Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қызықты математика -

Қызықты математика

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4611 | Размер: | Автор: гость
. Әділбекова Лида Әділбекқызы

Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы
Дүкен негізгі мектебінің
бастауыш класс мұғалімі

Тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты: Оқушылардың математикалық сауатын анықтау, ынта- жігерін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сынып шараға сай безендірілген, математикаға байланысты цитатылар, тапсырмалар ілінген
Барысы:
1. Кіріспе
2. Монтаж «Математика өмірде»
3. Логикалық есептер шығару.
4. Тақпақ «Математика»
5. Әзіл сұрақтар
6. Математикалық викториналар
7. Қызықты фигуралар
8. Математикалық жаңылтпаш
9. Қорытынды

1. Кіріспе сөз.
- Сәлеметсіздер ме, жиналған оқушылар, ұстаздар!
- Кешті ұйымдастырушылар атынан жалынды сәлем! «Қызықты математика» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
- Мұнда сіздер математикалық монтаж, қызықты есептердің, фокустардың куәсі боласыздар.
- Сіздер тек көруші, тыңдаушы ғана емес, кешке белсене қатысушылар болсаңыздар, біздер оған еселеп қуанамыз.
Бірігіп бас қостық осында,
Ойланып, көңілді көтеріп.
Бір есеп жүрсе егер басыңда,
Оны да шешіп бір кетелік.
Бұл жерден естірміз талайды,
Есеппен сап басып не шуды,
Сол есеп әрқашан қалайды,
Өз мәнін дұрыстап шешуді.
Есептің қызығын көретін,
Боламыз десеңдер білімгер.
Ең дұрыс шешімді беретін,
Жауапты дәл таба біліңдер.

2. Монтаж «Математика өмірде»
Қазір сіздер «Математика өмірде» атты математикалық монтаж тыңдайсыздар. Монтажға қатысушылар 4 сынып оқушылары (монтажды орындаушылар көпшілік алдына шығады).

1-оқушы
Сан мен таңба тұр сап түзеп,
Орындап формула әмірін.
Кім айтсын ән-жырдан жақсы деп,
Есептің қоңырқай өмірін.

2-оқушы
Болмашы ойға алаң, сәл сабыр,
Мен айтсам, ағымнан жарылам,
Сенің бар айналаң, өмірің,
Есептің заңына бағынған.

3-оқушы
Заводтар салынып нуларда,
Шын оттар жанар ма жалынсыз.
Тепловоз рельспен зулар ма,
Математиканың заңынсыз.

4-оқушы
Ұшқыштар дыбыспен қоса өрлеп,
Космостық сапарды мықтасақ.
Осының бәрін біз жасар ма ек,
Алдымен есептеп шықпасақ.

3. Логикалық есептер шығару.
- Бір килограмм түбіт ауыр ма, әлде бір килограм қорғасын ауыр ма? (Жауабы: Салмағы бойынша екеуі де бірдей, ал алып тұрған көлемдері әр түрлі.)
- 26-ны 6 екі арқылы жазу керек. (Жауабы: 26=2*22:2+2*2)
- Тақтадағы жазылған төрт нүктені көрсетіп: Қаламның ұшын дәптерден көтермей төрт нүктені үш кесіндімен қос. (Жауабы: нүктелердің арасын екі бағытта қосуға болады.)
- Дорбадағы 10 асықты он бала бір-бірден алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай? (Жауабы: бір бала асықты дорбасымен алады.)
- Аулада тауықтар мен қойлар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу? (2 қой, 3 тауық. Өйткені: 4+4+2+2+2=14аяқ, 5бас)
- Бір торда 3 қоян отыр еді. 3 оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі де 1 қоян қалып қойды. Ол қалай? (“3 қоян”)
- 3 май шам жанып тұрды. Екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (2 май шам қалады)
- Үйдің әрбір бұрышында бір-бір мысық отыр. Әрқайсысына 3 мысық қарсы отыр. Үйде барлығы неше мысық отыр? (4 мысық)
- 2 адам шахматты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады? (2сағат)
- Қосарланып жегілген ат арбамен Жантілеу 20 шақырым жол жүрді. Әр ат қанша шақырым жүрді? (20шақырым)
4. Математикалық тақпақтар.
- Енді математикалық тақпақ тыңдаңыздар. 2-3 сынып оқушылары.
1-оқушы
Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым – сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрін де
Математика –
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
2-оқушы
Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді?
Немесе ол бір маңда, неге төмен шөкпейді?
Оны сақтап қалатын
Математика –
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
3-оқушы
Болам десең теңізші, не ұшқышты қаласаң,
Дәрігерлік те жақсы ғой, қызметке жарасаң,
Ал сол үшін біздерге
Математика –
Ең маңызды ғылым бұл.
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

5. Әзіл сұрақтар
1. 188 санын 2-ге бөлгенде 100 шығады. Қалай бөлер едіңіз?

2. XII рим цифрынан 7 санын қалай жасар едіңіз?

3. 5,4,3,2,1 цифрларын қатар жазып, оларды 85 саны шығатындай етіп қосу және азайту амалдарын жаз.

6. Математикалық викториналар
1. “Фокус” деген 5 сөзден 7 рет фокус сөзі шығатындай етіп жаз.

2. Сегіздіктен 1000. Тек қосу таңбасын пайдаланып, сегіз – сегіздіктен 1000-ды құрастыру керек.

3. Оңынан оқы-сол сан
Сол оқы - сол сан

7. Қызықты фигуралар

1. 1,2,3 цифрларын пайдаланып, толтырғанда бос торкөздерге пунктир сызықтар бойынша есептегенде қосындысы 6-ға тең болуы керек. Кім бұрын толтырса, сол ұтады.
2 3 1
1 2 3
3 1 2

2. 9 шырпыдан 5 үшбұрыш және 7 шырпыдан 3 үшбұрыш құрастырамыз.

3. Суретте бесбұрыш бар ма?

8. Математикалық жаңылтпаш
Мұғалім жаңылтпашты айтып береді, оқушылар жаңылғанша қайталайды.
Жоғалды бес шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды бес шыбыш
9. Қорытынды:
Құрметті «Қызықты математика» тақырыбындағы кешке қатысушы оқушылар! Бүгінгі кешімізге белсенділікпен қатысқандарыңыз үшін рахмет! Білім атты теңізде еркін жүзіп өтулеріңізге тілектеспін!
Енді қатысушы оқушыларымыздың жинаған ұпайларын санайық. Кімнің ұпайы жоғары сол жеңіске жетеді. Фишкалар саналып, оқушылар дипломмен марапатталады.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!
Қош сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.