Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қызықты грамматика Міндетті, оқушылық деңгейге, түзету жұмыстарына арналған -

Қызықты грамматика Міндетті, оқушылық деңгейге, түзету жұмыстарына арналған

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5762 | Размер: | Автор: Публикатор
. Қызықты грамматика
2 – сынып
Міндетті, оқушылық деңгейге,
түзету жұмыстарына арналған
Құрастырған: Шамгулова А.Б., бастауыш сынып мұғалімі.
Пікір жазған: Омаржанова С.С., бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі.
Ұсынылып отырған таңдау курсының бағдарламасы 2-сынып оқушыларына, міндетті, оқушылық деңгейге арналып құрастырылған. Бұл бағдарлама «Қызықты грамматика» «Алматыкітап» баспасында шыққан оқуыту құралы мен «Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар «Өлке» баспасында шыққан оқыту құралына сүйеніп жасалған.
Таңдау курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының талаптарын қамтамасыз еткен. Тақырыптардың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген. «Қызықты грамматика» бағдарламасы «Қазақ тілі» және «Өзін-өзі тану» пәндерімен тығыз байланыста жасалған.
Курстың негізгі мақсаты – оқушылардың ауызша дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды, сөзді мағынасына сай дұрыс қолдануды талап етеді.Халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. «Өзін-өзі тану» пәнімен тығыз байланыс жасай отырып, оқушылардың рухани байлығын, Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту. Жаны таза адамның ғана аузынан дұрыс сөз шығатындығын ескере отырып, алдымен оқушыларды ізгілікке, жалпы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу көзделген. Сонымен қатар, бағдарламада оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық білімдерін жетілдіру үшін берілетін тапсырмалар жүйелі түрде ұсынылған.
Бағдарламашы құрастыру барысында оқушылардың грамматикалық білім, білік, дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін деңгейлей отырып көтеру ескерілген. Оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдері, формалары қарастырылған. Берілетін тапсырмалар әр оқушының деңгейі мен қабілетіне сәйкестендіріліп, өз бетімен ізденушілік жұмыстары да қамтылған.
Тіл және сөйлеу
1-сабақ. Мектеп білім ордасы.
1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
2. Өлеңді мәнерлеп оқы, жаттап ал.
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
3. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарды сөмкеге жина.
2 – сабақ. Біздің сынып.
1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Кейіпкерлерге ат қой, олардың міндетін тауып көр.
2. Сабаққа қажетті оқу құралдарының суретін сал. Астына аттарын жаз.
3. Сұрақтарға жазбаша жауап бер.
Атың кім?
Неше жастасың?
Нешінші сыныпта оқисың?
Сыныпта неше оқушы бар?
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Бір аптада неше күн бар?
3- сабақ. Мен және менің достары.
1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
2. Достарыңның аттарын жаз және оларға бір ғана сөзбен сипаттама бер.
3. Төмендегі өлең шумақтарын түсініп оқы. Не жайында жазылғандығын әңгімелеп бер.
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Досым жалғыз мен үшін
Бар мейрімін төгеді.
Жіңішке дауысты дыбыстарды тап, астын сыз.
Биік болсын шоқтығың,
Атыңды айтам ән қылып,
Желбірейді көк туың –
Төбемізде мәңгілік.
Жуан дауысты дыбыстарды тап, астын сыз.
Асыл өлкем ерекше,
Қазақстан – мекенім!
Беп-белгілі емес пе,
Сенің ғажап екенің!
4-сабақ. Дауысты дыбыстар. Оның түрлері.
1. Төмендегі сөздерді оқы, дауысты дыбыстарды тап. Олардың астын қызыл қарындашпен сыз.
бала мектеп қалам
оқулық кеме оқушы
сызғыш орамал білім
Дауысты дыбыстар айтылуына қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.
2.
5-сабақ. Жуан дауысты дыбыстар.
Дауысты дыбыстар
жіңішке
ә, е, ө, і, ү
жуан
а, о, ы, ұ
Қазақ әліпбиінде 15 дауысты дыбыс бар.
Олар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, (у), ю, я, ё, э
1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Отбасы мүшелерінің аттарын жаз. Жуан дауысты дыбыстардың аттарын жаз.
2. Төмендегі суреттен жуан бауысты дыбыстан басталатын сөздерді теріп жаз. Оларды боя.
6-сабақ. Жіңішке дауысты дыбыстар.
1. Суреттен не байқадың? Әңгімеле.
Жуан дауысты дыбыстар:
а, о, ы, ұ
Жыл мезгілдерінің аттарын жаз. Жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз.
2. Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнің мазмұны бойынша
сурет сал.
Қарашы далаға, Жөңкіліп көшеде,
Реңі сары ала. Суық жел еседі.
Пісті алама албырап, Алқаптан бидайды,
Сарғайды бал құрақ. Қоймаға ел жинайды.
Аспанда қаптаған Тырнасы тізілген
Бұлт тыным таппаған. Ұнатам күзді мен.
7-сабақ. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Қазақ тілінде жуан және жіңішке жұп дауыстылар деген бар.
Оларға мыналарды жатқызамыз:
Жіңішке дауысты дыбыстар:
ә, е, ө, і, ү
о – ө
а – ә
1. Түсіп қалған жұп дауыстыларды тауып жаз.
сан – с...н аңшы - ...нші
боз – б...з ...р - өр
...н – үн ұқ - ...к
т...с – тіс ...с – іс
2. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
3. Көркем жазу минуты.
8-сабақ. Буын.
1. Сурет бойынша ертегі құрастыр.
ұ – ү
ы – і
Ертегі кеіпкерлерінің атын буынға бөліп жаз.
2. Төмендегі сөздерді буындарға бөл. Буын санына байланысты топтастыр жаз.
Шие, бүлдірген, алша, алма, анар, құлпынай, өрік, шабдалы, таңқурай, жүзім, қарақат, долана, құрма.
3. Көркем жазу минуты.
9-сабақ. Дауыссыз дыбыстар.
2 буынды сөздер
3 буынды сөздер
Қазақ әліпбиінде 26 дауыссыз дыбыс бар.
Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ш, щ, (у)
1. Төмендегі өлең жолдарын түсініп, мәнерлеп оқы. Дауыссыз дыбыстарды тап, олардың астын көк қарындашпен сыз.
Бесігінде бақыттың,
Ән-жырымен уақыттың,
Қанатында арманның,
Шыршасындай орманның
Өсіп келе жатырмын.
2. Үлгідегіндей әріптер тізбегін тап, қорша.
Үлгі:
3. Көркем жазу минуты.
10-сабақ. Қатаң дауыссыз дыбыстар.
1. Суреттен қандай мамандық иелерін көріп тұрсың? Олар жайында не білесің? Әңгімеле.
а р с б в г с р с т т у р о р қ б р с т ц к н в у ч з е с ө к р т ю ш ф р с т
р с т
Өзің білетін мамандықтыңтардың аттарын жаз. Қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
2. Суреттегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Үлгі: ара – 3 әріп, 3 дыбыс, 2 буын
а – дауысты, жуан.
п – дауыссыз, қатаң.
а – дауысты, жуан.
3. Көркем жазу минуты.
11-сабақ. Ұяң дауыссыз дыбыстар.
1. Суреттен адамның қандай еңбегін көріп тұрсың? Әңгімеле.
Қатаң дауыссыз дыбыстар:
қ, к, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, щ, ш.
Өзің білетін жеміс-жидектердің аттарын жаз. Ұяң дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
2. Сөзжұмбақты шеш.
1. Жыл мезгілінің аты.
2. Суда жүзетін не?
3. Біздің төбеміздегі әлем.
3.Көркем жазу минуты.
12-сабақ. Үнді дауыссыз дыбыстар.
1. Суреттегі көлік түрлерінің аттарын жаз. Үнді
дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Ұяң дауыссыз дыбыстар:
б, в, г, ғ, д, ж, з.
Үнді дауыссыз дыбыстар:
л, м, н, ң, р, й, (у)
2. Өлең жолдарын мәнерлеп, түсініп оқы. Үнді дауыссыз дыбыстар кездесетін сөздердің астын жасыл қарындашпен сыз.
Корабльді басқарып, Таңдандырып бар елді,
Көк жүзіне самғасам. Ғажап үйлер сала алсам.
Тауды бұзып, тас жарып, Жасартатын әжемді
Мұхиттарды жалғасам. Дәрі де ойлап таба алсам...
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
3. Көркем жазу минуты.
13-сабақ. Тасымалдау.
1. Төмендегі сөздердің бірнеше тасымалдау жолдарына мысал келтір.
Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң сызықша (дефис) қойылады.
Мысалы: қар – лығаш, қарлы - ғаш
Қарағанды көгершін орындық
Қа – рағанды
Қара – ғанды
Қараған – ды
2. Мәтінді көшіріп жаз.
Домбыра.
Домбары – қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған музыкалық аспап. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады.
3. Көркем жазу минуты.
Сөз.
14-сабақ. Сөз ойла, тез ойла.
1. Жаңылтпаштың суретке қандай қатысы барын анықта. Жаттап ал.
Қағаз, қалам
Қолға алам.
Үлкен болам,
Үй салам.
2. Тізбектен оқу құралдарының аттарын тауып қорша.
А
Р
Е
Н
Г
Ш
Н
С
У
Р
С
В
О
Р
Д
Ә
П
Т
Е
Р
Ө
Ң
Ұ
Қ
П
Р
О
Л
У
С
Е
С
Э
М
Ч
Я
М
И
В
Н
С
Ы
З
Ғ
Ы
Ш
К
Й
М
И
Т
Б
Қ
Т
Ц
Э
А
О
Р
Е
Д
А
Ю
Ы
С
А
Л
Ь
Б
О
М
К
Я
Қ
А
Ғ
А
З
Л
В
Й
Ъ
Ф
Д
Ж
Э
Е
У
Й
Т
Ю
А
Ч
Қ
А
Р
Ы
Н
Д
А
Ш
Б
З
Н
М
П
Г
Д
Ж
У
К
Е
Н
Г
Щ
Х
Ъ
3. Көркем жазу минуты.
15-сабақ. Адасқан әріптер әлемі.
1. Ұшақтардың реттік санына қарай әріптерді дұрыс орналастыр. Не шыққанын байқа.
1 2 3 4 5 6 7 8
2. Дауысты дыбыстарды қызыл қарындашпен, ал дауыссыз дыбыстарды көк қарындашпен қорша.
й
ц
у
к
е
г
н
ш
щ
з
х
ф
ы
в
а
п
р
о
л
д
я
ч
м
с
и
т
б
ю
э
ж
қ
ұ
ү
і
ң
ә
ө
һ
ы
р
3. Көркем жазу минуты.
16-сабақ. Мағынасы жуық сөздер.
1. Қандай табиғат құбылыстарын білесің? Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
2. Төмендегі сөздердің білдіретін ортақ ойын тап. Жаз.
сұлу
әдемі
көрікті
қорқақ
су жүрек
3. Көркем жазу минуты.
17-сабақ. Қарама – қарсы мағыналы сөздер.
1. Сурет бойынша әңгіме құрап жаз. Суретті боя.
Арман мен Ақтөс
2. Сөздердің қарсы мағынасын тауып жаз.
Алыс – көбейді -
Ұзын – қараңғы -
Қатты – жұқа -
Ауыр - ақ -
3. Көркем жазу минуты.
18-сабақ. Көп мағыналы сөздер.
1. Төмендегі сөздерді оқы. Олардың бірнеше мағынада қолдана алатындығын дәлелде. Сөйлемдер құрастыр.
Алма, тер, қара, сый.
2. Сурет бойынша ертегіні есіңе түсір. Ертегінің атын есіңе
түсіріп, оны әңгімелеп бер. Ертегі кейіпкерлерінің атын жазып, дыбыстық талдау жаса.
3. Көркем жазу минуты.
19-сабақ. Өз біліміңді тексер.
1. Бас әріптен тұратын сызбаны тап.
а)
ә)
б)
2. Үш буынды белгілейтін сызбаны тап.
а)
ә)
б)
3. 6 әріптен тұратын сөзді тап.
а) бала
ә) оқушы
б) қалам
4. Екі буыннан тұратын сөзі тап.
а) алма
ә) құмырсқа
б) табиғат
5. Кіші әріпті тап.
а) Р
ә) С
б) к
6. Бас әріпті тап.
а) о
ә) М
б) д
Сөйлем.
20-сабақ. Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
1. Суретте нелер бейнеленген. Олардың аттарын жаз және сөйлем құра.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрай белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
2. Төмендегі сөйлемдер мағыналы болатындай етіп, сөздердің орнын ауыстырып жаз.
Мен бардым мектепке.
Аулада жүр тауықтар.
Сырғанақ қыста тебеміз.
Шомаламыз жазда өзенге.
3. Көркем жазу минуты.
21-сабақ. Хабарлы сөйлем.
1. Мәтінді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз. Мәтінде
қанша сөйлем барын жақшаның ішіне жаз.
Оқушылар орманға саяхатқа шықты Олар орманда неше түрлі өсімдіктер мен жәндіктерді кездестірді Арайлым мен Ернат қызықты сәттерді фотоаппаратпен суретке түсірді Оқушыларға саяхат ұнады
Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады: Мен мектепке бардым.
( )
2. Ребустың шешуін тап. Шешуі болған сөзді қатыстырып хабарлы сөйлем құрап жаз.
3. Көркем жазу минуты.
22-сабақ. Сұраулы сөйлем.
1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Оқушыларға ат қой.
, , ,
Жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады: Сенің атың кім?
2. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Сұраулы сөйлемнің астын сыз?
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
3. Көркем жазу минуты.
23-сабақ. Лепті сөйлем.
1. Суреттегі көңіл-күйлер жайында не айта аласың? Олар қандай сөздер айтты деп ойлайсың? Оларды жаз.
Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі көңілмен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.
2. Өлеңді рөлге бөліп, дауыс ырғағына келтіріп оқы.
- Бүлдірген тереміз, балақай.
- Алақай!
- Ат жарыс көреміз, балақай.
- Алақай!
- Айға ұшып барамыз, балақай,
- Алақай!
- Кел, ағаш жарамыз, балақай.
- Әй, ата-ай!
Сөз таптары.
24-сабақ. Заттың атын білдіретін сөздер – зат есім.
1. «Төлін тап» ойыны.
2. Жұмбақтарды шеш.
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу.
( )
Сиыр
Жылқы
Түйе
Қой
Кім? Не?
Кімдер? Нелер?
Бір аң бар қайраты көп, болған күшті,
Басынан өткізеді әрбір істі.
( )
Хұмбақтың шешуі болған сөздер ненің атын білдіріп тұр. Олар қатысқан қандай мультфильмдердің атын білесің?
3. Сұрақтарға жауап беретін сөздерді тиісті қорапшаларға сал.
1. Көркем жазу минуты.
25-сабақ. Бас әріптен басталық жазылатын сөздер.
1. Бұл не? Сен одан нелерді көріп тұрсың?
2. Төмендегі сөздер дұрыс жазылған ба? Қатесін түзетіп көшіріп жаз.
алматы, арайлым, ақтөс, қарағанды, көкшетау, құлагер, нұра.
3. Қорытынды жаса және есіңде сақта. Қандай сөздер үнемі бас әріппен басталып жазылады?
Кім?
Не?
кітап
апа
қоян
көгершін
мұғалім
сатушы
4. Көркем жазу минуты.
26-сабақ. Заттың қимылын білдіретін
сөздер – етістік.
1. Сурет бойынша сөйлемдер құрап жаз. Құраған сөйлемдеріңдегі қимылды білдіретін сөздердің астын сыз.
2. Сөздерге сұрақ қой. Жануарларды етістіктермен сызық арқылы қос.
Жан-жануарларға қойылған аттар
шақырады
кісінеді
мөңіреді
Не істеді?
Не қылды? Қайтті?
3. Көркем жазу минуты.
27-сабақ. Заттың сынын білдіретін
сөздер – сын есім.
1. Суреттегі заттарға сипаттама бер.
2. Төмендегі сын есімдерге қатысты зат есім ойлап тап.
3. Ребусты шеш. шешуі болған сөзді қатыстырып сөйлем құра.
,
Қандай?
Қай?
4. Көркем жазу минуты.
28-сабақ. Заттың санын білдіретін
сөздер – сан есім.
1. Санамақты мәнерлеп оқы. Жаттап ал. Сөзбен жазылған сандарды цифрларымен қос.
Бір дегенім – Бесік,
Екі дегенім – Есік,
Үш дегенім – Үйің,
Төрт дегенім – Тиін,
Бес дегенім – Бақша,
Алты дегенім – Ақша,
Жеті дегенім – Желке,
Сегіз дегенім – Серке,
Тоғыз дегенім – Таңдай,
Оқушысың қандай?
Он дегенім – Орман,
Еліңе бол қорған!
2. Сұрақтарға жауап жаз.
1
5
9
8
3
1
4
6
2
7
Неше?
алты
екі
жиырма
Нешінші?
алтыншы
Қанша?
Неше?
Нешінші?
3. Көркем жазу минуты.
Сөйлеу мәдениеті
29-сабақ. Жұмбақ әріптер.
1. Сұрақтарға жазбаша жауап бер.
Әліпбидің басында тұратын әріп.
Әріптерді үйрететін кім?
Саған ең жақын адамдар?
Әкеңнің ата-анасы саған кім?
2. Жұмбақтардың шешуін тап.
Жауда бар, тауда жоқ. Нөлде бар, санда жоқ.
Жоқта бар, тоқта жоқ. ( ) Көлде бар, жарда жоқ. ( )
Таңда бар, түсте жоқ. Ағада бар, ініде жоқ. Аңда бар, тісте жоқ. ( ) Шамада бар, іріде жоқ. ( )
Құдықта бар, апанда жоқ. Керуенде бар, көлікте жоқ. Құрықта бар, бақанда жоқ. ( ) Серуенде бар, серікте жоқ. ( )
3. Жасырын әріптерді тап. оларды жаз.
4. Көркем жазу минуты.
30-сабақ. Жыл мезгілдері.
1. Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген. Әңгіме құра.
2. Табиғат құбылыстарын жыл мезгілдеріне байланысты топтастыр.
3. Сәйкестендір.
31-сабақ. Сіз деген – әдеп, біз деген – көмек.
1. Суретке мұқият қара. Не байқадың?
2. Сыпайылықтың шыңына жету үшін баспалдақтарға сыпайы сөздерді жаз.
жаңбыр
дауыл
қар
ериді
соғады
жауады
3. Көркем жазу минуты.
Жыл бойы өткенді қайталау
32-сабақ. Дыбыстық талдау.
1. Суреттегі заттардың аттарын жаз. Және оларға дыбыстық талдау жаса.
2. Өз атыңды жалаушының суретімен жазып көр.
33-сабақ. Өз біліміңді тексер.
,
Ботақанның тапсырмалары:
1. Сөздердегі дауысты дыбыстардың астын қазыл қарындашпен, дауыссыз дыбыстардың астын көк қарындашпен сыз.
туыс, ардагер, батыр, қала, өрмекші
2. 3 сөзден және 4 сөзден құралған сөйлемнің сызбасын сыз.
Төрт түліктің тапсырмаларын орында.
Құлыншақтың тапсырмасы:
1. Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Ту, кеме
Бұзауқанның тапсырмалары:
1. Мектеп, торғай. Осы сөздерді қатыстырып мағыналы сөйлемдер құра. Сөйлемдегі зат есімдердің астын 1 сызықпен, етістіктің астын 2 сызықпен сыз.
1. Сұраулы сөйлемді тап.
а) Мен мектепке барамын.
ә) Алақай, мен мектепке барамын!
б) Мен мектепке барамын ба?
2. Зат есімді тап.
а) көгершін ә) алпыс жеті б) жылы
3. Етістікті тап.
а) дәптер ә) оқыды б) сексен
4. Сын есімді тап.
а) биік ә) өнер б) табиғат
5. Дұрыс жазылған сан есімді тап.
а) 20 – алты ә) 14 – он төрт б) к – қырық
6. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап.
а) қа – лам ә) ада – м б) қа – сқыр
7. Жіңішке дауысты дыбысы бар сөзді белгіле.
а) қаз ә) көк б) кілем
34-сабақ. Қорытынды бақылау тесті.
8. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын тап.
а) қ, к, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ
ә) л, м, н, ң, р, й, (у)
б) б, в, г, ғ, д, ж, з
9. Дұрыс құралмаған сөйлемді көрсет.
а) Құстар жылы жаққа ұшты.
ә) Шықты орманға оқушылар саяхатқа.
б) Мен сабақ оқыдым.
10. Ауыр сөзінің қарсы мәндес жұбын тап.
а) аласа ә) көрікті б) жеңіл
Мазмұны.
Мектеп білім ордасы..........................................................................................................................3
Біздің сынып.......................................................................................................................................4
Мен және менің достарым.................................................................................................................5
Дауысты дыбыстар. Оның түрлері....................................................................................................6
Жуан дауысты дыбыстар ..................................................................................................................7
Жіңішке дауысты дыбыстар..............................................................................................................8
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар ..............................................................................................9
Буын...................................................................................................................................................10
Дауыссыз дыбыстар.........................................................................................................................11
Қатаң дауыссыз дыбыстар ..............................................................................................................12
Ұяң дауыссыз дыбыстар..................................................................................................................13
Үнді дауыссыз дыбыстар ................................................................................................................14
Тасымалдау. .....................................................................................................................................15
Сөз ойла, тез ойла ............................................................................................................................16
Адасқан әріптер әлемі......................................................................................................................17
Мағынасы жуық сөздер....................................................................................................................18
Қарама-қарсы мағыналы сөздер .....................................................................................................19
Көп мағыналы сөздер.......................................................................................................................20
Өз біліміңді тексер...........................................................................................................................21
Сөйлемдегі сөздердің байланысы...................................................................................................22
Хабарлы сөйлем................................................................................................................................23
Сұраулы сөйлем................................................................................................................................24
Лепті сөйлем.....................................................................................................................................25
Заттың білдіретін сөздер – зат есім.................................................................................................26
Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.......................................................................................27
Заттың қимылын сөздер – етістік....................................................................................................28
Заттың сынын сөздер – сын есім.....................................................................................................29
Заттың санын сөздер – сан есім......................................................................................................30
Жұмбақ әріптер................................................................................................................................31
Жыл мезгілдері.................................................................................................................................32
Сіз деген – әдеп, біз деген - көмек..................................................................................................33
Дыбыстық талдау..............................................................................................................................34
Өз біліміңді тексер...........................................................................................................................35
Қорытынды бақылау тесті...............................................................................................................36
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.