Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру -

Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 8412 | Размер: | Автор: гость
. СМЖ Н.05-06
Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» МКҚК

№1 арнайы пәндер
циклдік комиссия отырысында
қаралды және бекітуге ұсынылды
ЦК төрайымы _________Г.Н.Теслина
«___» _________ 2015ж.

Оқытушыларға арналған тәжірибелік сабақтың
әдістемелік талдауы

Пән: «Терапиядағы мейірбике ісі»

Тақырып: «Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру»

Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»
Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»
Курс: IIІ
Семестр:V
Топ: 135 МІ – ІІ топ

Құрастырған оқытушы: Р.Т.Елеуова

Астана қаласы – 2015

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Осы әдістемелік талдау жұмыс бағдарламасына сәйкес «Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге құрастырылған.
Әдістемелік талдау оқытушыларға «Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру» тақырыбы бойынша сабақ дайындауға және өткізуіне арналған.
Жұмыс бағдарламасы бойынша осы тақырыпқа 6 тәжірибелік сағат берілген.
Осы әдістемелік нұсқаудың материалдары білім алушыларда келесі кәсіптік құзыреттіліктерді дамытуға және клиникалық ойлау негізін қалыптастыруға арналған:
Базалық құзыреттіліктер:
БҚ - 1.1. Өзін - өзі дамыту: Кәсіби өрістеудің ұзақ уақытқа жоспарланған дағдыларын игеру.
БҚ – 1.3. – Компьютерлік технологиялар: ақпараттық компьютерлік технологияларды жұмыста және өз-өзін жетілдіруде қолдану.
БҚ 3.3. Дәлелді медбикелік тәжірибе: күнделікті қызметінде дәлелді медбикелік тәжірибені қолдану
БҚ 2. Коммуникациялар және топта жұмыс істеу
БҚ 2.1. Коммуникативті дағдылар: әр түрлі адамдармен ахуалға байланысты нәтижелі коммуникацияны көрсету
Кәсіптік құзыреттіліктер:
КҚ 1.Денсаулықты нығайту
КҚ 2.1. Стандарттар: қауіпсіздікті сақтау және сапалы медициналық қызмет көрсету стандартына сәйкес емшараларды орындау
КҚ 3. Клиникалық құзыреттілік
КҚ 3.1. Медбикелік күтім: пациенттің жанұясы мен қоршаған айналасының қатысуымен науқас-орталықтандыру қатынасын пайдалана отырып, медбикелік күтімді іске асыру:
- медбикелік сұхбатты және физикалық тексерулерді пайдалана отырып науқастан ақпарат жинау
- тексерулердің нәтижелеріне сүйене отырып, науқастың мәселелерін тұжырымдау
- медбикелік күтім жоспарын құрастыру
- медбикелік күтім жоспарын іске асыру және құжаттандыру
- науқасты күту нәтижелілігін бағалау
Әдістемелік талдауда сабақтың мақсаттары, білім алушылардың алатын білімдері және машықтары; сабақтың өту орны және уақыты, түрі, жабдықтануы, басқа пәндермен және пән ішіндегі байланысы, негізгі және қосымша әдебиет тізімі, интернет-ресурстар, құрылымдық-логикалық кестесі, сабақтың хронокартасы және қосымшалар бар.


Пән: Терапиядағы мейірбике ісі.
Сабақтың тақырыбы: «Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру».
Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»
Курс ІІІ
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, теориялық материалды жүйелеу, білімдер мен дағдыларды машықтау тәжірибелік сабағы.
Сабақ уақыты: 270 минут.
Сабақтың өтетін орны: клиникаға дейінгі кабинет
Оқыту әдістері: түсіндірме-көрнекі, ізденіс, проблемалық, стандартталған пациент, симуляция арқылы үйрету, ішінара зерттеу.
Сабақтың мақсаттары:
Оқыту:
- теориялық сабақтарда алған білімдерін негіздеп жүйелеу, жұмыс бағдарламасына сәйкес сабақ тақырыбы бойынша кәсіби білімдерін қалыптастыру;
- субъективті, объективті, қосымша тексеру әдістерінің нәтижелерін талдауға, қорытынды жасауға қалыптастыру;
- дағдыларын машықтауға жағдай жасау.
Дамытушылық:
- білім алушылар танымдық жұмыстарын белсендендіріп, тыңдай және есінде сақтай алуға ұмтылу, кәсіби,логикалық ойлау қабілетін дамытуға, яғни өз жауаптарын талдап, нақтылап, жоспарлап айту, шешім қабылдауға қалыптастыру;
- өз күшіне сенімді болып, жеке тұлға ретінде дамыту.
Тәрбиелік:
- білім алушылардың пәнге деген ынтасын арттыру,өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру;
- білім алушыларға кәсіби мінез құлықтарды: адалдық,шыншыл, ісіндегі ұқыптылық, дәрігер тағайындауын орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу;
- науқастарға мейірімді, зейінді, елгезек болуға қалыптастыру;
-медицина қызметкерлерінің бір-бірімен қарым-қатынас орнатуды қалыптастыру;
- техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды қалыптастыру.
Тақырыпты зерттегеннен кейін білім алушы
білу керек:
• бронхиттердің анықтамасын, этиологиясын, клиникалық көрінісін, ағымын, диагностикасын таңдауды, асқынуын, емдеу принциптерін жоспарлауды;
• бронх демікпесінің анықтамасын, этиологиясын, клиникалық көрінісін, ағымын, диагностикасын таңдауды, асқынуын, емдеу принциптерін жоспарлауды;
игеруі керек:
• тыныс алу жүйесінің аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыруды жоспарлауды (қызба, тұншығу ұстамасы);
• тыныс алу жүйесінің ауруларында алғашқы медициналық-санитарлық көмек; стационарлық көмек; стационарды алмастыратын көмек жоспарын ұйымдастыруды;
• төтенше жағдайларда медициналық көмек; қалпына келтіру емі және медициналық оңалдыру жоспарын ұйымдастыруды;
• науқас күтімі және кезек күттірмейтін жағдайлардың алдын алуын.

Пәнаралық байланыс:
Анатомия: Тақырып «Тыныс алу жұйесінің құрылысы».
Физиология: Тақырып «Тыныс алу жүйесінің қызметі».
Патологиялық анатомия: Тақырып «Тыныс алу жүйесінің аурулары».
Патологиялық физиология: Тақырып «Тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы».
Фармакология: Тақырыптар: «Жалпы рецептура. Дәрілік түрлер», «Бронхиттер, бронх демікпесінде қолданылатын дәрілер».
Мейірбике ісі негіздері: Тақырып «Тыныс алу жүйесінің ауруларындағы медбикелік күтім».
Латын тілі: Тақырып «Клиникалық терминдердің құрылымы».

Пәнішілік байланыс:
Тақырып «Субъективті және объективті тексеру әдістері».
Тақырып «Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері».
Тақырып «Тыныс алу жүйесі ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру».

Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар:
Презентациялар:
1. Дәрілік заттарды ингаляция жасау үщін құрылғылар.
2. Пикфлоуметрді қолдану.
3. Қалталы ингалятормен қолдану.
4. Небулайзерді қолдану.
Дидактикалық материалдар.
Техникалық құрал-жабдықтар:
1. Интерактивті тақта.
2. Компьютер.
Медициналық жабдықтар:
1.Небулайзер.
2.Пикфлоуметр.
3.Қалталы ингалятор.
4.Медициналық (стерильді) қолғаптар, маска.
5. Муляждар.
6.Дәрі – дәрмектер.



Құрылымдық-логикалық кесте және сабақтың хронокартасы.

№ Сабақтың кезеңдері Уақыты Мазмұны Оқытушының
іс-әрекеті Білім алушылардың жұмысы Сабақ кезеңінің мақсаты
1 Ұйымдастыру кезеңі 2 мин Білім алушыларды сабаққа дайындау Сәлемдесу. Білім алушылардың және аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру.Сабақта жоқ білім алушыларды журналға белгілеу. Жұмыс дәптерлерін дайындау. Жұмыс жағдайын ұйымдастыру. Ұқыптылық, мұқияттылық қалыптастыру.
2 Сабақтың мақсаттарын қою. 3 мин Білім алушылардың назарын жаңа тақырыпқа аудару (қосымша 1)
Сабақтың тақырыбын атап, мақсаттарымен таныстыру.
Тақырыптың өзектілігін ашу.
Сабақ өту жоспарымен таныстыру. Жұмыс дәптерлеріне сабақ тақырыбын және мақсаттарын тіркеу. Оқытуды уәждемелеу, қызығушылықты тудыру.
3 Теориялық білімдерінің өзектілігі. 30 мин «Сұрастыру алқасы» әдісімен ауызша сұрастыру (қосымша 2)
Сұрақтар қою, жауаптарын тыңдау, комментарийлер беру. Сұрақтарға ауызша жауап беру. Логикалық ойлауға қалыптастыру, теориялық білімдерін тексеру.
Өткен тақырыптарды қайталау.
4 Жаңа білімдерді
алғашқы меңгеру 65 мин Кіріспе нұскау өткізу:
- муляжда өкпе аускультациясында бронх демікпесіндегі дыбыстарды тыңдау
- ингаляциялар өткізуге арналған құралдардың түрлері
(презентация 1)
- қалталық ингаляторды қолдану (презентация 2),
- пикфлоуметрия
(презентация 3), тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының күнделігін жүргізу және пикфлоуметрия графигін құрастыру
(қосымша 3)
- небулайзерді қолдану
(презентация 4)
Жаңа тақырыпты түсіндіру, презентацияларды түсініктемелер беріп көрсету,
манипуляцияларды көрсету және түсіндіру Сұхбатқа қатысу, манипуляцияларды қадағалау, презентациялар қарау. Бронх демікпесінің аускультациялық белгілерін, бронх демікпесінде қолданылатын дәрі-дәрмектерді түсіндіру;
- пикфлоуметриямен тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының күнделігін толтырудығ графигін құруды,
қалталы ингаляторды, небулайзерді қолдануды үйрету.
5 Студенттердің өзіндік жұмысы
145 мин 1.Іскерлік имитациялық ойын «Бронх демікпесімен ауыратын науқастарға арналған денсаулық мектебі». Студенттер учаскелік медбике және пациенттер болып топшаларға бөлінеді (жеребе салу арқылы).
Сабақ тақырыбы:
- қалталы ингаляторды қолдану (қосымша 4)
- пикфлоуметрия өткізу (қосымша 5)
- небулайзер қолдану (қосымша 6)
2: Симуляциялық оқыту, стандартталған пациент тәсілінің элементтері:
«Бронх демікпесі өршу кезінде шұғыл көмек көрсету» - (қосымша 7)
(амбулаториялық қабылдау)
3.«Тыныс жүйесінің ауруларында медбикелік үрдісті ұйымдастыру» -құзыреттілік бағытталған тапсырмалар
(қосымша 8) Білім алушылардың жұмысын бақылау, нысаналау.
Бақылау парақтары арқылы өткізілген манипуляциялардың дұрыстығын бағалау.
Жауап эталондарын қолданып студенттердің жазбаша жұмыстарын өзіндік бақылау. Манипуляциялар өткізу алгоритмдерін қолданып студенттер жұптасып тәжірибелік манипуляцияларды бір-біріне өткізіп дағдыланады.
Оқытушыға бағалау үшін манипуляцияларды тапсырады.
Тәжірибиде білімдерін бекіту, клиникалық ойлау қабілетін, жеке жұмыс іс-әрекеттерін, пациенттермен қарым-қатынасын дамыту.
6
Білімдерін а бекіту 15мин «Пресс- конференция» тәсілімен ауызша сұрау Жұмыс жасауларын бақылау, нәтижелерін талдау, пресс конференцияға қатысу. Сұрақтар дайындау, сұрақтарға жауап беру, талдауға қатысу. Білімдерді бекіту.
7 Үйге тапсырма 2 мин Үй тапсырмасын атау:
Тақырып: «Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру» (Жедел пневмониялар, өкпенің іріңді аурулары, пневмосклероз).
Дайындалатын негізгі әдебиет: Ішкі аурулар. 1том. Б.С. Қалимурзина. - Алматы, 2007ж.21-79б;
дәріс конспектілері. Білім алушыларды жаңа материалды зерттеуге бағыттау. Үй тапсырмасын тыңдау. Таным іс-әрекетін дамыту.
8 Рефлексия (сабақты қорытындылау) 3 мин Сұхбат:
Сабақта не білдіңдер, не үйрендіңдер?
Қалай ойлайсыңдар, жаңа тақырыпты қандай деңгейде меңгердіңдер?
Жақсы меңгеру үшін не істеуге болады? Сабақтың қай кезеңі ұнады? Қандай қиындықтар болды? Өздерініздің сабақтағы жұмысыңызды бағалаңыз. Сұрақ қойып сұхбат жүргізу. Сұхбаттасуға қатысу. Сабақ нәтижелерін, білім алушылардың жұмысын бағалау.
9 Сабақты қорытындылау. 10 мин Бағалау парағында балдарды санау
(қосымша 9) Білім алушылардың ауызша жауабын, өз беттерінше жұмыстарын, белсенділіктерін бағалау және қателіктерін ескеріп, сын айтып түзету жүргізіп жалпы баға қою. Жұмыс дәптерлеріне қорытындыларды жазу. Бағалауды талдауға, қорытынды жасауға қатысу. Қорытындылау, білім алушылардың таным іс –әрекетін бағалау.

Қосымша 1
САБАҚТЫҢ МАҚСАТТАРЫН ҚОЮ.
Соңғы жылдары экологиялық жағдайдың нашарлануына, шылым шегу кең тарауына, адам ағзасының реактивтілігінің өзгеруіне байланысты тыныс алу жолдарының аурулары жиі кездеседі.Бұл ауруларға бронхиттер, бронх демікпесі жатады.
Бронхиттер бронхтардың кілегей қабатының эндо және экзогенді факторларының әсерінен қабынуы.
Бронх демікпесі негізінде патогенетикалық механизмдері қабынулармен шартталған, ал клиникалық көрінісі бронх тарылу салдарынан экспираторлық ентігу мен, бронх кілегейінің гиперсекрециясы және ісінуімен сипатталатың тыныс жолдарының созылмалы ауруы.
Бронх демікпесі әлемдік көлемдегі проблема.Бүкіл әлемде 300млн адамдай бронх демікпесімен ауырады. Бұл ауру кез келген жаста кездеседі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бүгінгі таңда әлемде ересек адамдардың 5%, ал балалардың 30% жуығы осы дерттен зардап шегеді.
Тыныс алу жүйесінің ауруларының емінде, күтімінде, диспансерлік бақылауында медбикелердің ролі аса маңызды.
Бүгінгі сабақ тақырыбының мақсаты: бронхиттер, бронх демікпесі диагностикасы, емі, алдын алуында мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Қосымша 2.
ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ.

«Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру» тақырыбы бойынша сұрақтар тізімі.

1. Тыныс алу жүйесінің аурулары және асқынулары.
2. Жедел бронхит, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емдеу принциптері, асқынулары.
3. Созылмалы бронхит, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емдеу принциптері, асқынулары, алдын алуы.
4. Бронх демікпесі, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емдеу принциптері, асқынулары, алдын алуы.
5. Бронх демікпесі, өршу кезеңдері, шұғыл көмек.

Тірек дәрісі.
Тақырыбы: Бронхиттер, бронх демікпесі кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Жедел бронхит – бронхтардың кілегейлі қабатының жіті қабынуы, басым жағдайда инфекциялық, вирусты, аллергиялы, физикалық-химиялық, факторлардан, 1 айға дейін созылатын ауру.
Этиологиясы: 90% вирус немесе микоплазма және физикалық – химиялық заттар (салқын немесе ыссы ауа, шандар, сілтілер және қышқылдар буы, хлор, бром, аммиак булары,азот тотығы, күкірттің қос тотығы), аллергиялық фактор (органикалық шаң, өсімдік тозаңы және т.б.).
Қауіп - қатерлі факторлар: Мұздау, темекі тарту, вирустық және аллергиялық аурулар, иммунтапшылық жағдайлар, күз-қысқы мезгіл, гайморит, синусит, тонзиллит.
Патогенезі: Жоғарыда аталған себептердің кеңірдек, бронх, кейде тіпті бронхиолалардың кілегейі зақымдалады, осы жерде зат алмасу бұзылады, эпителий жасушалары түлеп жойылады, бронх ішінде кілегейлі немесе кілегейлі-іріңді қақырық пайда болады. Науқас жазылғаннан кейін эпителий қалпына келеді.
Клиникалық белгілері:
Жөтел,бастапқысында құрғақ, қажытатын; кейін кілегейлі қақырықты, ентікпе.
Интоксикация синдромы: шаршау,қалтырау, субфебрилитет, арқадағы жəне бұлшықеттердегі ауырсынулар.
Аускультацияда – өкпелерде қатан тыныс.
Диагностикасы:
ЖҚА: нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ сәл жоғарлауы.
Емі: Асқынбаған жіті бронхитті негізінен үйде (амбулаториялық) емдейді: төсек тәртібі және симптоматикалық ем. Медициналық қызметкер бөлмені желдетіп, темекі тартпауын қамтамасыз етеді.
 № 15 диета. Ас оңай сіңетін, С және А дәрумендеріне бай, калориялы болуы тиісті.
 көп мөлшерде жəне жылы сұйықтық (бал, лимон, таңқурай тосабы қосылған шай, жылытылған минералды сулар
 мукорегуляторлар (таңқурай, түймедақ, шалфей, жебір (чабрец), итмұрын, жидек, қарақат қосып шай ішкізу)
 қызба кезінде қызу түсіретін препараттар
 бронхоспазмолиттіктер
 антибактериалды терапия (аминопенициллиндер, макролидтер) ірінді қақырық бөліне бастаса және интоксикация белгілері күшейген жағдайда тағайындалады
 вирусты этиологиялы жіті бронхитте вирусқа қарсы препараттар тағайындалады (ремантадин немесе интерферон)
 алдандырушы терапия (жылыту емшаралары, қыша, булық ингаляциялар)
 витаминотерапия: А, В, С.
Алдын алу:
 Ағзаны шынықтыру
 Жіті респираторлық аурулардың қайта қозуының алдын алу
 Жоғарғы тыныс алу мүшелерін дер кезінде емдеу
 Зиянды әдеттерден бас тарту
Созылмалы бронхит – ең кемінде соңғы екі жыл, қатарынан үш ай қақырықты жөтелмен білінетін бронхтардың қабыну процесі.
Этиологиясы:
Экзогендік факторлар:
• активті немесе пассивті темекі тарту – 80%
• ауаның поллютантармен ластануы
• кәсіптік зиянды заттар
• ауа райының жағымсыздығы
• инфекциялық заттар
Эндогендік факторлар:
• жедел респираторлық аурулармен жиі ауру
• мұрын – көмейдің аурулары (ауаның вентиляциясын бұзатың)
• зат – алмасу бұзылыстары
• бронх тармақтарының жергілікті және туа бітен кемістіктері
Клиникалық белгілері: жөтел , қақырық тастау, ентікпе.
Жөтел: бастапқы кезде – тәңертенгі, салқын мезгілде; кейін ұстамалыға айналады.
Қақырық тастау: тәңертенгі мезгілде, кілегейлі, кілегейлі-ірінді, ірінді, аз мөлшерде, қиын бөлінеді.
Ентігу ұсақ бронхтардың обструкциясы дамығанда пайда болады.
Интоксикация синдромы.
Қарағанда: Аурудың әбден дамыған кезінде акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, тырнақтардың «сағат шынысындай» өзгеруі.
Перкуссияда: эмфиземада - қорап дыбысы.
Аускультацияда: өкпелерде қатан тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар.
Диагностикасы:
ЖҚА, ҚБА, жалпы қақырық анализы, қақырықты антибиотиктерге сезімталдыққа және БК тексеру,өкпенің рентгенографиясы,спирография, бронхография, бронхоскопия.
Емі: Төсек режимі. № 15диета
Антибактериалды терапия 7 – 10 күн
Симптоматикалық ем.
Тыныс алу гимнастикасы, кеуде торына массаж, физиотерапия.
Ремиссия кезінде санаториялық-курорттық ем.

Бронх демікпесінің өршу кезеңдері

Белгілері Өршу кезеңдерінің дәрежелері
Жеңіл Орташа ауыр Ауыр Өмірге қауіпті жағдай
Физикалық белсенділік Сақталған Шектелген Төмен Сақталмаған
Есі Анық, кейде қозу болады Қозу Қозу, қорқу Бұзылған, коматозды жағдай
Сөйлеу қабілеті Сөйлемдермен жауап береді Қысқа сөйлемдер
мен жауап береді Сөздермен жауап береді Сөйлемейді
Экспираторлы ентігу Жүргенде Сөйлегенде Отырған кездеде, науқас мәжбүрлі жағдайда Тынысы жоқ
ТАЖ
(1 минутта) Тахипноэ 24 дейін Тахипноэ 30 дейін Тахипноэ 30 жиі Брадипноэ
Қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы Қатыспайды Қатысады Айқын көрінеді Парадоксальды торакодиафрагмалды тыныс (іш қуысының алдыңғы қабырғасының ішке тартылуы)
Өкпе аускультациясы Ысқырықты тыныс тыныс шығару сонында Ысқырықты тыныс тыныс шығаруда естіледі Ысқырықты тыныс тыныс алу да тыныс шығару фазаларында Тынысы жоқ

ЖСЖ
(1 минутта) 100- ге дейін 100 – 120 120-дан жиі <55
Тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы % (ПСВ)(қалыпты жағдайдан) >80% 60 – 80% < 60 % <33%
(бірнеше белгілердің болуы бронх демікпесінің өршу кезеңің сиппаттайды)

Қосымша 3.

Кесте 1. Тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы (ПСВ) (л/мин) қалыпты жағдайда
Бойы
(см) Ерлер, жасы (толық жыл)
20-25 30 35 40 45 50 60 65 70
160 572 560 548 536 524 512 488 476 464
168 597 584 572 559 547 534 509 496 484
175 625 612 599 586 573 560 533 520 507
183 654 640 626 613 599 585 558 544 530
191 679 665 650 636 622 608 579 565 551
Бойы
(см) Әйелдер, жасы (толық жыл)
20-25 30 35 40 45 50 60 65 70
145 337 366 356 345 335 324 303 293 282
152 403 392 382 371 361 350 329 319 308
160 433 422 412 401 391 380 359 349 338
168 459 448 438 427 417 406 385 375 364
175 489 478 468 457 447 436 415 405 394
Стандартты ауытқу 60л/мин
Пикфлоуметрияның нәтижелеріне баға беру.
Пикфлоуметрдің көрсеткіштері әрбір науқастың жынысына, жасына және бойының өлшеміне қарай есептелінеді. Бұл құрылғыны қолданғаннан бастап 3 – 4 апта аралығында үш түсті зонамен көрсетілген диаграмма құрылады. Ол үшін науқастың жағдайы тұрақты болуы қажет, бронхообструкцияның белгілері болмауы керек.
Ең көп нәтижеге жеткенде (қалыптағығы жақындаған кезде) оны 0,8 – коэффициентіне көбейтеміз–мысалы, егер ең көп көрсеткіші пикфлоуметрияның 400л/мин болса, 400-ді 0.8-ге көбейтеміз. Нәтижесінде 320л/мин болады. Өлшеу нәтижесі осы көрсеткіштен жоғары болса ол «жасыл аймаққа» жатады - тыныс алу жолдары қалыптыға сай болуда.
«Сары аймақ» бұл зерттеу көрсеткіші 0,5 коэффициентіне көбейтілген. Ол дегеніміз 200 болады (ол сары аймақтың ең кіші көрсеткіші). Бұл кезде сары аймағының көрсеткішінің мағынасы 200 л/мин-320л/мин дейін болады. Егерде пикфлоуметрияның көрсеткіші осы аймақта тұратын болса, дәрігердің араласуымен коррекция жүргізілуі қажет.
Сары аймақтан төмен көрсеткіш «қызыл аймақ». Егер көрсеткіш қызыл аймақта болса, онда науқаста тыныс жеткіліксіздігі дамыған, тез арада дәрігердің көмегі қажет.
Есте сақтаңыз! ТШШЖ тұрақты түрде бақылау бронх демікпесінің ағымын бақылауға және ем-шараның коррекциясын уақытымен жасауға мүмкіндік береді.
Пикфлоуметрия графигін құрастыру.
Аты – жөні: Бисенов Сабит, 25 жаста, бойы 160см
Дәрілік терапия: беродуал ингаляциялары күніне 1 рет.


Пикфлоуметрия графигі

Пикфлоуметрияның күнделігі (науқастарға нұсқау).

1.Пикфлоуметрия көрсеткіштерін тіркеуге арналған кесте.

Аты – жөні: Қолданылатын дәрілер:

Ай,
дата 2 3 4 5 6 7 8 9 ж.т.б.
* ) * ) * ) * ) * ) * ) * ) * ) * )
800
750
700
600
550
500
450
400
350
300
250
200
150
100
50
Қосымша мәліметтер
жөтел
тыныстың қиындауы
қақырық тастау
Ескерту: * - таңғы өлшеу көрсеткіші, ) –кешкі өлшеу көрсеткіші

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

«Бронх демікпесімен ауыратын науқастардың мектебі»

Қазіргі мезгілде Қазақстан республикасында облыстық, аудандық, қалалық клиникалық ауруханалар және емханалар жанында «Денсаулық мектептері» кең тараған.
Бұл мектептердің мақсаты – аурудың алдын алуында, емінде, реабилитацияда науқас пен медицина қызметкері арасында серіктестік байланысың қалыптастыру, дәрігердің нұсқауларын, тағайындаған емін толық орындау.
Бұндай мектептердің сабақтарына қатысқан науқастарда денсаулығына деген көз қарасы өзгеріп, жауапкершілігі жоғарылайды. Науқастардың белсенділігі жоғарылап, сауығуға ынтасы күшееді.
Бүгінгі тәжірибелік сабақта біз бронх демікпесімен ауыратын науқастардың мектебінде пикфлоуметрмен және ингаляциялық құралдармен қолдану атты сабағын ұйымдастырамыз.
Сабақтың тақырыбы:
- «Қалталы ингаляторды қолдану» (қосымша 4)
- «Пикфлоуметрия өткізу» (қосымша 5)
- «Небулайзер қолдану» (қосымша 6)
Қосымша 4.

«Қалталы ингалятормен қолдану» манипуляцияның алгоритмі
Мақсаты: емдік
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша
Жабдықтары:
- сабын
- жеке сүлгі
- жеке ингалятор
КЕЗЕҢДЕРІ ДӘЛЕЛДЕУ
Ем шараға дайындық
1. Пациентке емшараның мақсатын, орындалу тәртібін түсіндіру, келісімін алу. Ақпаратпен қамтамасыздандыру
2. Қажет жабдықтарды дайындау Ем шараның нәтижелі орындалуын қамтамасыз ету
3. Қолды сабынмен жуып, жеке сүлгімен құрғатып сүрту
4. Ингалятордың жарамдылық мерзімін тексеру Фармакотерапия талаптарын орындау
Ем шараны орындау
5. Ингалятордың сақтандырғыш калпағын шешіп, баллонның түбін жоғары қарату Ем шараның орындалуына қажет шарт
6. Аэрозолі бар баллонды жақсылап сілкілеу Дәрілік заттың ингалятор ішінде бірдей орналасуы
7. Пациентке қолына ингаляторды алып терең тыныс алып, ауызына мундштукті ерінімен бекітуді сұрау Дәрілік заттың керекті дозада енгізу үшін
8. Терең тыныс алып ингалятордың түбінен басу Манипуляцияны орындалуына қажет шарт
9. Пациентке тынысын бірнеше секундқа (5-15сек) ұстап тұруын өтінеміз, кейін мундштукты ауызынан шығарып ақырын дем шығаруын сұраймыз
Ем шараның аяқталуы
10. Ингаляциядан кейін баллонға сақтандырғыш калпағын кигізу. Препараттың сақталуын қамтамасыз етеді
11. Қол жуу, жеке сүлгімен құрғатып сүрту. Жеке гигиена сақтау мақсатында
Есте сақтаңыз: аэрозоль дозасының терең еніуінен тиімділігі байланысты

«Қалталы ингаляторды қолдану»
манипуляцияны ретімен орындалуын бақылау парағы

1 Ингалятордың жарамдылық мерзімін тексеру 1 балл
2 Ингалятордың сақтандырғыш калпағын шешіп, баллонның түбін жоғары қарату 1 балл
3 Аэрозолі бар баллонды жақсылап сілкілеу 1 балл
4 Терең тыныс алып, ауызына мундштукті ерінімен бекіту 1 балл
5 Терең тыныс алып ингалятордың түбінен басу 1 балл
6 Тынысын бірнеше секундқа (5-15сек) ұстап тұру, кейін мундштукты ауызынан шығарып ақырын дем шығару 1 балл
7 Ингалятордың сақтандырғыш калпағын шешіп, баллонның түбін жоғары қарату 1 балл
Максималды балл 7 балл

Оқытушыға нұсқау:
Бағалау критерийлері: 1 балл – жауап дұрыс және толық
0,5 балл – толық емес жауап
0 балл – жауап дұрыс емес

Қосымша 5.

«Пикфлоуметрді қолдану» манипуляциясының алгоритмі.

Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша
Жабдықтары:
- сабын
- жеке сүлгі
- пикфлоуметр

№ Манипуляцияның жүргізілуі
1 Көрсеткішті ақырына дейін түсіріңіз. Көрсеткіш нольге дейін түсіріледі.
2 Орныңыздан тұрыңыз. Аузыңызды ашып терең тыныс алыңыз. Бір қолыңызға пикфлоуметрді алыңыз. Сандық шкалаға қолыңызды қоймаңыз.
3 Мундштукты тез және берік ерніңізбен бекітіңіз. Мундштукты тіліңізбен жабуға болмайды. Шамаңыз келгенше жылдам әрі терең тыныс шығарыңыз.
4 Көрсеткіш жоғары көтеріліп тоқтайды. Көрсеткішке тиіспеңіз. Көрсеткіштің тоқтаған саның белгілеңіз.
5 Көрсеткіштегі санды қағазға түсіріңіз немесе графикке белгілеңіз.

6 Осы қалыпты тағы екі рет қайталаңыз. Әрбір тыныс шығарудың алдында көрсеткішті төмен түсіріңіз. Әрбір өлшенген көрсеткішті тіркеп отырыңыз.
«Пикфлоуметрді қолдану»
манипуляцияны ретімен орындалуын бақылау парағы

1 Мақсаты: Пикфлоуметрдің нәтижелерің бақылау пациенттерде астматикалық ұстаманың пайда болуын уақытылы анықтауға болады.
Ал дәрігер тест нәтижелерін талдап аурудың қаншалықты сәтті қадағаланғанын және препараттардың жаңа түрлерін тағайындау немесе қабылдауын тоқтату туралы шешім қабылдауға мүмкіншілік береді. 1 балл
2 Ем шараның барысы: Көрсеткішті ақырына дейін түсіріңіз. Көрсеткіш нольге дейін түсіріледі. 1 балл
3 Орныңыздан тұрыңыз. Аузыңызды ашып терең тыныс алыңыз. Бір қолыңызға пикфлоуметрді алыңыз. Сандық шкалаға қолыңызды қоймаңыз. 1 балл
4 Мундштукты тез және берік ерніңізбен бекітіңіз. Мундштукты тіліңізбен жабуға болмайды. Шамаңыз келгенше жылдам әрі терең тыныс шығарыңыз. 1 балл
5 Көрсеткіш жоғары көтеріліп тоқтайды. Көрсеткішке тиіспеңіз. Көрсеткіштің тоқтаған саның белгілеңіз. 1 балл
6 Көрсеткіштегі санды қағазға түсіріңіз немесе графикке белгілеңіз. 1 балл
7 Осы қалыпты тағы екі рет қайталаңыз. Әрбір тыныс шығарудың алдында көрсеткішті төмен түсіріңіз. Әрбір өлшенген көрсеткішті тіркеп отырыңыз. 1 балл
Максималды балл 7 балл

Оқытушыға нұсқау:
Бағалау критерийлері: 1 балл – жауап дұрыс және толық
0,5 балл – толық емес жауап
0 балл – жауап дұрыс емес
Қосымша 6.
«Небулайзерді қолдану» манипуляцияның алгоритмі
Мақсаты: Аз уақыт ішінде бронхтарға дәрілік заттарды аэрозоль түрінде тікелей жеткізу және қысқа мерзімде нәтиже алу (5 – 10 минутта).
Көрсеткіштері: ринит, баспа, ларингит, трахеит, бронхит, пневмония, бронх демікпесі.
Қарсы көрсетімдері: жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының зақымдануы, қан кету, қанайналымының І-ІІ дәрежелі жетіспеушілігі, аэрозольдарды индивидуалды көтере алмауы.
КЕЗЕҢДЕРІ ДӘЛЕЛДЕУ
Ем шараға дайындық
Қолды жуып, құрғатып, қолғап кию Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Небулайзерді ашу Ем шараға қажетті шарттар
Небуладағы сұйықтықты құю (арнайы дәрілік контейнер) немесе ерітіңдіні флаконнан тамызу
Керек көлемінде физиологиялық ерітіндіні 2–3 мл қосу (небулайзер нұсқауы бойынша)
Небулайзерді жиыстырып, қызметің тексеру
Мундштукті немесе бет маскасын жалғау
Ем шараның орындалуы
Пациентке емшараның мақсатын, орындалу тәртібін түсіндіру, келісімін алу. Ақпаратпен қамтамасыздандыру
Пациентті аппараттың алдына ыңғайлы отырғызу немесе жатқызу Ыңғайлы жағдай жасау
Небулайзер және компрессорды жалғау, компрессорды қосу. Қажетті жағдай
Ерітінді толық аяқталғанша ингаляция орындау (20–30 минут, керекті жағдайда 5–10 минуттан кейін қайталауға болады)
Емшараның аяқталуы
Науқастың ауыз құысын жылы қайнатылған сумен шаю, ыңғайлы жағдай жасау, 20–30 минут жөтелмеуін және сөйлемеуін сұрау Емнің әсеріне қол жеткізу
Небулайзерді өңдеу Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Қолды жуу және құрғату

«Небулайзерді қолдану»
манипуляцияны ретімен орындалуын бақылау парағы

1 Мақсаты: Аз уақыт ішінде бронхтарға дәрілік заттарды аэрозоль түрінде тікелей жеткізу және қысқа мерзімде нәтиже алу (5–10 минутта).
1 балл
2 Көрсеткіштері: ринит, баспа, ларингит, трахеит, бронхит, пневмония, бронх демікпесі. 1 балл
3 Қарсы көрсетімдері: жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының зақымдануы, қан кету, қанайналымының 1–2 дәрежелі жетіспеушілігі, аэрозольдардың индивидуалды көтере алмауы. 1 балл
4 Ем шараға дайындық:
Қолды жуып, құрғатып, қолғап кию 1 балл
5 Небулайзерді ашу 1 балл
6 Небуладағы сұйықтықты құю (арнайы дәрілік контейнер) немесе ерітіңдіні флаконнан тамызу 1 балл
7 Керек көлемінде физиологиялық ерітіңдіні 2–3 мл қосу (небулайзер нұсқауы бойынша) 1 балл
8 Небулайзерді жиыстырып, қызметің тексеру 1 балл
9 Мундштукті немесе бет маскасын жалғау 1 балл
10 Ем шараның орындалуы.
Пациентке емшараның мақсатын, орындалу тәртібін түсіндіру, келісімін алу. 1 балл
11 Пациентті аппараттың алдына ынғайлы отырғызу немесе жатқызу 1 балл
12 Небулайзер және компрессорды жалғау, компрессорды қосу. 1 балл
13 Ерітіңді толық аяқталғанша дейін ингаляция орындау (20–30 минут, керекті жағдайда 5–10 минуттан кейін қайталауға болады) 1 балл
14 Емшараның аяқталуы:
Науқастың ауыз құысын жылы қайнатылған сумен шаю, ыңғайлы жағдай жасау, 20–30 минут жөтелмеуін және сөйлемеуін сұрау 1 балл
15 Небулайзерді өндеу 1 балл
16 Қолды жуу және құрғату 1 балл
Максималды балл 16 балл

Оқытушыға нұсқау:
Бағалау критерийлері: 1 балл – жауап дұрыс және толық
0,5 балл – толық емес жауап
0 балл – жауап дұрыс емес

2.Симуляциялық оқыту, стандартталған пациент. «Бронх демікпесі,ауру анамнезін жиыстыру.Бронх демікпесі өршу кезінде шұғыл көмек көрсету» -

Қосымша 7.
Бронх демікпесінің өршу кезеніндегі жедел көмек алгоритмі.

Дәрігерді шақыру.
1. Науқасты отырғызу
2. Толық физикалық және эмоционалды тыныштық тағайындау.
3. Қысып тұрған киімді шешу.
4. Таза ауамен қамтамасыз ету.
5. Дәрілерді дайындау:

Ауру дәрежесі Жедел көмек
Жеңіл дәреже Сальбутамол 0,5мл – 1 – 2 тыныс алу немесе беродуал 10 – 40 тамшы небулайзер арқылы
Емді 20 минуттан кейін бағалаймыз.
Нәтиже болмаған жағдайда қайталаймыз.
Орташа ауыр дәреже Сальбутамол 0,5 - 1,0 мл сағатына 3-4 рет тыныс алу немесе беродуал 15 – 60 тамшы + будесонид
небулайзермен 1000- 2000мкг (1 – 2небула)
Емді 20 минуттан кейін бағалаймыз. Нәтиже болмаған жағдайда қайталаймыз; сағатына 3 рет қайталауға болады.
Нәтиже болмаған жағдайда преднизолон 60 - 90 мг к/т немесе 20 – 30 мг per os
Ауыр дәреже Сальбутамол 0,5 - 1,0 мл сағатына 3-4 рет тыныс алу немесе небулайзермен беродуал 15 – 60 тамшы + будесонид небулайзермен 1000- 2000мкг (1 – 2небула)
Преднизолон 60 - 90 мг к/т немесе 30 – 60 мг per os
Өмірге қауіпті жағдай Сальбутамол 0,5 - 1,0 мл сағатына 3-4 рет тыныс алу немесе небулайзермен беродуал 15 – 60 тамшы + будесонид небулайзермен 1000- 2000мкг (1 – 2небула)
Преднизолон 90 - 150 мг к/т

Оқытушыға нұсқау:
Бағалау критерийлері: 1 балл – жауап дұрыс және толық
0,5 балл – толық емес жауап
0 балл – жауап дұрыс емес

«Бронх демікпе кезіндегі медбикелік үрдіс» атты
құзыреттілік – бағытталған тапсырмалар.
Қосымша 8.

Ситуациялық есеп 1. Пульмонологиялық бөлімшеде 35 жастағы әйел адам емделуде.
Шағымдары: Күрт дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, кеуденің оң бөлігінің ауырсынуы, ауырсыну дем алғанда күшееді, қақырықты жөтел. Қақырық тат түстес.
Анамнезінен:Ауру себебің салқын тиюмен байланыстырады.
Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Дене температурасы 39,50 Беті қызарған, ерінінде ұшық. ТАЖ 32 минутына. Кеуде қуысының оң бөлігі тыныс алуда қалынқы. Оң өкпенің төмеңгі бөлігінде дауыс дірілі күшейген, перкуссияда тынық дыбыс, аускультацияда крепитация.
Пульс 110 рет минутына. АҚ 100/65 мм.с.б. Жүрек тондары тынық.

Тапсырма:
1. Науқастын проблемаларын анықтаңыз, мақсат қойып, мейірбикелік үрдістің жоспарын құрастырыңыз.

Ситуациялық есеп 2. Пульмонологиялық бөлімшеде 68 жастағы ер адам емделуде.
Шағымдары: Әлсіздік, бас ауру, көп мөлшерде ірінді қақырыпен жөтел. Бір рет қақырықта аз мөлшерде қан көрген.
Анамнезінен: 10 күннен бері өзі үйде емделген: аспирин, анальгин қабылдаған. Кеше жалпы жағдай нашарлаған, дене температурасы 400 көтерілген, қалтырау болған, тәнертен дене температурасы 360 түскен, тершендік. Түнде үш рет киімін алмастырған. Жөтел күшеіп, көп мөлшерде ірінді қақырық пайда болған.
Объективті: Жалпы жағдайы ауыр.Оң жауырын астында перкуссияда тынық дыбыс, аускультацияда ылғалды сырылдар.
Рентгенограммада: оң өкпенің төменгі бөлігінде горизонталды орналасқан сұйықтықпен қуыс.
ЖҚА: ЭТЖ жылдамдаған, нейтрофильді лейкоцитоз.

Тапсырма:
1. Науқастын проблемаларын анықтаңыз, мақсат қойып, мейірбикелік үрдісінің жоспарын құрастырыңыз.

Ситуациялық есеп 3. Пульмонологиялық бөлімшеде 38 жастағы ер адам экссудативті плеврит диагнозымен емделуде.
Шағымдары: Дене температурасының жоғарылауы, ентігу, әлсіздік, кеуденің оң бөлігінің ауырсынуы және ауырлық сезінуі , бас ауру, ұйқының бұзылуы.
Анамнезінен: Екі аптадан бері ауырады, соңғы екі күнде жағдайы нашарлаған: ентігу күшейген, дене температурасы 390 жоғарлаған, қалтырау, профузды тершендік пайда болған.
Науқас мазасыз, көңіл күйі төмен.
Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Есі анық. Оң қырымен жатыр. Терісі таза, боз, ылғалды, мұрын-ауыз ұшбұрышы көгерген. Тынысы беткей. ТАЖ 40 рет минутына. Кеуде қуысының оң бөлігі тыныс алуда қалынқы. Оң өкпеде ІІІ қабырғадан бастап дауыс дірілі анықталмайды, перкуссияда - тынық дыбыс, аускультацияда - тыныс анықталмайды.
Пульс 120 рет минутына. АҚ 100/50 мм.с.б.
Рентгенограммада: кеуденің оң бөлігінде қараю бар, өкпе аралық мүшелері солға ығысқан.

Тапсырма:
1.Науқастын проблемаларын анықтаңыз, мақсат қойып, мейірбикелік үрдісінің жоспарын құрастырыңыз.

«Бронх демікпе кезіндегі медбикелік үрдіс» атты құзыреттілік – бағытталған тапсырмалардың жауап эталондары.

Ситуациялық есеп 1.
• Науқастың қазіргі проблемалары: күрт дене температурасының жоғарылауы, кеуде қуысының ауырсынуы, әлсіздік, қақырықты жөтел.
• Потенциалды проблемалар: ауыр түрде тыныс алу жеткіліксіздігінің дамуы, жүрек қантамыр жеткіліксіздігінің дамуы, өкпеден қан кету, плевритпен асқынуы.
• Нақты проблема: қызба.

Мақсат: 2- 3 күнде дене температурасын қалыпқа келтіру.

Жоспар Дәлелдеу Балл
1.Дене температурасын 2-3 сағат сайын өлшеу
АҚ, пульс, ТАЖ қадағалау Асқынуларды ерте диагностикалау және алдын алу үшін, жедел көмек көрсету үшін дене температурасын қадағалау 1 балл
2.Науқасты жылыту (аяғына жылытқыш басу, үстін жылы көрпемен жабу, жылы және тәтті шай беру) Науқасты жылыту үшін және жылу беру процесін азайту үшін дене температурасы түскен кезде жасалады 1 балл
2. Көп мөлшерде сұйықтық беру (шырын, балмен, лимонмен шай ) Интоксикацияны азайту 1 балл
3. Киімін, төсегін ауыстырып тұру Терінің шығару қызметінің бұзылысын, ойықтардың алдын алу 1 балл
4. Гипертермияда басына, мойынына мұзды мұйық немесе салқын компресс қою Жүйке жүйе жүйесінің асқынуларын алдын алу (құрысу, естін бұзылуын, ми ісінуін) 1 балл
5. Дене температурасының күрт түсуінде:
• керуеттің аяқ жағын көтеру, жастығын алып тастау
• дәрігер шақыру
• науқасты көрпемен жабу, айналасына жылытқыштар қою, жылы шай беру Жедел тамыр жетіспеушілігінің алдын алу 1 балл
Максималды 5 балл
Оқытушыға нұсқау:
Бағалау критерийлері: 1 балл – жауап дұрыс және толық
0,5 балл – толық емес жауап
0 балл – жауап дұрыс емес

Ситуациялық есеп 2.

• Науқастың қазіргі проблемалары: әлсіздік,бас ауру, сасық иісті қақырықты жөтел, ауруын уайымдау.
• Потенциалды проблемалар: өкпеден қан кету,тыныс алу жеткіліксіздігінің дамуы.
• Нақты проблема: сасық иісті қақырықты жөтел.

Мақсат: қақырық шығуын бір апта ішінде жақсарту.

Жоспар Дәлелдеу Балл
1.Науқасқа 1/3бөлігі дез.ерітіндімен толтырылған, беті жабылған жеке түкіргіш беру Гигиеналық мақсатпен қақырық жинау 1балл
2.Науқасқа төсекте ыңғайлы жағдай жасау (позициялық дренаж) Тыныс алуын, қақырықтың жақсы шығуын жақсарту 1балл
2. Науқасты жөтелгенде дұрыс тәртіпке үйрету Науқастың өзінің сауығуына қатысуы 1балл
3. Бөлмені желдету Өкпе аэрациясын, оттегімен қамтамасыздануын жақсарту 1балл
4. АҚ, пульс, ТАЖ, дене температурасын қадағалау Асқынулардын алдын алуы 1балл
5. Құнарлы, ақуызға, витаминдерге, микроэлементтерге бай диета туралы науқастың туысқандарымен сұхбат өткізу Жоғалтқан ақуыз орнын толтыру және иммунитетің жоғарлату 1балл
Максималды 5 балл

Оқытушыға нұсқау:
Бағалау критерийлері: 1 балл – жауап дұрыс және толық
0,5 балл – толық емес жауап
0 балл – жауап дұрыс емес

Ситуациялық есеп 3.

• Науқастың қазіргі проблемалары: Дене температурасының жоғарылауы, ентігу, әлсіздік, кеуденің оң бөлігінің ауырсынуы және ауырлық сезінуі , бас ауру, ұйқының бұзылуы.
• Потенциалды проблемалар: плевра эмпиемасы, сепсис, тыныс және жүрек жеткіліксіздігі.
• Нақты проблема: ентігу.

Мақсат: Бір аптада ентігуді басу.

Жоспар Дәлелдеу Балл
1.Оксигенотерапия өткізуін қамтамасыздандыру Гипоксияны тоқтату 1 балл
2.Науқасты плевралды пункция өткізуге психологиялық дайындау Емшара алдынан қорқынышты басу 1 балл
3.Плевралды пункция өткізуге құралдар дайындау Емдік және диагностикалық мақсатпен 1 балл
4. Көп мөлшерде сұйықтық ішкізу Ағзада сұйықтықтың орнын толтыру, иммунитетті жоғарлату 1 балл
5.Бөлмені желдету Гипоксияны азайту, таза ауамен қамтамасыздандыру 1 балл
Максималды 5 балл

Оқытушыға нұсқау:
Бағалау критерийлері: 1 балл – жауап дұрыс және толық
0,5 балл – толық емес жауап
0 балл – жауап дұрыс емес

Тапсырма: Пикфлоуметрия графигін құрастыру және графикалық көрсеткіштерді бағалау.

Білім алушыларға пикфлоуметрия көрсеткіштері жазылған тапсырмалар беріледі. Осы көрсеткіштерді график түрінде көрсету қажет.

1 тапсырма.
Пациент 38 жаста, әйел адам, бойы 144см 7 күн бойы ТШШЖ өлшеді. Көрсеткіштерін график түрінде кұрастырып жағдайын бағалаңыз.
1 қазан: таңертен 420 л/мин; кешке 400л/мин
2 қазан: таңертен 380 л/мин; кешке 380л/мин
3 қазан: таңертен 380 л/мин; кешке 390л/мин
4 қазан: таңертен 420 л/мин; кешке 400л/мин
5 қазан: таңертен 370 л/мин; кешке 380л/мин
6 қазан: таңертен 370 л/мин; кешке 370л/мин
7 қазан: таңертен 380 л/мин; кешке 390л/мин 2 тапсырма.
Пациент 38 жаста, әйел адам, бойы 144см 7 күн бойы ТШШЖ өлшеді. Көрсеткіштерін график түрінде кұрастырып жағдайын бағалаңыз.
1 қазан: таңертен 420 л/мин; кешке 400л/мин
2 қазан: таңертен 380 л/мин; кешке 380л/мин
3 қазан: таңертен 380 л/мин; кешке 390л/мин
4 қазан: таңертен 420 л/мин; кешке 400л/мин
5 қазан: таңертен 370 л/мин; кешке 380л/мин
6 қазан: таңертен 370 л/мин; кешке 370л/мин
7 қазан: таңертен 380 л/мин; кешке 390л/мин
3 тапсырма.
Пациент 21 жаста, әйел адам, бойы 152см 7 күн бойы ТШШЖ өлшеді. Көрсеткіштерін график түрінде кұрастырып жағдайын бағалаңыз.
1 қазан: таңертен 320 л/мин; кешке 300л/мин
2 қазан: таңертен 300 л/мин; кешке 280л/мин
3 қазан: таңертен 280 л/мин; кешке 230л/мин
4 қазан: таңертен 220 л/мин; кешке 200л/мин
5 қазан: таңертен 210 л/мин; кешке 220л/мин
6 қазан: таңертен 200 л/мин; кешке 180л/мин
7 қазан: таңертен 160 л/мин; кешке 140л/мин 4 тапсырма.
Пациент 21 жаста, әйел адам, бойы 152см 7 күн бойы ТШШЖ өлшеді. Көрсеткіштерін график түрінде кұрастырып жағдайын бағалаңыз.
1 қазан: таңертен 320 л/мин; кешке 300л/мин
2 қазан: таңертен 300 л/мин; кешке 280л/мин
3 қазан: таңертен 280 л/мин; кешке 230л/мин
4 қазан: таңертен 220 л/мин; кешке 200л/мин
5 қазан: таңертен 210 л/мин; кешке 220л/мин
6 қазан: таңертен 200 л/мин; кешке 180л/мин
7 қазан: таңертен 160 л/мин; кешке 140л/мин
5 тапсырма.
Пациент 24 жаста, ер адам, бойы 164см 7 күн бойы ТШШЖ өлшеді. Көрсеткіштерін график түрінде кұрастырып жағдайын бағалаңыз.
1 қазан: таңертен 510 л/мин; кешке 480л/мин
2 қазан: таңертен 500 л/мин; кешке 500л/мин
3 қазан: таңертен 480 л/мин; кешке 440л/мин
4 қазан: таңертен 380 л/мин; кешке 350л/мин
5 қазан: таңертен 350 л/мин; кешке 320л/мин
6 қазан: таңертен 320 л/мин; кешке 320л/мин
7 қазан: таңертен 310 л/мин; кешке 310л/мин 6 тапсырма.
Пациент 24 жаста, ер адам, бойы 164см 7 күн бойы ТШШЖ өлшеді. Көрсеткіштерін график түрінде кұрастырып жағдайын бағалаңыз.
1 қазан: таңертен 510 л/мин; кешке 480л/мин
2 қазан: таңертен 500 л/мин; кешке 500л/мин
3 қазан: таңертен 480 л/мин; кешке 440л/мин
4 қазан: таңертен 380 л/мин; кешке 350л/мин
5 қазан: таңертен 350 л/мин; кешке 320л/мин
6 қазан: таңертен 320 л/мин; кешке 320л/мин
7 қазан: таңертен 310 л/мин; кешке 310л/мин
7 тапсырма.
Пациент 26 жаста, ер адам, бойы 176см 7 күн бойы ТШШЖ өлшеді. Көрсеткіштерін график түрінде кұрастырып жағдайын бағалаңыз.
1 қазан: таңертен 400 л/мин; кешке 410л/мин
2 қазан: таңертен 400 л/мин; кешке 380л/мин
3 қазан: таңертен 480 л/мин; кешке 500л/мин
4 қазан: таңертен 560 л/мин; кешке 560л/мин
5 қазан: таңертен 600 л/мин; кешке 630л/мин
6 қазан: таңертен 650 л/мин; кешке 650л/мин
7 қазан: таңертен 680 л/мин; кешке 700л/мин 8 тапсырма.
Пациент 26 жаста, ер адам, бойы 176см 7 күн бойы ТШШЖ өлшеді. Көрсеткіштерін график түрінде кұрастырып жағдайын бағалаңыз.
1 қазан: таңертен 400 л/мин; кешке 410л/мин
2 қазан: таңертен 400 л/мин; кешке 380л/мин
3 қазан: таңертен 480 л/мин; кешке 500л/мин
4 қазан: таңертен 560 л/мин; кешке 560л/мин
5 қазан: таңертен 600 л/мин; кешке 630л/мин
6 қазан: таңертен 650 л/мин; кешке 650л/мин
7 қазан: таңертен 680 л/мин; кешке 700л/мин
9 тапсырма.
Пациент 30 жаста, ер адам, бойы 174см 7 күн бойы ТШШЖ өлшеді. Көрсеткіштерін график түрінде кұрастырып жағдайын бағалаңыз.
1 қазан: таңертен 380 л/мин; кешке 390л/мин
2 қазан: таңертен 400 л/мин; кешке 380л/мин
3 қазан: таңертен 460 л/мин; кешке 480л/мин
4 қазан: таңертен 560 л/мин; кешке 560л/мин
5 қазан: таңертен 600 л/мин; кешке 630л/мин
6 қазан: таңертен 640 л/мин; кешке 650л/мин
7 қазан: таңертен 670 л/мин; кешке 700л/мин 10 тапсырма.
Пациент 30 жаста, ер адам, бойы 174см 7 күн бойы ТШШЖ өлшеді. Көрсеткіштерін график түрінде кұрастырып жағдайын бағалаңыз.
1 қазан: таңертен 380 л/мин; кешке 390л/мин
2 қазан: таңертен 400 л/мин; кешке 380л/мин
3 қазан: таңертен 460 л/мин; кешке 480л/мин
4 қазан: таңертен 560 л/мин; кешке 560л/мин
5 қазан: таңертен 600 л/мин; кешке 630л/мин
6 қазан: таңертен 640 л/мин; кешке 650л/мин
7 қазан: таңертен 670 л/мин; кешке 700л/мин
11 тапсырма.
Пациент 23 жаста, әйел адам, бойы 154см 7 күн бойы ТШШЖ өлшеді. Көрсеткіштерін график түрінде кұрастырып жағдайын бағалаңыз.
1 қазан: таңертен 310 л/мин; кешке 280л/мин
2 қазан: таңертен 300 л/мин; кешке 280л/мин
3 қазан: таңертен 280 л/мин; кешке 230л/мин
4 қазан: таңертен 210 л/мин; кешке 190л/мин
5 қазан: таңертен 210 л/мин; кешке 220л/мин
6 қазан: таңертен 200 л/мин; кешке 180л/мин
7 қазан: таңертен 200 л/мин; кешке 180л/мин

12 тапсырма.
Пациент 23 жаста, әйел адам, бойы 154см 7 күн бойы ТШШЖ өлшеді. Көрсеткіштерін график түрінде кұрастырып жағдайын бағалаңыз.
1 қазан: таңертен 310 л/мин; кешке 280л/мин
2 қазан: таңертен 300 л/мин; кешке 280л/мин
3 қазан: таңертен 280 л/мин; кешке 230л/мин
4 қазан: таңертен 210 л/мин; кешке 190л/мин
5 қазан: таңертен 210 л/мин; кешке 220л/мин
6 қазан: таңертен 200 л/мин; кешке 180л/мин
7 қазан: таңертен 200 л/мин; кешке 180л/мин

Пикфлоуметрия нәтижелерінің графикалық құрылымдарының бағалау эталоны:
1 – 2 тапсырма – сау пациент
3 – 4 тапсырма – тұншығудың бастапқы кезі
5 – 6 тапсырма - тұншығудың бастапқы кезі
7 – 8 тапсырма – сау пациент
9 – 10тапсырма – сау пациент
11 – 12 тапсырма - сау пациент

Қосымша 9.
САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Білім мен дағдыларды меңгергенін бағалау үшін қолданылатын бағалау парағы
№ Білім алушының
аты - жөні Ауызша сұрау Қалталы ингалятор қолдану Пикфлоуметр қолдану Небулайзер қолдану Ситуациялық есеп Пикфлоуметр графигі «Пресс- конференция»
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Балдар
дың максималды саны 5
7 7 16 5 7 2
Барлығы: 49 балл
Бағалау критерийлері: 44-49 балл - «5»
39-43 балл - «4»
34-38 балл - «3»
33 балл және одан төмен - «2».

Оқытушыларға арналған әдебиет:
Негізгі:
1.Б.С.Калимурзина «Ішкі аурулар», І том, Асем систем, 2007ж
2.В.И.Маколкин, С.И. Овчаренко «Внутренние болезни», Москва «Медицина» 2005
3.Смолева Э.В. «Сестринское дело в терапии с курсом первичной медицинской помощи» «Феникс», Ростов на Дону, 2008
4.И.М.Красильникова, Е.Г.Моисеева «Дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек», оқу құралы. Жауапты редактор А.Н.Саржанова, Мәскеу «ГЭОТАР – Медиа», 2014
Қосымша әдебиет:
1.Лычев В.Г., Карманова Т.Т. «Сестринское дело в терапии с курсом первичной медицинской помощи», Москва, ФОРУМ-ИНФРА –М, 2013
2.С.К.Муратбекова, А.Т.Кенжебаева, Л.Б.Абдрахманова «Терапиядағы медбикелік іс», Көкшетау, 2008
Интернет ресурстар:
1. «Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары» интерактивті жүйе [Электронді ресурс] [https:diseases.medelement.com_list/index/
2. «Как пользоваться пикфлоуметром» [Электронді ресурс] // «Здоровье инфо» [http:www.zdorovieinfo.ru//]
3. Небулайзер [Электронді ресурс] //Вести здоровый образ жизни и быть здоровым [http:www.tiensmed.ru/news/nebulaizer l.html]

Білім алушыларға арналған әдебиет:
Негізгі:
1.Б.С.Калимурзина «Ішкі аурулар», І том, Асем систем, 2007ж
2.И.М.Красильникова, Е.Г.Моисеева «Дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек», оқу құралы Жауапты редактор А.Н.Саржанова, Мәскеу «ГЭОТАР – Медиа», 2014
3.Дәрістер конспекті.
Қосымша әдебиет:
1.С.К.Муратбекова, А.Т.Кенжебаева, Л.Б.Абдрахманова «Терапиядағы медбикелік іс», Көкшетау, 2008
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.