Меню
Назад » » »
Ыбырай мен Абай және Мұқағали оқулары Ұлылар үндестігі
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Құтарыс ауылы,
№30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Затыбекова Гаухар Жұмабекқызы

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай мен Абай және Мұқағали оқулары
Ұлылар үндестігі
Сабақтың мақсаты:
Халқымыздың дана ақындары, ғұлама ойшылдары, Абай, Ыбырай, Мұқағали өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының ақындардың мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Ғасырлар тоғысында ғасыр ақындарының ақындық таланттарын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық кезең.
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі өткелі отырған «Ұлылар үндестігі» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Қазақ ақындарының әр қайсысы шын мәніндегі дарын, қайталанбас шығармашылық тұлға ретінде дара.
Ия, ұлылар, ұлылар!
Кім ұлы десек қазақта жетеді ғой шіркін – ай!
Бірақ соның ішінде
Абай, Ыбырай, Мұқағали...
Ең дарынды, ең шебер ақындар.
Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс - әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде.

Сонымен балалар өздеріңіз байқағандай бүгінгі кеш осы ұлылардың құрметіне арналып отыр.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазы алқасымен таныс болайық!

1.Шабанова Сауле апай
2.Абдрашова Гүлжанат
3.Изекеева Бағила

Болашақ ақындарымызды, сазгерлерімізді ортаға шақырып, үш топқа бөліп алайын.
Бірінші Абай ауылынан келген 2сынып оқушылары
Екінші Ыбырай ауылынан келген з сынып оқушылары
Үшінші Мұқағали ауылынан келген 4-сынып оқушыларын қарсы алайық.

Ақындар өмірімен таныс болайық.



Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы.

Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:
Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.
Ыбырай ауылынан келген сайыскерлер
1. 2 «А» Қуандық Жанерке
2 . 2 «А» Жақсылық Ақниет
3 . 2 «Ә» Шынберген Саят
4 . 2 «Ә» Бекенбай Ақтолқын
5 . 2 «Б»
6 . 2 «Б»
7 . 2 «В» Төлепбек Тұмар
8 . 2 «В» Сапаралы Ақниет

Ақындар өмірімен таныс болайық.


Абай (Ибрагим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904)-ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор,аудармашы .саяси қайраткер.
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған.
Абай ислам дінінің қағидаларын барынша құрметтейтін діни отбасында өсіп, тәрбие алды. Оның әкесі Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тілін жақсы білген биі болды. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қарым-қатынас жасап тұрды. Ол шыққан тегі сұлтан әулетінен болмаса да Қарқаралы округында алғашқы аға сұлтандардың бірі болып сайланды. Ғұмырының аяқ кезінде Меккеге қажылыққа барып қайтты. Меккеде Құнанбай қажы салдырған Тәбия қонақүйі әлі бар. Қажылықтан қайтып оралған Кұнанбай Бұл дүниелік істерден біржола қол үзеді. Ақынның бабасы Әскенбай Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы әділетті де ықпалды қазақ билерінің бірі болатын. Оның қалдырған данышпандық сөздері мен ғибаратты өсиеттері аз емес. Биге қазақтардың алыс жатқан руларының адамдары да шағым айта келіп, жүгінетін. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты би әрі батыр болған.
Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, сосын Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқып білім алады. Ол бала жасынан кітапқа құмар болды, араб-парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын терең меңгерді. Онымен білім жарыстырудан молдалардың өздері қауіптенетін. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады.
Абай ауылынан келген сайыскерлер
1. 3 «А» Маликайдарова Жаңыл
2. 3 «А» Алтаева Зарина
3. 3 «Ә» Асқарбекқызы Маржан
4. 3 «Ә» Бақтыбай Мұратбек
5. 3 «Б» Кенжебек Мақсат
6. 3 «Б» Рысбек Назым



Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту¬ған күніне байланысты мынадай сөз айта¬ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан-да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».[1] Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.
1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие

Мұқағали ауылынан келген сайыскерлер:
1.4 «А» Керімбек Ақбота
2.4 «А» Кеңесбек Ару
3.4 «Ә» Өмірбай Сымбат
4.4 «Ә» Сейітжан Әсел
5.4 «Б» Тұрдалы Нұргүл
6.4 «Б» Әліпбек Бекзат
7.4 «В» Піралы Алтын
8.4 «В» Байралы Жанерке

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші сайыскерлеріміздің нәтижесін қазыалқалары шешіп береді

Сабағымызды қорыта келгенде оқушылармен ойын ойнау
1.Өлеңнің жалғасын тап
2.Викториналық сұрақтар

Ы.Алтынсарин Өзен
Таулардан өзен ағып сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең, ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар ,
Өзеннен рақат тауып, басылады.

А.Құнанбаев
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге...
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз..., -

М. Мақатаев
Сүйемін мен жерімнің
Топырағын ,тасын да
Сүйемін думанды елімнің
Кәрісін және жасын да.
Бұлтсыз, айсыз, жылы леп,
Сүйемін салқын кештерін.
Бетті аймалап уілдеп,
Толассыз соққан ескегін.
Шаңдатып жота, қырларын
Жылқы ойнаса біртіндеп.
Мен сүйемін тұрғанын
Жылқышының күлімдеп

Абай Жаз
Жадыгүн шілде болғанда
Көкорай шалғын бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап
Ат айғырлар биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап


Викториналық сұрақтар

1.Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары?
1845-1904ж
2.«Үш бақытым», «Отан» өлеңдерінің авторы кім?
Мұқали Мұқатаев

3.Ы. Алтынсарин алғашқы мектепті қашан және қайда ашты?
/1860, Торгай
4.Абайдың қара сөздерінің саны нешеу?

5.Абайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерін ата,
Қыс. Жазғытұры. Күз. Көктем
6. Пай! Пай! Пай!
Ардағым ай!
Сен менің шолпанымсың жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт
Өлмейтін махаббатым, арманым ай!
Мұқағали Мақатаев Қазақстан

7.«Қазақ хрестоматиясының» авторы кім?
Ыбырай Алтынсарин
8.Абайдың әжесімен анасының аты кім?
Анасы Ұлжан ,Әжесі Зере

9.Мұзбалақ ақын деп кімді айтамыз?
Мұқағали Мақатаевты
10.Ыбырайдың атасының аты кім?
Балқожа
11.Абайдың «Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды»деп басталатын өлең жолдары көз алдыңа кімді елестетеді : Кәрі шалды Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ыбырай мен Абай және Мұқағали оқулары Ұлылар үндестігі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 362 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar