Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған «Ұзынсары» тақырыбындағы сабақ бойынша рефлексивті есеп -

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған «Ұзынсары» тақырыбындағы сабақ бойынша рефлексивті есеп

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1804 | Размер: | Автор: гость
. Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған «Ұзынсары» тақырыбындағы сабақ бойынша рефлексивті есеп
Мұғалім жазбасы
Үшінші деңгей бағдарламасының жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани,мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сын тұрғысынан ойлауға үйретуді қамтиды.Қазақстанның білім беру саласындағы өзгерістер бастауыш сынып пәнін үйретуде де жаңа әдістемелерді қажет етеді.[2-4]
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сыңдарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған.
Сыңдарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.[1-4]
Осыған орай «Ұзынсары» тақырыбына құрылған сабағымды жоспарлауда оқушылардың оқу ептілігін дамытуды көздедім.
Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын түсініп оқуға,сөйлем соңында тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрену.Сабақтан күтілетін нәтиже:
А) Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, негізгі идеяны ашып айта алады
В) Берілген сөзге тиісті жалғауды сәйкестендіреді.
С) Сөйлем түрлеріне ажыратады
Сыныптың ана тілі пәніне деген белсенділігін,қызығушылығын арттыру ,ояту тұрғысында, жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Жүректен-жүрекке» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренингте балалар шеңберге тұрды.Бір-біріне жылы лебіздерін тіледі. Мысалы : ана тілі сабағынан бестік алғайсың; Сабағыңды жақсы оқы; Мамаңның айтқанын тыңда;
Осы шеңберде тұрған күйінде оқушылар топқа бөлінді.Бұл орайда
сыныптағы қарым-қатынас зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері –зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалог-мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерулегі бірлескен іс-әрекетке тартуымен қатар,жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін өрістетіп, зияткерлік қырлырының дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті.[1-47] Мерсер мен Литлтон ғылыми зерттеулеріне жүгіндім. Олар өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынды-ғын атап көрсетті.Аталған авторлардың зерттеулерінде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың оқушылардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуын көздей отырып, мен балаларды пазлы әдісімен топтастырдым.Яғни балаларға 4-5 бөлшектен бейнелі сурет құрастыру керек. Бірінші топта көктем бейнесі, екінші топта үй жануарлары, үшінші топта жыл құстары,төртінші топта бүршік атқан ағаштар суреттері. Оқушыларым топтастыруға аса қызығушылықпен қатысты. Кейбір оқушылардың көшбасшылық қасиеттері көрініс тауып жатты, себебі өздеріне берілген суретті құрастырып, өзге топтарға көмектесуге үлгеріп жатты.Сынып оқушылары 4 топқа бөлінгеннен кейін, оларға өткен сабақты қайталау мақсатында құралған суреттерді көктем мезгілімен байланыстыру тапсырмасы берілді.
I-топ көктем мезгілінде қар ериді,күн жылынады,адамдар жеңіл киіне бастайды;т.с.с
II-топ көктемде үй жануарлары өріске кетеді;Үй жануарлары төлдейді
III- топ көктемде жыл құстары жылы жаққа ұшып келеді;Олар ұя салады;
IV-топ көктемде ағаштар бүршік атады;Жер бетіне шөп шығады; Оқушылар өз ойларын айтқаннан кейін , барлық топта өз ойларын ашық жеткізді,жарайсыңдар деген сияқты қолпаштаулар айттым.
Рефлексивті оқытуға балалардың үйренгендері жайында сыни тұрғыдан ойлауы жатады. Бұл олар көрсеткен сыни тұрғыдан ойлау тәртіптері мен дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және бағалауды талап етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді талқылап, қарастыруды қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс береді. [1:53] Мен жоғарыда айтылған зерттеуге сүйене отырып, үй тапсырмасын тексеру мақсатында
«Ойлаудың алты қалпағы» әдісін алдым. Берілген үй тапсырмасында «Наурыз тойы» мәтінінен түсінгенін айту және 3-жаттығу.Мәтінде оқушылар оқиды,түсінгенін айтады, жаттығу жұмысында сөйлемдерді көшіріп жазады, байланысын табады. Мәтінге байланысты «Ұлттық дәстүрлерді ұстануымыз керек пе?» деген проблемалық сұрақ аясында өз ойларын ортаға салды. Оқушылар қалпақтың түсіне қарай үштікте жұмыстанды да бір оқушы өз ойларын дәлелдеуге шықты. Сөйтіп ортаға 6 оқушы шықты, өздеріне берілген тапсырманы жақсы орындады,және қызығушылық танытты.Ақ қалпақта оқушы жай ғана Ұзынсары дегеніміз не екенін айтса, келесі қызыл қалпақты оқушы оның пайдасының зор екенін керемет көңілді күймен жеткізді. Міне ғажап, мен бұл әдісте оқушыны басқа қырынан көре бастағандай болдым.Кей оқушы өзінің түстеріне сәйкес ойлар айтпаса да, олар осы сұрақ төңірегінде ойланып, ортаға менің ойым қате емес пе деген күдіктен ада болғаны анық.Яғни оқушылар өз ойларын маған немесе мұғалімге емес , керісінше құрбыларына айтқаны ұнап отырды.Оқушы күні кеше мектеп табалдырығын аттаса да, оқушылардың бойында бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру сияқты қасиеттер дамып келеді.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінде Выготский кіші жастағы балаларды танымдық даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет,қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісін үйрету кезінде қалыптасатын субьекті ретінде бейнелейді.Сонымен қатар оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Оқушыларды көбірек білетін басқа адамдармен,әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін,диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда оқу жеңіл болмақ.[1-36]
Осы орайда оқушылар 1-сыныптың ана тілі негізгі екі пәнді қамтитындықтан (қазақ тілі және әдебиеттік оқу), үйге берілген 3-жаттығу жұмысын «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісімен дәптерлерін бір-біріне беру арқылы тексерді «Наурыз тойы» мәтінінде берілген тапсырмасы бойынша сызба арқылы сөйлем құрастыру,оны дәптерлеріне жазып келу берілді.Зерттеуге алынған жоғары деңгейлі оқушым бұл тапсырманы өте жақсы орындаған.Ол дәптеріне «Бұл қандай мезгіл?», «Алақай әжем келді!», «Көктемде ағаштар бүршік атады» сияқты сөйлем түрлеріне,сөйлемдегі сөздердің санына сай құрып келген.Зерттеуге алынған оқуында кедергісі бар оқушым бұл тапсырманы орындауда тыныс белгілерін ескермей,жай ғана сөйлемдер құрап келген.Мысалы, «Көктем келді», «Мен көктемді жақсы көремін» т.с.с.Бұдан байқағаным,оқушылардың сөйлем туралы ұғымының қалыптасқандығын,сызба бойынша сөйлем құрай алатындығын,кейбір оқушылардың тыныс белгілерін үйренгендерін көрдім. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінін бірі оқушылардың деректерді қолдануына екпін жасау болып табылады.Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылу қажет, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде,бұл үрдіске оқушыларда белсенді қатысуы керек.[1-54]
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді.Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер,әдістемелер,технологиялар жаңартылып отырады. Сондықтан оқу барысында осы технологияларды ойланып қолдану қажет.Ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерісітерін жақсартуға жағдай жасайтын болады.Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде,анықтаушы фактор оқыту үдерісінің мазмұны,әдістемесі,технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады. [1-57]
Жоғарыда келтірілген зерттеулер бойынша «Ұзынсары» тақырыбындағы жаңа сабағыма ену мақсатында интернет желісінен алынған «Наурыз тойы» бейнеролигін көрсетілді. Бейнеролик көрсетілгеннен кейін, оқушылардан не көргендері,бейнероликті көре отырып,қандай ой келгендері жайында оқушылардан түрткі сұрақтар қойылып сұралды. Оқушылар өз жауаптарында «Бұл наурыз тойы», «Бұл күні әжелеріміз бауырсақ пісіреді», «адамдар бір-біріне қонаққа барады», «Бұл күні күн мен түн теңеледі» десіп жатты. Мұғалімнің қысқаша түсінігімен бейнероликте қазақ халқының Наурыз мерекесін қалай тойлайтыны,қазақ халқы бұл күні қыстан қалған бар тәттісін қазанына салып пісіретіні,әжелеріміздің бұл күнді ерекше күтетінін толықтырылып айтып кетеді.Бұл орайда мұғалім тақырыптың негізгі идеясын ашуды оқушылардың өздеріне қалдырады.Ол үшін оқушылар мәтінді әуелі іштей,сосын дауыстап топта талқылады. Оқушыларға топта талқылауға 5 минут уақыт берілді. Оқушылардан мәтінді оқуда кездескен мағынасы қиын сөздерді талдап, ол сөздерге сөздік жұмысы орындалды.
Оқу сияқты көшбасшылықта адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс енгізу үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал.Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес.Мұғалім ретінде, кейде біз өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз.Білім жинақтаудың сыртқы ауқымы оқыту мен оқу туралы идеяларды жай ғана тарату емес, сонымен бірге осы идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табылады.Дәл осы жерде қоғамдастық маңызды рөл атқарады.
«Ұзынсары» мәтінінің негізгі идеясын ашуда мен «Тікелей радиоэфир» әдісін таңдадым. Мұнда бір оқушы ортаға шығып,жүргізуші кейпіне енеді. Мысалы: « Қайырлы күн достар,мен Балапан арнасының жүргізушісі, есімім А ». Жүргізушіге әр топтан бір оқушы 2 сұрақ әзірлеп тікелей эфирге шығады. «Сәлематсыз ба А, қалай ойлайсыз Ұзынсары деген адам ба?, Неге бұл мейрам наурыз айында тойланады?» деген сұрақтар қояды. «Тікелей эфирге» шыққан оқушының жүргізушіге қойған сұрағы бір жоғары дәрежелі,бір төмен дәрежелі болуы шарт.Міне бұл тұрғыдан оқушыларға көшбасшылық,өз-өзін реттеуі қасиеттері дамиды. Оқушы біріншіден бұл менің қолымнан келеді деп көшбасшылық қырынан көрінсе, екіншіден жүргізуші ретінде өз-өзін реттейді.
Және бұл тапсырмадан кейін оқушыларға тапсырмаға 2-жаттығу жұмысы орындау берілді.Тапсырмада сызбаға қарап, сөйлем құрастыру болды. Осы кезде оқушылардың арасында көшбасшылық танытқан оқушылар болды. Мысалы көшбасшылық танытқан Д есімді оқушы «сызба 4 бөліктен тұр,яғни сөйлем 4 сөзден тұрады; Сызбаның соңында сұрақ белгісі тұр, бұл сонда сұраулы сөйлем; Бұл сызбаға «Сен үйге барасың ба?» деп құруға болады » деп өз ойын өзгелерден бұрын жеткізді. Сынып ішінде көшбасшылық танытқан өзге де оқушылар болды.
Танымдық даму-баланың оқу және проблемларды шешу қабілеті.Танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін,сөз сөйлеу дағдылары,ойлау,негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатсыты.Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады.Джером Брунер жаңалық ашу арқылы оқудың маңызын атап көрсетіп,ақыл-ой үдерісінің оқытумен өзара байланысу мүмкіндіктерін зерттеген.Бұл теория оқу үдерісіне балалардың белсенді қатысуын атап өтеді,тіпті бастауыш жасындағы балалар оқу және даму үшін қажетті қызмет түрлерінің басым бөлігіне бастамшылық етеді деп сендіреді.
Осы тұрғыда мен қазақ тілі бағыты бойынша оқушыларыма «Ең әдемі жазу» әдісімен дәптерлеріндегі 1-жаттығу жұмысын орындаттым.Мұнда берілген тапсырма сөйлемдерді көшіріп жазу, сөйлем түрлерін ажырату. Барлық оқушы әдемі,таза жазуға тырысып жатты,және сөйлем соңына қойылған тыныс белгісіне қарап сөйлем түрлерін де ажыратып жатты. Мұнда топбасшы жұлдызшалардың түстеріне қарай,яғни қызыл жұлдызша-өте жақсы,көк жұлдызша боялған,бірақ қатесі жоқ; сары жұлдызша- боялған,қатесі бар деп өз тобындағы құрбыларын бағалап жатты.
АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп,мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.
Мен осы тұрғыдан интербелсенді тақтаның көмегімен оқушыларыма «Көңілді күн» атты сергіту сәтін өткіздім.
Сабағымның жалғасын кеңейтілген тапсырмамен жалғастырдым.
Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін.Балар бір ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін:мәселен әртістік,спорттық,музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал.Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін: олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса,келесі кезекте қабілеттерін танытпауы мүмкін.Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер,ата-аналар,басқа топ мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады.
Ана тілі сабағы негізгі екі пәнді қамтитындықтан, сабақтың негізгі бөлігін сөйлемдегі сөздердің байланысын табуға 4 топқа кеңейтілген тапсырмалар берілді.
А) Сөйлемдерді көшіріп жазу.
В)Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табу.
С)Сөйлемдердің сызбасын құрастыру.
А деңгейін сыныптың бәрі орындады, ал сөйлемдегі сөздердің байланысын табуға кейбір оқушыларым қиналды.Ал сыныптағы ойы жүйрік оқушыларым сөйлем құруды ойлап, оны сызба арқылы жасыруды ойлады. А деңгейі бойынша берілген тапсырмада «Сөйлем»тақырыбы бойынша сөйлемдерді көшіріп,байланысын табуға берілді.Бұл тапсырманы сынып оқушыларының барлығы да орындады. Сыныптағы кеңейтілген тапсырманы орындаған уақытта оқушылар өз зерттеулерінде пікірталасқа түсіп, өз дәлелдеулерін айтып жатты. Осы кезде оқушы арасында әңгіме-дебат жүріп жатты.Кейде әңгіме-дебат зерттеушілік әңгімеге ұласып жатты.Олай дейтін себебім бірінің айтқан ұсынысына қарсы дау айтылып, күмән туып жатты.Мысалы Екінші В деңгейлі тапсырмада «Көктемде құстар ұшып келді» сөйлемінде А есімді оқушым сөйлемдегі сөздердің байланысын табуда сұрақты Кім? Не? деген сұрақтан бастаудың орнына Құстар қашан келді? сұрағынан бастады.Сонда бұған қарсы Н есімді оқушы сөйлемде әуелі Кім?Не? деген сұрақты қоюымыз керек деп өз ойын білдірді.Осы тұста оқушылар арасында әңгіме-дебат жүріп жатты. Н есімді оқушым сөйлемде зат есім мен етістік табу керек екенін түсіндіріп, өз ойына зерттеу жасап, дәлелдеп жатты. Сонымен мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады, өзара білім алмасуға жағдай туғызатынын түсіндім.
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулінің басты мақсаты оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында, қандай бағытта және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау .Бұл жерде формативті бағалаудың тиімді екенін айтып кеткен жөн.Сабақ барысында жоғары да көрсетілгендей формативті бағалаудың «Қолпаштау», «Басбармақ», «Смайлик» және сабақ соңына қарай тақырыпты қаншалықты меңгергендерін, түсінгендерін білу мақсатында өз өздерін «бағдаршам» әдісімен бағалаттым. Бағдаршам әдісінде жасыл – мәтінді де,сөйлемдегі сөздердің байланысын меңгердім; сары- мәтінді меңгердім,сөйлемдегі сөздердің байланысын табуда қиналамын; Қызыл – мәтінді оқи аламын, сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратамын; Бұл әдіс оқушыларға ұнады.Жасылмен бояған оқушылар саны он екі, сарымен бояған оқушы саны төртеу,қызылмен бояған оқушы саны бесеу болды. Бұдан шығатын қорытынды оқушылар өздерінің білімнің қай сатысында тұрғандығын көреді, өзінің бағалауына қарай өз білімін жетілдіруге жұмыстанады.
Сыныптастарын бағалау балалардың бір –бірімен кері байланыс жасауына мүмкіндік береді, бірін – бірі қолдауға үйретеді. Сабағымның соңында кері байланыс кезінде рефлексия парағымен сабақта «Блоб ағашын» тараттым. Мұндағы негізгі мақсат, оқушының өтілген тақырып бойынша түсінік деңгейін бақылау болатын. Кейбір оқушылар алғашында «Блоб ағашын» маңызын түсінбегендіктен, сонымен қатар бағалауға немқұрайлы қарап, өздерін жоғары бағалап отырды. Бірақ оқушылармен бағалау жауапкершілігі туралы кеңестер өткізіп, «не себепті өзін жоғары, не төмен бағалағандарына» түсінік берулерін сұрап отыру арқылы айтылған кемшіліктерді еңсердім.Бұдан сыныптастарын бағалау өзін өзі бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі, бұл үдеріс өзіне үлкен жауапкершілікті алып, ынталанып оқуға ықпал етеді деген ой түйдім .
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды,сондықтан механикалық есте сақтау,үстірт білім алу жағдайлары орын алады.[1-3]
Міне ,сондықтан осының алдын алуда мен бұл бағдарламадан түрлі жеті модуль аясында жұмыстануда әдіс-тәсілдерді үйрендім. Оқушылардың өздерінің алған білімдерін, өмірде қолдануға , оларды сыни ойлауға, оқушы арасында бәсекелестікке жетелейтін бір-бірін бағалауларға үйрете отырып,өзімде көп нәрседен хабардар болдым. Және олардың алған білімнің қаншалықты жеткілікті болғанын дәлелдейтін кері байланыс парағын үйрендім.
Болашақта мен сабақтарыма балаларымның жас ерекшелігіне сай, оқушыларымды сыни ойлауға жетелейтін, көшбасшылық қасиеттерін оятатын, оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды көздеймін. Ол үшін мен «Мұғалімге арналған нұқсқаулық», тренер берген ресурстарды басшылыққа аламын.

Пайдаланған әдебиет: 1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші базалық деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
2. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші (негізгі) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.