Меню
Назад » » »
Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
загрузка...

загрузка...
Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
«Менің мектебімнің бастапқы жағдайы қандай?» атты рефлексиялық есепте іс – әрекеттегі зерттеудің бірінші қадамы, мұғалімдердің педагогикалық стратегиялар ауқымы, оларды іске асыру жолдарын біріктіру қабілеті, сондай-ақ оларды тиімді және орынды пайдалана алатын педагогикалық орта яғни оқу мен оқыту үдерісіндегі проблемаларды анықтау жөнінде айтылған болатын.Сол анықталған проблемаларды ескере отырып, іс – әрекеттегі зерттеудің екінші қадамы - іс – әрекеттегі зерттеуді, мектептің даму жоспарын жоспарлау қажет.Осы ретте алдымен келесі сұрақтарға жауап беруді жөн санап отырмын.
1. Мұғалімдер әдістер мен педагогикалық стратегияларды жеткілікті меңгерген бе,сондай ақ оларды біріктіріп қолдану қабілеті,тиімді және орынды пайдалану жөнінде жеткілікті білімі бар ма?
а) Иә, біз оны әрқашан істейміз және дәлелін ұсынуға дайынбыз: Бұл сөздерімді дәлелдеу үшін мына дәлелдерді ұсына аламын:Біздің мектеп мұғалімдерінің 97% жоғары білімді мұғалімдер құрайды.Мұғалімдер қатарынан «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламалары» бойынша он екі мұғалім үшінші (базалық) деңгей бойынша екі мұғалім екінші (негізгі) деңгей бойынша екі мұғалім бірінші(Ілгері) деңгейде оқу курстарынан өткен.Осы мұғалімдер ұйымдастыруымен мектепте мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар мен коучингтер өтіліп тұрады.Мұғалімдердің сабақтарына кіріп шыққанымда байқағаным , сабақ барысында оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін тиімді қолдану жақсы жолға қойылған.Мұғалімдер өткізген сабағынан кейін сабақтағы қолданылған тәсілдердің тиімділігі туралы ой бөлісу , пікірлесу жүргізіп отырады.Сабақ барысында оқушыларды ойларын еркін жеткізу , пікірлерін еркін білдіру дағдыларын меңгертуге көп көңіл бөлінеді. Үшінші (базалық) деңгей бойынша куртан өткен мұғалімдер мектептегі практикасында жеті модульді ықпалдастыру жұмыстарын тиімді жүргізіп отыр.Мектеп әкімшілігі тарапынан бұл мұғалімдер сабағына әдіс алмасу және үйрену мақсатында жас мұғалімдерге ену міндеттелген.Сонымен бірге мектебімізде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында коучинг пен тәлімгерлік жұмысы да жақсы жолға қойылған.Бұл үрдісті І және ІІ деңгей бағдарламасын оқып бітірген мұғалімдер жүргізуде.Мұғалімдерге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс – әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық түрлерін біріктіруші фактор болып табылады (МАН 40 бет) демекші, мектептегі мұғалімдердің сабақ берудегі стратегияларды білу мен оларды тиімді қолдану жолдарын үйрету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.Алайда осы үрдістер арқасында мектебіміздің барлық мұғалімдері білім беру стратегияларын жетік меңгерді десем бұным шындыққа жанаспас еді.Мектепте әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстар жетерлік.Бұл жерде менің айтайын деп отырғаным, мектепте кездесіп жатқан кәсіби кедергілер туралы.Бұл келеңсіздіктер мен кемшіліктерді жеңуде мен мектепте өткізілетін коучингтер мен тәлімгерлік жұмыстарын жүйелеу керек дегім келеді,сол арқылы жағымды өзгерістерге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Бұл өзгерістер белгілі бір құзыреттіліктерге айтарлықтай әсер етеді, оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын тиімді қалыптастыра алу үшін мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгеруге тиіс. Осылайша оқушыларды оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімдерді оқытуда да жаңа тәсілдерді талап етеді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 68 бет)
Бірінші деңгей бағдарламасы тәжірибелі мұғалімдерді өз мектептерінде құзырлы коуч пен тәлімгер болуға үйретуге бағытталған. Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған мұғалімдер оқу қоғамдастығын құрып, жаңа идеяларды іске асыру үшін өз мектебінде тәжірибеге өзгеріс енгізуді және әріптестерімен жүргізілетін жұмысты ойластырып, оны жоспарлауды бастайды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 42 бет)дегендей мен де өз мектебімде өзгеріс жасауға ниеттімін.
2. Мұғалімдер бірлескен оқуға , оқушылардың «жаңалық» ашуына ықпал ететін , өздігінен оқуға және оқушының өз бетінше жасаған жеке «жаңалығын» ашуға көмектесетін стратегияларды пайдалана ма?
ә)Жоқ , біз оны істемейміз және бұл саланы басқа тәсілмен дамытамыз :Қазіргі технологиялардың өте жылдам қарқынмен даму кезеңінде білім саласында да өзгерістер болуда.ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты , кертартпалықты көтермейді.Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр.Осындай жылдам әрі қарқынды даму кезеңінде біздің мектепте де оқушылардың әлемде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар ағымынан қалып кетпеуін қадағалау мақсатында дарынды, талантты балаларды дамыту мақсатында құрылған кешенді жоспар негізінде жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда мектепте оқушылар арасында анықталған дарынды – талантты балалармен жеке жұмыс жүргізу жолға қойылған.Сыныптағы сабақ барысында оларға тапсырмалар жиынтығы да өзгеше,күрделендіріліп беріледі.Мұғалім тарапынан бұл балалардың даму аймағын қадағалау , дамыту жұмыстары жүргізіледі.Алайда бұл жерде менің көзқарасым, мектептің бұл жердегі жұмысын дамыту қажет.Себебі дарынды балаларды дайындау,оқыту мен тәрбиелеу жұмысы барысында сынып жетекші жалғыз қалып кетіп отыр.Сыныпқа сабақ беретін басқа мұғалімдер тек сынып жетекшіге ақыл – кеңес берумен ғана шектеледі.Бұл дұрыс емес.Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады(мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей 21 бет) сонда ғана бұл салада жетістіктерге жетеміз.Бұл саладағы көп жұмыс тек қағаз жүзінде қалып қояды.Мен мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстарға қосымша ретінде , жұмыс жоспарына мынадай іс-әрекеттерді қосуды ұсынамын: оқушылар бойында өз бетімен оқып үйренуді ұйымдастыру , дамыту.Оқушылар бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды мұражайларға саяхатқа апару,өнер қайраткерлері ,ақын – жазушылармен кездесу өткізу , түрлі тақырыптарда пікірталас,кездесу өткізіп алған әсерлері бойынша шығарма жазу байқауларын өткізу.Мұндай іс шаралар оқушы бойында әлі де байқала қоймаған қабілеттерді ашады.Біз дарынды балаларды атағанда ,оларды бөлгенде, тек оқу озаттарын ғана ерекшелеп, дарындылар қатарына қосамыз.Шындығында дәл сондай ма?Дарынды балалар тек оқу озаттары ғана емес,менің ойымша,баланың барлығы дарындылыққа қабілетті.Біздердің мұғалімдердің міндеті- сол дарындылықты аша білу және дамыту.
3. Мұғалімдер тұтастай алғанда оқу үдерісінің мәнін , жекелеген оқушыларды ынталандыру жолдарын , олардың эмоциялық ахуалын және сыныптан тыс өмірін терең түсіне ала ма?
а) Иә, біз оны әрқашан істейміз және дәлелін ұсынуға дайынбыз: Мектепте сынып жетекшілер тарапынан оқушылар бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру , патриоттық сезімдерін ояту мақсатында көптеген кешенді іс- шаралар жасалады.Мектептегі әрбір сынып жетекшіде сыныбындағы оқушылардың ата – аналармен байланыс дәптерлерімен жұмыс жақсы ұйымдастырылған.Барлық мектептердегідей біздің мектепте де оқу жылы барысында пән әдістемелік бірлестіктерінің апталықтары өтілетіні сіздерге мәлім,ал біздің мектепте пән апталығынан бөлек тәрбие апталықтары өткізіледі.Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде жасалған жоспар бойынша оқу жылы барысында тәрбие апталықтары өтіледі.Тәрбие апталықтары барысында түрлі іс – шаралар , кездесулер , тәрбие сағаттары мен мерекелік кештер ұйымдастырылып өткізіледі.Сонымен бірге оқушылардың эмоциялық ахуалын зерттеу мақсатында сынып жетекшілер оқу жылы барысында әрбір жеке оқушыға бақылау жүргізеді.Әр оқушыға арналаған жеке папка арналып жүргізген бақылау нәтижелері , зерделеу жұмыстарының талдаулары салынады.Бұл саланы әлі де дамыту керек екенін ескеріп, мен мыналарды ұсынар едім: Ата-аналармен байланыс дәптерлері қанша жерден жақсы жүргізілгенмен, бар жағдайды туырлауға қауқарсыз ,тәрбие апталықтары мен жеке зерттеу жұмыстары оқушылар туралы бар мәліметті жинақтауға жақсы болғанмен, сол мәліметтерді қолдануда әлсіздік танытады.Мектеп жұмысына кері байланыс беру мен алуды енгізсек, алдыңғы айтылған жұмыстар мен бірлесе бұнымыз неғұрлым жақсы нәтиже берер еді.Кері байланыс (ағылшын.feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі , реакциясы екен.Адамдардың барлығына тән қасиет істеген іс әрекетімізге басқа біреудің айтқан сырт пікірін тыңдағымыз келеді.Сырт пікір бізге білім мен әрекеттерімізді түзету , өзгерту , жақсарту мүмкіндігін береді.2013 жылдың наурыз айында Амстердамда өткен «Ұстаз сапасы» атты оқытушылық қызметтің Халықаралық Саммитінде оқу мен оқытудың сапасы көп жағдайда кері байланысқа тәуелді екені аталды.Ұстаздардың оқушылар тәрбиесіне жасайтын ықпалын бағалау өте қиын , алайда ата – ана , оқушылар мен қоғам мүшелерінің кері байланысы осы мәселені айқындауға қолғабыс болады.Саммит мұғалімдерге өздерінің кәсіби біліктілігін жақсарту үшін кері байланыстың өте қажет екендігін және біраз жетістіктерге бастайтындығын кеңінен атап көрсетті.(http://asiasociety.org/teachingsummit) Егерде біз жоғарыда айтқан ата-аналармен байланысу құжаттары , мектепте жеке тұлғаны тәрбиелеуге арналған іс- шаралар және оқушылардың іс- әрекеттерін зерделеу құжаттарын жүргізу барысының барлық кезеңдеріне кері байланысты кіріктірсек, онда ,әлбетте, біздің жұмыстарымыздың тиімділігі артар еді деп сеніммен айта аламын.
4. Мұғалімдер басқа мұғалімдермен , басқа білім беру ұйымдарының,кәсіби қоғамдастықтардың мұғалімдерімен және мұғалімдер тәлімгерлігін қамтитын басқа да қарым – қатынастарда бірлесіп жұмыс істей ала ма?
а) Иә, біз оны әрқашан істейміз және дәлелін ұсынуға дайынбыз:
Мектепте«Бәйтерек»кәсіби қоғамдастығы2014 жылы құрылған.Қоғамдастық өз шеңберінде мектеп мұғалімдеріне және ата-аналарға қазіргі кездегі педагогиканың тиімді әдіс-тәсілдерін тарату жолдарын жақсы жүргізуде.Қоғамдастық мақсаты мектеп мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу , білім мен біліктілікті дамыту,ортақ жұмыс жоспарын жасау , проблемаларды анықтау және бірлесіп шешу етіп алынған.Қоғамдастық жұмысы өзінің жемістерін де беріп жатыр.Қоғамдастық мүшелерінің ұйымдастыруымен мектепте өткізілген дөңгелек үстелдер мен семинарлар арқасында мұғалімдердің барлығы дерлік педагогиканың қазіргі кездегі тиімді әдіс тәсілдерімен таныс болып , өз іс тәжірибелерінде қолданып жүр.Кәсіби қоғамдастық мүшелері жұмысының табысының бірі деп облыс көлемінде өткізілген «Әлем өзгереді,мен де енді өзгеремін» апталығы.Осы апталыққа эксперт ретінде Алматы қаласынан А.Алимов келіп , оң бағасын беріп кеткенін айтуға болады.Сабақта қолданған әдіс-тәсілдерінің тиімділігіне көздері жеткен мұғалімдер өз әсерлерін желілік қоғамдастық сайтында талқылауды әдетке айналдырған.Алайда қоғамдастық жұмысында дамытуды қажет ететін тұстар да жоқ емес.Мысалы мектепте қоғамдастық жұмыстарына тартылмаған мұғалімдер де бар.Олар қоғамдастық жұмысы тек деңгейлік курстарға барып келген мұғалімдерге қатысты деп қабылдайды.Олардың мұндай қате пікірін өзгерту- қоғамдастық жұмысының ары қарай дамуы үшін өте қажет.Мектепте әр түрлі топтар құру мақсатында бізге түрлі әдістер арқылы адамдарды біріктіру қажет.Шағын топтардың көзқарастары , «ақсүйектік әдеттері» қоғамдастықтың сенімділігін тез арада жоюуы мүмкін.(Мұғалімге арналған нұсқаулық І- деңгей.64 бет)Сонымен бірге қоғамдастық жұмысына басқа мектеп қоғамдастықтары , жоғары оқу орындары , ата аналар әліге дейін толыққанды тартылмаған.Болашақта кәсіби қоғамдастық жұмысына басқа оқу орындары мүшелерін ата аналарды тарту арқылы және мектеп ұжымының барлық мүшелерін тарта отырып , мектептің білім деңгейін дамытуға болары сөзсіз.
5. Мұғалімдер білім беру технологияларын пайдалану дағдыларын, сондай- ақ оқушылардың оқу үдерісін бақылауды оңтайландырудың тиімді құралы ретінде ақпараттық менеджмент жүйелерін жетік меңгерген бе?
ә) Жоқ , біз оны істемейміз және бұл саланы басқа тәсілмен дамытамыз :Мектепте АКТ құралдары жеткілікті деп те айтуға болады.Бірақ мұғалімдеріміз бұл салада ақсап жатқаны жасырын емес.Мұғалімдер бұл саланы меңгерудің аса қажет екенін түсінеді. Себебі сабақта , білім мен тәрбиелеу үдерісінде АКТ- ыны тиімді қолдану-бүгінгі заман талаптарының бірі.Осыны түсінген мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдерін АКТ- ыны қолдануға үйрету курстары мектепте жұмыс істейді.Ақпараттық менеджмент мектепте жоқ деп айтсам да болады.Оқу үдерісін бақылау сынып жетешілер берген мәліметтерге мониторинг жүргізу арқылы орындалады.Осы жерде мен мектепте егер осы мониторинг орнына e-larning жобасын мектеп жұмысына кіріктірсек, мектептегі білім беру технологияларын пайдалану мен оқушылардың оқу үдерісін бақылаудың оңтайлы жолы болар еді деп ойлаймын. e-larning жобасының артықшылықтары : мұғалімдер электрондық күнделік пен журналға тек баға қою мен шектелмей , оқушы үлгерімін қадағалай алар еді,мектеп әкімшілігі нормативтік – құқықтық базаны жүргізу , есептер мен құжаттарды әзірлеуді автоматтандыру , жылдамдатуға қол жеткізер еді , оқушылар үшін мұнда барлық қажетті модульдер және жүйелер бар , ата аналар өз баласының үлгерімі және оқуға қатысуы туралы дәйекті ақпарат алар еді.Менің ойымша, бұл жоба болашақта мектептердің барлығына енгізіледі деп сенемін.
6. Мұғалімдерге оқу ортасын әзірлеу , іске асыру , басқару және жоспарлауды әріптестерімен бірлесіп жүргізуге қабілетті ме?
а) Иә, біз оны әрқашан істейміз және дәлелін ұсынуға дайынбыз:
Мектепте оқу жылы басталарда пән бірлестіктері оқу жоспарларын бірлесіп жасайды.Ұсынылған жаңа идеяларды бірлестік өз отырысында қарап шығып , тиімділігі анықталса енгізу туралы ұсыныспен мектеп әкімшілігіне шығады.Егер бұл идея тиімділігі анықталса,мектепішілік көлемде тарқатылады.Мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер сабақтарын бірге жоспарлайды.Бір – бірінің сабағына еніп , сабақтың өту барысын , оқушылардың сабаққа қатысымын зерттей отырып , жіберілген кемшіліктерді сабақ соңынан талқылайды.Келесі сабақта осы кемшілікті жібермеу үшін сабақты бірлесе жоспарлайды.Әрине, мектеп мұғалімдерінің барлығы осы жұмысқа тартылған десем, бұным тағы да шындыққа жанаспайды.Мектеп мұғалімдері арасында бірлескен жұмысты енгізуде мен тәлімгерлік жұмысты кеңінен қолдануды ұсынар едім.
7 . Мұғалімдере өз тәжірибесінің негізінде білім алу үшін өз іс – тәжірибесін сыни бағалау қажет пе?
ә) Жоқ , біз оны істемейміз және бұл саланы басқа тәсілмен дамытамыз :Әрине , мұғалімдерге өз іс – тәжірибесін неғұрлым тиімді ету үшін атқарып жатқан жұмыстарына өздерінің сыни бағалау өте қажет.Бірақ мектепте мұғалімдер іс – әрекеттен зерделеу мақсатында жазба жұмыстарын жүргізбейді.Мектеп мұғалімдері арасында жетістікке жеткен ұстаздар жетерлік.Алайда бұл мұғалімдер жеткен жетістіктері мен атқарған жұмыстарынан кейін өз жұмыстарына сыни бағалау – рефлексия жасамайды.Мектеп ұжымы және жеке практикада рефлексияның тиімділігі зор.Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді:адам өзінің ішкі жан – дүниесін жан жақты қарастырады,яғни өзін – өзі зерттейді.Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болады. «Рефлексия» сөзі латын тілінен аударғанда «reflexio» - «артқа қарау» деген мағынаны білдіреді.Рефлексия жасаған адам жасап жатқан іс әрекеттерін бір сәт доғарып , өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп , өзімен – өзі әңгімелеседі,сырласады , әрекеттерін талдап , оларға баға береді .Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді , кемшіліктерін түзейді,оларды болдырмаудың жолдарын іздейді, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды.Мектеп мұғалімдерінің жұмысының бір бөлігі ретінде рефлексияны енгізсек, мұғалім жұмысы аса тиімді болар еді.Болашақта мектеп жұмысына рефлексияны коучингтар барысында үйретіп мұғалімдердің жұмыс құралдарының бірі ретінде енгізуді жоспарлап отырмын.Сонымен бірге мектепте оқушыларды әр сабақта рефлексия жасауға үйрету керек.Өйткені оқушы рефлексия жасай алмаса, онда ол өз әрекеттерін түсіндіріп , оларға талдау жасап , бағалай алмайды.Өзінің оқу әрекеттерін ғана орындап , өзінің дамуындағы маңыздылығын түсінбейді.Рефлексия жасай алмайтын оқушы өзінің өзгерістерін байқамайды.Басқаша айтқанда рефлексия жасау арқылы оқу мен оқыту үдерісін жетістікке жетелей аламыз.
Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып маған іс – әрекеттегі зерттеу жұмысы барысында нақты мақсат қоюға алған сауалнамаларым , кәсіби кеңестер көмек болды.Әрине, аз ғана уақытта мектептің жағдайын толық зерттеп,анықтап шығудың мүмкін емес екенін білемін. Менің зерттеудегі басты мақсатым - мектеп мұғалімдерінің кәсіби білім деңгейі мен сапасын анықтау және білім беру жүйесін аздап болса да демократияландыру жолын қарастыру, жаңа тәсілдердің тиімділігін дәлелдеу,пайдалы ресурстарды жинақтау, қорытынды жасау.Мектептегі өзекті проблемаларды анықтап,мақсатқа жету жолында қолжетімді болатын мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстарын әріптестеріммен бірге жүргізу.Мұғалімге де,оқушыға да тиімді,алған білімдерін болашағында пайдалана алуға мүмкіндік тудыратын оқытудың сан түрлі,жаңа педагогика-лық әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалана білуге ықпал ету.
Мен мұғалімдерден,оқушылардан, ата-аналардан алған сауалнамаларымды саралай келе,мектептегі өзекті мәселелер ынтымақтастық оқуды,яғни топтардағы бірлескен және ұжымдық жұмысты дамыту,оқушылар бойында өздігінен реттелетін оқу дағдыларын қалыптастыру екенін анықтадым . Мектеп әкімшілігі мен кәсіби қоғамдастық мүшелерімен талқылай келе,алдағы атқаратын зерттеу және дамыту жұмыстарымыздың басты тақырыбы «7 сынып оқушыларына Қалай оқу керектігін үйрету маңызы» деп анықтап алдық. Әрине,бұл мектепте оқу мен оқыту үдерісінде кезесетін көптеген проблемалардың бірі ғана. Әйтсе де, ынтымақтастық өзекті мәселелерді шешудің ең басты,бірден - бір жолы екеніне назар аудардық.Өйткені бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дамиды, оқушылар түрлі көзқарастарды тыңдап,өз идеяларын айтып,қорғайды.Біз нәтижеге қол жеткізуіміз үшін мектепті дамытудың орта мерзімді жоспарын жасап алдық.
Мақсатым:7-сынып оқушыларының білім алу үдерісінде жақын арадағы даму аймағын құру арқылы зерттеушілік , танымдық қабілеттерін дамыту
Даму жоспарының басымдықтары: 1. Оқушыларды білім игеруде өздігінен білім алуға дағдыландыру.2. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту 3.Оқушылар алған білімдерін талдай , бағалай алуын дамыту
Күтілетін нәтижелер: 1. Оқушылар арасында ынтымақтастық орнайды , оқушылардың 11% өздігінен білім алуға талпынады. 2. Оқушылардың 11%-ның зерттеушілік дағдысы қалыптасады. 3. Оқушылар алған білімдерін талдайды , қолданады.
Мектепті дамыту жоспарын іске асыру үшін,мақсатымызға жету үшін әріптестеріммен бірге кәсіби қоғамдастық құру,тәлімгерлік жасау,коучингтер өткізу,зерттеу сабақтарын ,кәсіби әңгіме жүргізу,рефлексия жасау сияқты жұмыстарды жоспарлау кезеңінде ,толғандырған проблемалар мен бөлісу барысында мен тарих пәнінің мұғалімі Г –мен ой бөлістім.Ой бөлісу барысында мен Г –ға тәлім алушы болуын ұсындым. Ол мұғалім бұл туралы айтқанымда келісімін берді.Бұл мұғалімді таңдау себебім Г үшінші деңгей бағдарламасы бойынша курстан өткен , тәжірибелі ұстаз.Тәлімгерлік жоспарын жасауда сауалнамада анықталған проблемаларды және кедергілерді жеңу үшін бізге қажетті стратегияларды саралай отырып жоспарды бірлесіп жасадық.
Мектепте жоғарыда аталған өзгерістерді енгізу барысында мен мектеп әкімшілігі мен кәсіби қоғамдастық мүшелеріне сүйене отырып жасамақпын.Менің жоспарымды мектепте деңгейлік курстан өткен мұғалімдер кеңесіне салғанымда, жоғарыда аталған мұғалімдерден қолдау табатыныма көз жеткіздім.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. І (ілгері деңгей) 2014 жыл.
2. http://asiasociety.org/teachingsummit) сайты

Көшбасшының жеке жұмыс жоспары
№ Атқарылатын жұмыс Мақсаты Мерзім
1 Мектеп басшысымен сұхбат Мектептің қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау 02.03.2015ж
2
Мұғалімдер , оқушылар мен ата – аналардан сауалнама алу

Мектеп әкімшілігімен бірлескен кеңес.
- Өткен жұмыстарды бағалау
жоспарлау Мектептің қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау
Мектеп әкімшілігімен бірлесе мектеп даму жоспарын жасау, басымдықтарын анықтау 03.03.2015ж

3 «Шебер сынып» өткізу
Тәлім алушыны анықтау Іс – тәжірибе барысын жоспарлау 04.03.2015ж
4 Тәлім алушымен бірге коучингтарды жоспарлау Өткізілен коучингтерді жоспарлау 05.03.2015ж
5 Тәлім алушы «Сыныпта әлеуметтік байланысты орнатудың маңызы» атты тақырыпта коучинг
Тәлім алушымен сұхбат.
Тізбектелген сабақтар өтетін тәлім алушыны анықтау,сабақтарды жоспарлау
- Мұғалімдерге сабақ кезінде әлеуметтік байланыс орнатудың тиімділігін түсіндіру , үйрету
- Өтілген коучингті саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру
Өтілетін сабақтарды жоспарлау 06.03.2015ж
6 Мектеп мұғалімдеріне арналған тренинг өту Мектеп мұғалімдеріне оқыту мен оқудың тиімді әдіс – тәсілдерімен таныстыру , үйрету 10.03.2015ж
7
Коучинг «Сыныпта өздігінен білім алатын ортаны құру жолдары»

Тәлім алушымен коучингтен кейінгі сұхбат Мұғалімдерге оқушылар бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруды үйрету
Өтілген коучингті саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру 11.03.2015ж
8
Тәлім алушыны қолдаушы сабақ өтеді
Тәлім алушыны қолдаушымен сабақтан кейінгі сұхбат Коучингте меңгерген тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың арасында оқу ортасын құру
Өтілген сабақты саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру 12.03.2015ж
10 Кәсіби қоғамдастық жетекшілері «дөңгелек үстел өтеді» Кәсіби қоғамдастық мүшелерімен бірлесе жаңа технологияларды сабақ үдерісіне кіріктіру жолдарын үйрету 13.03.2015ж
11
Тәлім алушыны қолдаушы сабақ өтеді
Тәлім алушыны қолдаушымен сабақтан кейінгі сұхбат Коучингте меңгерген тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту оқу
Өтілген сабақты саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру 14.03.2015ж
12
Коучинг «Оқу үдерісінде ҚОК үйретудің маңызы »
Тәлім алушымен коучингтен кейінгі сұхбат Оқыту мен оқу үдерісінде ҚОКҮ модулінің қолдануының тиімділігін түсіндіру , үйрету
Өтілген коучингты саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру 16.03.2015ж
13
Тәлім алушыны қолдаушы сабақ өтеді
Тәлім алушыны қолдаушымен сабақтан кейінгі сұхбат Коучингте меңгерген тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, оқу танымын кеңейту
Өтілген сабақты саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру 17.03.2015ж
14
Коучинг «Оқушылардың зерттеушілік және танымдық дағдыларын қалыптастыру жолдары»
Тәлім алушымен коучингтен кейінгі сұхбат Мұғалімдерге оқушылардың зерттеушілік және танымдық дағдыларын қалыптастыруды үйрету арқылы оқушылардың оқу ептілігін дамыту
Өтілген сабақты саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру 18.03.2015ж
15 Тәлім алушыны қолдаушы сабақ өтеді
Тәлім алушыны қолдаушымен сабақтан кейінгі сұхбат
В есебін аяқтау Коучингте меңгерген тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, оқу танымын кеңейту
Өтілген сабақты саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру 19.03.2015ж
16 «Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту жолдары» атты тақырыптағы мектепішілік конференцияны жоспарлау
Д есебін аяқтау Жаңа әдіс – тәсілдерді оқу мен оқыту үдерісіне кіріктіруді жүйелі жоспарлау 20.03 – 31.03.2015ж
17 «Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту жолдары» атты тақырыптағы мектепішілік конференция Жаңа әдіс – тәсілдерді оқу мен оқыту үдерісіне кіріктіріледі 2.04.2015ж
18 Мектепте жүргізілген іс – тәжірибе жұмысына мониторинг жүргізу
Мектепте жүргізілген іс – тәжірибе жұмысын бағалау
Е , F есептерін аяқтау Іс – тәжірибе жұмысын зерделеу
Іс – тәжірибе жұмысының тиімді – тиімсіз жақтарын анықтау , талдау , бағалау 5-6 апта Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек? можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 788 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Барлық пікірлер: 0
avatar