Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ы. Алтынсарин:  «Салақтық» -

Ы. Алтынсарин: «Салақтық»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1844 | Размер: | Автор: гость
. Ы. Алтынсарин: «Салақтық»
Аманова Сырға Нурбергеновна
Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы

Пәні Әдебиеттік оқу 2-сынып

Жалпы
мақсаты

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердегі диалогтық оқыту арқылы «Адам болам десеңіз»тарауымен балаларды таныстыру,өз ойларын айтуға мүмкіндік беру.
Оқушыларды АКТ-ны пайдалану арқылы сыни тұрғыдан ойлай отырып, Ы.Алтынсариннің өмірімен,шығармасымен таныстыру және мәтін туралы түсінік бере отырып,негізгі ойды түсінуге жетелеу.
Оқушылардың бойына тазалық,ұқыптылық қасиеттерін қалыптастыру.
Топтың іс-әрекет барысында өзін-өзі бағалау.

Оқыту нәтижелері

Тақырып мазмұнын түсінеді,өз ойларын тиянақты,еркін айтуға үйренеді.
Адам бойындағы жақсы және жаман қасиетті айырып біледі,
оқушылардың сыни ойлауы дамиды.
Топпен жұмыс жасауды үйренеді,өз білімдерін сыни бағалауды үйренеді.

Негізгі идеялар

Тазалық-денсаулық кепілі

Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру
кезеңі
2 минут

3 минут

А)Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.

Ә)Тазалық құралдарының суреттері арқылы топтарға бөлу.
«Тарақ», «сүлгі», «сабын»
Бағалау тәсілімен таныстыру.


Балалар орындарынан тұрып,қимыл-қозғалыспен орындайды.

Тазалық құралдарының суреттерін алу арқылы топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылық-ты тудыру кезеңі.
5 минут

«Миға шабуыл»

5 минут


А) Слайдтан сөзжұмбақ шештіру арқылы мақал-мәтелдің жалғасын таптыру.

Ә) Осы мақал-мәтелдерге ортақ қандай тақырып беруге болады?
а) Туған жер,Отан туралы
ә) Еңбек туралы
б) Жақсы,жаман істер туралы в) Ерлік,батырлық туралы.

Слайдтан «Венн диаграммасын» сызу арқылы адам бойында кездесетін жақсы және жаман қасиеттерді Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен байланыстыра талқылау,салыстыру.
Әр топтағы оқушылар тапсырмаларды
«Ортадағы қаламсап» ойыны арқылы орындайды.
Жаңа тараудың тақырыбы ашылады. «Адам болам десеңіз».
Оқушылар сұрақ-жауап әдісі арқылы мақал-мәтелдің жалғасын тауып отырады.

Оқушылар тест жұмысы бойынша ортақ тақырыпты таңдайды.



1-топ. «Абай» туралы бұрыннан білетінін айтады.
2-топ. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айтады.
3-топ. Адам бойында кездесетін жақсы,жаман қасиетті санамалап айтып береді.

Негізгі бөлім. «Жұптас,ойлан,талқыла»
Стратегиясы
8 мин

«ЖИКСО-1»
Стратегиясы
Тақырыптық-мазмұндық
талдау жасау.
10-мин

Сергіту сәті:
2-мин

Қорытынды:
«Еркін жазу»
Стратегиясы.
5-мин
Адам бойында кездесетін жаман қасиеттерден аулақ болу үшін шағын топтарға тапсырмалар таратып беру.
1-топ. Сурет бойынша баланы сипаттау.Мұндай баланы қалай атаймыз?
2-топ. Жара неден пайда болады?
3-топ. Қолын жумай тамақ ішкеннің соңы неге апарып соқтырады?

Сонымен адам бойында кездесетін жаман қасиеттер болатынын,ол сөздерді тағы қандай сөзбен алмастыруға болатынын сұрай келе,сабақтың тақырыбына байланысты болжам жасату.

Сабақтың тақырыбын хабарлау.
Ы.Алтынсарин.Салақтық.

-Ы.Алтынсарин атамыз туралы не білесіңдер?
Ыбырай ата туралы білетіндерін «Күн шұғыласы» суреті бойынша толықтыру.

1-топ. 1-бөлікті оқып талқылау.
2-топ. 2-бөлікті оқып талқылау.
3-топ. 3-бөлікті оқып талқылау.

Тазалық құралдары туралы « Бұл не?» өлеңі арқылы ойды және дене мүшелерін сергітеді.

Мәтін аяқтаусыз қалған болатын,әр топ мәтінді өз ойларынша аяқтайды.


Оқушылар адамның бойындағы жаман қасиеттер және олардан қалай сақтану керектігін топта талдайды,постер қорғайды.

Оқушылар пікірі тыңдалады және олар жаңа сабақтың тақырыбына болжам жасайды.

Оқушылар дәптерлеріне бұрынғы білетіндерімен жаңа ақпараттарды толықтырып жазады.

Оқушылар мәтінді жүргізіп оқиды,түйінді ой-пікірлерін ортаға салады.

Оқушылар орындарынан тұрып ,ән әуенімен қимыл-қозғалыста орындайды.

Әр топ ақылдаса отырып мәтінді аяқтайды,ойлары тыңдалады.


Міндеттері

Тапсырмалар арқылы салақтық туралы білімін толықтыру.Топтық ережеге бағына отырып,бірін-бірі тыңдауға үйрету.
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Кейінгі тапсырмалар
1-мин

Керімге мінездеме.
Мәтіндегі оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың,әрі қарай жалғастыр.
Сен Керімнің орнында болсаң қайтер едің?

Кері байланыс
2-мин

«Топтастыру» стратегиясы бойынша салақтық туралы білгендерін ортаға салады.

Бағалау
2-мин

Әр оқушы өзін-өзі бағалайды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.