Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Заман талабына сай ұстаз болайық! -

Заман талабына сай ұстаз болайық!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1173 | Размер: | Автор: гость
. ЭШИМОВ ШАВКАТЖОН ХАТАМОВИЧ
Сайрам ауданы,
Көлкент ауылы №13 А.Навои атындағы ЖОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі

Заман талабына сай ұстаз болайық!

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский
Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр.
Н. Ә. Назарбаев.
Мектептегі 10 жылдық іс-тәжірибемде көңілім толмай жүрген сұрақтарға жауап таптым.
Бұрында бір физика мұғалімі сабаққа кірген кезде қолынан сөмкесі түсіп кетеді, сонда оқушылар түсіп кеткен дәптерлерін алып береді. Мұғалім оқушыларға: «Осы сөмкем, дәптерлерім не үшін түсіп кетті?» - деп сұрақ қояды. Оқушылар өз ойларын айтады. Бүгінгі тақырыбымыз жердің тартылу күші деп сабақты бастайды. Оқушылар назарын бір жерге қарату үшін мұғалім сөмкесін әдейі түсірген болатын. Осы әңгімені есіткеннен бері сабақты осылайша бастауды қарастырамын, осы 3 айлық оқуға келіп іздегенімді таптым. Онда сабақ басталарда оқушыларды топқа бөлгенде, сабақтың тақырыбына қарай бөлу, сабақты ашу үшін түрткі сұрақтар қою, оқушылар шаршағанда сергіту сәтін өткізу, мен іздеген ілім осы еді. Оқушыларды бағалағанда сабаққа қатысқан 5,6 оқушыны бағалап қалғандарына өтірік баға қоятын едім, бірақ ішімнен көңілім толмайтын, енді мен бағалаудың жаңа түрлерін, критерийлер арқылы бағалау, формативті және жиынтық бағалауды үйрендім, енді бағалау шынайы қойылып көңілім толатын болады. Әр сабаққа бағдарламаның 7 модулін кірктіруді үйрендім және ол өте маңызды дүние, соның ішінде маған ең қатты ұнағаны оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер мен көшбасшылық болды.
Альберт Эйнштейн айтқан екен «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын».
Осы 3 айлық курста көптеген тәжірибелі мұғалімдермен пікір алмасып, өз білімімді жетілдірдім, осындай курстарда барлық мұғалімдер оқыса келешектегі жас ұрпақтың болашағы, тағдыры зор болмақ. Сөзімнің соңында арттырған біліктілігім өзіме, жетістігім – еліме дегім келеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.