел арқылы тозаңданып, жемістері мен тұқымдарының жел арқылы таралатынын айтуға болады.Ондай өсімдіктерге үйеңкі, жөке, бақбақ, қайың, қаратерек, тал жатады. Ағаш сабағына жылу, жарық , қоректік заттар жеткілікті болған жағдайда, жылдық сақиналары жалпақ болады.
Су болмаса , өсімдік тіршілігінің болмайтынын білеміз. Алайда өсімдіктер арасында суды аз және көп пайдаланатындары бар.Көп суды қажет ететін өсімдіктерге: мыңжапырақ, күріш, жүгері,қияр т.с.с жатады.Суды аз мөлшерде қажет ететін өсімдіктерге: шөлге төзімді өсімдіктер жатады. су тапшылығына байланысты шөл өсімдіктерінің тамырларын тереңге жаятынын айтуға болады.Ондай өсімдіктерге: кактус, жантақ, шеңгел, сексеуіл жатады.

«Жұмбақтар»ауылына келгенде барлығымызға мынадай жұмбақтарды шешуге тура келеді.
Сабағы садақ оғындай,
Жер қайысқан тобырдай Жерде жатып желіндейді
Күз піскенше желінбейді.(Қауын)
,жесең бірақ жұғымтал,
Көзден жасты шұбыртар.(Жуа),

Іші сары, сырты қатты Ұзын мұртты сары бас,
Дәні дәрі, дәмі тәтті Қонынында наны бар (бидай)

Бұтағында азығы
Ортасында қазығы( Алма)
Пісіріп жесең ас- тамақ
Оның аты ......(асқабақ)
Сопақша көк өңі бар,
Пайдалы ,мөлдір сөлі бар
Піскен кезде жияр
Оның аты.....(қияр)

Денесін жерге тығатын,
Шашы жерден шығатын,
Қызғылт- сары қазықты,
Кім бар қане ұғатын?(сәбіз)
Қырық көйлек киінген,
Бір түйме жоқ ілінген(қырыққабат)

Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы:
7. Оттегі мөлшері көбейеді.
8. Суды буландырып, ауаны ылғалдандырады.
9. Ыстықты қайтарып, суықты бәсеңдетеді.
10. Өсімдік тамырлары топырақты шаюды, желдің ұшыруынан сақтайды.
11. Өсімдіктің қураған бөліктері топырақты органикалық және минералды заттармен құнарландырады.
12. Кейбір өсімдіктер ауадағы зиянды микробтарды өлтіреді.
Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы:
1.Жер бетінің ажарын ашатын жасыл әлем.
2.Дәрі-дәрмек қоймасы.
3.Адам ағзасына қкат беретін дәрумендер көзі.
4. Киім-кешек, азық-түлік,
5.жихаз, отын, құрылыс материалы.

Өсімдіктерге теңеу сөздер:
Дала рруы- жүгері
Болгар аруы-қызыл тәтті бұрыш,
Бақша аруы -қызанақ
Күн аруы—күнбағыс
Жасыл ару- Қияр
Фитонцидті ару- сарымсақ
Тамыржемісті ару-сәбіз
Қан толтырғыш ару-қызылша
Орамды ару-орамжапырақ

Өсімдік түрі тамыры сабағы жапырағы гүлі Гүлшоғыры, жемісі тұқымы таралуы Өсімдік қалпы
күнбағыс кіндік тік Сағақты, жүрек пішінді, қарама-қарсы орналасқан Сары, Көп гүлді, себет тұқымша дән желмен Бір жылдық, шөптесін өсімдік
Бидай шашақ тік Сағақсыз, қынамалы, масақ Күрделі масақ Бір тұқымды дәнек дән Таралмайды, техникамен жинайды. Бір жылдық шөптесін өсімдік
картоп түйнек қысқарған тақ қауырсындыы Қызғылт, күлгін, көк түсті. Жай шатыр жидек ұсақ Техникамен жиналады. Бір жылдық шөптесін өсімдік
асбұршақ кіндік Ұштары мұртшаға айналып, өрмелеп өседі. Жұп қауырсынды Ретсіз бөлінген күлтелері бар. ақ түсті шашақгүл бұршаққап Тұқымы ірі, көп Техникамен жиналады. Бір жылдық шөптесін өсімдік.
асқабақ кіндік Төселмелі сабақ Кезектесіп орналасқан, ірі Сары,
дара жынысты шашақгүл қауашақ Ірі, көп Қолман жиналады. Бір жылдық шөптесін өсімдік
Жер жаңғақ кіндік Бунақталған,тарамдалған ,тік сабақ Кезектескен үш құлақты қауырсынды, жүрек пішінді жапырақ Сары, дара жынысты шашақгүл жаңғақ Ірі, көп Қолман жиналады. Бір жылдық өсімдік
Жауқазын пиязшық Қысқарған сабақ Сағақсыз, қынамалы, параллель жүйкелі Жай гүлсерікті, ал-қызыл, немесе сары Жай шатыргүл қауашақ Ұсақ, көп Желмен таралады. Көп жылдық, шөптесін өсімдіктер

Өсімдікке қоршаған ортадан жарық,жылу, су, жел қажет.
Сабақтың ұшын кессе, оның ұзарып өсуі тоқтап, қоректік заттар жан-жағындағы бұтақтарына беріледі.
Бөлме өсімдігін шырпу арқылы , гүлдейтін өркендерін көбейтуге болады.
Органикалық заттарға крахмал, ақуыз, май жатады. Органикалық заттар жанады. Егер кепкен тамырды, жапырақтарды, бұтақтарды отқа жақса, олар жанып көмірге айналады. Демек органикалық заттар өсімдіктің барлық мүшелерінде болады деген сөз.Органикалық заттар өсімдіктің жапырағында «фотосинтез» құбылысы деп аталады. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тірі организм ретінде өсімдік мүшелерінің өзара байланысы. Өсімдіктер және қоршаған орта. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 735 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar