Меню
Назад » » »
Топырақ. Топырақтың маңызы.
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: Топырақ. Топырақтың маңызы.
Мақсаты: Топырақ, оның қасиеті мен маңызы, құрамы, құнарлылығы жайында түсінік ұғым қалыптастыру. Топырақты қорғау туралы айту. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Көрнекілігі: Жұмбақ, сұрақ, сөзжұмбақ, сурет, сызба, ойын, карта.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі (Балаларды топқа бөлу, топ басшысын сайлау)
а) 1. Күн - ана 2. Ауа - ана 3. Су - ана 4. Жер - ана
ә) Шаттық шеңбері (Қолдарынан ұстап тұрып айтады)

1. Шуақ - сәуле әлемге.
Күн нұрымен тарайды.
Күн - ана
2. Ауа - өмір нәріміз,
Тыныстайтын бәріміз.
Ауа - ана
3. Су - тірліктің өзегі,
Ақса болар өзені.
Су - ана
4. Аспан - көкте жұлдыздар,
Жерде - біздің ұл - қыздар.
Жер - ана

ІІ. Үй тапсырмасы.
Үйге не берілді? Су - еріткіш.
Суда еритін және ерімейтін заттар.
Сұрақтарға жауап алу үшін «Сөйлейтін қалам» ойыны ойналады.(Қалам иесі жауап береді)
1. Тарау қалай аталады? Табиғат
2. Табиғат нешеге бөлінеді? Тірі және өлі
3. Тірі табиғатты ата? (адам, өсімдік, жануар)
4. Өлі табиғатты ата? (тау, тас, өзен, су)
5. Тірі табиғатқа қажеттілік? (ауа, су, жарық, жылу, тамақ)
6. Судың қандай қасиеттері бар? (түссіз, иіссіз, мөлдір, пішіні жоқ, сұйық, жұққыш)
7. Судың табиғаттағы үш күйін ата? (сұйық, бу, қатты)
8. Суда еритін заттар нелер? (қант, тұз)
10. Суда ерімейтін заттар нелер? (құм, саз, балшық)
Бірақ араласады.
11. Су көздері нелер? (өзен, көл, теңіз, бұлақ)
12. Суға байланысты нақыл сөз және тыйым сөздер? (дәптерден оқу, не жатқа айту)
1) Бұлақ көрсең, көзін аш.
2) Сулы жер - нулы жер.
3) Су - тіршілік көзі.
4) Судың да сұрауы бар.
5) Түнде суға барма.
6) Су ішкен құдығыңа түкірме.
7) Суды үнемдеп пайдалан.
8) Судың бетін ашық қалдырма.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, бір ауық
Дұрыс - бұрысты ұғалық,
Дұрыс болса, отырып
Бұрыс болса, қол соғалық.
Су - сұйық (отыр),
Су - қатпайды(соқ).
Сумен жуынамыз (отыр),
Суды жейміз (соқ).
Суды ішеміз (отыр),
Ауаны жұтамыз (отыр).
Ауаны жейміз (соқ),
Ауаны көреміз (соқ).

ІІІ Жаңа сабақ. Топырақ. Топырақтың маңызы.
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақ ашылады.
«Тазартылған тақта» ойыны ойналады.
1) Кез келген заттың бейнеленген көрінісі қалай аталады?
2) Көкжиек тұсы.
3) Адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасы, жүріс - тұрысының ережесі.
4) Су табиғатта көбінесе қандай күйде кездеседі?
5) Бес қажеттіліктің бірі не?
6) Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін сан.
7) Тау - тау ақ қар
Ерімейді ыстықта.
С у р е т
С о л т ү с т і к
ә д е п т і л і к
с ұ й ы қ
ж а р ы қ
м а с ш т а б
м а қ т а
- Дәптермен жұмыс. Күн жады, тақырып
Топырақ дегеніміз не?
Топырақ бойында не бар?
Топырақтың қандай түрлері болады?
«Құнарлы топырақ» дегеніміз қандай топырақ?
Түсіндіре отырып, оқулықтың 48 - бетіндегі тәжірибені жасау.
1 - тәжірибе. Бір кесек кебу топырақты стақандағы суға салайық. Не байқаймыз? Көпіршіп шыққан не? Яғни топырақта ауа бар.
2 - тәжірибе. Бір уыс топырақты темір қалбырға салайық. Отқа қойып қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетінде су тамшысы пайда болды. Ол қайдан шықты? Яғни топырақ құрамында ауадан басқа су бар.
3 - тәжірибе. Шіріндісі жанып біткен топырақты стақандағы суға салып, араластырайық. Лайланған суды тұндыруға қойдық. Біраздан кейін стақан түбіне шөккен шөгіндіні байқа. Тұнбаның астына құм, бет жағына саз шөгеді. Топырақта саз, құм бар екен. Қорыта айтқанда,
Топырақ құрамы: Ауа су құм саз шірінді
- Қандай топырақ өсімдік өсуге қолайлы? Құрамында шіріндісі жоқ құмға не сазға өсімдік өспейді. Өсімдіктің өсуіне шіріндісі мол, құнарлы топырақ керек. Өсімдіктің жайқалып өсуі топыраққа байланысты. Өсімдік болмаса адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адамның көптеген тағамдары мен дәрі – дәрмектері Өсімдіктен алынады. Жануарлар үшін жапырақ баспана. Олар ін қазып суықтан, жауыннан қорғанады.
Ы. Жақаев туралы айту. «Ақ күріштің атасы»- Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Жерді тыңайтып, күріштен мол өнім алып, рекорд жасаған. Бірнеше марапат пен атаққа ие.
- Топырақты тыңайту дегенді қалай түсінесің?
(Минералды тыңайтқыш қи - көң араластыру)
- Топырақ анықтамасын жазу.
(Жердің өсімдік өсетін беткі жұмсақ қабатын топырақ дейді)
- Картамен жұмыс. «Қазақстанның топырақ картасы»

- Топырақ туралы сөздер.
1. Жерді теппе.
2. Топырақ шашып ойнама.
3. Туған жердің
Түйе жейтін жапырағы да дәрі.
Түйе аунайтын
Топырағы да дәрі.

- М. Құрманалин «Бір уыс топырақ» әңгімесін оқып, талдау.
- Топпен жұмыс. «Ассоциация» тәсілі

дәмсіз

иіссіз қолға ұсталмайды

көзге көрінбейді

сұйық пішіні жоқ

бу түссіз

қатты мөлдір жұққыш

жылу

жарық шуақ

сәуле

жануар

баспана адам

өсімдік

- Тілек айту.
1) Күндей күлімде!
2) Гүлдей жайна!
3) Жұлдыздай жарқыра!
4) Шын жүректен!

Ү. Қорыту: 1) Шын жүректен сабағымызды
Тәуелсіздік күніне арнаймыз.
2) Оқу, мазмұны
3) Сызба 49 - бет.
4) Бағалау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Топырақ. Топырақтың маңызы. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 288 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar