Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ӨЗБЕК ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ -

ӨЗБЕК ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1162 | Размер: | Автор: гость
. ӨЗБЕК ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
Мырзалиева Құндыз
Сайрам ауданы, №94 жалпы орта мектебі
Еліміздегі білім беру саласындағы басты да, негізгі мақсат ол үш тілдік білім беру бағдарламасын қамту мен дайындау екені белгілі, соған байланысты беріліп отырған ғылыми-зерттеу жұмыстың негізгі өзегі өзбек тіліндегі материалдар мен елімізде қолданылатын әдістер мен әдістемені мектептегі әрекеттерде жобалау әдісін сыныптан тыс өзбек тілі сабақтарында қолдану. Тағы бір маңызы, белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мұндағы мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. Рефлекторлы ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін,фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру.
Жобалар әдісі біріншіден – қандай да бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Қоршаған ортадағы, әлеуметтегі өзгерістерге байланысты сабақ беру тәсілі , әдістемесі бірге өзгеріп отырады. Тек сонда ғана тәрбие мен сабақ үрдісі өнімді, нәтижелі болады.
Мектеп бағдарламасындағы сабақ беру үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялардың енуін оқушының рухани, интеллектуалды дамуының маңызды түрі екеніне көп көңіл бөлу керек, яғни тек даму ғана педагогикалық үрдістің нәтижелі түрі болып табылады.Өзбек тілі сабақ ретінде оқушылардың мәдени, рухани дамуына үлкен мүмкіндік беретін сабақ.
Жобалау әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәселенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.
Жобалармен жұмыс істеу оқушыларға дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын, білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені оқушылар өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның:
• тәжірибелік құндылықтары болуы;
• оқушылардың өздерізерттеулердіжүргізуінің болжауыболуы ;
• онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да болжаусыз болуы;
• оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;
• өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;
• оқушыға өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;
• күрделі тапсырмаларды шешуде оқушылардың қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы;
• оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс.
Дамыған елде сыныптан тыс сабақ жүргізудегі ең басты мақсаты: Сабақ барысында мәдени қатынасқа түскісі келетін оқушының жеке тұлғасы. Мектеп алдында тұрған басты мақсаттың бірі : жаңа педагогикалық технологиялардың өнімді қолдануы мен еңгізілуі.Оларға әрине бірінші жобалау әдісі жатады. Осы тұрғыда, Е.С Полаттың жобалау әдісі жаңа педагогикалық технологиялар дидактикасының дамуына осылайша әсер етеді деп көрсетеді.
• Қазіргі таңда қолданылып жүрген стандартталған сабақтың класс-сабақ жүйесіне жобалау әдісі оңай еніп жүйенің ешқандай мақсатттары мен құрылымына әсер етпейді.
• Бұл технология интеграция кезінде мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген мақсатқа өте нәтижелі жетеді.
• Жобалау әдісі тек оқу материалдарының өнімді игерілуін ғана камтамасыз етпей, адамгершілік, өнегелік, өз бетімен жұмыс жасау, мұғалімге, оқушылардың бір-біріне кеңпейілді дұрыс көзқарас, тілдік қарым-қатынасқа бейімділік, бір-біріне көмекке келу сиякты қасиеттерін бекітеді. Мұнда бәсекелесу, күндеу, менмендік, дөрекілік, авторитарлық сияқты дәстүрлі педагогикамен жиі қалыптасатын қасиеттер жобалау технологиясымен қиылыспайды.
• Қазіргі таңда жобалау технологиясы өте мұқиат шет және өз еліміздің әдіскерлерімен зерттелуде:
Көптеген зерттеулерде жобалау әдісі нәтижелі білім беру жүйесінің ең маңызды компоненті және әзірлеудің түрін активті іс-әрекет түрі арқылы (жоспарлау, алдын ала болжау, анализ, синтез) дәстүрлі стандартты емес білім беру үрдісін көрсетеді.
Жобалау әдісін әсіресе мектептің орта тобында және сыныптан тыс сабақтарда қолдану нәтижелі болып келеді. Өйткені осы уақытта (8-9 сыныпта) алдыңғы қатарлы жаңа мәлімет алу үшін тілдік материалдарды өз бетімен қолдану, сөздік қорды байыту, лингвистикалық білімді кеңейту.
Жобалау әдістемесі жаңа педагогикалық жеке — тұлғаға бағытталған технология ретінде гуманисттік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды:
• Оқушының жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлінуі;
• Нақтылық, оқушыларды қиын қыстау ойлау қабілетіне бағыттау;
Зерттеудің өзектілігі, теориялық маңыздылығы осы мәселелерді шешудегі практикалық өңдеулердің жетіспеушілігі берілген тақырыпты таңдауға негіз болды. “Орта буында жобалау әдісін сыныптан тыс сабақтарында қолдану”
Зерттеу обьектісі: мектепте орта тобында өзбек тілінен сыныптан тыс сабақтар үрдісі мен сыныптан тыс іс – шараларында қатысуы.
Зеріттеу пәні: “Орта буында жобалау әдісін сыныптан тыс өзбек тілі сабақтарында қолдану”
Зеріттеудің ғылыми болжамы: Егерде мектептің орта табында өзбек тілінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау әдісін қолдансақ, біз мынадай жетістіктерге жетеміз:
• Ойлау қабілеті мен ойлау жылдамдығын арттыруына проблемалық жағдайда логикалық ойлау қабілетін игеру;
• Тілдік, сөйлеуқабілетініңдамуына;
• Оқушылардың жеке тұлғалық индивид ретінде қалыптасуына, дербес тәуелсіз тұлға болуына;
• Алға қойған тапсырмалардың нәтижелі шешім табуына.
Зерттеудің міндеті: Сыныптан тыс өзбек тілі сабақтардағы жобалау әдісін теориямен негіздеу, өңдеу, және оның нәтижелі, өнімді технология екенін дәлелдеу. Алға койылған мақсат мынадай шешімдерді талап етті:
— жобалау әдісін сыныптан тыс өзбек тілі сабақтарында қолданудың теориялық негіздерін аңықтау.
— жобалау әдісін сыныптан тыс өзбек тілі сабақтарында жобалау әдісін қолдану бойынша интерактивті сабақтардың маңыздылығын анықтау.
— жобалау әдісін сыныптан тыс өзбек тілі сабақтарында жобалау әдісін қолданудағы жаттығулар кешені.
Көрсетіліп отырған ғылыми-зерттеу жұмысы жүйелі де, мазмұнды I бөлімнен, жалпы зерттеу жұмысына берілген қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Осындай әрекеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасын ұсынды. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр. Олай болса, мұғалім мен оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру қажеттілігі мұғалімнің өз пәнін оқыту барысында жеке басының үлгісімен, сонымен қатар пәнді меңгертуде өз мүмкіндіктерінің жаңа қырларын танытуға қызықтыру арқылы оқушыларға зор ықпал ете алуымен байланысты.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. «Обучение для будущего» Проектная деятельность в информационной образовательной среде 21 века. Астана 2009г.
2. АбдураµмоновС. Мамажонов С. Узбек тили ваадабиёти. –Т.: "Узбекистон", 2002, 43-б.
3. АбдураµмоновС, Шукуров Ш. Узбек тилинингтарихийграмматикаси. – Тошкент, 1973,19-б.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.