Меню
Назад » » »
XX – ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
загрузка...

загрузка...
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ЕСІЛ АУДАНЫ
БҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ

XX – ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Тасимова Айымгүл Қаршығақызы

1-жүргізуші :
Сәлем , достар, аман ба?
Мына бейбіт заманда
Қуантамын бәріңді
Білімдіден қалам ба?
Құрметті оқушылар мен ұстаздар, ата –аналар! Бүгін сіздер оқушылар арасында өтетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыстың куәгері болғалы отырсыздар. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Ақыл – тон аңдағанда тозбайтұғын,
Білім – кен қанша алсаң азбайтұғын
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын – деп Тұрмаханбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші :
Өнер менен білімде
Әркімнің өз жолы бар
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар, - дегендей білімпаз жастар өздерін таныстырсын.
2-жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс – мәре жақын ба әлде алыс па, - демекші қазылар алқасын таныстырайық.
1-жүргізуші : сайыс 4 бөлімнен тұрады:
1. Бәйге
2. Тіл – өнер
3. Сегіз қырлы, бір сырлы
4. Жорға
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасы - көп ұлтты мемлекет. Конституцияға сәйкес әрбір азамат ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым – қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
«Білікке сенер заманда – ешкімге есе бермедік,
Билікке сенер заманда – қапы қалып жүрмейік.»
Ертеңгі келер күннің нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш – тек білімге тән. Олай болса, оқушылардың білімін таразылайтын «Бәйге» кезеңін бастаймыз.
Бұл сайыс балдық жүйемен бағаланады, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай берілмек.
1. «Әкімшілік жаза» деп қандай жазаны айтамыз? (ескерту, қатаң екерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату, жалақыдан босату.)
2. Әнұранның авторларын ата. (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.)
3. Қазақ хандығының негізгі сот билігі кімнің қолында болды? (билердің)
4. Адамдарға қатысты заңдар жинағы қалай аталады?(кодекс)
5. Қылмыстық жауапкершілік қандай жағдайда жеңілдетіледі? (өзі мойындап келсе)
6. «Жеті жарғы» заңы қай ханның тұсында өмірге келген? (Тәуке хан)
7. Қазақстан Республикасында меншіктің қай түрі танылған? (жекеменшік)
8. Мемлекеттің жергілікті өкілдері органдарының халық сайлайтын әкімшілік аумақтың бөлінісі қалай аталады? (мәслихат)
1-жүргізуші: Ешкім де заңнан жоғары тұрмайды. Мемлекет Қазақстан халқының барлық тілдерінің қолдану аясын сақтауға кепілдік беріп, оларды үйреніп, дамыту үшін жағдайлар туғызуға қамқорлық жасайды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дей отырсақ та, орыс тілі, шет тілі қатынас құрал ретінде өмір сүруде. «Тіл өнер » сайысына кезек береміз.
Дұрыс жауапқа 20 ұпай.
1. Тәртіпке бас иген кім болмайды? (құл - раб)
2. Өзін аяған дұшпанға кім? (дос - друг)
3. Тексізден тезек артық,
Арсыздан не артық? (айуан - животное)
4. Ер тірегі қандай ұрпақ? (білім - знание)
5. Тәртіп тән үшін, ынтымақ не үшін керек? (жан - душа)
6. Білекті бірді жығады,
Білімді кімді жығады? (мың - тысяча)
7. Білім инемен не қазғандай? (құдық - колодец)
8. Құм жиылып не болмайды? (тас - камень)
9. Тамырын құрт жеген не көктемейді? (ағаш - дерево)
10. Тәрбие кілті қайдан басталады? (бесік - колыбель)
2-жүргізуші: «Озар елдің қызы – мінезді, ұлы – өнерлі келеді», «ер жігітке сегіз өнер де аз» дегендей, енді сегіз қырлы, бір сырлы ойын кезегіне жол берейік. Әр оқушы кезекпен өз өнерлерін ортаға салады. Өнер 50 ұпаймен бағаланады.
1-жүргізуші: Егеменді елдің ертеңі – оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді. Адамдар өзара тең дәрежеде жаратылып, белгілі бұлжымас құқықты иеленген. Өмір сүру, білім алу, бостандық, т.б. Осы ретте сөз бостандығы тұрғысында жастардың алғырлығы мен тапқырлығын, өз ойын нақты жинақтап айта білуін, өз құқығын біліп, тиісті заңдар жөніндегі білімін байқау ойыны – «Жорға» жарысын бастаймыз. Мұнда екі нұсқа беріледі.
І НҰСҚА
1. Қазақстан Республикасы құрылымы жағынан қандай мемлекет?(унитарлы)
2. Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас шамасы? (16-18жас)
3. Қазақстан Республикасында ресми түрде қолданылатын тіл?(қазақ тілі)
4. «Сындарлы он жыл» кітабының авторы кім?(Н.Ә.Назарбаев)
5. 22 қыркүйекте ҚР да қандай мереке тойланады?(ҚР халықтарының тілдер күні)
6. Ата заң не үшін қызмет етеді? (әр адамның құқығын қорғауға, бостандығын сақтауға)
7. ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлімнен 98 баптан)
8. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Пзезидент қол қойғаннан кейін)
9. Соттар үкім шығарғанда кімге бағынады? (заңға)
10.Сенаттың неше депутатын президент тағайындайды? (15)
ІІ НҰСҚА
1. Бүкілхалықтық дауыс беру (референдум)
2. Мемлекеттің ішкі ижәне сыртқы саясаттағы толық тәуелсіздігі (егемендік)
3. «Құқық» дегеніміз не? (мемелекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
4. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? (бала туған кезінен бастап)
5. Әр адамның жеке басын куәландыратын құжат? (төл құжат)
6. Адамның дүниеге келуі негізінде жатқан негізгі ажырамас табиғи құқығы қандай? (өмір сүру құқығы)
7. Ата -ананың қасиетті міндеті не? (балаларына қамқорлық көрсету)
8. Саяси қуғын- сүргінге ұшырағандарды еске алу күні?(31 мамыр)
9. Жігіттің құны жүз жылқы... (ары мың жылқы)
10. Атаның баласы болма... (адамның баласы бол.)
Келесі сөз кезегін қазылар алқасына береміз. (қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша әсем әнмен көңіл көтере отыралық)
2-жүргізуші: Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашан да осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
1-жүргізуші: Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,
Айналаң бәрі сенің көрерменің.
Тілеймін дәл осылай барлығынның
Тек қана биіктерден көрінгенің- деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему XX – ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 227 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar