Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тіршілік үшін күрес және  оның түрлері. -

Тіршілік үшін күрес және оның түрлері.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5820 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы
Медицина фармацевтикалық
«Даналық» колледж биология пәнінің
оқытушысы Кабдолина Сауле Жумажановна

Сабақтың тақырыбы:Тіршілік үшін күрес және оның түрлері.

Сабақтың мақсаты: білімділік: cтуденттердің сұрыптау түрлерін және тіршілік үшін күрес туралы алған білімдерін жетілдіру; күрестің рөлі мен оның себептерін анықтау арқылы талдап түсіндіру;
дамытушылық: шығармашылық ізденістерін арттыру,бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып ойлау қабілеттерін артыру.
тәрбиелік: өз- өзіне деген сенімділікке, ізденімпаздыққа,табиғатты қорғауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер,сұрақтар жазылған парақтар, cлайд «Тіршілік үшін күрес»
Түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ –жауап, тірек –сызба, озық тапсырма,топтық жұмыс
Сабақ барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлықтарын тексеру, топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Ізденген жетер мұратқа. Топ мүшелеріне сызба – кестелер таратылады.Онда тақырыпқа сәйкес суреттер мен сөздер берілген.Топпен ойлана отырып, белгілі бір қорытындыға келіп мәтін құрастырып баяндайды.Ұнаған топтың жауаптарын өзара бағалайды.
ҚОРЫТЫНДЫ:
1- кестеге қарасақ шегіртке саны артса ел экономикасының проблемасы болады.Күрт артуы қолайлы жағдайлардың туындауы:қоректің молдығы және жауынның аздығы.Шегірткені құрту үшін көптеген шаралар жүргізіледі.Көктем айларында қоймақалтаны бұзу,күзде жер аудару сөйтіп шегірткенінің санын азайту.
2- Ақбөкен жүйріктігінің арқасында жауынан қашып құтылады,алыс суатқа да әлділер жетеді,әлсіздері жыртқыштарға жем болады.Сөйтіп табиғаттың өзі сұрыптау жүргізеді. Бұл жерде сұрыптаушылар –жыртқыштар.
3- Қазақтың құмай тазысы адамның мыңдаған жылдарға созылған сұрыптау нәтижесі. Қазақ халқының саятшылық өнерін насихаттай отырып,көшпелі өмір салтын басынан кешкен халқымыз табиғатпен мейілінше жақын болған.Табиғатты өз өмірінің бөлінбес сыңырына балап,табиғат тылысымын тереңірек таныса,өмірдің соғұрлым мәнді де, қызықты болатынын түсінген.Қолтұқымдарды алуға тазы итті,иттің басқа қолтұқым дарымен будандастырмаған.Тек таза тазы ит шығарып отырған.Бұл адамның жүргізген қолдан сұрыптауына байланысты.
ІІІ.Жаңа сабақ: « Ой қозғау»
1.Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптаудың айырмашылығы неде?
2.Күрес деген не? Күрестің қандай түрлері болуы мүмкін? Сұрақтарға жауап беру арқылы тіршілік үшін күрес түрлерін анықтап сызба сызады.

Ч. Дарвин тіршілік үшін күрес өзара бірін - бірі ығыстыратын екі себеп деп есептеді, ол себептер:
1. Тірі ағзалардың көбеюге шексіз бейімділігі;
2. Екінші тараптан табиғи ресурстардың шектеулілігі.
«Күрес» ұғымы бірін - бірі ығыстыратын дарақтардың тікелей соқтығысуы ғана емес. Мұны тірі ағзалардың өзара жәрдемдесуі, селқос бәсекелестіктің және бүкіл селбестік жиынтығының күрделі өзара қатынасы деп түсінген жөн.


Тіршілік үшін күрес

Түраралық Түрішілік Қоршаған ортамен

(әр түрге өз мысалдарын келтіру)
Табиғатта тірі ағзалар арасында тіршілік үшін күрес не үшін жүреді? Күрестің себептері .......

2.Түрішілік күрес негізгі үш бағытта іске асады. Олар:
А) қорек үшін,
Ә) жыныстас әріптесі үшін,
Б) аумақ үшін күрес.
Өсімдіктерде жыныстас әріптесі үшін күрес, әсіресе өздігінен тозанданатын түрлерде шартты сипатта болады.
Бұдан басқа бүкіл түрішілік және тұраралық күресті тура және жанама деп бөлуге болады. Тура күрес кезінде дарақтар ашық соқтығысады. Мысалы, көптеген түрлердің аталықтары (әтештер, қоңыздар, иттер, мысықтар, морждар) аналықты иелену үшін қақтығыс жарысқа түседі. Жануарлардың көпшілігі (қоңыр аю, арыстандар) аумақ үшін жұлқысады. Қорек жетіспесе (шортандар) немесе өзге себептер әрекетінен (арыстандар тұрақты топ жетекшісі ауысқан кезде) ересек дарақтар өз түріне жататын шабақтар мен күшіктерді жейді.
Жанама күресте ашық соқтығыс болмайды. Аталықтары аналығын қақтығыссыз-ақ сайрау арқылы шақыратын құстар тобы осылай бәсекелеседі. Ұялау орнына орналасқан кезде жыл құстарында ашық қақтығыстың болмауы да мүмкін. Алайда ең «шапшаңдары», яғни қыстаудан ерте оралғандары жақсы үлескілерді бәрібір иемденеді. Өсімдіктерде болатын түрішілік жанама күреске көбірек мысалдар келтіруге болады. Мәселен, жеңіл тозаңды көбірек өндіретін, желмен тозанданатын түрлердің дарақтары тозаңы жеткіліксіз өскен өз туыстастарын көбеюден ығыстырады. Ал бунақденелілер өздерін күшті еліктіре алатын гүлдерге тозаңды көбірек тасымалдайды.

3. Интербелсенді тақта: «Жабайы табиғат» Суреттермен жұмыс: тіршілік үшін күрес түрлерін анықтау.
ІV. Сабақты бекіту:
І. Блиц турнир
Сұрақтарға тез жауап алу. Топ басшылары сұрақтарды таңдайды.
І топ
1.Топтағы біріншілікке жататын тіршілік үшін күрес.
2.Алғашқы эволюциялық теорияның авторы
3.Жыртқыш пен құрбандық арасындағы күрес түрі.
4. Бір түр дарақтарын алуан түрлі етіп өзгертуі.
ІІ топ
1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.
2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.
3.Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі.
4.Дарақтар,түрлер санының кемуі,таралу аймағының тарылуы.
ІІІтоп
1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.
2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.
3.Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі.
4.Дарақтар,түрлер санының кемуі,таралу аймағының тарылуы.
ІІ.Тіршілік үшін күрес түрлерін анықтау :
1.Жануарлар арасындағы мекенжай үшін талас.
2.Араластырып еккен әртүрлі өсімдік дақылдарының бірі жақсы,екіншісі нашар дамуы.
3.Жапырақтың түсуі
4.Шөл жерде өсетін өсімдік жапырағының тікенекке айналуы.
5.Ұядағы балапандардың көрек үшін бәсекесі.
6.Қарағай мен қайың бәсекелестігі.
7.Шалғынды жердің өсімдіктерінің біркелкі дамымауы.
8.Ерте үсік шалу..
9.Өсімдіктің айналаға жағымсыз иісті бөліп шығаруы.
10. «Қоян –қасқыр» немесе « мысық –тышқан» қарым қатынасы.
11.Жануарлардың үлбір ауыстыруы.
12.Ылғалдың артықтығы немесе жетімсіздігі.
Сұрақтарға жауап беру арқылы кесте толтырады : « Семантикалық кесте»

Түрішілік күрес Түраралық күрес Қоршаған орта жағдайларымен


VІ. Үйге тапсырма: тақырып мәтінін оқу, сұрақтарға жауап беру
VІІ. Бағалау.
VIII7 Рефлексия: Сабақ несімен ұнады?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.