Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері -

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1570 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО, Бәйдібек ауданы, Екпінді ауылы, Қ.Байменов атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Игілікова Гүлмира Абдіғаппарқызы
2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: а) Сөздерді мағынасына карай топтастыра білу, зат есімге сұрақ қою, жалпы есім мен жалқы есімді тауып, жалқы есімнің емлесін дұрыс сақтап жаза алу. Зат есім туралы түсінік беру, зат есімнің жекеше, көпше түрлерін таба алу және сұрак қойып, көптік жалғауларын атай алу.
Дамытушылығы: ә) Өз бетінше орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс жасауын, сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын молайту, алған білімдерін пайдалана білулерін дамыту.
Тәрбиелігі: б) Оқушыларды алғырлыққа, зейінділкке, сауатты жазуға, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға етіп тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білім беру:
Пәнаралық байланыс: ана - тілі, математика.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, тақтамен жұмыс, ойын.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі қағаз, плакат, ойын түрлері.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Оқушылар құралын реттеу.
б) Психиалогиялық дайындық.
Сыныбымыз тап-таза,
Борда дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
II. Үйге берілген тапсырманы тексеріп шығу.
399 - жаттығуды тексеріп шығу.
Жалқы есімдерді бір бөлек, жалпы есімдерді бір бөлек ажыратып жазып шығуымыз керек.
Кім жалқы есімдер жазылған сөйлемді оқып береді.
Дұрыс, ал енді жалпы есімдер жазылған сөйлемді қай оқушы оқып береді.
Дұрыс жазыпты. Ал балалар басқаларымыз қалай жазып келдік, екеуін екі бөлек етіп дұрыстап жазып келдік пе екен?
Балалар дәптерлерімізді ашып қоямыз мен бір қарап шығайын.
- Біз қай жерде тұрамыз.
- Екпінді неме Қызыл - Көпірде.
- Біз оны қандай әріппен жазамыз?
- Әрине, үлкен әріппен жазамыз.
- Ол қандай есім болады. (жалқы есім болады)
- Ал, өзіміздің аты-жөнімізді ше, қандай әріппен жазып қоямыз.
- Дұрыс, біз аты-жөнімізді де үлкен әріппен жазамыз.
- Ол да жалқы есім екен.
III. Қызығушылығын ояту.
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Көктем, Наурыз айы.
- Олай болса біз мынау суретке қарай отырып, бір-екі өлең немесе көктемге арналған мақал-мәтелдер айтып жіберсек.
1. Табиғат адам үшін жаралыпты.
Бар қызық табиғаттан таралыпты.
2. Атамекен жанға жайлы сая бау.
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Өткен сабаққа шолу.
- Жарайсыңдар, балалар енді біз кім тапқыр? - ойынымен мына жерден гүлдерді жинай отырып. Өткен сабақтарды еске түсіріп алайық. Кім қандай гүлдерді жақсы көреді?
- Гүлді алған адам гүлдің артындағы сұрақтарға толық жауап берген сол бала ғана гүлдерді жинап ала алады.
- Біз өткен сабақтарға қайталау жасап шығамыз.


- Балалар барлығына дұрыс жауап бердіңдер, өткен сабақғарды есімізден шығармауымыз қажет.
Ал енді барлығымыз бері қарап жаңа сабақты жақсылап зейін қойып тыңдаймыз.
IV. Жаңа сабақ.
- Мына жердегі суреттерге караймыз.
- Бірінші суреттегі зат қалай аталады?
- Гүл
- Біз оған қандай сұрақ береміз?
- Не?
- Екінші суреттегі затты қалай атаймыз?
- Гүлдер?
- Енді, мынау суретке назар салыңдар.
- Баланы көріп түрмыз.
- Қандай сүрақ береміз?
- Кім?
- Ал, мына жердегі суретке қандай сүрақ береміз?
- Кімдер?
- Айырмашылығы неде?
- Балалар осы суреттердің қай жағы көп екендігін салыстырып көрейік.
- Жарайсыңдар.
- Біреу болса.
- Кім? Не? сұрақ береді екенбіз.
- Көп болса.
- Кімдер? Нелер?
- Олар тақ санба әлде жұп сан ба?
- Жұп санды атап беріңдер?
- Тақ санды атап беріндер?
- Мінекей, балалар біздің бүғінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін өтеміз.
- Сөздерді құрамына карай талдап, оларға сұрақтар беріп көрейік.
- 400 - жаттығу: Суреттермен жұмыс жасау.
- Қандай қорытынды жасауға болады?
- Бір - бірімен қандай айырмасы бар екен.
- Қорытындыны оқулықгағы ережемен салыстырап көрейік.
- Кім? Не? сүрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейді екенбіз.
- Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейді екенбіз.
- Олай болса осы түсінгенімізді одан әрі қарай дамыта отырып жаттығуларды орындаймыз.
V. Дәптермен жұмыс жасау.
401 - жаттыгу: Өлеңді көшіріп жазу.
Біздің ғалым ағалар.
Біздің ғалым апалау
Ашты жолды аспанга.
Әлі ұшамыз алысқа,
АлысАйга, Марысқа.
Қарамен жазылған сөздердің астын сыз. Бұл сөздерді түбір куйіндегі қалпымен салыстыр.
402 - жаттыгу: Көптік жалғаулардың тиістісін койып жаз.
Ауданда суретшілеу жарысы өтті. Балалар сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаздарга сыйлыктар тапсырылды.
Көпше түрдегі зат есімдердің астын сыз.
Сергіту жаттығуын жасау:
Жазу жазып өзіміз,
Шаршап қалды қолымыз.
Сәл демалып алайық,
Қайта жазу жазайық.
403- жаттыгу: Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырыі сөйлем құрап ата білу.
Ине `елік терек``

ИНЕЛІКТЕР
Өзеннің жағасында инеліктер өте көп болады.
404 - жаттыгу: Берілген көптік жалғаулары жалғанған сөздер тауып жазу.




VI. Сабақты бекіту:
- Бүгін не білдік? (Зат есімді.)
- Зат есімнің түрлері? (Зат есімнің жекеше және көпше түрін.)
- Сұрақтары қандай? (Кім? Кімдер? Не? Нелер?)
- Көптік жалғауларды атап бер? (- лар, - лер, - тар, - тер, - дар, - дер)
VII. Үйге тапсырма:
405- жаттыгу: Шахмат ойыны өтілуіне байланысты хабарландыру жазып келу.
VIII. Сабақты бағалау. Мадақтап отыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.