Меню
Назад » » »
Уақыт. Сан есім туралы түсінік
загрузка...

загрузка...
Сабақтың жоспары
1. Пәні: қазақ тілі
2. Сыныбы: 5 «А»
3. Оқушы саны: 15
4. Мерзімі: 09.04.2014 ж

Сабақтың тақырыбы: Уақыт. Сан есім туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға сөз таптарының бірі сан есім жайлы
толық мағлұмат беру, алған білімдерін түрлі
тапсырмалар арқылы одан әрі шыңдау
Ә) тәрбиелік: оқушыларды достыққа, татулыққа және бір-біріне
деген сүйіспеншілікке баулу; тазалыққа баса назар
аударту.
Б) дамытушылық: Түрлі деңгейлік тапсырмалар, суреттер
арқылы оқушылардың сөйлеу мәнерін дамыту,
тілдесім әрекетіне жетелеу
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап , қатысым, түсіндірмелі әдістері
Көрнекілігі: суреттер, таратпалар, электронды оқулық, буклеттер,
Пәнаралық байланыс: орыс тілі және математика

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Амандасу
2. Оқушыларды топқа бөлу
3. Тазалықты тексеру
4. Оқушыларды түгендеу
5. Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Үстеу дегеніміз не?
2. Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді?
3. Үстеу тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
4. Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
ІІІ. Негізгі бөлім.
1. Ой қозғау «Ғажайыпстанға саяхат» видеоролигі.
Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын сан есім деп атаймыз. Сұрақтары: қанша?, неше? Нешей? Нешінші? Құрамына қарай екіге бөлінеді:
1. Дара сан есім: Бір ғана түбірден тұратын сан есімдер: мысалы: бес, жүз, екі, он, жеті, мың, т.б.
2. Күрделі сан есім:Екі немесе одан да коп сөздерден тұратын сан есімдер. Мысалы: он екі, мың сегіз жүз елу, қырық бес, т.б.
Мағынасына қарай алтыға бөлінеді:
1. Есептік сан есімдер.Заттың нақты санын білдіреді. Сұрағы: қанша? Неше?
Мысалы бес, он, екі, жеті,т.б.
2. Реттік сан есім. Заттың реттік қатарын білдіреді. Сұрағы: нешінші? Бірінші, екінші, оныншы,.т.б.
3. Жинақтық сан есім. Заттың жинақталған санын білдіреді. Сұрағы: нешеу? 1-7 – ге дейінгі сандар жатады.
Сөздікпен жұмыс
1. Уақыт – время 5. Дәуір - эпоха
2. Кеш – вечер 6. Тура - ровно
3. Жарым – половина 7. Ғасыр - век
4. Қазір – сейчас 8. Түс – полдень

1-тапсырма. Мәтіннен есептік сан есімді тауып,дара сан есімді жасылмен,
күрделі сан есімді көкпен белгілеңдер

2-тапсырма. Берілген сан есімдерді санмен жаз.
1. Отыз бала – 30 бала
2. Жүз бірінші бет – 101 – бет
3. Жетінші сынып – 7-сынып
4. Он бесінші қатар – 15-қатар
5. Сегізінші наурыз – 8 наурыз
6. Жиырма бесінші полк -25-полк
7. Екі мың он бірінші жыл – 2011 жыл
8. № үшінші кітапхана - №3- кітапхана
9. Оныншы ғасыр – Х ғасыр.

3-тапсырма. «Автобус аялдамасы» әр топ сан есімді пайдаланып 2 сөйлемнен
жазу керек. (Критерий арқылы саусақпен бағалау)

Сергіту сәті: Физминутка

4-тапсырма. Тақтамен жұмыс (плакатпен жұмыс)

5-тапсырма. «Рөлдік ойын» деп аталады. Диалог құрау. Критерий арқылы бағалау.
І топ – көшеде
ІІ топ – мектепте
ІІІ топ – дүкенде (Құрамында сан есім міндетті түрде болу керек.)

6-тапсырма. Топ басшысына тапсырма және жұптық тапсырма.
1) 1-топ басшысы «Екібастұз» жайлы мәлімет.
2) Жетеу – фонетикалық талдау (ауызша)
3) Қырық бір сөзін пайдаланып сөйлем құрау

1) 2-топ басшысына «Жетісай» жайлы мәлімет.
2) Алпыс – фонетикалық талдау (тақтаға)
3) Он бір сөзіне сөйлем құрау

1) 3- топ басшысына «Үшқоңыр жайлы» мәлімет.
2) Бесінші – фонетикалық талдау (тақтаға)
3) 2014 жыл сөзін пайдаланып сөйлем құрау

ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Ұшаққа сұрақтар жазып, қалаған адамына жіберу.

Ү. Сабақты бекіту.
1. Топ басшысы жинаған смайликтері арқылы және бағдаршам арқылы бағалау

Екі жұлдыз, бір арман. Кері байланыс (рефлексия)
Бүгінгі сабақта ұнаған екі нәрселерің мен келесі сабақта не білгің келетіндеріңді жазыңдар.

ҮІ. Үйге Тапсырма.
Құрамында сан есімі бар 7 мақал – мәтел жазып, сөз құрамына қарай талдау Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Уақыт. Сан есім туралы түсінік можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 286 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar