Меню
Назад » » »
Қысым
загрузка...

загрузка...
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Байкенже ауылы
№193 қазақ орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімі: Шынар Шайдарова
Сабақтың тақырыбы: «Қысым»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қысым тақырыбын түсіндіре отырып, формуласын анықтау
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін есеп шығаруда дамыту
Тәрбиелілік: тұрмыста қолданылатын құралдарды пайдалануға, шапшаңдылыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: «Блум»
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіну
Пән аралық байланыс: математика, биология, география, еңбек, әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, интерактивті тақта, ине, қайшы, үлестірме қағаз
(суреттер, құмы бар ыдыс, үстел)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Амандасу
Оқушыларды түгендеу
Сынып тазалығын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Үйкеліс күші дегеніміз не?
2. Үйкелістің түрлерін ата?
3. Үйкелісті қалай азайтуға болады?
4. Күнделікті өмірде өздеріңе үйкелістің қандай түрлері жиі кездеседі?
5. Үйкелістің пайдасымен зияны қандай?
6. Неге тірі балықты қолда ұстап тұру қиын?
Жаңа сабақ: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Қысым. Жаңа сабақты түсіну үшін «Блум» әдісін қолданғалы отырмын. Бұл әдіс арқылы жаңа сабақты түсініп, талдау жасап, пайымдау жасай аламыз.

Олай болса сабағымызды мынадай тәжірибеден бастайық.
Білімділік:
Күнделікті тұрмыста пышақ, қайшы, ине т. б. құралдарды пайдаланамыз. Мысалы: бір денені өткір пышаққа қарағанда, өтпейтін пышақпен кесу қиын, сол себепті құралдардың жүзінің ауданын кішірейтіп, мұқият қайрауға тырысамыз. Демек қысым ауданға тәуелді.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмай ертең таңға.
Қанат құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
А. Құнанбаев
Осы жерде сегіз найза деп отырғанымыз бүркіттің тырнақтары. Бұл жыртқыш құстың тырнақтары мен
тұмсықтары қатты өткір жылтыр болып келеді. Аудандары кішкентай болғандықтан, тіпті болымсыз
ғана күшпен зор қысым жасап, аң аулауға шамасы келеді.
Түсіну:

Талдау:
• Белгілі бір бетке түсетін күш
әрекетінің нәтижесін сипаттайтын
шаманы қысым деп атайды.
• Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
Өлшем бірлігі: Паскаль (қысқаша Па)
1Паскаль - 1Н күштің 1м2 ауданға түсіретін қысымы: 1Па=1Н/м2
Тәжірибеде Қысымның үлкен бірліктерін пайдаланамыз:
1гПа =100Па=102Па
1кПа =1000Па=103Па
1МПа =1 000 000 Па=106Па

Пайдалану:
№ 1
100 см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар?
№2
Шынжыр табанды тракторының массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1, 4 м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымды анықтау?
№3.
Жұқа мұз жапқан өзеннің ортасында жүзіп жүрген балыққа жету үшін түлкі мұздың үстімен жүрді. Сол кезде мұз түлкіні көтермейді. Оны білген қу түлкі, мұздың үстіне жатып жайлап жылжиды
Сұрақ: Түлкі мұзда төрт аяғымен жүргенде бата ма? Әлде жайлап жылжығанда батама?
Себебін түсіндір.
Тест сұрақтары:
1. Қысымның SI жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?
А) м В) м/с С) Ғ Д) Па Е) км
2. Қысымның формуласы?
А) күштің ауданға қатынасы
В) күштің салмаққа қатынасы
С) ауданның уақытқа қатынасы
Д) ауданның күшке қатынасы\
3. Қысым неге тәуелді?
А) күшке В) ауданға С) көлемге Д) массаға Е) салмаққа
4. Дененің ауданын кішірейткенде, қысымы...
А) артады В) кемиді С) дұрыс жауабы жоқ
5. 1 Па - неге тең?
А) 1м/с В) 1кг/м3 С ) 1Н/м2 Д) 1Н/кг Е) мм
Пайымдау:
1. Қысым деп нені атайды?
2. Қысым неге тәуелді?
3. Қысымды арттырып немесе кемітуге бола ма?
4. Қолмен іс тіккен кезде неліктен бармаққа оймақ киеді?
5. Жүк машиналарының артқы доңғалақтары қос - қостан болатыны неліктен?
Үй тапсырмасы:
§33. Қысым
15 - жаттығу №2 Бағалау:әдіст Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қысым можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 256 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar