Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өзгелік етіс -

Өзгелік етіс

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4677 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан қаласы
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мухиддинова Гулбахар Ғуламидинқызы



Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 6 – Б
пәні: қазақ тілі Пән мұғалімі: Г.Мухиддинова
Күні: 16.02.2015
Сабақтың тақырыбы Өзгелік етіс
Мақсаты Өзгелік етіс жұрнақтарын білу
Жұрнақтардың жалғану тәртібін ажырата алу
Сөйлем құрауда қолдану.
Күтілетін нәтижелер

¬Өзгелік етіс жұранақтарын біледі.
Жұрнақтардың жалғану тәртібін ажырата алады.
Сөйлеу кезінде қолдана алады.
Керекті жабдықтар
Үй тапсырмасын тест сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс,жұптық жұмыс,жеке жұмыс, жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, суретпен жұмыс,«Өкіл», «Үш сөзбен тұжырымдау»әдістері
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Интерактивті тақта, смайликтер, «Бағдаршам» бағалау қағаздары, қима қағаздар, мәтін, рефлексия парағы,суреттер,флипчарт қағаз,маркер

С а б а қ б а р ы с ы :
Сабақ
кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Кіріспе

3 мин

1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын, бір шумақтық өлеңімізді оқып шығайық.
1. Психологиялық дайындық
Қайырлы таң достым,
қайырлы күн болсын,
қасиетті жұма күні ,
қуанышқа толсын,
біздің алар бағамыз,
кілең бестік болсын.

2. Бірге ойлаймыз. Әр топ өлеңмен бүгінгі сабаққа тілек айтады.
І топ
Жеңіс,жеңіс,жеңеміз,
Жеңісті қолдан бермейміз.
Басқа топқа жеңіс жоқ,
Біз әрине жеңеміз!

3.Конфеть түрлері бойынша топқа бөліну

4.Топ басшыларына бағалау парақшаларын үлестіру
Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар өлеңді бірге қосылып айтады.

Оқушылар, яғни 3 топ бір –біріне арнап тілек-өлеңдерін жазу керек. Ол үшін 2 минут уақыт беремін. Кейін уақыт өткен соң, топ болып бірге оқиды. Бұл оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Әрі сабақта еркін, сенімді отыруына септігін тигізеді.

5 мин

5.Үй тапсырмасын тексеру:
- Балалар, үйге берілген тапсырма қандай еді?
-Үйге өздік етістерді қатыстырып сөйлем құрастыру
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Жауап беруші оқушыға сынып өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтарын қояды

Білу
5 мин

Пысықтау сұрақтары. Жеке жұмыс
Өткен тақырып бойынша тест сұрақтарын беремін. Тест жауабын интербелсенді тақтадан тесереді,өздерін «Бағдаршам»бағалау әдісімен бағалайды.
1.Өздік етістің жұрнағын тап.
А) –дыр,-дір
В )–шы,-ші
С )–ғыз,-гіз
Д )–ын,-ін
Е) –тыр,-тір
2.Қай етіс түрі орындаушының іс-қимылды өзі орындайтынын білдіреді?
А )өздік етіс
В )өзгелік етіс
С )ортақ етіс
Д) ырықсыз етіс
Е) етістің төрт түрі
3.Етістің қанша түрі бар?
А) 2
В) 3
С )4
Д) 5
Е) 6
4.Қимылдың,іс-әрекеттің орындаушыға,яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрін...
А )көсемше
В )есімше
С )етіс
Д )тұйық етістік
Е )етістік
5.Өздік етісті тап
А) үй тазаланды
В )Абай үйге келген қонақтарға жыр айтқызды
С )Ағайын-туғаның сүйінді
Д) Олар хат жазысты

Оқушылар тест парақшаларына тесттің дұрыс жауабын белгілейді және өзін бағдаршам түстерімен бағалайды
Түсіну
8 мин

Қолдану
5 мин

Қызығушылықты ояту.
Түрткі сұрақтар арқылы оқушыларды сабаққа қызықтыру
1.Етістің қанша түрі бар?
2.Өздік етіс дегеніміз не?
Сызбамен жұмыс

Ү. Жаңа сабақ
Жаңа сабақты «Өкіл» әдісі бойынша меңгеру.
1-топтағы оқушылар өзгелік етіс бойынша ереже мәтінін оқиды.
2-топтағы оқушылар өзгелік етістің жасалу жолын оқиды.
3-топ берілген мысалдар ішінен өзгелік етісті талдап,түсіндіреді.
Өзгелік етіс
Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады.

Ол жұрнақтар: 1) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, жет-кіз; 2) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, сал-дыр, сен-дір, ас-тыр, тік-тір, кет-ір, ас-ыр; 3) -т; жаса-т, сөйле-т т. б. Демек, өзгелік етісті сөйлемде кимылды, іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі — сол кимылды орындатушы, екіншісі — қимылды тікелей орындаушы. Мысалы: Ол баласына өлең айтқызды.
Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру мақсатында оқулықпен жұмыс жасау.
241-жаттығу. Жеке жұмыс Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жазыңдар .
Көбей-т-тір,ойлан-дыр,оқы-т-қыз,өсір-т-кіз,жуын-дыр,айқайла-т-қыз,ал-дыр,өшір-гіз,құтқар-ғыз.
Бағалау Смайликтермен Оқушылар түрткі сұрақтарға жауап беру арқылы қызығушылықтары оянады.

Оқушылар ереже мәтінімен танысады,топта талқылайды,бір-біріне түсіндіреді.
Әр топтан бір оқушы сағат тілімен өкіл болып келесі топқа барып,өз оқығанын түсіндіреді және сол топ өз түсінгенін айтып береді.

Оқушылар бұл мысалдардағы өзгелік етістерге тұлғасына қарай талдау жасайды.

Бұл мысалдарды да оқушылар талдай отырып, өзгелік етістің жұрнақтарын анықтайды және оның жасалу, яғни жалғану жолын білетін болдады. Менің мақсатым- кестедегі мысалдар арқылы оқушылардың өздеріне өзгелік етістің жасалу жолын анықтату, ойландыру, іздендіру.

Жаңа тақырыпты өздері меңгеру арқылы олыр өзгелік етістің жасалу жолын толық меңгеріп шығады деп ойлаймын.

Оқушылар «Басқарушы қол» ФБ жүргізеді.

Әр оқушы жеке 241-жаттығуды орындайды.Оқушылар берілген сөздерге қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жасап жазады.

1 мин Сергіту сәті. Макарена
Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар қозғалып, билейді
Талдау
5 мин

Жинақтау
5 мин

2 мин

2 мин

4 мин ҮІІ. Алынған ақпараттарды тәжірибеден өткізу мақсатында жұптық жұмыс орындату.
Оқушыларға суреттер таратып беремін.Олар жұптасып,бір-біріне көмек бере отырып,сурет бойынша 2 сөйлем құрастырады.

Бағалау. Жұлдызшалармен.



Постермен жұмыс
Тақырыпқа байланысты ақпараттарды қайта анықтау мақсатында «Үш сөзбен тұжырымдау» әдісімен сабақты қорытындылау. Топтық жұмыс
Тақтадағы флипчарт қағазға үш топтан кезекпен оқушылар шығып, бүгінгі өткен сабақты үш сөзбен тұжырымдайды.
Мысалы:
Ережесі
Қимылды біреу орындайды
Жұрнақтары: -ғыз,-тыр,-т

Мысалы: Айт-қыз,тарт-тыр,түсір-т



Х.Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.
Үйге тапсырма: 243- жаттығу.
Берліген өзгелік етістерді қолданып,сөз тіркесі мен сөйлем құрап келу..

ХІ.Кері байланыс орнату.Блоб ағашы арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін,көңіл-күйлерін білдіреді.
ХІІ.Рефлексия «Алақан»
• Бас бармақ Не ұнады?
• Балан үйрек Жаңа не білдім?
• Ортан терек Не жөнінде ойландыңыз?
• Шылдыр шүмек Өз қоржыныма не аламын?
• Кішкентай бөбек Не білгім келеді?
- Сабақ аяқталды!
- Сау болыңыздар!

Оқушылар берілген сюжетті суреттермен жұмыс жасайды. Жұп болып, ақылдасып, бір шешімге келіп, сөйлем құрайды. Оқып, өзгелік етістерге тұлғалық талдау жасайды.

Оқушылар топ болып берілген постерге «Үш сөзбен тұжырымдау» әдісі бойынша бүгінгі өткен сабақты қорытындылайды.

Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.

Оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақтан алған әсерін баяндайды. Кей оқушы сыныпқа оқып береді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.