Меню
Назад » » »
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп
загрузка...

загрузка...
Атырау облысы, Махамбет ауданы,
Ақтоғай орта мектебінің
І-санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Шелтенова Фариха Тілешқызы

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп
Әлеуметтік–сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Л.С.Выготский, 1978); осы бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Мерсер 1995; Александер, 2008), метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрету» (Флейвелл, 1976; Л.С.Выготский, 1978) деген атаулармен танымал әлеуметтік–сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдың барлығында қарастырлатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, мен жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту керектігін үйренуді» ғана қарастырдым, себебі ол әлеуметтік–сындарлылық көзқараспен тығыз байланысты.
Бағдарламаның бірінші «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой- пікірін жүйелеуі мен дамуына көмектесетін амал екенін меңзейді.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды роль атқаратынын көрсетті. Осы орайда Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді және оқушыларды сыныпта талқылауға тарту, оларға өз түсінігін көрсетуге, әр түрлі адамдардың әр түрлі пікірлері барын түсінуге мүмкіндік береді, өз пікірлерін негіздеуге және оқу үрдісінде білім деңгейінің өсуін және оның мұғалімге түсіну үшін мүмкіндік беретіндігі айтылған. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 39бет)
Сабақ үстіндегі диалог бұл оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы ең бір қажетті, қарапайымнан күрделіге бағытталатын аса бір маңызды сабақ үстіндегі қажетті де қалыптасқан үрдіс. Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдің «Оқыту- баланың ертеңгі күніне қызмет етуі» деген пікірін ескерсем, оқыту үрдісінде әр оқушының диалогтік тәсілмен оқып үйренуі баланың өз ойын айта білуге, ортада өзін ұстай білуіне, ең бастысы білімді адам болып қалыптасуына тигізер пайдасы зор екенін білдім. Диалог арқылы әр оқушы мұғаліммен, сыныптастарымен еркін, ынтымақтаса сөйлесе алады. Мәселен, мұғалім сыныпқа кірген кезде оқушылармен амандасып, сөйлесуі- бұл диалог. Бұл әдісті меңгерген оқушы мұғаліммен және өзара кері байланысқа түсе алады. Бұл жағдайда оқушының алдында белгілі бір уақыт ішінде өздігінен ойлануға, түсінуге және ойын еркін жеткізуге мүмкіндік туындайды.
Сыныптағы менің диалогімнің алғашқысы былай басталады:
- Good morning boys and girls!
- Good morning teacher!
- How are you Sagadat?
- I am fine, thank you.
- Who is on duty today?
- I am on duty.
- Who is absent?
- All are present.
- What is the weather like?
- It is warm.
- What day is it today?
- The 12th of November.
Бүгінгі күніміздің амандығын сұраудан басталған бұл диалог бір-бірімізге жақсы көңіл мен ынта тілеумен аяқталады.
Мұғалім-оқушы немесе оқушы-оқушы арасындағы диалог әр оқушының белсенділігін арттырып қана қоймай сөздік қорын молайта түсері де даусыз. Осындай сәттерде олар тек сөйлесіп қана қоймайды, бір-бірімен өз ойларын жинақтап әңгімелеседі, жүйелі сұрақ қоя отырып қажетті ақпаратты алады, пікір алмасады. Ғалымдардың зерттеу нәтижелері де сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратындығын баса айтып көрсетті емес пе?
Выготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын оқушы ретінде сөйлейді. /Мұғалімге арналған нұсқаулық, 38 бет/ Сонымен қатар Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. Жақын арадағы даму аймағында оқушы дамытатын даму мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Яғни оқушы жақын арадағы даму аймағы болып табылатын сыныптасы немесе мұғалімімен диалог арқылы сөйлесіп отырған жағдайда оқушының ауызша сөйлеу дағдысы артады, сөздік қоры молаяды, өз пікірін ортада айта алады.
Тәжірибе кезінде он үш жас, жетінші сынып оқушыларымен жұмыс жасай отырып диалогтік тәсілдің тұлғаны қалыптастыруға негіз болатындығын байқадым. Диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның адамдық болмысын да көрсетеді. Тұлғаның белсенділігі,өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес, өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, сыйластық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытуды мұғалімді селқос тыңдағанда емес, вербалалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Сөзіме дәлел ретінде өз сыныбымдағы оқушылардың мынадай диалогын атап айтсам : «Өсімдіктер» тақырыбында өткен сабағымда диалогтік оқудың сұрақ-жауап беру кезінде жұптық әңгіме барысында мынадай сұрақтар арқылы дәлелдеуге болады. Яғни оқушылар бір-бірімен сұхбаттасу арқылы гүлдің аттары, егу уақыты, баптау жолдары туралы жауап алады.
1.Do you plant flowers?
Yes, I plant flowers.
2.When do you usually plant flowers?
Usually I plant flowers in spring.
3.Where do you usually plant flowers?
Usually I plant flowers in the garden.
4. What’your favourite flower?
My favourite flower is rose.
5. Why is it your favourite flower?
I like the smell.
6.Do you have a pot flower at home?
Yes, I have a pot flower at home?
7.Do you water it?
Yes, I water it.
8. How often do you water it?
I often water it.
Сұхбат алған оқушы журналист ретінде сұраққа жауап берген оқушының ойын жеткізеді.
I inteviewed Nazerke. She plants flowers every spring. She likes flowers. Her favourite flower is rose. Her like the smell. She have a pot flower at home. She plants room flowers. She waters it. She knows rose, dandelion and tulip. She can name some field flowers, such as bluebell, snowdrop.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі бар. Төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес сұрақтар» деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс немесе «дұрыс емес» деп бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қою жағдайда оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.
Мен өзімнің өткізген «Аңдар» тақырыбындағы сабағымды түрту сұрақтары арқылы, яғни төмен дәрежелі сұрақтардан бастадым. Төмен дәрежелі сұрақтар есте сақтау қабілетті тексеру үшін, яғни анықтама, ережені қайталау мақсатында қойылады
1. How many categories divided animals?
2. What are they?
3. Can you name wild animal?
4. Can you name domestic animal?
5. Can you name fish and reptiles?
6. Can you name birds?
Осы қойылған сұрақтарға оқушылар жауап берді және жазды. Осыдан оқушылардыің қарапайым сұрақтарға қалай жауап беретіндігі және жазу сауаттылығы тексерілді.
Ал жоғары сұрақтар қою арқылы оқушыларға ойлауға мүмкіндік береміз. Сондай-оларға алдын-ала іздену бағытында тапсырмалар беріп, оларды іздендіреміз. Осы «Аңдар» тақырыбында жоғары дәрежелі сұрақтар қою арқылы оқушыларымды сыни ойлауға үйреттім.
1.Do you like animals?
2. What’s your favorite animal?
3. Where do animals live?
4.What is the characteristics animals?
5. What is the colour of animals?
6.What is the size of animals?
7. What eats animals?
Осы сұрақтарды қоя отырып, оқушылар ойын біліп, іздену жұмыстарын байқау бағытында сыныпта оқушылар арасында топтық жұмыстар жүргіздім. Бұл сабағымда оқушылар белсене топпен жұмыс жасап, сурет салып, постер қорғады. Бұл жерде мен оқушыларымды ауызекі сөйлеуге үйреттім. Басында олар осы бағытта қатты қиналатын еді, алдын -ала ізднеуге тапсырмалар беру арқылы өз дәлелдемелерін еркін білдіретін болды.
Енді жоғары дәрежелі сұрақтар қою арқылы оқушыларды ойлатуға үйрету мақсатында түрлі ақпарат құралдарынан қызыл кітапқа енген аңдарды біліп келуге, неге олардың құртылып, жойылып бара жатқандығы туралы деректер жинауға тапсырдым. Неге аңдар қорғалады?, неге аңдар қорықтарда өмір сүреді деген сурақтар төңірегінде болды.
4. Why people hunt animals?
5. What animals we see in the reserve?
6. Why ?
Оқушылар өз жауаптарын мынадай дәлелдемелермен берді. Яғни түрі азайып бара жатқан аңдардың мемлекет тарапынан қорғалатындығын және елімізде жеті қорық бар екендігін жазып келді.
Animals are in danger for many reasons, and most of these are to do with humans. People collect animals as pets, and hunt them for food and for fun. They destroy their habitats, leaving the animals with nowhere to live. Such as animals as tiger, black rhino and giant panda, are now so rare that they are endangered. In just 10 or 20 years time, the only place to see them may be in zoos.
We must look after the animals we have left, before it is too late.
Оқытудағы диалогтік тәсілі арқылы дамыту үшін сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
- оқушыларды тақырып бойынша ойлауға және сөйлеуге ынталандырады;
- оқушылардың шынайы қызығушылығын анықтайды;
- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектесуіне оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне ықпал етеді;
әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді; (нұсқаулық, 41 бет 2012)
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар. Олар зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
1. әркім ақылға қонымды идея ұсынады;
2. қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»;
3. топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу) (нұсқаулық 40 бет)
«Өсімдіктер» тақырыбында өткен сабағыма қайта тоқталсам, оқушыларды ойлату үшін жоғары дәрежедегі сұрақтар қою арқылы дамыттым. Өсімдіктердің адам өмірі үшін жан-жақты маңызы қандай?- деген сұрақ арқылы оқушыларға өсімдіктердің адам өмірі үшін пайдасын дәлелдеу керектігін, ғаламтор арқылы т.б. ақпарат құралдарынан осы тақырыпқа байланысты деректер жинау керектігін айттым. Яғни бұл жерде мен пікірсайыс ұйымдастырып, олардың пайдасы мен зияндылығына тоқталдым. Оқушылар ғаламтордан алып келген мәліметтері бойынша пікір алысты. Бір топ даттау болса, екінші топ жақтау болды. Үшінші топ зерттеуші болды. Жақтау тобы өсімдіктердің пайдалы жақтарына тоқталып, олардың адам өмірі үшін маңызды, яғни оларды адамдар өмірде сәндік үшін біріне-бірі сыйлық ретінде мерекелерде тарту ететінін, оларды медицинада дәрі жасау үшін пайдаланатынын, тағам түрінде қолдануға болатынына тоқталды. Адамдарға оттегі, яғни таза ауамен демалуға мүмкіндік береді деп өз дәлелдемелерін келтіріп жақтады. Ал даттау тобы жақтау тобының құрған дәлелдемелерімен келіссе де, олардың біржағынан пайдасыз жақтары бар екеніне тоқталды. Өсімдіктердің барлығы болмаса да, кейбірі адам өмірі үшін қауіпті. Олар адам денсаулығына кері әсер ететін жерлері бар. Мысалы мак, марихуана өсімдіктернен түрлі зиянды заттар әзірлейді. Оларды адам пайдаланатын, мысалы темекі құрамына қосады, анаша дайындайды деп т.б дәлелдемелер келтіріп айтты. Ал тыңдап отырған үшінші топ зерттеуші екі топты бір мәмлеге келтірді. Яғни екі топтың да пікірі дұрыс. Олардың зиянды, пайдалы жақтары бар. Бірақ айналамызды әсемдік пен сұлулыққа бөлейтін осы гүлдер емес пе?-деген тоқтамға келді. Дебат кезінде оқушылар диалогтік оқу арқылы зерттеушілік әңгіме жүргізеді. Осындай дебат арқылы оқушының ой- өрісін, сөздік қорын молайту мақсатында мектебімде пікірсайыс үйірмесін ұйымдастырдым.
Енді келесі сабағымда «Сын есімнің шырайлары» тақырыбын өткен кезде сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге өз ойларын анық беруге сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» - деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады. Тірек сөздерді оқушыларға көрсете отырып, олардан ағылшын тіліне аударуын сұрадым. Оқушылар берілген сөздерді ағылшын тіліне аударған соң, ал осы сөздерге сұрақ қойыңдар, қай сөз табына жатады? - деген сұрақтың жауабын сыныпта сабаққа қатыспай, үндемей отыратын оқушылардан сұрадым. Олар ойланып сын есім екенін, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып, қандай?, қай? -деген сұрақтарға жауап беретіндігін айтты және сын есімдер заттың, нәрсенің белгісін түр түсін, сыр сипатын, сапасын, қасиетін білдіретін сөз табы деп ережесін толық жауап берді. Бұл жауаптарды берген оқушылардың ішінде Ерназ, Даулетхан және Алмас, Арман сынды оқушылар. Және оқушылар мысал келтірді. Жалпы оқушылардың 5-сыныптан бастап қолданатын оқулықтарында диалогтік әдісімен мәтінді талдау, жаңа сөздерді меңгеру, ауызекі сөйлесуді дамытатын жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру негізінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің ролі ерекше екенін ұғындым. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болады. Диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ екенін түсіндім және сабақтарымда қолдандым. Бұл бұрыннан таныс болса да, көп мән бермеп едім Енді болашақта сабақтарымда үзбей, үнемі қолданатын боламын. Жоғарыда айтқандай оқулықта міндетті түрде бір тапсырма диалогтік оқытуға беріледі. Осы тапсырмада бір-бірімен араласқан сөздерді орын тәртібімен орналастырып сұрақ құрып, сол берілген тапсырманың ішінен дұрыс жауабын тауып, жазып шығады. Ол тапсырмалар төменде көрсетілген:
1.? What’s, jacket, leather, this made of.
-. What’s this jacket made of? – Leather
2.? Is, dress, your, of cotton, made of, no, of wool, made it’s.
- Is your dress made of cotton? – No, it’s made of wool.
3. ? Which is the book exciting most, I know don’t
- Which book is the most exciting? I don’t know.
Осылайша әр сабақта диалогтік әдісті қолдана отырып мен диалогтік әдіс ағылшын тілі сабағына үнемі қатыстырылып, кіріктіріліп отыратын модуль деп ойлаймын. Өйткені тіл сөйлеу құралы, оқу құралы болғандықтан диалог әдісінің пәнді оқытудағы орны зор. Диалогтік әңгмелесу арқылы бала өз білімін өзі толықтырып отыратындығына көзі жетеді, сұхбаттассу арқылы білмегенін білуге талпынады. Ал мұғалім өзінің іс әрекет арқылы оқушымен серіктесі болады. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 379 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar