Меню
Назад » » »
Қыстырма сөздер
загрузка...

загрузка...
Пән Қазақ тілі
Сынып 4 Уақыты 12.11.2014ж
Тақырыбы Қыстырма сөздер

Мақсаты
Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңтерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Қыстырма сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Дұрыс, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Міндеттері Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, қыстырма сөздің сөйлемдегі ойға қосатын мағыналық реңктерін ажырата білуге үйрету ;
оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, ой қорыту, пікір айту дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
әр оқушы өз-өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.
Түйінді түсініктер
мағынаны үстемелеу, қолдау, жорамал, пікір, сенім, сөйлем мүшесі бола алмайды.

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

Сабақ кезеңдері, модуль Мұғалімнің әрекеті Тапсырма мазмұны Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
І Кіріспе
(оқу бағдарламасын анықтау: балалар нені оқып-үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай әрекеттерді игереді)

Модуль: жаңа әдіс-тәсілдер
Әдісі: топқа бөлу тренингі
Уақыты: 3мин

Модуль: Бағалау
Әдісі: өзара бағалау

ІІ. Кіріспе
(сабақ басталмас бұрын оқушылар нені білетіндіктерін анықтау)

Модуль: Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық
Әдісі: жұпта сұхбаттасу,
«Оқытудағы «серіктестермен әңгімелесу» тәсілі»,
зерттеушілік әңгіме.

Модуль: АКТ: интербелсенді тақта.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою.

Оқушыларды топқа бөлу.

Әр топқа бағалау парағын тарату.

Жұпқа, топқа бөлу арқылы оқушыларға тапсырмалар беру, талдау, жинақтау.
«Мен сенің бойыңнан мына қасиеттерді көргім келеді...» (өз-өзіңе сенім, бір-біріңе қолдау көрсету, кез-келген затқа жорамал жасау, өз пікіріңді ортаға салу ) тренингі арқылы топқа бөлемін.
(оқушылар мұғалімнің қолындағы адамның әр түрлі қасиеттері жазылған парақшаларды суыру арқылы топқа бөлінеді, қасиеттері бірдей оқушылар бір топқа жайғасады)

Алдын-ала бағалау парақтары ұсынылады.
Оқушылар өзара бағалау әдісімен жұмыстанады.

Жұптық, топтық жұмыс
І-ІІ топ:
Аа дыбысынан басталатын сөздер құрау:
Зат есім Сын есім Сан есім Етістік


ІІІ-ІҮ топ:
Аа дыбысынан басталатын жеміс атауларын жазып, сөздерден сөйлем құрау. Сөйлем мүшелеріне талдау

Сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.

Топқа бөлінеді, топ ережелерін бекітеді.

Өзара критериалды бағалау өлшемдерімен танысады.

Жұптасып, топтасып жұмыс істейді, әр оқушы өз ойларын қосады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетеді. Бағалау
Сабақта бағалау критерийлері дайындалады.

Әр топ өзара бірін-бірі бағалап отырады. Оқу құралдары
Интер. тақта, оқулық, дәптер

Бағалау парағы

Интербелсенді тақта, тақырыпқа сай слайд материалдары

Флипчарттар, маркерлер,
түрлі-түсті қағаздар, желім, т.б.

ІІІ Негізгі сабақ
(оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуіне көмек көрсету)

Модуль: Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық
Әдісі: зерттеушілік әңгіме, «Оқытудағы «серіктестермен әңгімелесу» тәсілі»

АКТ-ны қолдандым.
№ 4279
«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ

АКТ-ны қолдандым.
№ 4279
«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ
Дәптерлеріне жаңа тақырыпты жазғызу, тақырып туралы қысқаша мәлімет беру, назарларын кітапқа, тақырыпқа аудару,

Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Оқушылардың жұмыстарын қадағалау, жетекшілік жасау.

Екі бағанда берілген сөйлемдерді салыстыра отырып, қарамен жазылған сөздің сөйлемге қаншалықты үстеме беріп тұрғандығын анықтағаннан кейін, қыстырма сөз туралы алғашқы түсінік беріледі.

«Сауаттылық хатын» орындату.
Қыстырма сөздердің тыныс белгісіне назар аударту.

Тақтаға орындату.

« Бәріміз бірге» кезеңі, 1-жаттығу жаңа сабақты түсінуге дайындық жұмысы ретінде орындалады. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыра оқып, оның мағынасындағы ерекшеліктеріне талдау жасалынады..
Топтық жұмыс, тапсырма арқауы бойынша:
Бірінші бағандағы қарамен жазылған
сөз сөйлемде қандай мағына үстеп тұр?

І топ:
Меніңше,бұл – өте мықты адам. Бұл – өте мықты адам.
Бірінші сөйлемдегі қарамен жазылған меніңше сөзі арқылы сөйлеуші өзінің сенімін білдіріп тұр.

ІІ топ:
Біз бүгін, әрине, күндегіден ертерек шығамыз. Біз бүгін күндегіден ертерек шығамыз.
Екінші сөйлемдегі қарамен жазылған әрине сөзі арқылы сөйлеушінің қолдауын білдіріп тұр.

ІІІ топ:
Бәлкім, бұл жұмысты ертеңге қалдырған шығар. Бұл жұмысты ертеңге қалдырған шығар.
Үшінші сөйлемдегі қарамен жазылған бәлкім сөзі арқылы сөйлеушінің жорамалын білдіріп тұр.

ІҮ топ:
Маған, әйтеуір, Сарыарқадағы Жайлыбай жайлауы ұнайды. Маған Сарыарқадағы Жайлыбай жайлауы ұнайды.
Төртінші сөйлемдегі қарамен жазылған әйтеуір сөзі арқылы сөйлеушінің пікірін білдіріп тұр.

Жеке жұмыс
2-жаттығуды дәптерге диктант түрде жазады. Сөйлемдердің ішінен қыстырма сөзді тапқызу.

3-жаттығу. Сөйлемдерді оқу, қыстырма сөздерді теріп жазу.
Қыстырма сөздердің құрамы жағынан бір сөзден ғана емес, бірнеше сөзден де жасалатындығы туралы көзін жеткізу.

Жұптық тапсырмалар:
1-тапсырма
Бос орынға тиісті сөзді қойыңыз:
1. , ертең тоған басындағы суды бұзуға баратыныңызды ескертіп қояйын.
2.Осы жағдай жайлы білмеген шығар, .
3. , ол енді осы ауылға оралмай ма?
4. Бүлдіріп қойған соң, , мен жасадым деп мойындаушы ма еді?
Керекті сөздер: айтпақшы, мүмкін, сіздіңше, әрине.

2-тапсырма
Әр қатардан қыстырма сөзді тауып, бос ұяшыққа салыңыз:
Әрине Тайынша Бірге Шындық
әркім Жеңеше Біреу Шын
Әрекет Көрпеше Бірнеше Шын сөзі
әрқашан меніңше біріншіден Шынын айтсам



3-тапсырма
Берілген сөздерді тиісті ұяшыққа салыңыз:
Айтайын Көрейін Шемесы Ертең
Амал жоқ Мүмкін Мүмкін Ойлаймын
Рас Өтірік айтпа Айтпақшы Дұрыс
Барып кел әрине меніңше бәлкім


4-тапсырма
Бос орынға қыстырма сөзді қойыңыз:
1. , мұндай да қызық болады екен – ау!
2. , маған ортадағы ат қатты ұнады.
3. , балаларға мақтанайын деген шығар.
4. , тұлпар атым болса ғой!

Дәптерлеріне жаңа тақырыпты жазады.

Тапсырма бойынша жұмыстанады.

Топтық жұмысқа даярланады.
Әр топ өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыстанады, флипчарттарды толтырады, ой-пікірлерін бір арнаға тоғыстырады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетеді.

Тапсырма бойынша жұмыстанады.

Топтық жұмысқа даярланады.
Әр топ өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыстанады, флипчарттарды толтырады, ой-пікірлерін бір арнаға тоғыстырады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетеді.

Өзін-өзі бағалайды. Әр топ оқушылары өзара бағалап отырады.

Интербелсенді тақта, тақырыпқа сай слайд материалдары

Флипчарттар, маркерлер,
түрлі-түсті қағаздар, желім, т.б.

Оқу құралдары:

Интер. тақта

Интер. тақта

ІҮ Сабақты қорытындылау
(оқушылардың оқып-үйренгендерінің нәтижесін бағалау) Бүгінгі сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беріледі.
Уақыты: 5 минут Әр топ оқушыларын өзара бағалау парағы арқылы бағалату. (қалыптастырушы баға) «Бүгінгі сабақтан алған әсерім...» рефлексия жазу Үйге тапсырма: 4-жаттығу. Берілген сөздерді қыстырма сөз ретінде қатыстырып, сөйлем құрап жазу. Оқу құралдары
Кері байланыс
(оқушылар рефлексиясы) Бүгін мен не үйрендім?
Маған не ұнады/ұнамады?
Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің... Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қыстырма сөздер можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 534 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar