Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз тойы. -

Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз тойы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1282 | Размер: | Автор: гость
. Р.МЫРЗАШЕВ АТ. №76 НОМ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ СЫДЫҚОВА ХАДИША РАХМАТУЛЛАҚЫЗЫ
Қысқы мерзімді жоспар
Мерзімі: 10.03.2015ж
Уақыты: 14.00-1445
Сыныбы:1 «Д»
Пән атауы: Ана тілі
Мұғалім: Сыдықова Хадиша Рахматуллақызы
Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз тойы.
Сабақтың мақсаты: 1. Күн мен түн теңелді сөзінің мәнін түсіну. 2. Наурыз тойының шығу себебін анықтау.
3. Наурыз тойында өтілетін салт - дәстүрлерді ұғыну және талдау.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, Дарынды және талантты болаларды оқыту, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ОүБ және ОБ.
Стратегиялық іс әрекет: «Баспалдақ» әдісі, «Елші» әдісі, "Топтастыру"әдісі.
2 мин І. Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Оқушыларды психология
лық дайындау.
Өзін -өзі реттеу. Сыныпқа ену, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу.
Шаттық шеңберін құрғызып: Бүгінгі күнге сәттілік тілеп, бір - бірімен төс қағыстырып амандастыру. Бүгінгі сабағымызды сондай жылылықпен бастаймыз. Шаттық шеңберін құрып
Бір – бірімен төс қағыстырып, амандасып, жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді.

3 мин Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.
Қазақтың асыл қазыналары арқылы үш топқа бөлу.
І топ: «Киіз үйлер»
ІІ топ: «Ұлттық салт-дәстүрлер»
ІІІ топ: «Ұлттық ойындар» Оқушылар берілген сөздерді оқып, оның қай топқа қатыстығын анықтап, шағын топтарға бөлінеді. Бауырсақ суретіндегі сөздер.
10 мин Үй тапсырмасы "Баспалдақ" әдісі арқылы сабақ сұрау.
1 - баспалдақ - сұрақтар қою, 2 - баспалдақ - Наурыз көже өлеңін оқытып, мазмұнын сұрау, 3 - баспалдақ - Наурыз мейрамына жазған эссесін оқып, мазмұнын сұрау. Әр топ оқушылары "Баспалдақ" суреті салынған плакаттарды алып, ондағы сұрақтарға жауап береді.1 - баспалдақ - сұрақтарға жауап беру, 2 - баспалдақ - Наурыз көже өлеңін оқып, мазмұнын айту, 3 - баспалдақ - Наурыз мейрамына жазған эссесін оқып, мазмұнын айту. Баспалдақтар салынған плакаттар
20 мин Негізгі бөлім(жаңа сабақ)
Наурыз тойының мәнін түсіну.
Наурыз көже өлеңінің мазмұнын ашу
Салт дәстүрлер мен ұлттық ойындар туралы түсінік.
"Миға шабул" Интербелсенді тақта арқылы Наурыз мейрамы болып жатқан үзінді көрсету арқылы оқушылардың ойларын айтқызу.
Наурыз тойы өлеңінің авторы жайлы мағұлмат беру. "Елші" әдісі арқылы Наурыз өлеңін оқытып, бір - бірлеріне барып, түсінгендерін айтқызу.
Наурыз тойы, қазақтың салт - дәстүрлері жайлы, ұлттық ойындар жайлы мағлұмат беру."Сергіту сәтін" орындату. "Қара жорға" биі.
114 - жаттығуды орындауды тапсыру.
Шығармашылық тапсырма беру.
Керекті сөздерді беру: оянды, керілді, малынды, бөленді, шомылды, тұрды. 1 топ - Наурыз тойы тақырыбына сурет салып, қорғайды.
2 топ - Салт - дәстүрлер тақырыбына постер қорғайды.
3 топ - Ұлттық ойындар тақырыбына постер қорғайды.
"Сергіту сәтін" орындайды.
Дәптермен жұмыс.
114- жаттығуды оқушылар өздігінен орындайды.
Оқушылар өлең ұйқастарын табады: Таң шуағы арайлап,
Дала нұрға ............
Балалардың барлығы,
Ұйқысынан ..............
Берілген сөздерге сұрақтар қояды. Әр топқа берілетін тапсырмалар жазылған А4 қағазы, оқулық, флипчарт, маркерлер, түрлі түсті бояғыштар, қаламдар, өшіргіштер.
5 мин Сабақты бекіту Жаңа сабақты бекіту үшін «Топтастыру» әдісін пайдалана отырып, сабақты бекіту. Әр топқа Наурыз тойы деген тақырыптар беремін. Әр топ берілген Наурыз тойы тақырыбына постер қорғайды. Флипчарттар, маркерлер.
2 мин Бағалау.
"Бауырсақтар" арқылы бағалау. Оқушылар өздерінің сабақ барысында жинаған бауырсақтарын санайды. Бауырсақтар
2 мин Үйге тапсырма 115 - жаттығуды орындау.
Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
Наурыз мейрамы тақырыбына өлең жазу. 115 - жаттығуды орындайды. Өлеңді мәнерлеп оқып келеді. Наурыз мейрамына өлең жазып келеді. Оқулық, дәптер, қалам.

1 мин Кері байланыс Оқушыларға стикерлер таратады, тақтаға үш смайликтер түрлері бейнеленген плакат ілінеді, ол жерде мынадай сөздерге байланысты жапсырады:
- Толық түсіндім
- Жартылай түсіндім, - Түсініксіз болды. Оқушылар стикерлерді өздерінің бүгінгі сабаққа қалай түсінгендігін тиісті суретке апарып жапсырады. Плакат, стикерлер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.