Меню
Назад » » »
Заттың атын білдіретін сөздер
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№ 55 жалпы орта мектеп
Керимкулова Жанерке Бакадировна

Сынып: 1
Пәні: ана тілі
Сабақтың тақырыбы: «Заттың атын білдіретін сөздер»
І. Жансүгіров «Жазғытұрым»

Сабақтың мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздерге, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Көктем туралы түсініктерін кеңейту. Түрлі тапсырмалар бере отырып, терең және тиянақты білім беру.
Шығармашылық жұмысын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, бірлікке, достыққа, ұжымшыл болуға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру.
Әдісі: сұрақ – жауап
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II Үй тапсырмасын тексеру.
Психологиялық дайындық
Ал, қанекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет - құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық
- Қазір қандай сабақ?
- Ана тілі сабағы.
- Олай болса біз бір - біріміздің қолымызды қысып, бір - бірімізге жүректен шыққан жақсы тілектерімізді айтайық.
- Ақылды бол!
- Инабатты бол!
- Өтірік айтпа!
- Шыншыл бол!
- Үлкеннің алдын кеспе!
- Ата - анаңды сыйла!
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
Бүгін біз Астана қаласындағы ескерткіштерге, ғимараттарға тоқтап, аялдама жасаймыз.
- Астана қаласы туралы не айта аламыз?
А Алтыншы шілде – Елордамыз – Астананың туған күні.
С Символы – Бәйтерек.
Т Тәуелсіздігімізді асқақтатып, егемендігімізді көрсететін бас қала.
А Астана – жастардың , болашақтың қаласы.
Н «Нұр-Астана» зәулім күмбезді мешіті
Астананың дәл кіре берісіне тұрғызылған.
А Арман қала.
Астанада қандай ғимараттар және ескерткіштер бар?
Бәйтерек, Ақ Орда, Тәуелсіздік сарайы, Хан шатыр, т.б.
- Дұрыс балалар, «Астана – Бәйтерек» ескерткіші бар.
Бүгінгі сабақта ескерткіш туралы түсінік аламыз және өз білімдерімізді көрсетеміз.
- Ескерткіштің биіктігі қанша метр? (97 метр)
- Бұл нені білдіреді? (Елордамыздың 1997 жылы Астана болғанын көрсетеді.)
Балалар, Отан дегенді қалай түсінесіңдер?
«Оқушылар өз ойларын айтады)
Үйге қандай тапсырма берілді?
1 аялдама. «Ақ Орда»
ҚР - ның мемлекеттік Әнұраны
Әнұран орындалады.
Өткен сабақтарда ҚР - ның рәміздерімен таныстық.
2 аялдама. «Бәйтерек» «Миға шабуыл»
1. Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстарды айтамыз, естиміз
2.Әріп дегеніміз не?
Әріптерді көреміз, жазамыз.
3. Буын дегеніміз не?
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буыл болады
от, ата, мереке, лақ, сағат, апалар, дүкен, бесік, күрек, тамаша, қар
4.Жуан айтылатын сөздерге байланысты ереже.
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады.
қозы, қой, қолғап, лақ, мал, дала, бұзау, қалпақ
дәптер, терезе, киік, өзен, күрек, темір, сәбіз, түйме
7.Тасымал дегеніміз не?
Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.
8.Жіңішке айтылатын сөздерге байланысты ереже
Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылад:
дәптер, терезе,
8.Жуан дауыстылар? а, о, ы, ұ
9. Жіңішке дауыстылар? ә, е, ө, і, ү
3 аялдама. «Тәуелсіздік сарайы»
Ауызша . Сөздерге дыбыстық талдау жаса
Аққу, қанат, суық, қаз, мал, су.
Аққу –екі буын, төрт әріп, төрт дыбыс.
а-дауысты, жуан;
қ-дауыссыз, қатаң;
қ-дауыссыз, қатаң;
у-дауысты, жуан;

қанат-екі буын, бес әріп, бес дыбыс.
қ-дауыссыз, қатаң;
а-дауысты; жуан;
н-дауыссыз, үнді;
а-дауысты; жуан;
т-дауыссыз, қатаң.

суық-екі буын, төрт әріп, төрт дыбыс.
с-дауыссыз, қатаң;
у-дауысты; жуан;
ы-дауысты; жуан;
қ-дауыссыз, қатаң.
Сергіту сәті
Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне қанат жазайық.
Ұшып, ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
4 аялдама «Хан шатыры» Жаңа сабақ.
Мамандық иелерінің суреті.
Жануарлардың суреті
Заттардың суреті
Маман иелері қандай сұраққа, жануарлар мен заттар ұандай сұраққа жауап береді? Олай болса, біздің тақырыбымыз: «Заттың атын білдіретін сөздер».
82 - жаттығу. Сөздерді оқып шығыңдар. Әрқайсысына ауызша сұрақ қойыңдар. Ауызша талдау: Аю, бүркіт, сүт, өзен, ұшқыш, тігінші
83-жаттығу. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді суретке қарап табыңдар. Әр сөзге сұрақ қойыңдар.
Кім? Не?

- Балалар!
Қар мұз еріп,
Су көбейіп,.
Сай салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып
Гүл, бәйшешек басады
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Көктем)

- Ендеше, көктем деп аталатын тараумен танысамыз.
- Көктем айлары қайсылар?
- Көктемде табиғатта қандай өзгеріс болады?
Жаттығу жұмыстары
84 - жаттығу. Дәптермен жұмыс. Жазбаша, тақтамен жұмыс.
Не? сұрағына жауап болатын сөзді көп нүктенің орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
... туды. ... жылына бастады.... еріді. Жылғалардан... ақты.
Керекті сөздер: Көктем, күн, қар, су.
- Ілияс Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңімен танысамыз.
- Автор туралы түсінік беру.
Өлеңді оқу. Оқушыларға тізбек бойынша оқыту. Мағынасын ашу.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған
1927-1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма салаларында жиырмадан астам кітап шығарып, артына аса бай
әдеби мүра қалдырды.
Шығармашылық тапсырма.
2. Әрбір сөздің алдына әріп қосып сөздер құра.
Он, ар, ай, ас, үн, үй, ал,
Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер айт.
Дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздер ойлап айт.

5 аялдама «Пирамида» Сабақты қорыту. Сұрақ – жауап әдісімен..
.»Білім пирамидасы» бойынша қорытындылау
1.Сатушы, дәрігер, әнші, мұғалім деген сөздер қандай сұраққа жауап береді?
2. От, су, кант деген сөздер тасымалдана ма?
3.Жаңалық сөзінде неше буыан бар?
4. Қазақстанның астанасы?
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма. Заттың атын білдіретін сөздер 83 - жаттығу
«Жазғытұрым» өлеңін жаттау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Заттың атын білдіретін сөздер можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 254 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar