Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Токтың жұмысы мен қуаты .Джоуль Ленц  заңы. -

Токтың жұмысы мен қуаты .Джоуль Ленц заңы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2677 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Байкенже ауылы
№193 қазақ орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімі: Шынар Шайдарова
Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты .Джоуль Ленц заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға токтың жұмысы мен қуаты туралы түсінік беру және формуласын қорыту. Есептер шығару арқылы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Өткен сабақты еске түсіре отырып, алған білімдерін жаңа сабақпен байланыстыра отырып толықтыру. Ток жұмысы мен қуаты туралы түсініктерін дамыта отырып балалардың логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен ізденуге дағдыландыру, еңбекке тәрбиелеу. Алған теориялық білімдерін техникада және тұрмыста пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, тірек - сызба.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, слайд, бағалау парағы, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Тренинг
ІІ. Үй тапсырмасы
1. Үйге берілген тапсырма «Тұрақты ток» тарауы. «сыйқырлы қоржын» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау. Әр оқушы сұрақ. дайындап қоржынға салады. Ұлттық қоржынымыздан әрқайсымыз сұрақ алып жауап береміз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Токтың жұмысы мен қуаты.Джоуль Ленц заңы.
IV.Жаңа сабақты қорыту
V. Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс» (13 минут)
Берілген мәтінді әр оқушы өз бетінше оқиды. Келесі кезекте топтарға төмендегі сұрақтар таратылады.
1. Электр тогы жұмысының формуласы қалай өрнектеледі, өлшем бірлігі қанадй?
2. Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңын пайдаланып ток жұмысының формуласын өрнектеп беріңдер?
3. Электр тогы қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңдар, өлшем бірлігін ата?
4. Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады,түсіндір?
Берілген сұрақты топта өзара талқылайды. Әр топтың баяндамашылары сұраққа кезектесіп жауап береді. (Жауаптарын критериий арқылы формативті бағалайды.)
V. Жұптық жұмыс «Есептер шығару» (10 минут)
1. Егер шаңсорғыш кернеуі 220 В, ток күші 0,5 А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 0,5 сағ ішінде қанша жұмысжасайды?
2. Троллейбустың электрқозғалтқышы 200 А ток күшін тұтынады және 600 В кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай?
3. Ток күші 5 А желіге жалғанған кедергісі 30 Ом электр пешінен 1 мин-та қанша жылу бөлінеді?
Жұптар өз есебін үлгіге қарап бағдаршам арқылы (1 қатені жасыл, 2 қатені сары , 3 қатеден жоғарыны қызыл түспен) формативті бағалайды.
1-тапсырма. Сәйкестендіріңіз.
Анықтамасы Формуласы Өлшем бірлігі
Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең P=I·U Вт
Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп,олардың көбейтіндісін табу керек Q=I2 ·R·t Дж
Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады A=I·U·t В
2 -тапсырма. Берілген кестені толтырыңыз.
Анықтамасы Формуласы Өлшем бірлігі
Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең
Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп,олардың көбейтіндісін табу керек
Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады
VІ. Үйге тапсырма беру :Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль Ленц заңы.
VІІ. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.