Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Вв дыбысы мен әрпін қайталау -

Вв дыбысы мен әрпін қайталау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1802 | Размер: | Автор: гость
. Әліппе
Сабақтың атауы Вв дыбысы мен әрпін қайталау
Сілтеме Сауат ашу оқыту әдістемесі, оқулық,интербелсенді тақта
Сабақтың жабдығы Көрнекілігі: кеспе әріптер мен буындар, тақырыптық суреттер, жұмбақтар, пойыз, вагон суреттері,әріпті жұмбақ т.б
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі Мақсаты: Оқушыларға В дыбысы мен әрпі туралы білімдерін кеңейту
. В дыбысына қатысты жаңа сөздердің оқылуын, жазылуын меңгерту, мағынасын түсіндіріп, сөйлем құрату арқылы білімдерін шыңдай түсу;
Сөйлеу тілін, сөздік қорын ойлау, есте сақтау, жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, кішіпейілділікке тәрбиелеу;
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, ізденушілік, түсіндіру, ойын, жұмбақтар
Топқа бөлу Смайликтер арқылы топтарға бөлу (күлегештер мен жұлдызшалар арқылы)
Ынтымақтастық атмосферасы Тренинг: «Тамаша»
Оқушылар өздерінің жақсы қасиеттерін айтып, «Тамаша» деп бас бармақтарын көрсетеді.
Қызығушылықты ояту Психологиялық дайындық. Жұмбақтар жасыру.
*Қосылса 13 арасы,
Қандай әріп қарашы? (В)
*Темір тайым,
Тебінсем тоқтамайды,
Мінсем дайын,
Тамақты еш жоқтамайды. (Велосипед)
*Үй ішінде бөлме,
Бөлме ішінде көлде,
Түрлі ұсақ балық,
Жүзді сайран салып. (Аквариум)
-Балалар бүгінгі сабаққа жақсы қатыссаңдар, Ақыл атайдың дайындаған сыйлығын алатын боласыңдар.

Мағынаны тану
*Өткен сабақты пысықтау.
-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-В.
-В дыбысы қандай сөздерде қолданылады?
-В дыбысы орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады.
-В қандай дыбыс?
-В дауыссыз дыбыс.
-Ендеше қазір сендерге әр топқа мынандай тапсырмалар беремін.
-Қай топ «в» дыбысы бар көп сөздер жазады?
Әр топ жазған сөздерін оқып, мағынасын түсіндіріп береді.
«Кім жылдам?» әріпті жұмбақ
-Пойыз тіркемесі не деп аталады? Сол сөздің бірінші әрпі. (Вагон-В)
-Орындық сөзінің бірінші әрпі (О)
-«Көкек» сөзінде үш рет қайталанатын дыбыс. «К»
-Зымыран сөзінің алғашқы әрпі. «З»
-Ең жақын, ең аяулы адам кім? Оның алғашқы әрпі. (Ана-А)
-Ешкі төлінің бірінші әрпі қандай? (Лақ-Л)
-Қандай сөз шықты?
-Вокзал.
-Осы сөзде қанша дыбыс,қанша әріп,неше буын бар?
-Вок-зал, 2 буын,6 дыбыс,6 әріп.
«Вокзал» суреті бойынша әңгімелеу.
-Жолға шығып бара жатқан жолаушыларға қандай тілектер айтылатынын білесіңдер ме?
-«Жолыңыз болсын!», «Сәт-сапар!», «Ақ жол!» деген тілектер айтылады.
*Оқулықпен жұмыс
-Мәтінді хормен оқыту;
-Тізбектей оқыту;
1-топ: мәтінді тізбектей дауыстап оқиды
2-топ:өлеңді тізбектеп дауыстап оқиды.
-Мәтін бойынша сұрақтар қою;
-Мәтіндегі баланың аты кім?
-Ол қайда келді?
-Хамит кімді күтіп алды?
-Әжесі қайдан келді?
Тапқышбек тапсырмасы: «Кім тапқыр ойыны»
Буынның жалғасын тап.
Вул-вулкан
Ва-ваза,вагон
Ве –велосипед
Во –Вова
Ви-витамин
Вок-вокзал

6. Ситуациялық сұрақ: Қыс мезгілі. Қар қалың жауған. Жер тайғақ. Сен мектепке келе жатырсың. Сабақ басталуға аз уақыт қалды. Бір кезде сенің алдыңда келе жатырған дайындық сыныбында оқитын медет тайып құлады. Шамасы аяғын ауыртып алған сияқты. Сен не істер едің? Көмектесесің бе?
Сергіту сәті «Жұмыр қылыш» сергіту сәтіне қимыл жасайды.
Ой толғаныс Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашамыз,
Қолға қалам аламыз.
Көлбеу қойып дәптерді,
Әдемі етіп жазамыз.
Ауаға жазу. Тақтаға жазу. Дәптерге жазу.
Топтарға тапсырмалар беру:
1-топ: «Адасқан әріптер» сөз құрау. ГОВАН,ВКЗЛОА
2-топ: Оқулықтағы суретке әңгіме құрап айту.
Сабақты қорыту.
- Тәуелсіздік мерекесі қай күн?
- Тәуелсіздікті нешінші жылы алдық?
- Елордамыз қай қала?
- Елбасымыз кім?
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев айтқандай «Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,Тәуелсіз мемлекетіміздің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де,елдің де иесі өзің екенін ұмытпауларың керек.Сендердің білімді ,мықты азамат болуларыңа мен шын жүректен тілектеспін.Ақыл атайдың сыйлықтарын тапсыру.
Бағалау -Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Сабақтың қызықты тұстары қандай?
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
Кері байланыс
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.