Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Заттың санын білдіретін сөздер. Алты түлкі -

Заттың санын білдіретін сөздер. Алты түлкі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1732 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Алға ауылы Алға орта мектебі
Интыкбаева Тоты Сырттановна
Бастауыш сынып мұғалімі
Ана тілі 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Алты түлкі
Сабақтың мақсаты:
а) Заттың санын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту және оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру;
ә) оқушылардың логикалық ойлау қабілетін ояту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;
б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын дереккөздер және жабдықтар: сурет,дәптер.оқулық,слайдтар,проектор,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу,топтастыру,проблемалық сұрақтар қою,
Пәнаралық байланыс: дүниетану,математика,
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Қонақтармен амандасып,сабағымызды бастайық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен.
Иіліп сәлем берейік
Бір жадырап қалайық.
Бүгінгі сабақтағы ұранымыз: «Жақсы оқу,үлгілі болу.»
Оқушыларды 3 топқа бөлу.Топбасшы сайлау.Бағалау парағын беру.Топ мүшелерін жазу.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
-Балалар, «Жаңаша санамақ» өлеңін диалог түрде кім айтып береді?
/2 баладан сұрау./
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
-Балалар,біз бүгін сендермен заттың санын білдіретін сөздермен танысуды ары қарай жалғастырамыз.Ол үшін алдымен жұмбақ өлеңді оқиық:
Неше алма?
Бес бұтақты ағашта Біреуін бер Айнашқа,
Бұтақ сайын бес алма. Сонда қалмақ неше алма?
-Олай болса,балалар бізде қанша алма қалады екен?
-24 алма.
-Балалар,24 дегеніміз нені білдіреді?
-Қалған алманың санын білдіреді.
Қызығушылықты ояту сатысы.
1 топ: Сөзжұмбақты шешу /Түлкі/
2 топ: Түлкіге қатысты сөздерді жазу. /Қу,айлакер,жабайы жануар,орманда болады; т.б/
3 топ: Сөзжұмбақ шешу. /Ертегі/
-Бүгін Ерден атамыз бізді жаңа ертегімен таныстырмақшы.
IV. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс.
301- жаттығу. 184 бет.
1. Мұғалімнің ертегі мазмұнын айтып беруі.
2. Оқушылардың кезектесіп оқуы.
3. Ертегі мазмұнымен жұмыс.
Әр топқа сұрақтар беріп,жауап алу./Сұрақ-жауап әдісін пайдаланып,сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу./
-Бұл ертегі не туралы?
-Түлкілер неге шолақ болып қалыпты?
-Біреудің кемістігіне күлуге бола ма?
-Мәтіннің ішінен заттың санын білдіретін сөздерді тап.
4. Сөздік жұмыс: Шолақ-қысқа. Мазақ ету-күлкі қылу,келеке қылу.
V. Жаңа материалды пысықтау:Дәптермен жұмыс:
-Дәптерімізді ашып,бүгінгі күннің ретін жазайық.
1/ Көркем жазу.
2/ 302 жаттығу. Мақалды жатқа жазу.
3/ Оқулықтан тыс тапсырма.
Жұмбақ өлеңді оқып,шешуін табу.Заттың санын білдіріп тұрған сөздеррге сұрақ қою.
Көлден ұшты жеті қаз, Қонбады оның нешеуі,
Қайтып қонды екі қаз. Қане кім тез шешеді?
VI. Бекіту кезеңі:Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.Заттың санын білдіретін сөздерді тап.
1.Айгүл сыйлады үш кітап Асанға.
2.Мектепке дейін екі жүріппіз сағаттай.
3.Біздің мектепте оқиды бала екі жүздей.
VII. Сабақты қорытындылау: Концептуалдық кесте толтыру.
VIII. Үйге тапсырма: 184-185 бет оқу, № 303 жаттығу Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.