Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қыс  ханшайымы -

Қыс ханшайымы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2015 | Размер: | Автор: гость
. Қыс ханшайымы
Мақсаты: Оқушылардың шеберлігін,іскерлігін ,өнерін,білімін бағалау.Өнерді құрметтеуге,үйреніп,игеруге үйрету.Оқушыны шығармашылыққа,ізденіске,жауапкершілікке баулу.
Сайыстың барысы: Технология шеберліктің мектебі,
Бай мұрамыз,халқымыздың өнері.
Ас әзірлеп,үйренеміз іс тігіп.
Ынтаменен әзірлейміз көрмені.
Технология пәнін үйретудегі басты мақсатымыз-оқушыларды жан-жақты,дамыған тұлға етіп қалыптастырумен қатар ұлттық өнерге,шеберлікке,шығармашылыққа,жауапкершілікке баулу.Бүгін біз осы пәннен игерген білімімізді,шеберлігімізді,өнерімізді ортаға саламыз.
Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар!Сіздер технология,сызу сурет,ән бірлестігінің апталығы барысында өткізгелі отырған «Қыс ханшайымы» тақырыбындағы сайысты тамашалағалы отырсыздар.Алдымен бүгінгі сайысымыздың әділ төрелігін беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Жол сілтеген биікке ұстаздарым,
Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын.
Әділдікті ең алға мақсат еткен,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.

Енді сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру» депаталады.
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетсе деймін. Әр сайыскер реттік нөміріне қарай өздерін таныстырады.
Таныс болдық сайыскерлер тегіменен
Туып өскен мекенімен,еліменен.
Маған тартқан бәрі ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.Ал енді 1- ші шарт бойынша әділқазылардың бағасын тыңдайық.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп,ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
Кім биші, кім әнші, кім күйші?
Шынымен де
Біз де сонны білейікші.
1.1-ші нөмірлі қызымыз 6 «А» сынып оқушысы Раушанды ортаға шақырамыз.Оның орындауында
2.2-ші нөмірлі қызымыз 6 «Ә» сынып оқушысы Даянаны ортаға шақырамыз.Оның орындауында
3.3-ші нөмірлі қызымыз 6 «Б» сынып оқушысы Нұршатты ортаға шақырамыз.Оның орындауында
4.4-ші нөмірлі қызымыз 6 «В» сынып оқушысы Інжуді ортаға шақырамыз.Оның орындауында

5.5-ші нөмірлі қызымыз 6 «Г» сынып оқушысы Жәмиланы ортаға шақырамыз.Оның орындауында
Ал енді әділ қазылардан 2-ші шарттың бағасын беруді сұраймыз.
3.Енді 3-ші шарт бойынша «Қолөнер» сайысы.Бұл бөлімде «үй тапсырмасы»бойынша қыздарымыздың жасаған қолөнер бұйымдарын тамашалаймыз.
Сегіз қырлы,бір сырлы,
Біздің қыздар өнерлі.
Меңгеріп те алыпты,
Шеберліктің сырларын.
Әке корген-оқ жонар,
Шеше көрген-тон пішер.
Ешқайсысы жоқ сияқты,
Бір-бірінен кем түсер.
Ал енді әділ қазылардан 3-ші шарттың бағасын сұраймыз.
4.4-ші шарт бойынша «сұрақ-жауап», «мақалды жалғастыру»
Ал арулар сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі алда талай сын бар.
Тапсырма ал,қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап берсеңдер,сұраққа жарайсыңдар.Әрбір сайыскер бір-бір конверт алып тапсырмаға жауап береді.
Ал енді 4-ші шарттың бағасын әділқазылардан сұраймыз.
5. 5-ші шарт «Салат жасау»Бұл бөлімде қыздарымыз қыстық салаттар жасап көрсетеді.

Қыздардың түрлі тағамы,
Дастарханның ажары.
Тіл үйірер дәмімен.
Аспаздардың салаты
Қыздарымыз өз қолдарымен түрлі мәзірмен дайындаған салат түрлерін ұсынып,дайындау әдістерімен, аспаздық құпияларымен бөліседі.
Ал енді 5-ші шарттың бағаларын әділқазылардан көрсетуін сұраймыз.
6.6-шы шарт «Жаңаша киім үлгісін көрсету»Бұл бөлімде қыздарымыз қарапайым заттарды кәдеге жарату арқылы киімдер дайындауға болатынын көрсетеді.
Әділқазылардан 6-шы шарттың бағасын сұраймыз.
Кімдер шешен, кім іскер білейікші,
Өнерлісі деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал сайыскерлерге сәттілікті тілейікші. Әділқазылар мүшелеріне сөз беріледі.Сайыста өнер көрсеткен «Қыс ханшайымдары» марапатталады.
Демеңіз біз өнерді аяп келді,
Уақыт біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше хош сау болып тұрыңыздар,
Осымен сайысымыз аяқталды.
Айтгүл Коптилеуова Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
Жетібай ауылы №3 орта мектеп технология пәні мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.