Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өзбек  тілі  мен  әдебиеті  сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі -

Өзбек тілі мен әдебиеті сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1492 | Размер: | Автор: гость
. Өзбек тілі мен әдебиеті сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі

Сайрам ауданы, №101 жалпы орта мектеп
өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Юнусметова Гулбахор
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, шәкіртердің талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде үлкен танымдық баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, оны меңгеру, өз біліктілігін арттыру. Өзбек тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр ұстаздың өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Жаңа әдістерді пайдалануы – бүгінгі күннің талабы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Мектептегі мұғалім - ол балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оқушыларды шығармашылыққа баулуға, оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Өзбек тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан - жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу.
Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Әр сыныптың бағдарламасына қарай оқушылар жаңа сөздерді меңгереді, сөздерді жаттаумен тынбай, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем және мәтін құрастыра білу керек деп ойлаймын. Осындай кезде мен сабақты жоспарлағанда оқушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейлерін саралай отырып, деңгейлеп оқыту технологясын пайдаланғанды жөн көрдім.
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Бұл технология бойынша сабақта барлық оқушы тапсырманы І деңгейден бастап орындайды.
I - репродуктивтік деңгей. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. Барлық оқушы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті, ал жоғары деңгейлік тапсырмаларды да орындай алуы қажет. Оқушылар жұмысты бір мезгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттерін анықтайды.
II - алгоритмдік деңгей. Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыра отырып, оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін екінші деңгей тапсырмаларын орындау кезінде күрделі материалдарды реттеуі және жүйелеуі керек.
III - ізденіс (эвристикалық) деңгейінде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс - тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
IV - шығармашылық деңгей. Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармалар, шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг - ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Әрбір білім алушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады.
Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі - оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік жұмыстар, үлестірмелі материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беруге болады. Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы оқушының белсенділігіне аса назар аударылды. Сондықтан өз іс - тәжірибемде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру барысында іске асырылатын деңгейлеп оқыту технологиясының да элементтерін қолданамын.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
• Сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;
• Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
• Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы
• Оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге қызығушылығының артуы;
• Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;
• Оқушы белсенділігінің артуы;
• Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;
• Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы;
• Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым - қатынастың орнауы.
•Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі:
• Деңгейлеп - саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
• Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;
• Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
• Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы;
• Оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы;
Жұмысымдағы негізгі бағытым: Өзбек тілі сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану, ал мақсатым: оқушылардың шығармашылықпен іздене жұмыс істеу қабілеттерін нәтижелі дамыту.
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл - ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады.
Сабақ барысында сыныптағы барлық оқушының білім деңгейі анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы – оқушы өзінің білім деңгейін, нені оқу керектігін анықтап, өзінің ізденуіне болады. Өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады. Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Сабақ барысында өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады.
Жаңа оқыту технологиясының қай түрі болса да, ол игеруге тиімді, оқытушы мен білім алушының арасында қарым - қатынас орнатуға икемді болуы тиіс. Қазіргі әрбір ізденімпаз оқытушының міндеті оқушының белсенділігін, іскерлігін дамыту. Осыған орай, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі өзіндік жұмыспен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сәйкес жетілдіру болып отыр.
Өзімнің тәжірибеме келсем, мен өзбек тілінде деңгейлеп оқыту технологияның элементтерін жиі қолданамын.
Осы технология бойынша сабағымда мына бағытта жұмыс жасаймын:
- топпен жұмыс;
- жеке оқушымен жұмыс;
- дарынды оқушы дайындау.
Оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады.
Ұлы ғалым Д.И.Менделеев: «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Қорыта айтқанда, оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. деңгейлеп тапсырмалар беруде жас ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Орта білім берудің мазмұны: Дәстүрлер мен өзгерістері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мақалаларының жинағы. Астана / 2012ж./
2. Мектеп журналы / 2013ж,2011ж /
3. Ж. Қараев "Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы"
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.