Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Заман талабына сай білім беру бағытында -

Заман талабына сай білім беру бағытында

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1673 | Размер: | Автор: гость
. Заман талабына сай білім беру бағытында
«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі болып қала бермек. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,- деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеді. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде.
Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көпмәдениетті ортада бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам басқан уақытта халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіріп, әлемдік сапа деңгейіндегі білім мен білік дағдыларына негізделген білім беру жүйесін құру кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі уақытта әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр. Бүгінгі мұғалімнің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалап қоймайды, сонымен бірге ол өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа белгісіз жағдайда әрекет етуіне, олардың өз бетінше әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, тиімді пайдалану икемділіктерін қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды.
Осы мақсатта мектебімізде ілгері деңгей мұғалімдерінің басшылық етуімен үш шығармашылық топ жұмыс жасап келеді. Топтарда әр айға жоспарланған коучингтерден кейін көрсетілген әдіс-тәсілдер сабақта қолданылып, кері байланыс жасалып отырады. Тоқсандық педкеңесерде де жаңа форматтағы білім беру мәселелері қозғалып, талқыланады. Сондай мазмұнды, әрі өте жоғары педагогикалық деңгейде талданған баяндаманы тәжірибелі ұстаз, «Жалын» шығармашылық тобының жетекшісі Аймағамбетова Сәнім апай ұсынды. Кез-келген мәселені тереңнен талдап, түпкі мағынасына үңіле білетін, жаңаша әдіс-тәсілдердің тиімділігін саралап, өз тәжірибесімен бөлісіп отыратын, өзара сабаққа қатысуға шақырып, тиімді кәсіби кері байланыс ұсына білетін мұғаліммен әріптес болу да біздің кәсіби құзіреттілігіміздің қалыптасуына оң сипат беріп келеді. Сәнім Бисембайқызының ұйымдастыруымен мектебімізде сабақты зерттеудің жетілдірілген және ұжымдасқан түрі Лессон Стади өткізілді. Алдын-ала жоспарланған, табыс критерийлері нақтыланған, бірнеше циклдан тұратын бұл педагогикалық шеберхана ұжымдаса мақсатқа қол жеткізудің жарқын үлгісі болды. Зерттеу тобының мүшелері өзара кері байланыс жасай келе және оқушы үніне сай сабақтардың өткізілу формасын жетілдіре отырып бірнеше циклдарды қамти мақсатқа бағытталған нәтижелі жұмыс жасады және бұл оң нәтиже педагогикалық кеңесте ұжым мүшелеріне таныстырылды.
Сонымен қатар мұғалімнің басшылығымен ұзақ мерзімді жоспарға сай жүргізіліп жатқан іс-әрекеттегі зерттеу жұмысы да орта буын оқушыларына білім алуда кедергі туындататын мәселелерді жан-жақты зерттеуге бағытталған. Бұл мақсатта сынып оқушыларынан социометрия, психолгиялық тесттер, анкеталар, кері байланыстар алынып, олардың нәтижелері сараланды. Сабақ беруші мұғалімдердің барлығынан сынып оқушылары, оладың әр пәнге деген қызығушылықтары жайлы сауалнама алынып, анықталған кедергілердің шешімін табу жолда жұмыстар жасалынды.
Биылғы оқу жылындағы кезекті педагогикалық кеңесте Аймағамбетова Сәнім өзінің бірнеше жылдан бері зерттеп келген педагогикалық қуатты құралдардың бірі - оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау туралы және олардың сабақ тиімділігін арттырудағы рөлін теориялық тұрғыдан терең талдай отырып, өз тәжірибесімен байланыстырып ұжым назарына шебер ұсына білді.
Баяндамада бағалаудың жазалау құралы ретінде оқушыны оқуға мәжбүрлеу үшін де қолданылатындығы және мұндай баға оқушының пәнге, мұғалімге деген кері көзқарасын қалыптастыруының мүмкіндігі жайлы айтыла келе тек баға үшін оқитын оқушы проблемасы, қойылған бағаға келіспеушілік секілді мәселелерді болдырмау жолдары іздестіріледі. Бағаны қалай тиімді қолдануға болады? Бағалау арқылы қалайша оқушылардың оқуға, сабаққа деген қызығушылығын туғызуға, сабақты терең меңгертуге, пән бойынша білімін тереңдетуге болады? Бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай қолдануға болады деген секілді сан салалы сауалдарға жауап іздестіре отырып, қалыптастырушы (оқыту үшін бағалау) және жиынтық (оқуды бағалау) бағалау жолдарына кеңнен тоқталды. Баяндамада Бейнеу гимназиясындағы тәлімгерлер мен тәліптердің өз сабақтарында қолданып жүрген әр түрлі бағалау түрлері, кері байланыс үлгілерінен бейне үзінділер келтіріліп, оларға түсінік берілді. Олардың әрқайсысының тиімділігіне жеке-жеке тоқталынды.
Оқушылардың көңілі толмай, күмәнмен қарайтын ескі бағалау формасына қарағанда критерий арқылы бағалау секілді жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. НЗМ мектептерінде қолданылатын, үлкен ілімге сүйенген критерий арқылы бағалауды біз толық қолдана алмасақ та, сабақтың белгілі бір кезеңдеріндегі тапсырмаларды критерий арқылы бағалатуға болады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).
Баяндама соңында қалыптастырушы бағалау оқыту үрдісінде күнделікті қолданылып, өткізілетін сабақта оқушылардың танымдық әрекетіне басшылық жасалса; кері байланыс шынайы жүргізіліп, білік пен оқу пәнінің негізін терең игеру үшін оқушыда рефлексивті дағды қалыптастыру жолға қойылса; өзін-өзі және өзара бағалауды жүзеге асыру үшін критерии жасау, қолдану , ҚМЖ енгізу дағдыға айналса; “Өрлеу”, НЗМ шеберлік орталығы бағалауды қолдану туралы семинар ұйымдастырса деген ұсыныстар жасалды.
Баяндама көңілдегі көп сұрақтарға жауап табуға көмектескен, теориялық тұрғыдан терең талданған және үздіксіз әрі нәтижелі жұмыстаың қорытындысын көрсететін мазмұнды жұмыс ретінде жоғары бағаланды.
Іскендірова Сәния Аманжолқызы
«Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.