Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әз-Наурызым, Қош келдің! -

Әз-Наурызым, Қош келдің!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1078 | Размер: | Автор: гость
. Әз-Наурызым, Қош келдің!

2016 жылғы 18-наурызда Рудный қаласының «Балдәурен» мектепке дейінгі дамыту және тәрбиелеу орталығында музыкалық жетекші Гүлайым Абуталипованың ұйымдастыруымен «Наурыз – біздің Жаңа жыл» атты ұлыстың ұлы күніне арналған жалпы ертеңгілік мереке өтті. Ертеңгілікке барлық топтар қатысып, өздерінің әндерін, билерін, ұлттық ойындарын ойнады. Ертеңгілік топаралық жарыс түрінде және ең бастысы ұлттық нақышта өтті. Ертеңгілікті музыкалық жетекші Гүлайым Абуталипова және тәрбиеші Нағима Тобашева өткізді. Ертеңгілік музыкалық жетекші Гүлайым Абуталипова, тәрбиеші Нағима Тобашева және орталық қызметкері Зәуреш Сыздықова үшеуінің орындауындағы «Саржайлау» әнімен басталды, әрі қарай Жаскен мен Томирис атты бүлдіршіндердің айтысымен жалғасты. Балалар жастарына сай ұлттық және орыс тілдегі Наурыз туралы тағылым мол насихатлы тамаша әндер айтылып, ұлттық – «Қол күрес», «Кім епті», «Қыз қуу», «Арқан тартыс» және т.б. ұлттық нақыштағы ойындар ойналып, Жарапазан айтылды және қазақтың ұлттық Төс қағыстырып амандасу салты (көрісу) салт-дәстүрі бүлдіршіндерге және барлық орталық қызметкері арасында жасалды. Бүлдіршіндер орталық қызметкері Әділхан атайдың батасына бөленіп, соңында барлық орталық қызметкерлері бүлдіршіндермен қосылып «Дастархан» және «Жар-жар» әндерін шырқады. Ертеңгіліктен кейін бүлдіршіндер нағыз қазақы нақышта қол жуып, үлкен дастархан басына отырып ұлттық тағамдардан ас алып және тәттілерден дәм тәтті.
Мереке өте көңілді болды.
....Әр күніміз, әр минутымыз осылай белгісіз, тез, байқалмай бақытты өтіп жатқанын сезбей және өзіміз де, өзгені де керемет бақытты күндерге, сәттерге бөлесек, бізден бақытты адам жоқ шығар деп ойлаймын. Наурыз мейрамының керемет сәттеріне қазірден бөленіп, аталмыш орталықтың жандарын да бөлеп жүрген..........
«Балдәурен» мектепке дейінгі дамыту және
тәрбиелеу орталығында музыкалық жетекші Гүлайым Абуталипова.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.