Меню
Назад » » »
Өтірік өлең
загрузка...

загрузка...

БҚО, Сырым ауданы

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп

Габдрахимова Балкис Жантемировна

Бастауыш сынып мұғалімі

ІІІ деңгей сертификат иегері

 

 

 

Пән:     Әдебиет    4 – сынып

 

Тақырыбы

Өтірік    өлең

Мақсаты

Топта өлең  мазмұнын  түсіну арқылы  өтірік өлең  түрлерін ажырата білу  және өтірік өлең туралы өз  ойларын  ауызша, жазбаша білдіруге үйрену;

Күтілетін нәтиже

1.Өтірік өлең арқылы  сөздің астарты ойын түсінеді.

2.Мәнерлеп оқу дағдылары жетілді.

3.Өтірік өлеңді құрастырады.

 

 

 

 

Керекті жабдықтар

А3 форматы,   түрлі түсті бояулар,  флипчарт, оқулық.

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Диалогтік әдіс,постермен жұмыс,сын тұрғысынан ойлау.

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кірісарпе

Байланыс орнату;

Білім деңгейін анықтау;

Психологиялық тұрғыдан дайындау;

 

 

 

 

Сұрақ қою арқылы оқушыны  ойлауға жетелеу;   

Топқа бөлу;

 

Топ ережесін сақтауды естеріне салу, қадағалау.

 

 

 

Қайырлы күн деп айтамыз

Бір болып кеште қайтамыз.

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз.   

Балалар өздерінің дайындаған тапсырмаларын көрсетеді.  

Тұсаукесер

Сұрақ – жауап арқылы үй тапсырмасын сұрай отырып өткен сабақта өткен әңгімедегі кейіпкерлер қандай адамдар  венн диограмасына салу арқылы  оқушылардан  кейіпкерлердің  бойындағы  қандай қасиеттері  бар екенін сұрау.  

Мысалы: І топқа  Алдаркөсенің бойындағы қасиетті; ІІ топқа  Шығайбайдың бойындағы қасиеттерді; ІІІ топқа  Екеуінің бойындағы ортақ қасиеттерін сипаттау тапсырылады.

 

 

- Бүгінгі сабақ  не туралы  болуы  мүмкін?

Оқушыларға  тазша баланың өтірік өлеңінен бір шумақтан жазылған өтірік өлең жазылған стикер таратылады үлестіріп, оқып болған соң мағынасын сұрау.

 

 

Берілген өлең жолдарынан  қалай түсінгендеріне байланысты көзқарастарын (нені байқағанын) өз ойымен айту;

 

 

  Сабақтың  тақырыбы не туралы екендігін  пайымдап, балалар өз ойлары бойынша пайымдаулар  айту.

 

 

І топ 

ІІ топ 

ІІІ топ 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар  оқып,  мағынасын тани отырып, оның өтірік өлең екенін айтады.

 

 

Негізгі бөлім

 

 

Бүгінгі өтетін сабағымыз «Өтірік  өлең»тақырыбы.

1.Өлеңді  болжау стратегиясы мен оқу.

1.Бұл шынымен де өтірік өлең бе?

2. Қандай өтіріктер айтылды?

3.Бұл өтірікті қандай деп айтуға болады?

2.Өлең жолдарындағы түсінбей қалған жерлерді түртіп отыру.

 

Тапсырмалар:

I.Ойларынан өтірік өлең жазу.

II. Ертегі құрастыру

ІІІ. Өлеңдегі оқиға бойынша сурет салу.   

 

 

 

 

 

    Бұл өтірік өлең жолдарында айтылған  өтіріктер ешкімге зияны жоқ, қызықты, күлдіргі. Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі  шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайтынын дәлелдейді.

 

Қорытынды

Бағалау кретериалары:

1.Үй тапсырмасындағы эссені жаза білуі.

2.Қосымша сұрақтарға жауап беруі.

 

 

Топ басшылары бағалайды.

Үй тапсырмасы

Өлең  мазмұнына  сәйкес өмірмен байланыстырып  шағын әңгіме жазып келу.

 

Күнделіктеріне жазып алады

Сабақтың өзіндік талдауы

              Әдебиет сабағынан өткізген  сабағымда сыни  тұрғыдан ойлау  модулінен,  оқытуды басқару және көшбасшылық деген модульдерді пайдалану арқылы  өткізген сабағымның бірі  – «Өтірік  өлең» өлеңі.                                 

          Сабақтың кіріспе бөлімінде Алдаркөсенің тапқырлығы, қулығы туралы сұрақ – жауап  арқылы қысқаша  сипатталды.  Үй тапсырмасын  нақтылау мақсатында  әр топқа тапсырмалар ұсынылды. Мысалы: І топқа  Алдаркөсенің бойындағы қасиетті; ІІ топқа  Шығайбайдың бойындағы қасиеттерді; ІІІ топқа  Екеуінің бойындағы ортақ қасиеттерді сипаттау тапсырылды. Оқушылар тапсырманы қызығушылықпен орындап венн диограмасына түсірді.

          Сабақтың   тұсаукесер  бөлімінде    оқушыларға тақырыпты ашу барысында  слайдпен  Тазша баланың өтірік өлеңдерінен үзінділер айтып берілді және  берілген үзіндіден оқушылар  өтірік өлең екенін, оның қызықты, күлдіргі, ешкімге зияны жоқ екенін айтып дәлелдеді. Ойлау деңгейіне байланысты сұрақтарым білу және түсіну, талдау деңгейінде болды. Бұл шынымен де өтірік өлең бе?  Қандай өтіріктер айтылды?   Бұл өтірікті қандай деп айтуға болады? Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі  шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайтынын дәлелдейді.  Оқушыларға  оқулық бойынша  өлең жолдарын  мағынасын түсіне отырып оқыды, балалардың барлығы іштей жеке оқыды, топта талқылады .  .   Балалар өлең жолдарын оқығанда онда айтылған өтірік өлең мағынасына қатты қызығушылықпен бір – бірімен жарыса өз ойларын айтты. Әсіресе Алишер, Аңсар, Султан, Азамат, Ерболат өлең жолындағы өздеріне қызықты болған тұстарын бар ынталарымен айтты.

Сабақтың  негізгі бөлімінде бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Өтірік  өлең »  өлеңі  деп айтып өттім. Балалар дәптерге тақырыпты жазып алды.  Қызығушылықты ояту мақсатында балалардан «өтірік» деген сөзді   қалай түсінесіңдер  деп  сұрадым,    балалар   ойланып  ойларына қандай  сөздер оралғанын  айтып,  жазып  береді.  Өтіріктің түрлері болады соның ішінде адамға зияны тиетін өтірік болады. Ал бүгінгі өлең жолдарында өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі  шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайтынын. Сонымен қатар күлдіргі, қызықты екені айтылды.  Тақырыпты тереңірек түсіну мақсатымен  үш топқ түрлі тапсырмалар берілді. I топқа ойларынан өтірік өлең жазу. II топқа  Ертегі құрастыру. ІІІ топқа  Өлеңдегі оқиға желісінен өздеріне ұнаған өлең шумақтары бойынша сурет салу.    Берілген тапсырма бойынша І топ өз ойларынан шығарған өлең жолдарын оқып берді.

Бір күні орманда келе жатсам

Алдымнан шықты бірдеңе

Қарасам не екен деп ?

Ол үлкен қасқыр екен.

Қорқып айға секірдім

Қаға алмады ай мені

Сұлап түстім ағашқа

Ілініп қалдым бұтаққа

Сап етіп жерге құладым.

 

Жұлдызды алып ойнадым

Түрінен түк қоймадым

Сол жұлдызды бүгінгі

Туған күнге сыйладым.

 

Қиналды-ау жұлдыз, қиналды

Маған қарап жылады

Қойып едім орнына

Қайтадан жерге құлады.

    ІІ топтан берілген тапсырма бойынша Ерболат шығып өздері шығарған ертегілерін қызыға оқып берді.

ІІІ топтан Нейля  берілген тапсырма бойынша салған суреттерін қорғады. Ол өлең шумағындағы егіп едім дөңгелек, машина өсіп шығыпты деген жолдарына салған суреттерін тиянақты қорғап шықты. Топтар  өлең мазмұнына байланысты бір біріне  кезекпен  сұрақ койды.   әр топтан   бір  оқушыдан   өз ойларын  айтып,  басқа топ тыңдаушылары  қай оқушы қалай түсіндіргені  жайлы  өз  ойларын  білдіріп, екі жұлдыз, бір ұсыныс айтып отырды және критерий бойынша бағалады.  Оқушылар   көбінесе  бағалау бергенде   Азаматтың,  Лилидің,   Алишердің,   Алтынбектің   айтқандарын   тез,  нақты  түсінгендерін  айтты.

Балалар сұраққа өз түсініктері бойынша таласа жауап беріп отырды. Осы сабақта байқағаным Ғани Ерболат, Бақтыбаева Жауқазын  қызығушылықпен қатысып, қолын көтеріп, сұраққа  жауап беріп, ойын білдіріп отырды  әсіресе Азамат  сұраққа  нақты,  өз ойын  қосып жауап беріп отырды. 

Сабағымды өткізу барысында  балалар қызығушылықпен қатысып отырды. Тіпті сабақ үстінде орындарынан тұрып, мен айтайыншы деп балалар шулап кетті. Жұппен, топпен жұмыс істеп, бағалауды үйренді деп айта алам. Сабақта өз ойларын жақсы айтып, өздерін еркін ұстады.

 

 

Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Өтірік өлең можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 486 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar