Меню
Назад » » »
Ынтымағы жарасқан отбасы.
загрузка...

загрузка...
Атырау облысы, Индер ауданы
Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің
мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Магауина Акмарал Улжагалиевна

Көркем әдебиеті

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
1) Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
2) Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
3) Отбасылық, туыстық қарым-қатынастың мәнін түсіндіру.
Сөздік жұмысы: ынтымақ, жарасқан.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері:
Отбасы суреті. Ата-әже, әке-ана, аға-іні, әпке-сіңілі суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шаттың шеңберіне тұрады, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.
Кел,балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік!
Тыныштық сәті: Баяу музыка ойнап тұрады.
- Бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Көздеріңді жаймен ашыңдар.
Балалар өз отбасы туралы әңгімелеп береді.
Дидактикалық ойын: «Менің отбасым».
Ойын шарты: балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, отбасы туралы жаңсы сөздер айтады.
- Менің отбасым ... (тату).
- Менің отбасым ... (көңілді).
Ойын осылайша жалғаса береді.
Дәптермен жұмыс: «Ынтымағы жарасқан отбасы» суретіне қарап, әңгіме құрау. Балалар жауап береді.
Сергіту сәті: Біздің үйде ән тарап,
Думандатар өмірді.
Біздің үйде салтанат,
Біздің үйде көңілді. (Қимылмен көрсетеді).
«Отбасым - бақыт мекені» - жоғары дауыста
орта дауыста
төмен дауыста айтылады.
Қорытынды:
- Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Отбасына кімдер жатады?
- Сенің отбасыңда неше адам бар?
- Өз отбасың туралы әңгімелеп бер. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ынтымағы жарасқан отбасы. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 332 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar