Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тіс саулығы -

Тіс саулығы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3237 | Размер: | Автор: гость
. Ғылыми зерттеу жұмысы
Тақырыбы: Тіс саулығы
Жобаның мақсаты:
Тіс гигиенасын дұрыс қалыптастыру және тіс ауруларының алдын алу.
Зерттеудегі мақсатым:
1.Тіс құрылымы ,тіс гигиенасы туралы мағлұматтар жинау.
2.Қазіргі таңда тіс күтімі туралы оқушылардың түсініктерін зерттеу.
3.Мектеп бойынша тісжегі ауруымен тізімде тұрған оқушылар санын анықтау.
4.Тістің бұзылу себептері және оның ішкі ағзамен байланысы туралы мағлұмат жинау.
5.Ауданымыздағы емхананың тіс емдеу барысын бақылау..
Міндетім:
Салауатты дені сау оқушы қатарында болу.Өзгелерді тарту.
Тісімізді сақтауда қолданылатын іс-шараларда аурудың алдын алуға атсалысу.
Жұмыстың өзектілігі: Әрбір адам өзінің денсаулығын күту керек.Ауру-астан.Ас ауыз қуысында қорытылады.Ауыз қуысында тістің атқаратын қызметі маңызды.Қазіргі кезде тісжегі ауруымен ауыратын адамдар көбеюде.Соған орай тіс күтімі , тіс емдеуде берілетін жеңілдіктер туралы мәліметтерді оқушыларға насихаттауды жөн көрдім.
Зерттеу әдістері:
Сұхбат өткізу
Сауалнама жүргізу
Бақылау жүргізу

Мазмұны
І.Кіріспе
Тістің құрылымы
ІІ Негізгі бөлім
Тіс саулығы
1.Тіс гигиенасы.
а) Тіс тазалайтын құралдар.
ә) Тіс щеткасын қаншалықты жиі ауыстырып тұру керек?
б) Тіс жібін қалай пайдалану керек?
в) Тіл тазалау жолдары
2. Тіс бұзылуының ішкі ағзаға және жадыға әсері
3.Зерттеу бөлімі
ІІІ Қорытынды
Сау тістер –адам денсаулығының кепілі
ІV. Қолданылған әдебиеттер.
V.Зерттеу жұмыс суреттері

Тіс құрылымы
Тіс-адамның ауыз қуысында орналасқан сүйек.Тіс сауыты, мойыны, түбірі болады.Сауыт пен түбірді қызылиекке жалғасатын мойынша (түп) бөліп тұ-рады.Тіс негізінен дентиннен құралады.Оны сауыт жағынан тісті зақымдану-дан қорғайтын қатты жылтырэмаль, ал түбір жағынан құрылысы сүйекке ұқ-сайтын цемент жауып тұрады.Тістің іші қуыс,онда тіс ұлпасы орналасқан. Ұлпағақан тамырлары, лимфа және жүйке талшықтары тіс түбірінің ұшындағы қуыс арқылы өтеді.
Тістер күрек,сойдақ,кіші жәнеүлкен азу тістер депбөлінеді.Ересек адамдарда 28-32 тұрақты тіс болады.Олар үстіңгі және астыңғы жақсүйектердегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан.Әрбір жақсүйектерде 16 тіс бар.
Тістердің пішіні де әртүрлі.Жақсүйектердің алдыңғы жағында орналасқан жалпақ тістерді күрек тістер деп атайды.Жалпы күрек тістердің саны-8.Күрек тістердің екі шетінднгі пішініүшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны-4.Адам күрек және сойдақ тістер арқылы тағамды жұлып жейді.Бұл тістерден кейін кіші азу тістер бар.Олардың саны-12.Азу тістердің үстіңгі беті кедір-бұ-дырлау келеді.Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.
Сәби дүниеге тіссіз келеді.Сәбидің 6-7 айлығында алғаш рет күрек тістер шы-ға бастайды.Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады.Бұл тістер сүт тіс-тер деп аталады.Ал 6-7 жастан бастап сүт тістер түсіп ,тұрақты тістер шығады.
Тіс гигиенасы.
Тіс иегінің саулығы үшін ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан келесі құрал-дардың көмегімен тазартып тұруы қажет:
1.Тіс щеткасы 3.Тіс жібі (флосс)
2.Тіс пастасы. 4. Ауызды шайқауға арналған сұйықтық.
Тіс щеткасын қалай пайдалану керек.
Тісті тазалаудың басты құралы- тіс мәсуегі.Ондағы қылшықтардың орташа ұзындығы 25-30 мм,ені 8-10 мм болуы шарт.Тісіңізді күніне кем дегенде екі рет , үш минуттан 50-70 г күшпен уқалау қажет.тазалау қажет.Тіс пасталары
және ұнтақтары құрамына гигиеналық ,сондай-ақ арнайы ,қосымша бөлек биологиялық-физиологиялық белсенді заттар енгізіледі. (тұздар-ферменттер-биологиялық катализаторлар ,микроэлементтер - Мn,Cu, Fe ,Co , Ti
және фтор,кальций-хлорофилл,жасыл пигмент,өсімдік жапырақтарынан өндіріледі ).Олар тіс тканьдеріне ,қызыл иекке ,кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем-домдық-профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады.Тісті күніне екі рет рет жуу керек.
1.Таңғы астан кейін таңертең. ІІ. Түнде ұйықтар алдында , соңғы тамақты қабылдаған соң.
1.Тіс тазаларда міндетті түрде щетканы жуып алуыңыз керек.
2.Щеткаға аздап тіс пастасын жағыңыз.
3.Щетканың басын қызыл иек сызығына 45 градус бұрыш етіп ұстаңыз.Иектен тістің өткір жағына қарай кішкентай дөңгелек қозғалыстармен барлық тістеріңізді мұқияттазалаңыз.
4.Әр тістің іш жағын да дөңгелек қозғалыстармен тазалау керек.Щетка тістің өткір ұшына перпендикуляр етіп қойылады.
5.Тістің сыртқы жағын щетканы айналдыра отырып тазалаңыз.
6.Астыңғы және үстіңгі азу тістердің шайнайтын бетін ысқылаңыз.
7.Тазалауды қызылиекті уқалаумен аяқтаңыз.Аузыңызды жауып тұрып щеткамен тісіңіз бен иегіңізді дөңгелек қозғалыстармен уқалаңыз.
8. Тілді де тазалау қажет. Ол үшін арнайы құрал қолданған жөн.
Тілдің арт жағынан бастап, алдыңғы ұшына дейін абайлап «қырыңыз»
9.Щетканы жуып,бас жағын жоғары қаратып,стақанға қойыңыз.
Тіс щеткасын қаншалықты жиі ауыстырып тұру керек?
Қолдану барысында щетка ескіреді.Оның қызмет ету мерзімі адамның тіс тазалау жиілігіне, тазалау ұзақтығына , щеткамен уқалау күшіне және тіс пастасына да байланысты.Дұрысында тісті күніне екі рет, үш минуттан, 50-70 грамм күшпен уқалау қажет.Сонда щетканы шамамен үш айда бір рет ауыс-тырып тұру жеткілікті.Щетканы ауыстыру қажеттігін оның түрінің өзгеруінен де байқауға болады.
Тұмау , тамақ ауру тағы басқа жұқпалы аурулармен аурып,жазылғасын да щетканы ауыстырған жөн.
Тіс жібін қалай пайдалану керек?
Тіс жібі тіс арасында тұрып қалған тамақ қалдықтары мен тіс дақтарын та-залауға арналған.Щетка оны толық тазалай алмағандықтан ,тіс жібі міндетті қосымша құрал болып есептеледі.Сондықтан тамақ ішкеннен кейін,тісті щеткамен уқалап,кейін тіс жібімен тазалау қажет.
Тазалау барысы:
1.Кассетадан 30-40см жіп тартып шығарасыз.
2.Жіптің көп бөлігін сол қолыңыздың ортаңғы саусағына орайсыз.
3.Қалған бөлігін оң қолыңыздың ортаңғы саусағына ораңыз.Сонда саусақтарарасында 10 см жіп қалу керек.
4.Жіәпті сұқ саусақ пен бас бармақтың көмегімен тартып, тіс арасына абайлап өткізіңіз.
5.Жіптің тістің өткір жағына қарай қозғалта отырып, тазалаңыз.Астыңғы жақ
үшін төменнен жоғары қарай , үстіңгі жақ тістерін жоғарыдан төмен қарай тазалайсыз.
6.Одан кейін жіп қызыл иектен шығарылады,бірақ тіс арасынан алмаңыз.
7.Дәл осылай қасындағы келесі тіс тазалады.
8.Енді барып, жіпті тіс арасынан шығаруға болады.
9.Жіптің қолданылған бөлігі оң қолдың ортаңғы саусағына оралады.
10. Ал сол қолдың ортаңғы саусағынан жіптің жаңа бөлігі тарқатылады.
11.Осындай тәртіппен барлық тіс тазаланады.
12.Есіңізде сақтаңыз: екі тістің бір аралығын тазалаған жіп бөлігін екінші рет
қолдаңбаңыз.40 см барлық тісіңізге жетеді.
Ауыз шайқауға арналған сұйықтықтар
Бұл сұйықтықтар тіс тазалығын арттырады , тіс дағының алдын алып ,ауыз
Қуысын жағымсыз иістен қорғайды. Биологиялық белсенді компоненттері бар біртекті сұйықтықтың белгілі бір иісі мен түсі болуы мүмкін.
Дегенмен ,сұйық тазалағыштың әсері болу үшін ,міндетті түрде алдымен тіс-
Тіщеткамен,жіппен , тілді арнайы қасықпен тазалап алуы керек.Ал ауызды
бұл сұйықтықпен шайқаған соң , оны бірден түкіріп тастаңыз.
Тілді тазалау жолдары
Ауыз қуысының күтімінде тіс тазалығы өте маңызды. Көптеген микроағза
тілдің түбіндегі қыртыстарында жиналып қалады.Сондықтан , тілдің арт жағын жақсылап тазалау қажет.
Тілді тазалаудың екі тәсілі бар:
-тіс щеткасымен және пастамен ;
-арнайы қасықпен.
Тіс бұзылуының ішкі ағзаға әсері
Өмірінде тісі ауырмаған адам кемде-кем шығар. Әсіресе, кариеспен ( тіс эмалінің бүлінуі) ауыратындар көп. Осы сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізген ғалымдар күні бүгінгі дейін тістің бүліну себептерін тәттіні көп қолданудан, ыстық-суықтан, тісті дұрыс тазалай алмаудан деп түсіндіріп келген еді. Ал таяуда тіс бұзылуының басты себебі- ішкі ағза мүшелерінің дұрыс жұмыс істемеуінен екені анықталды. Адамда 32 тіс болатыны мәлім, 16-сы жоғары,16-сы төменгі жақта. Дәрігерлер, осы тістерді 8 ден бөліп,нөмірлейді. Яғни, алдыңғы тістер сол жаққа қарай 8, оң жаққа қарай 8, барлығы -16. Осы тістердің дәл ортадағы екеуін 1-ші деп белгіленген, әрі қарай ретімен кете береді. Міне,осы 1-ші және 2-ші тістердің бүлінуі қуық пен бүйректе, құлақта кінәрат барын білдірсе,3-ші тістердің бұзылуы бауыр мен өттің жұмысы дұрыс еместігін аңғартады екен.4-ші тістер бүлінсе,өкпе мен тоқ ішекте ауру болғаны,6-шы тістердің бүлінуі асқазан мен асқазан асты безінің жұмысы бұзылғанын білдіреді. Ал 8-ші тістердің бүлінуі жүрек пен аш ішектің жұмысы бұзылуынан хабар береді екен. Асқазан мен ашішекте жараболса, көбіне пародонтоз пайдаболады. Асқазан жарасыкезіндетістетас түзіледі. Қысқасы, тістіңжай-күнінеқарапішкі ағзаны қаймүшесінде ауру пайдаболғанынаңғаруғаболады. Егер белгілібіртістіемдеткен соңол қайтаданауырса, оны сол тіспенбайланысы бар ағзамүшесіндегіаурудыңасқынғаныдеп түсінген жөн. Мысалы, бас сақинасы ұстапжүретінадамдардыңтісітісжегісімензақымданған. Бұлкездетістің өзіауырмауымүмкін.Алоның себебінадамтұмаудан, суықтиюден, магниттікөрістіңауытқуынан, тағы да басқажайсыздықтарданкөріпжатады. Мұндайкезде бас ауруыбүкілбастықамтығандайәсербереді. Соныменқатар, кейде сап-саутістіңауыратынкезіболады. Ал оған көбіне қан қысымынқалыптапауытқуысебепболады.
Тістің жадыға әсері.
Есте сақтау қабілеті тістердің санына байланысты екенін жапондық ғалымдар зерттеп дәлелдеген.Олардың зерттеу нәтижесі ғалымдардың өздерін таң қалдырды.Тіс дәрігерінің орындығына отырып,өзіміздің есте сақтау бөліктерінен айырылып жатқандығымызды кім ойлаған?
Швед мамандары 35 жаспен 90 жас аралығындағы 1960 адамға тәжірибе жасаған.Түбірлі тістерді жұлған адамдарда жадының нашарлайтындығын байқаған.Тіпті бұл құбылысты жануарларда да байқауға болады.Осылай швед ғалымдары тіс пен жады қызметінің арасында байланыс бар екенін анықтаған.
Профессор Ян Бегдахлдың айтуынша: «Тістер тек қана тағамдар шайнау үшін ғана емес,ми қызметтерін сақтап және қолдап отырады» Тіс өзімен босап түссе,онда ол жартылай тауқымет болар еді.Ал жадының әсеріне тісті зорлап жұлу қатты ісер етеді.Сондықтан сіздер тісті күте біліңіздер.Тіс жегісі ауруына ұшырап қалған жағдайда бірден жұлдыртпай емделіңіздер.Әрбір тіс сіздің есте сақтау қабілетіңіз,оны біліп қойыңыз!
Зерттеу бөлімі
Зерттеу орны: Л.Қылышев орта жалпы білім беретін мектебі
1. Аудандық емхана.
Біз тіс пен ауыз қуысының ауруына әсерін тигізетін факторларды зерттесек ,онда халық арасындағы аурулардың санын төмендетуге әкелетін ағартушылық жұмысты жүргізуге болады.Денсаулықты жақсарту мақсатында жыл сайын 18жасқа дейінгі балалар профилактикалық медициналық байқаудан өткізіледі.Медициналық байқаудан өту кезінде 18 жасқа дейінгі оқушыда тісжегі анықталса,оны тегін емдейді.Өйткені мемлекет тісжегі бар балалардың тегін емделуі үшін жыл сайын ақша қаражатын бөліп отырады. Сонымен бірге жүкті әйел адамдар , ауған соғысына қатынасқан және 65 жастан асқан адамдар тегін емделеді.Тістің жеңіл түрін емдеуге 20-30 минут ,ал күрделі түріне 1сағат30 минутқа дейін уақыт кетеді.Емханада жұмыс істейтін екі кабинеттегі тіс дәрігерлері күніне 15-20 адамды қабылдап отырады.
2. Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі оқушыларының
соңғы үш жыл бойынша тіс күтімі бойынша тексеріс нәтижесі
Оқу жылы Барлық оқушы саны тісжегі
2012-2013 686 225
2013-2014 657 234
2014-2015 759 245

3. Бастауыш сыныптар бойынша 74 оқушыға тіс саулығына байланысты жүргізілген сауалнаманың нәтиже көрсеткіші

4. Бастауыш сыныптар бойынша 74 оқушыға тісті тазалау және тіс щеткасын пайдалану барысы бойынша жүргізілген сауалнаманың
нәтиже көрсеткіші





Сау тістер- адам денсаулығының кепілі.
Мен өз жұмысымды қорытындылай келе мынадай пікірге келдім.Егер сен
өз тісіңнің саулығың тілесең , тіс гигиенасының ережелерін әрдайым есте сақтап, жүруіміз керек.Ол үшін мына жағдайларды ұмытпауымыз керек.
Тіс саулығын сақтау үшін тісімізді әр тамақтан соң жууымыз керек.Бак-
терияға қарсы қорғанысты ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ететін фтордан
тұратын тіс пастасын пайдаланып ,тіске арналған жіптерді ,тісті шаятын
арнайы сұйықтықтарды қолдануымыз қажет ,және ең бастысы жылына
екі реттен кем емес тіс дәрігеріне көрініп тұруымыз қажет. Дені сау бала-
еліміздің ертеңгі болашақ азаматы.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Биология 8-сынып
2. Энциклопедия.
3. Ғаламтор ақпараттық мәліметтері



1.Сенің тісің сау ма?
А) Тісім сау,таза Ә) Ауру тісім бар Б) Дәрігерге қаралуым керек.
2.Тісіңді күніне неше рет тазалайсың?
А) 1рет Ә) 2рет Б) анда-санда тазалаймын
3. Тіс щеткасын қалай ауыстырасың?
А) Бүлінгенше ауыстырмаймын Ә) 3 айда Б) 1жылдан соң В) өзім білемін
4. Басқа адамның тіс щеткасын пайдаланасың ба?
А) жоқ Ә) иә Б) әркім өз щеткасын пайдалану керек.
5. Тісіңді тіс пастасынан басқа немен тазалайсың?
А) тек тіс пастасымен Ә) сұйықтықпен шаю Б) жіппен тазарту
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.