Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қызықты математика -

Қызықты математика

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1376 | Размер: | Автор: гость
. Шымкент қаласы
№12 «Арман» бөбекжай-балабақшасы МКҚК
Тәрбиеші: Ақбөпеева Айнұр Байдалықызы
Қызметі: тәрбиеші
Стажы: 5 жыл

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Қызықты математика»

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным».
Оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математикалық ұғым. Тіл дамыту. Қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балалардың жыл бойы математикалық ұғымдар жөніндегі алған білімдерін тиянақты бекіту. Бірден беске дейін сандарды тура және кері санау. Геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратуға үйрету. Ойлау қабілеттерін, білімін дамыту. Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін, (оң-солғ алда-артта, алыс-жақын, жоғары-төмен т.б.).
Көрнекілігі: желім, қағаздар, қыл қалам, орамал.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық

қозғаушы

Тақпақтар
«Қай сан жоқ» ойыны:

Логикалық ойлау

Қонақ, бала ішке кіреді

Білімпаз шығып кетеді

Сергіту сәті:

Саусақтарды жаттықтыру

Рефлексивті коррекциялаушы

ҚР Мемлекеттік әнұраны. Сәлемдесу.
Ерте тұрып, күнде мен,
Тереземді ашамын!
Сәлем деймін күнге мен
Шаттық әнге саламын.
- Қайырлы таң апашым деймін келіп апама,
- Қайырлы таң аташым деймін келіп атама.
- Қайырлы таң апайым деймін келіп апайға,
- Қайырлы таң достарым! – деймін келіп досыма!
Балалар бүгін бізде ашық іс-әрекет.
Білім саласы: Таным.
Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғым.
Қонақтар, апайлар келді. Балалар біз өз білімімізді көрсетуге дайынбыз ба?
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бір аптада неше күн бар?
- Аптада күндерін атап өтейікші?

Балалар тақтаға ілінген бірден беске дейінгі сандарды тура және кері санайды. Орысша және ағылшынша санайды. Балалар маған сандар туралы тақпақ кім айтып береді?

Достарым мен «бір» дейді
Қарайды да бүйдейді.
Мұқтажсың қол, аяққа,
Ұқсап тұрсың таяққа.

Мен екімін балалар
Екі деген баға бар
Аз болған соң талабы
Үлгере алмай қалады.

Бірім артық, екіден,
Аздығыма өкінем
Кедерлі аттай тұсалып
Жүр біреулер «үш» алып.

Достарым мені төрт дейді,
Беске бірім жетепйді.
Бірақ үшке ағамын,
Жақсысымын бағмын.

Бір мен екі алмаңдар!
Үшке алданып қалмаңдар
Кілең төрттік алғандар
Мені ғана армандар.

Төрт дегенім – түлік
Жүргін мұны біліп
Жылқы, сиыр, түйе, қой
Санаңа мұны түйіп қой.

Стали дини короче
Солнце светит мало,
Вот пришли морозцы –
И зима настала.

1-ден 5-ке дейін сандар ортаға шығады, бір бала көзін жұмады. Көзін ашқанда қай сан жоқ екенін табу керек. 1-2 рет қайталанады. Ағашта құстарға жем шашу, санау, жоғарыда, төменде отырған құстарды атау.

Бес қоян ортада секіріп ойнап жүр. Екі қоян кетіп қалды, қанша қоян ортада қалды? Үш қоянға, бір қоян келіп қосылды, қанша қоян ортада жүр? Бес аю ортада жүр, үш аю кетіп қалды, қанша аю жүр?
Есік қағылып ортаға Білімпаз бала кіреді.

Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен Толағай тобына келдім бе?
Мен сендерге тапсырма алып келдім, міне қараңдаршы. Тәрбиеші білімпаз баланың сөмкесінен түрлі пішіндер алып, балаларға көрсетеді. Балалар пішіндерді атап, түстерін айтады. Үшбұрыштың неше бұрышы бар? Төртбұрыштың неше бұрышы бар?

Ортада, артында, оң жақта, сол жақта, алдын да айтып беру.

Бір дегенде білегімді түремін,
Екі дегенде суға қарай жүремін.
Үш дегенде қолға сабын аламын,
Төрт дегенде беті-қолды жуамын,
Бес дегенде беті-қолды сүртемін.

Шығармашылық ортаға барып, шығармашылық жұмыспен айналысады.
Қауіпсіздік ережелерін айтып өту.

Балалардың жұмысын көру.

Болу керек бір қарбыз
Біз көппіз ол жалғыз
Бір бөлігі – түлкіге
Бір бөлігі – кірпіге
Бір бөлігі – шаянға
Бір бөлігі – қоянға
Қабықтары қасқырға
Ашуланды қасқырлар
Қашу керек балалар.

Балалардың жұмысын көру, бағалау, мадақтау.

Заттар мен пішіндерді тануды жалғастыру.
Геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру. Балалар орындайды.

Балалардың барлығы тәрбиешімен, қонақтармен, достарымен сәлемдеседі.

Иә!
Қыс мезгілі.

Төртінші күні.
Жеті күн бар.
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі

Балалар тақтаға, сандарға қарап санайды.

Айда

Кәусар

Қарлығаш

Серікжан

Дамир

Алмас

Мақпал

Балалар шуламай қуанып ойынға қатысады.

Барлық балалар құстарды санайды.

Үш қоян қалды.

Төрт қоян жүр.

Екі аю жүр ортада.

Сәлеметсіз бе!
Иә, келдіңіз.

Үшбұрышы бар
Төртбұрышы бар

Балалар жауап береді. Балалардың барлығы қимылмен жасап билейді.

Балалар
жұмыспен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жұмыс жасайды.

Балалардың барлығы қимылмен жасап билейді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.