Меню
Назад » » »
Тура және кері санауды меңгерту
загрузка...

загрузка...
Білім саласы: "Таным"
Білім бөлімі: Математика
Тақырыбы: Тура және кері санауды меңгерту
Мақсаты: Ертегі желісі арқылы баланың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын оятып, 5-ке дейін реттік және кері санауға жатықтыру.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру-ынталандыру

Ұйымдастырушы-ізденушілік

Жетекші-жөндеу -Балалар,табиғат анамен сәлемдесейікші.
- Ал, балалар, қол ұстаса тұрып өздеріңнің қандай екендіктеріңді маған және де бізге келген қонақтарға айтып беріңдерші.
- Балалар жайлап орнымызға жайғасамыз.
Енді балалар сендер маған мен-ақалдымын, мен-тапқырмын дедіңдер ғой. Сынап көрейік.
Жұмбақ
Түнде аяз күшейіп,
Күндіз тамшы тамады.
Күн білінбей ұзарып,
Бұл қай кезде болады?
- Ақпан айы жылдың қай мезгіліне жатады?
-Мен қыс дегенде көз алдымызға нелер елестейді?
- Дұрыс балалар, ал енді осы қыс демекші қыс мезгіліне байланысты кім маған тақпақ айтып береді?
-Балалар ерте, ерте, ертеде деп біз нені бастаймыз?
- Олай болса мен сендерге бірнеше ертегіні көрсетем. Қай ертегі екенін айтамыз. (Ертегілерді көрсетіп шығамын)
- Балалар "Бауырсақ" ертегісі қалай аяқталған еді?
- Ал, бүгін біз осы "Бауырсақ" ертегісінен көңілді жаңа ертегі ойлап табайықшы.

- Ерте,ерте,ертеде кемпір мен шал болады. Шал кемпіріне бауырсақ пісіріп беруін өтінеді. Бауырсақ терезенің алдынан секіріп-секіріп орманға кетіп бара жатса алдынан қоян кездеседі. Қоян бауырсаққа жеп қоятындығын айтады.
- Балалар біз бауырсаққа көмектесуіміз керек. Олай болса қоянның бізге қойған тапсырмасын орындайық.
1. Қоянның тапсырмасы:"Сандардыретімен қойып, тура және кері санау. Ол үшін балалар біз "Кел,билейік" ойынын ойнайықшы.
Шарты: Столды би билеп жүріп айналады. Би тоқтаған кезде столға отырып үлгеру керек. Үлгермесе тапсырманы орындайды.
2. Қасқырдың тапсырмасы: Бізден түлкінің үйін көрсетуді сұрайды. Түлкінің үйіне ұзын жол, ал қысқа жол аюдың үйіне апарады. Қасқыр қысқа жолға түсіп, аюдың үйіне кіріп кетсе оны жеп қояды. Сондықтан мен жаныма қойып өлшеп көрейік. Қайсысы ұзын екен? Оң жағымдағы жол - түлкінікі. Ал біз қасқырдың тапсырмасын орындап, бауырсаққа көмектесейік.
3.Аюдың тапсырмасы: Маған санамақ, жаңылтпаш айтып беріңдер депті.
4.Түлкінің тапсырмасы: Логикалық есепті шеш - депті.

Портфелімде әдемі
5 кәмпит бар еді
2-уін бердім Айгүлге
Қанша кәмпит қалғанын
Айта қойшы ал жаным.

-Балалар, біз бауырсаққа көмектесіп аман алып қалдық.
Әже кіреді: - Сәлеметсіздер ме, балалар? "Балдырған" тобының балаларысыңдарма? Бауырсағымды аман алып қалғандарың үшін сендерге ризашылығым шексіз. Менің сендерге берер сыйым бар. Сабақтан соң апайларың таратып береді. Сау болыңдар, балалар!
Әжетай: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар - деп бекер айтпаса керек. Біздің балалар ақылды да білімді болып шықты.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аю, қонжық
Ұялардан бал іздеді
Мойындарын оңға бұрды
Мойындарын солға бұрды
Ағаштарды шайқап көрді
Аяқтарын көтеріп ап
Қуанғаннан билей берді
Аяқтарын көтеріп ап
Қуанғанан билей берді

-Балалар өз орындарымызға жайғасып жеке жұмыс жасайықшы.
Өз бетінше жұмыстар
Үлгерімі төмен балаларға көмектесу.
-Балалар қане ертегі көңілді аяқталды ма?
- Қандай тапсырма қиын болды?
-Сондықтанда бауырсақ атасы мен әжесімен қауышты
- Балалар, қане 0 - 5-ке дейін тура және кері санайықшы деп ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті қорытындылау.
- Сау болыңдар.
- Балалар, сендерге көп рахмет!-деп мақтап, мадақтап, бағалау.

Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдептібаламыз.

Мен-ақылдымын!
Мен-тәртіптімін!
Мен-инабаттымын!

Ақпанда.
Қыс мезгіліне жатады.

Аппақ қар, шана, аққала елестейді.

Айдос:
Аппақ,аппақ,дала аппақ.
Ертегіні

Көңілсіз болған еді.

Ойынға 4-5 бала қатысады:
1.Аружан
2.Бекарыс
3.Ардақ
4.Альбина

Балалар ұзын жолды көрсетіп қасқырға көмектесті

Санчо:
Бір дегенім бесік
Шықтым содан өсіп
Екі дегенім елім
Далам, тауым, көлім
Үш дегенім үміт
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім
Төзе білсем өзім
Бес дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт

Сергіту сәтін іс-қимылмен көрсетеді.

Балалар 0-ден 5-ке дейінгі сандарды түстерін таңдап алып, бояды.

Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс:
• Балалар ұзындығы бойынша өлшеу;
• 5-ке дейін тура және кері санау;
• геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуі тиіс; Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тура және кері санауды меңгерту можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: ggggggggggggggggdfsf
Көрсетілім: 371 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar