Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үздік  әдіскер -

Үздік әдіскер

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1088 | Размер: | Автор: гость
. Қайырлы күн, құрметті қазылар алқасы, құрметті әріптестер!
Мен - аудандық «Үздік әдіскер» байқауына қатысушы,
С. Жаңғабылов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі – Сисенбаева Ардақ Айтбайқызы.
«Маған жақсы мұғалім – бәрінен де қымбат, өйткені ол – мектептің жүрегі»,-дейді Ыбырай Алтынсарин. Бүгінгі мектеп мұғалімі – заман талабына сай терең білімді, ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгерген, оқытудың жаңа технологиясымен жұмыс жасай білетін, оқушының қабілеті мен дарынын дамыта отырып, ғылыми ізденіске баули білетін жаңашыл, жан-жақты тұлға.
Жүрек қағысының қалыпты болуы қантамырларының жұмысына байланысты. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста», -деген дана Абай данышпандығын тілге тиек етсем, мұғалімнің қызықты да қиын қызметінің жүйелі жүргізілуі – қантамырлары болса, мектеп жұмысының да жандануы – мектептің қалыпты жүрек қағысы дер едім.

1. Ғаламның сан қилы сұрағын,
Атқарған білімнің бұлағын.
Ардақты мамандық иесі,
Мектептің жүрегі – мұғалім.
2. Білімнің ордасы – тұрағым,
Білгізу, іздену – ұраным.
«Шәкіртім биікке шырқаса!», -
Деп тілеп әрдайым тұрамын.

«Мектеп – кеме, білім - теңіз». Мұғалім міндеті – білім теңізінің тереңінен маржан теру.

Маржаным – мамандығымның марапаттары, жиғаным – шәкіртімнің жетістігі мен жеңісі.

Арманы – асқақ, мақсаты – биік білім кемесімен жүзіп барамыз. Кеме капитаны – ұстаз. Бағытымыз – болашақ.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.