Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қысқы орманға саяхат -

Қысқы орманға саяхат

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3584 | Размер: | Автор: гость
. Шымкент қаласы
№12 «Арман» бөбекжайы-балабақшасы
Тәрбиеші: Орынбекова Ұлбосын Сапарқызы
Қызметі: тәрбиеші
Стажы: 8 жыл

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қысқы орманға саяхат

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»
Білім беру бөлімі: Тіл дамыту, айналамен таныстыру, жапсыру, сурет.
Мақсаты: Жыл мезгілі қыс туралы түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінің ерекшеліктері арқылы қыс мезгілінегі табиғат сұлулығына назар аударып, қысқы ойындармен таныстыру. Сөйлем бойынша әңгіме құрастыру арқылы тілдерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың шығармашылық белсенділігін арттырып, құрастыра білетіндігін және пішіндерді атай білуін меңгерту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Құрал-жабдықтар: қысқы орман жайында түрлі суреттер, балалар жұмысына қажетті қылқаламдар, желім, бояу, майда ұнтақ, балауыз.
Қолданатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, сурет бойынша әңгімелеу. «Триз» технологиясы элементтері. Балауызбен жұмыс және майда ұнтақпен жұмыс тәсілі.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы.

Ұйымдастырушы- ізденуші

Рефлексивті - түзетуші

«Ән ұран»

Балалар қараңдаршы, бүгін бізге
қөп қонақтар келіпті, келген қонақтармен амандасып алайық.

Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы күн апайлар.

Добрый утро, всем нам,
Добрый утро, всем гостям.

Хэллоу!
Хэллоу голдэн сан!
Хэллоу блу скай!
Хэллоу май дия тичер!
Хэллоу май дия френдс!

Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Сендер орманға саяхатқа барғыларың келеме?. Олай болса шеңбер бойымен орманға барайық.

- Міне балалар орманға да келіп жеттік, балалар қараңдаршы мына қорапта не бар екен көрейік. Кәнекей балалар мына қорапшада сұрақтар жазылыпты. Олай болса мен оқиын сендер мұқият тыңдаңдар.
Сұрақ:
1. Бір жылда неше мезгіл бар?
2. Қазір жылдың қай мезгілі?
3. Қыста ауа-райында қандай өзгерістер болады?
4. Адамдар қалай киінеді?
5. Қыста балалар қандай ойын ойнайды?

Дұрыс айтасыңдар балалар әр мезгілдің өзіндік қызықтары бар, қазір қыс мезгілі болғандықтан балалар әртүрлі ойындар ойнайды, шанамен шаңғымен ойындар ойнайды. Ал құстардың да суықтан қорықпай қыстап қалатыны болады екен, оларға біз әрқашан қамқор болуымыз керек. Ал енді мына қорапша ашылып қалар, не бар екен мұнда (қораптан мұңайып аққала шығады).

Аққала: Саламатсыңдар ма балалар! Балалар рахмет сендерге мені мына қораптан босаттыңдар. Мен осы ормана жасалған Аққала едім. Мені боран айдап осы қоратың ішіне салып қойды. Мен орманда жүргім келді, бірақ жел маған көптеген тапсырма беріп қойды. Шешуін қалай табарымды білмей тұрмын (Аққала жылайды).

Тәрбиеші: Аққала сен жылама біз саған көмектесеміз. Балалар аққалаға көмектесеміз бе?
Аққала біздің балалар қыс мезгілі туралы көп біледі және үш тілде орыс тіліне, ағылшын тілінде таппақ біледі және жұмбақтар біледі.

Жұмбақтар шешеді
1. Қыста ғана болады, ұстасаң қолың толады.
2. Тісі жоқ тістеп алады, қолы жоқ сурет салады.
3. Шелек қалпақ басында
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан тұрады
Тауып крші сен оны.

Міне біздің балалар өте ақылды, тапқыр, кәнекей балалар өлең шумақтарыңды айтып бере қойыңдаршы.
Жататулар
Аппақ бүгін қыр далам
Ақ дастархан жапқандай.
Халық біткен қарбалас
Қонақ күтіп жатқандай.

Сону сону
Сону йз уайт
Скай скай
Скай йз брайт
Енді балалар Аққаланың тапсырмасына көшейік.
1. Тапсырма: Суретке қарап әңгіме құру.
Аққала: Жарайсыңдар балалар мен мына суретке қанша қарасамда түсінбей ақ қойдым. Сендер бір сәтте ақ желдің тапсырмасын орындап қойдыңдар.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасың Аққала. Біздің балалар өте ақылды, өйткені бұл суретте қыстың бейнесі бейнеленген. Егер біз осылай қалың киініп үстімізді су қылмай ойнасақ, деніміз сау, бойымыз шымыр болып өседі екен. Балалар осы әңгімеден кейін бойымыз суып кеткендей бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті
Келіңдер балалар,
Сырғанақ тебеміз.
Құрыспай құрыштай,
Шынықсын денеміз.

Тәрбиеші: Аққала сен біздің балалардың білімін тексеріп көрдіңіз, біз саяхатымызды әрі қарай жалғастырсақ.

(Шыршаның түбінде жылап отырған қоянды көреді).

Тәрбиеші: Ой мынау қоян ғой саған не болды?
Қоян: Саламатсыздар ма балалар мен мына тапсырмам бар еді, соны орындай алмай отырмын.
Көмектесесіңдер ма? Мен шатасып отырмын.
Қоян: Мен мыналардың іздерін таба алмай отырмын.
Тәрбиеші: Біздің балалар бұны да шешеді, ненің ізі деген ойын ғой бұл.

Ойын «Ненің ізі»
Қоян: Рахмет балалар өте тапқыр екенсіңдер мен де қуаныштымын.
Тәрбиеші: Аққала сен бізбен бірге біздің тобымызға жүр онда да біздің балалардың сендерге деген сиы бар (өлең айтып қайта топқа оралу).

Тәрбиеші: Аққала, біздің де тобымызда бірнеше тапсырма бар. Сізге сый ретінде көрсетейік.

Балалар біз бүгін қайда саяхатқа бардық. Олай болса орманымызда көрген нәрселерімізді бейнелеп берейік. Жұмысқа кіріспес бұрын балалар техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтаған жөн, балауызды желімді, бояуды ауызымызға салмаймыз.
1. Шырша жасау. (майда ұнтақпен жұмыс)
2. Балауызбен жұмыс. (орман бейнесін бояу)
3. Қоян бейнесін бояу. (бояумен жұмыс)
4. Аққала жасау. (желіммен жұмыс)
Аққала: ой бұл менің орманым ғой. Бұл суреттің сиқыры осында екен ғой. Рахмет сендерге балалар өте ақылды, алғыр екенсіңдер. Мен енді орманыма қайтайын. Мынау аяз атадан қалған сыйлықтар еді, бұны сендерге тастап кетейін, апайларың үлестіріп береді. Балалар мені жел ұшырып жатқандай. Сау болыңдар!

Тәрбиеші: балалар бүгін біз орманда кімдерді жолықтырды?

- Дұрыс айтасыңдар!
Олай болса балалар орманға саяхатқа шығып көңіліміз көтерілді, тобымыздағы тапсырмаларымызды өте жақсы орындадыңдар. Сендерге көп көп рахмет балалар, кәнекей келген қонақтармен қоштасайық. Балалар ән ұран орындауда.

Балалар қайталап келген қонақтармен сәлемдесуде.

Балалар шеңбер бойымен саяхатқа өлең айтып баруда.

Төрт мезгіл бар

Қыс мезгілі
Қар жауады күн суытады
Қалың киімдер киеді
Сырғанақ, атыспақ шаңғы тебеміз

Саламатсыз ба Аққала

Ия көмектесеміз

Қар

Аяз

Аққала

Балалар тақпақтарын қонаққа айтып беруде

Қыс туралы әңгіме құрауда

Балалар қимылмен көрсетуде

Саламатсыз ба Қоян

Балалар ойынды жаппай шешуде

Орманға саяхатқа бардық

Берілген тапсырманы орындауда

Сау болыңыз Аққала.

Аққала, қоян. Олардың тапсырмасын орындадық. Әңгіме құрадық, орманда шырша көрдік, ағаштар көрдік. Аққала, қоян сау болыңыздар.

Нені білу керек: Қысқы орманға саяхатқа шыққанда не кргендерін бейнелеп беруді білуі керек.

Нені игерді: Тапсырмаларды дұрыс орындай білуі.

Нені білді: Әңгіме құрай білу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.