Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Үздік жас маман-2015»  байқауы -

«Үздік жас маман-2015» байқауы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3769 | Размер: | Автор: гость
. Қансейтова Құрбанкүл Әбдіқадырқызы
Кентау қаласы, Ә.Бөкейхан атындағы жалпы орта мектеп,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Үздік жас маман-2015» байқауы
Байқауды өткізудің мақсаты мен міндеттері:
• Жас мамандардың шығармашылық іс-әрекеттерін,тәжірибе алмасуын жан –жақты дамыту.
• Педагогтердің теориялық және практикалық біліктіліктерін жетілдіру;
• Жас мамандар арасында белсенді ,шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалімдерді анықтау, жаңашыл мұғалімдерді қолдау, мұғалім мәртебесін көтеріп,олардың өз мамандығына қызығушылығын арттыру;
• Педагогтердің теориялық және практикалық жұмыстарды өткізу дағдысын жетілдіру;
• Педагог білімі мен біліктілігі құндылығы мен педагогикалық тәжірибелерді насихаттау.
- Ұстаз жолы -қиын,қызық басқадан
Қиындыққа мойымаған,қашпаған
Қанша қажып, шаршаса да Ұлы істе
Қандай рахат өз бақытын тапса адам.
-Иә, осындай Ұлы жолды таңдап,мектебімізде өз еңбек жолын мұғалім болудан бастаған жас мамандар арасында бүгінгі күні байқау өткелі отыр .
- Байқауға қатысушыларды ортаға шақырайық.
-Байқауға қатысушылар:
1.Технология пәнінің мұғалімі: Беласарова Жұлдыз.
2.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі : Алипбаев Мейрамбек .
3. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Аширова Гүлдана.
4. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі : Джахаев Азамат.
5.Бастауыш сынып мұғалімі : Қаратаева Асылзат.
6.Математика пәнінің мұғалімі : Халмуратов Садулла
- Құрметті байқауға қатысушылар, сәт сапар!
-Байқау бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1. Мен-ұстазбын .(Таныстыру 3-5 мин)
2 . Ізденіс –шығармашылық негізі
(Тақырыбын қорғау,сабақ үлгісі5-8 мин)
3.Сұраққа дайын жауабым
(Педагогикалық,психологиялық,
әдістемелік сұрақтар 30 сек)
4.Өнерлі өрге жүзер.
(Өз өнерлерін көрсету 5-8 мин)
-Құрметті қонақтар,қатысушылар! Әділ қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Төрайымы : Мектеп директоры Таукева М.П.
Мүшелері: Ұлағатты ұстаз Сұлтанбаева Жұлдыз
Оқу ісі орынбасары Досболова Гүлжахан
Психолг Бертаева Рахима
-Қазылар алқасы әр сайыста 1-5 балдың арасында ұпай бересіздер
-Ендеше:
І Шәкіртіне әркез құрбан өзегі,
Заман лебін алдын-ала сезеді.
Ұстазға ұран - алға басу, іздену,
Қозғалыстан жалқаулық та безеді.
Ең алғашқы сайыс шарты бүгінгі-
ҰСТАЗДАРҒА ТАНЫСТЫРУ КЕЗЕГІ
-Байқауға қатысушылар өздерін таныстырады.
(Құрметті қазылар өз ұпайларыңызды көтеріңіздер.)
ІІ. -Ұстаздарға назар салар түз тегіс.
Аса ауыр уздіксіз ол-бізде іс.
Ерінбестен еңбектенген ұстазға,
Алдан күтер -абырой ,даңқ,жүз жеңіс.
Бір орында тұрып қалу –қауіпті,
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАСТАУЫ ОЛ – ІЗДЕНІС.
-Мұғалімдер өздерінің ізденіп жүрген тақырыптарын қорғап,шығармашылық ңзденістерін таныстырады.
(Құрметті қазылар өз ұпайларыңызды көтеріңіздер)
ІІІ. -Шәкіртіне білім беріп татымды,
Ешуақытта көрсетпеген жат үлгі.
Саналы ұрпақ еңбегіңмен елеулі
Ғасырларға апарады атыңды.
Қашанда да ұстаз үлгі болады
Ұштастырып білім менен ақылды.
Келер кезек сұраққа-дайын жаубым,
СҰРАҚТАР ДЫ АЛЫҢЫЗДАР САН ҚЫРЛЫ.
-Әр ұстаз біреулеп шығып, қолына 2 сұрақты (1-педагогика-психология;2-ситуациялық) алыңыз да әр сұраққа 30 секундта жауап беріңіз.
(Құрметті қазылар, өз ұпайларыңызды көтеріңіздер)
ІV - Ұлағаты ұрпағына саналы,
Пәк сезімі көркейтетін даланы.
Ұстаз қауым- сегіз қырлы,бір сырлы,
Сахнада артист бола алады.
«Өнерліге өріс кең,»- деп ұстаздар
Алдарыңда өнерменен жанады.
Өнерлі жандар - өрге жүзер мамандар,
Биді билеп,күй шертіп,ән салады.
-Жас мамандар өнер көрсету кезегіне де келіп жетті.
-Әрқайсысы кезегімен өз өнерлерін ортаға салады.
(Құрметті қазылар, өз ұпайларыңызды көтеріңіздер)
–Құрметті қонақтар бүгінгі сайыс өз мәресіне жетті.
-Қорытынды сөз қазылар төрайымы ,мектеп директоры М.П.Таукеевада.
( Құттықтаулар ,марапаттаулар)
- Ұстаз
Таза бұлақ жас құрақ саялаған,
Ізгі жан көңлінде күн ұялаған
Өзін еш аямаған бала үшін,
Талайына тағдырдың мойымаған.
-Ұстаз-
Қасиетімен шәкіртті табындырған.
Дара тұлға жаралған жалын нұрдан.
Жазылмаған ақ парақ –пәк көңілге
Сіңірген білім-кәусар нәрін тұнған.
-Жас мамандар,баланы білім кәусармен қандырар Ұлы ұстаз бол білгейсіздер!
-Осымен байқау аяқталды. Назар аударғандарыңызға рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.