Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өз мүмкіндігімізді таниық. -

Өз мүмкіндігімізді таниық.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2179 | Размер: | Автор: гость
. Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қаласы №4 қазақ орта мектебі.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Кужаниязова Гулдана Кубантаевна

Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі
Мерзімі :
№: 4 сабақ.
Тақырыбы: Өз мүмкіндігімізді таниық.
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: бағалау,іске асыру,өз мүмкіндігі
Мұғалім: Кужаниязова Гульдана
Класс: 6
Сабақ мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу.
Міндеттері:
1. Оқушыларға өз мүмкіндігі туралы түсінік беру;
2. Әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету;
3. Өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу. Ресурстар:
Оқулық, дәптер (аудио,видио жазбалары )
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т
2.Тыныштық сәті.
«Күннің нұры» (5 минут)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.
Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеіңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр

бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат пен Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру:
4 сабақты қарап ,оқып келіңдер.
Шығармашылық жұмысты толықтырып келу.
Қазақстанның ең әдемі жерлері туралы мәлімет жинап келу және суреттерін жинақтау және дәптермен жұмыс
Сабақ барысын талдау:

4.Дәйексөз.
Адам,ғалам ғажайып жеке дана,
Жан құмары-ізденген мәңгі сана
Өзіңді-өзің танысаң-істің басы;
Түзеген өз ғаламын болған дана
Әл-Машани
Бәріміз қосылып айту.
2рет ұлдарға, 2рет қыздарға, 1рет хормен айту.



4.Әңгімелеу. Жаңа ақпаратпен таныстыру.

«Менің атым Қожа» бейнеролик
(Үзінді)
1. Қожаның өз қателіктерін түзетуге мүмкіндігі бар ма?
2. Қожаның өз мінез-құлқы жайлы ойлауына не мәжбүр етті?
3. Қожаның орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Барлығымыз ақ қағаз алып, өз мінезімізді жазып ортаға салайық, содан соң кезекпен кезек оқып шығамыз.
«Мен өзіме және өзімнің достарыма амандық тілеймін...» деп барлығымыз өз тілектерімізді білдірейік.
Балалар тілек жазылған құттықтау жүрекшелерін қалаған жолдасына береді.


6.Топпен ән айту.
«Аман болсын, адамдар» Сөзі О.Әубәкіров
Әні Ә. Бейсеуов
Айналайын Адамдар,
Болашаққа аман бар!
Жұмыр жерде ғұмыр бар
Ғұмырлы бол Адамдар!
Қайырмасы:
Балдан тәтті балаң бар,
Бала баққан анаң бар.
Шошытпаңдар екеуін,
Айналайын Адамдар!
Айналайын Адамдар,
Келер күнге адал бар.
Бөбек өсіп келеді
Алды- артыңа қараңдар!


7.Үй тапсырмасы.
5 сабақты қарап ,оқып келіңдер.
1-4 сабаққа талдау жасап келу.Яғни түйінсөз


8. Соңғы тыныштық сәті.
- Енді көзімізді жұмып, осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.