Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« Тізбектелген сабақтар топтамасын өту барысында  сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» -

« Тізбектелген сабақтар топтамасын өту барысында сыни тұрғысынан ойлауға үйрету»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1502 | Размер: | Автор: Публикатор
. « Тізбектелген сабақтар топтамасын өту барысында
сыни тұрғысынан ойлауға үйрету»

« Ізденсе, талаптанса қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмайды » ( Ж. Аймауытов ).
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге, дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау менің сабағымда зор үлесі тиеді деген ойдамын және бұл тәсіл нағыз менің пәніме қажетті.
Бүгінгі шыққан бағдарламам ертең қажеті болмай қалуы мүмкін. Сол себебті шәкірттерімді бүгінгі жасаған жұмысы ертең қаншалықты жүзеге асады деген сыни сұрақ төңірегінде көбірек тоқталған жөн сияқты.
Сыни тұрғыдан шәкірттерді ойлату үшін алдымен мұғалімнің өзі сыни тұрғыдан ойлану қажет. Осы орайда әдіскер ғалым Қ. Тасболатов « Проблемалық ситуация тудыру – оқушыларға сұрақ қойып, оны шешу ғана емес, мұндағы сұрақ әдетте қойып жүрген сұрақтардан мүлдем өзгеше. Ол сұрақ оқушыға бейтаныс, өздігінен ізденіп, өзінше ой қорытынды жасай білетіндей сұрақ болуы тиіс » – дейді. Осыдан менің түйгенім, ұстаз шәкірттеріне танымдық түрдегі сұрақтар қойғаны дұрыс. Бұл бағытта мынадай жұмыстар ұйымдастыруға болады:
1. Логикалық ойын дамытатын сұрақтар.
2. Берілген тапсырманы негізге ала отырып, өз ойын жеткізуге бағытталған жұмыс түрлері.
3. Берілген бағыт бағдар арқылы өз ойынан құрастыруға берілген жұмыс түрлері.
Бұл тәсілдің мені қызықтырғаны бұрын оқушы тек тыңдаушы болса, қазір оқушы ізденуші, жасаған жұмыстары бойынша дәлелдеп бағалаушы. Ал ұстаз осы әрекетке бағыттап ұйымдастырушы.
Бастапқыда қиынырақ болғанымен, сұрақтан қателессе де « қате жауап бердің » деген жауапты қолданбауға тырыстым. Оқушыларды сыни ойланытудың ең оңтайлы тәсілі өз ойын ашық айтуға итермелеу. Ол үшін ойың дұрыс, тағы не қосар едің деген сөздер арқылы сыни тұрғыдан ойлануға ынталандырдым.
Теориялардың барлығын негізге ала отырып, сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша мынадай тәсілдерді қолдандым: миға шабуыл, ой қозғау, топтастыру, Венн диаграммасы, Инсерт әдісі, RAFT ( рөлдерге бөлу ) т.б.
Өтілетін тізбектелген сабақтар топтамасы бір – бірімен байланысты болуы шарт.
Мен сабақтарымды өзімнің 2 « д » сыныбымда өттім. Ондағы алғашқы сабағым « Көкжиек және көкжиек сызығы » тақырыбында болды. Мақсаты: көкжиектің негізгі және аралық тұстарын білу. Міндеттері: оқушылар көкжиектің негізгі және аралық тұстарын естеріне түсіреді және суретін салады. Көкжиек тұстарын анықтаудың жергілікті белгілерін тізіп шығады және талдайды. Топпен ертегі кейіпкерінің жол картасын құрастырады және көрсетеді.

Біріншіден сыныптағы ахуалды қалыптастырып оқушыларға ламинаттаған парақшалармен бірге, бағалау парақшаларын да таратып өттім. « Миға шабуыл » тәсілі бойынша дайындап келген сұрақтарымды ретімен оқып тұрдым.
1. Тірі табиғатқа не жатады?
2. Өлі табиғатқа ше?
3. Табиғаттың қандай құбылыстарын білесіңдер?
4. Адам неге табиғаттың бір бөлігі болып табылады?
5. Алдымен адам ба әлде табиғат па?
Оқушылар білген сұрақтардың жауабын ламинаттанған парақшаларға жазып, жоғары көтерді. Жауап берген оқушыға балдық система арқылы балл (10, 20, 30) беріп отырдым. Оқушылар бағалау парақшаларына түсіріп отырды. Бұл тәсілді пайдаланған себебім, оқушылардың өтілген сабақ бойынша білімдерін қаншалықты екендігін бағдарлау, әрі ламинаттанған парақшалар арқылы әр оқушының жауабы қаншалықты екендігін және уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Ары қарай АКТ мүмкіндігін пайдалана отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын айтпай, сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша, ой қозғау тәсілін қолдандым. Слайд арқылы көкжиек сызығы бейнеленген суреттер көрсеттім. Ойлана келе оқушылар көкжиек сызығы деп жауап берді. Ары қарай пікірталастық әңгімеге ұласты ( Мерсердің бірінші теориясы бойынша ). Олар бірнеше сұрақтарды ұйымдастыра, жауаптарды өздіктерінен айтып жатты. Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері айқындап берді.

АКТ көмегімен бүгінгі сабақты түсіндіріп өттім. Ары қарай оқушыларға табиғат денелерінің суреттерін таңдату арқылы топтарға бөліп, көкжиек жөнінде тапсырма бердім. Әр топтан оқушылардың ұсынысымен топ бағалаушысы тағайындалды. Топтық жұмыс зерттеушілік әңгімеге ұласты ( Мерсердің теориясы ). Мұнда тақырыпқа байланысты сұрақтар төңірегінде көбірек тоқталды. Яғни осы сұрақтар төңірегінде сыни тұрғыдан ойлай отырып, проблемалық сұрақтарды туындатты. Осы кездескен қиындықтарды бірлесе отырып шешуге тырысты. Әр топ түйінді ойға келіп, жұмыстарын қорғап шықты. Топтық жұмыстар смайлик арқылы бағаланды.
Әр топтың бағалаушысы тұрып, топтағы оқушыларды балдық система арқылы бағалап өтті. Қорытынды бағаны өзім шығардым. Бүгінгі сабақ бойынша рефлексияларын тақтаға іліп жатты. Сабақты қорытындылау үшін Инсерт тәсілін пайдаландым ( білемін, білдім, білгім келеді ). Бұл тәсілдің ерекшелігі оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша білімдері қаншалықты екендігін бақылауға, оқушы өзінің қай бағытта даму керектігін сыни тұрғыда бағдарлай алады. Бұл оқу үдерісіне де оқушының алатын біліміне де көп ықпал жасайды.
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы балалар өз сыныптастары мен және оқытушымен пікір алмасуда өз көзқарасын айта алады және қорғайды. Бұл үшін сыни ойлатуға тапсырмалар болуы қажет.
Менің екінші сабағым « Тұсбағар. Тұсбағардың құрылысы ». Мақсаты: тұсбағармен жұмыс істей білу. Міндеттері: оқушылар көкжиек тұстарын анықтаудың жергілікті белгілерін еске түсіреді және атайды. Тұсбағар бойынша көкжиек тұстарын анықтауда тәжірибе жинақтай алады. Топқа бөлініп қандай мамандықтарға тұсбағар қажет екенін анықтайды және дәлел келтіреді.

Сабақты бастамас бұрын, оқушыларды көкжиек тұстары жазылған кеспе парақшалары арқылы топқа бөліп, өтілген сабақта Инсерт стратегиясы арқылы жинаған парақшаларға тоқталдым (Білемін, білдім, білгім келеді). Ондағы « Білгім келеді » өрісіне тоқталдым. Онда « неге көкжиек деп аталады? », « көкжиек сызығы не үшін қажет? » деген сияқты ойлы сұрақтар жазылыпты. Мен осы сұрақтарды оқушылардың өздеріне қайта қойдым. Оқушылар өздері ізденіп келген сұрақтарына жауапты өздері тапты.
Мен оларға интерактивті тақта арқылы тұсбағардың суреттерін көрсетіп, оларға ой тастадым. Сәл кідірістен кейін оқушылар жеке – жеке тұрып осы суреттер арқылы көптеген мәліметтер айта бастады. Осы мәлімттерді алып болғаннан кейін мынадай мәселе туындаттым. « Тұсбағар не үшін қажет? Оны қайда қолданады? » Оқушылар бұл сұраққа өте керемет жауап берді. Өқушылар тусбағар өрманда адасып қалғанда қажет деп жане жөлда журуде, теңізшілергеде қажет деп айтып кетті.Өқушылар жауабынан мен сын турғысынан ойлау дағдыларыының алған шарттарын байқадым.
Осы мәліметтерді алып болғаннан кейін Инсерт әдісін пайдаландым.
«V» – білемін «-» – білмеймін «+» – мен үшін жаңа ақпарат «?» – мені таң қалдырды

Инсерт тәсілі – оқушылардың сабақ бойынша түсінгенін тексеруге, өз ойына басшылық жасауға итермелейтін тәсіл.
Оқушының өз білгеніне басшылық жасай отырып, білетін ақпараттарын, сол білімге қандай жаңа ақпараттар қосқанын, тағы қосымша нені білгісі келетінін айқындай алады. Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының топтастыру стратегиясын пайдаландым. Тапсырма компастың қаншалықты пайдалы екенін дәлелдеу. Тапсырманы бастамас бұрын оқушылардың өздеріне тапсырма критерийін жасаттым. Оқушылардың ойлары ашылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асты. Бұдан байқағаным оқушылардың бір тобы қазіргі заманмен байланыстыра, ойлары жүйелі, сөздер нақты, ұтымды шығып жатты. Осы берілген тапсырма арқылы олар өздеріне мақсат қоя отырып, шешу жолдарын қарастырып, тапқырлық пен шеберлікке шыңдалды. Тағайындалған топ басшысы оқушылардың белсенділігі, идеялары бойынша, қызыл, сары, жасыл стикерлерді тақтадағы есімдерінің қасына жапыстыру арқылы бағалап шықты. Топтық бағалау смайликтер арқылы бағалап жүзеге асырылып отырды. Сонымен қортындылай келе топ бағалушысының бағасы, топтық баға, өзімнің бағамды қосып, әрбір оқушыға қорытынды бағаны шығардым. Оқушылар сабақтың соңында бүгінгі сабақ бойынша рефлексиясын ( өз пікірлерін ) тақтаға іліп кетіп жатты.Мен сабақта бағыттарды анықтаудың әртурлі жолдарын уйрендім деген жауабынан өқушылардың сыны ойлай алатындығын байқадым.- -.---- - - - - - - ----- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - -
Менің үшінші сабағымның тақырыбы « Сурет және сұлба ». Мақсаты: сурет және сұлбаның арасындағы айырмашылықты білу. Міндеттері: оқушылар сурет пен сұлбаны айыра білуді үйренеді. Өздерінің шығармашылық жұмыстарын көрсетеді. Жұптасып бөлменің сұлбасын құрастырады және масштабын көрсетеді. Оқушылардың дүние танымын, ой – өрісін, логикалық ойлауын арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту барысында сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану.
Жаңа сабақты бастамас бұрын, оқушыларды гүлдердің суреттері арқылы топтарға бөліп, оқушыларға өтілетін сабақ бойынша білімдері қаншалықты екенін тексеру барысында білу мақсатында мынадай сұрақтар бердім.
1. Сурет дегеніміз не?
2. Сұлба дегенді қалай түсінесің?
3. Масштаб деген сөзді естігенің бар ма?
Оқушылар білген ақпараттарын айта бастады. Мен « оңайдан – күрделіге » тәсіліне сүйене отырып, сұрақтарды күрделіндіре түстім, яғни ойлау қабілеті пайымы қаншалықты екенін біліу үшін. Сурет сұлбадан несімен ерекшеленеді? Масштаб нені көрсетеді? дей отырып оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермеледім. Әрине « жауабың дұрыс емес » деп айтпай, « тағы не қосар едің? » Қасындағы оқушыдан « сен қалай ойлайсың? » деп жауапты нақтылауға, түйінді ой шығаруға тырыстым. Интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдалана отырып, электронды оқулық арқылы жаңа сабақты демонстрацияладым. Оқушылар көргені бойынша, естігені арқылы бүгінгі сабақ бойынша эссе жазды. Мен бұл тәсілден қорытындылай келе сыни тұрғыдан ойлау үшін оқу мен жазу тәсілінің қай – қайсысы болмасын, оқушының белсенділігін, ұшқыр ой қалыптастыруға, жан – жақты тұлға қалыптастыратынын байқадым. Эссе жазу барысында оқушыларға « Бүгін қандай ақпарат алдың? », « Бүгінгі сабақ бойынша саған не жаңалық болды? » деген сұрақтармен бағыт – бағдар бердім.
Оқушылар суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлінді. Сыни тұрғыдан ойлау әдісінің RAFT стратегиясын пайдалана отырып, « Сурет және сұлба » мәтінін топтарға бөліп тастадым. Топтағы оқушыларға рөлдерге бөліну туралы ұсыныс айттым. Өздері ойласа келе қай рөлге кім лайықты дей отырып, рөлдерді бөліп ала қойды. Бірақ азырақ шу болып кетті. Олар төраға, уақыт сақшысы, хатшы, баяндаушы, бағалаушы. Оқушылардың талқылауын тыңдай отырып, бағыт бағдар бердім. Бұл тәсілді пайдалану себебім оқушылар рөлдерге бөліне отырып, сол рөл арқылы сабаққа деген жауапкершілігі арта түседі. Оқушылар өзара пікір алмасып, шешім шығарып, пікірлерін қорғады. Топтағы оқушылар өз рөлдеріне сай жұмыс істеп отырды. Бұл әдістегі уақыт сақшысының рөліндегі оқушы бар ынтасымен рөлге енді деп айтуға болады. Ерекше ризашылықпен атап кететін жағдай уақыт сақшысы рөліндегі оқушы. Ол топтағы оқушыларға нақты уақыт беріп, қысқа әрі нұсқа сөйлеуге талап етіп отырды. Әр оқушы сөйлеген сайын қолындағы сағатқа қарай отырып, тиімді жұмыс жасады. Олардың пікірлерін тыңдай отырып, жинақталған ойларын нақтылай отырып, келесі тапсырманы бердім. « Кіші және үлкен заттың сұлбасын қалай сызатынын әңгімеле ». Топтық жұмыс болды. Бұл топтық жұмысты тыңдай отырып, сыни тұрғыдан ойлау әдісі іске асты деп ойладым. Алдымен пікір таластық әңгімеден кумулятивтік әңгімеге ұласты. Оқушылар түйінді идеяларын нақтылап қорғады. Әр топтың бағалаушысы тұрып, топ мүшелеріне баға берді. Әр топқа « Масштабтың анықтамасын айт » деп екі жаққа пікірталастық сыни тұрғыдан сұрақ қойдым. Әр топтан белсенді қабілетті оқушылар жауап беріп жатты. Оқушылар жауаптағы түсініктемені табуға ұмтылды, үзілді – кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қойды, дәлелдеулерді талап етіп, дәлелдеулерді есепке алып отырды, айтылған жауаптары себепке негізделді. Өзін – өзі бағалау, бағалаушының бағасын, өзімнің бағамды қойып, қортынды бағаны шығардым. Бұл сабақ есебі сайыс сабақ түрінде болды. Қорыта келгенде, оқушылардың сабаққа қызығушылықтары артты. Тұйық өз – өздеріне сенімсіз, сабаққа деген қызығушылықтары төмен оқушылардың өздері де, аз да болса айтатын ойларын жүйелеп жеткізуге тырысты.
Менің төртінші сабағымның тақырыбы « Жергілікті жердің сұлбасы ». Сыни тұрғыдан ойлау әдісі мұғалімнің өзін шыдамдылыққа, төзімділікке, оқушылардың ойын түсінуге үйретеді.
Сапалы білім болу үшін, оқушыларды сабаққа қызығатындай, зейінін аударатындай, тартымды сабақ болуы тиіс. Сабақтың мақсаты: картаның шартты белгілерін оқып үйрену. Міндеттері: оқушылар жаңа проблеманы шешкен кезде масштаб, сұлбаны құрастыру бойынша өз білімдерін қолдана алады. Сұлба, масштаб, сурет түсініктерін қайталай және бекіте алады. Топқа бөлініп, шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің сұлбасын сызады.
Алдымен оқушыларды сурет қиындылары арқылы топқа бөліп, оларды ұйымдастырып « миға шабуыл » тәсілімен сұрақтарға жауап алдым. Бұл тәсілді пайдалану себебім оқушылардың өтілген сабақ бойынша білімдері қаншалықты екендігін, өткен сабақ пен жаңа сабақты қаншалықты ұштастыра білетіндігін білу мақсатында жүргіздім. Оқушыларға интерактивті тақта арқылы, электронды оқулықтарды пайдалана отырып, жаңа сабақ демонстрацияланды. Оқушыларды жұптасып отырғызып, жасырылған кеспе қағаздар арқылы тапсырма таратылды. Оқушылар алынған қағаздағы тапсырма бойынша, ортақтасып тапсырма критерийлерін шығарды. Әр топ пікірлесе, интернет желісін пайдалана отырып, ортақ шешім шығарды. Әр топ жасаған жұмыстарын қорғап, өз ойларын айтып жеткізді. Әр топ қорғаған топқа жеке – жеке топтық баға беріп отырды. Ол бағаны не себептен қойды, тапсырма критерийіне сай келді ма? Сол жөнінде атап – атап, айтып кетті. Бұл жерде оқушылар өздерінің қабілеттерін аша отырып, ойларын дәлелдеп, бір – біріне сын айта білді. Сабақтың соңында оқушылардың өзіндік бағасын, жұптық бағаларының барлығын ескере отырып, өз бағамды шешуші баға ретінде қойып шықтым.

Осы өтілген сабақтарымның нәтижесінде шәкірттерім бірлесіп, топтасып, тақырыптың мазмұнын айқындап, жұмыс істеуді үйренді. Жаңа технология арқылы оқушылардың ойын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас пайда болғанына, еркін сөйлеуге үйренгені мені қатты қуантты. Әрбір жасалған жұмысты мұхият тыңдап, талдап, бағалап, ең жақсы жұмысты таңдауға үйренді. Бұл әдіс мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де сабаққа жауапкершілікпен қарауды үйретеді. Әрине өтілетін сабақтардың барлығына дайындық керек. Сын тұрғысынан ойлау- бұл оқушылардың сыны тұрғыдан ойлауын жане мұғалімдердің сыны тұрғыдан ойлауын дамыту.Балалардың сыны тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды қажет ететін негізгіер екшеліктер;ұтқырлық ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу,сұрақтар қою,дәлелдерді талап ету,белсенді.Сыны тұрғыдан ойлаудың коптеген құралдары бар .«Миға шабуыл », «эссе», « Ыстық орындық», «ассоцияция», «Инсерт», «Рафт» стратегиялық әдіс-тәсілдер арқылы жузеге асыруға болады.Егер мен сыны ойлай алсам,онда шәкіртімде сыны тұрғыдан ойлай алады. Негізінен алғанда оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап, еркін ойлауға, қойылған сұраққа сыни көзбен қарауға, кедергілерден шығу жолдарын дағдыландырған дұрыс деп ойлаймын. Сонда оқушылар жоғарғы сыныпқа барғанда ауқымды жағдаяттарды шеше отырып кездескен қиындықтарды шешу жолдарын өз беттерінше іздестіреді деген ойдамын. Осылардың барлығын негізге ала отырып, мен болашақта сыни тұрғыдан ойлау модулін барлық сабақтарыма пайдаланамын деген ойдамын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.