Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Yш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту 1-8 мысал -

Yш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту 1-8 мысал

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1102 | Размер: | Автор: гость
. Жузжасарова Гульнара Заманхановна,
Ахмет Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебінің математика мұғалімі
ОҚО, Түркістан ауданы
Сабақтың тақырыбы: Yш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту 1-8 мысал

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу амалының әдіс-тәсілдерін үйрету,білім беру.
2.Дамытушылық:
Алған білімдерін жаттығу кезінде қолдана білу дағдысын және өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.Сабаққа қызушылығын,белсенділігін арттыру.
3.Тәрбиелік:
Өз елін сүю,еңбек етуге даяр болу.Қоғам талабына сай тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс.

Сабатың әдісі: Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Экономика,дүниетану,информатика.

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар,үлестірмелі карточкалар,топ
эмблемалары,жұмыс қағаздары.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Психологиялық тренинг.
Жігер деген мен.
Күш деген мен.
Махаббат деген мен.
Құдірет деген мен.
Жас өспірім деген мен.
Жастық деген мен.
Денсаулық деген мен.
Даналық деген мен.
Бәрі менің қолымда!

− Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан 2050" жолдауында "Тәуелсіз елдің тірегі-білімді ұрпақ"-деп айтқандай білімімізді ортаға салайық.

Оқушыларды топпен отырғызу.

Әр топқа өз аттарын жазып қойдыру.
I.-топ "Рахат" кәмпиттері.
II -топ "Қарағанды" кәмпиттері.
III.-топ "Баян Сұлу" кәмпиттері.

Кіріспе сөз.

Құрметті қонақтар,бүгін Сіздер 3-а сынып жанынан құрылған «Ең тәттілер»
ашық акционерлік қоғамы өткізіп отырған тендердің куәсі боласыздар.
Алдымен ашық акционерлік қоғам дегеніміз не?Соған тоқталайық.
А.А.Қ-бағалы қағаз,акция пакеті акционерлік қоғам қызметкерлерінің
арасында өзара сатылады.

Тендер-бизнес жоспарын ұсынып,өнім шығару құқығына ие болу жарысы.
Бұл«Ең тәттілер»ашық акционерлік қоғамның менеджері,мен Жүзжасарова Г
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:1 Маусым-Балаларды қорғау күніне орай,
балаларды қуантып жаңа бір конфет түрін ойлап шығару.

Сол үшін Қазақстан Республикасының айтулы конфет шығаратын
фирмалары тендерге қатысуға өтініш беріп отыр.
Осы тендерден озып шыққан фирма жаңа конфет шығару құқығына ие болады.

ІСКЕ СӘТ!
Әр топқа өз ұрандарын айтқызу.
II.Үй тапсырмасын тексеру "Ой қозғау"

.Қызығушылықты ояту. "Ойлан,тап!" ойыны.
− Мына мысалдарды шығарып сандарды кестеге жазып
сөз шығарамыз


26 0 4 2 0 1 3
к ө б е й т у

ө 14х0 у Зх1
б 16:4 к 11х2+4


й (25+5)х0 т (9х8):72

е (1+1)х1

IΙI Жаңа сабақ .Мағынаны таны.
1 тапсырма .Әр фирма өз қаласын таныстыру .
Оқулықпен жұмыс 1 мысалды шығару .
Әр топ оқушысы жауап береді.
Дұрыс жауап берген оқушыға конфеттер тарқатылып беріледі.

322 333
Алматы Қостанай

312 ?
Қарағанды Түркістан



а 322 333 312
а+3
ах3








2 тапсырма.Іс қағаздарымен таныстыру.
Дәптермен жұмыс. 2 мысал.

«Тәтті ағаш» ойыны арқылы амалдарды орындау.

(500-267)-184 920-(376+254) 1000-(128+335)


3 мысал.Мульт кейіпкерінің тапсырмасы.

« Кім тапқыр ? » ойыны арқылы өрнектердің мәндерін табу.

8х8+72-22 84:4-16 17х4+72

3 тапсырма .Есеп құжаттары.

Жаңа конфет халыққа ,балаларға ұнау үшін оның қоспаларын
дәл есептеуіміз керек..
Біздің бухгалтерлік құжаттарымыз дұрыс болуы қажет
Ендігі кезекте берілген 4 есепті шығарамыз.


Шелектің
сыйымдылығы Шелектер
саны Жалпы
сыйымдылығқ
Бірдей ? л 4 80 л
? л ? 120 л


Сергіту сәті

4 тапсырма. Бағдарламалық сұраныс . Әр тауарды шығару барысында аталған өнімнің қоспасының дұрыс болуын қалаймыз.Бұл әр фирманың абыройы . Сондықтан мына тапсырманы дұрыс орындауымыз қерек .

5 есеп.Теңдеулерді шешу:

х+278=600+329 900-х=574-196

5 тапсырма. Шығын мен кірісті есептеу. Кез келген кәсіпкер өз ақша қаражатын молайтуға тырысады,соның барысында ол пайданы көздейді. Конфеттің сапасын тексердік,енді шығын мен кірісі қандай болмақ.

6 есепті шығару.

6 тапсырма.Жарамдылық мерзімі . Жеке оқушылармен жұмыс .
Дарынды оқушыларға санжұмбақ шешкізу.
Үлгерімі төмен оқушыларға үлестірмелі карточкамен жұмыс жасау.


7 тапсырма. « Ой толғаныс » Сынау тапсырмаларын беру .
АСТIVote тестілеу жүйесінің көмегімен оқушылардың бүгінгі сабақта
алған білім дәрежелерін тексереміз.

IV Сабақты қорыту
Әр фирманың ұпайларын санау .
-Яғни 3 фирмада теңдерге қатысып ,өз бизнес жоспарын қорғады Осы фирманың ішінде мамандары білгір,ойлысы .. (Ұтқан фирманың аты ) Фирма менеджерін құттықтап ,жаңа конфет шығару құқығын табыс ету .
Әр оқушыны жинаған ұпайына сай бағалау .

V Үйге тапсырма беру: 8 мысал.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.