Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ж.Аймауытов. «Әнші» әңгімесі. -

Ж.Аймауытов. «Әнші» әңгімесі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1667 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қосжанова Салтанат Орынтайқызы
Пән аты: Әдебиет
Сыныбы:7«Б»
Сабақтың тақырыбы Ж.Аймауытов. «Әнші» әңгімесі. 2-сағат
Сілтеме Ғаламтор, оқулық, МАН
Жалпы мақсаты 1.Танымдық: Ж.Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдету, шығарманың тілі мен мазмұнына талдау жасату, Әмірқан бейнесін жан-жақты талдау.
2.Эмоциялық: Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, белсенді ойлау дағдыларын жандандырып, сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып, қызығушылығын арттыру, білімін дамыту.
3.Әлеуметтік:Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Жеке танымдық қабілеттерін кеңейту мүмкіндіктеріне қызығады.
Психологиялық жағымды орта табысты оқуға ықпал етеді.
Өзара әрекеттесу арқылы білім, білік дағдылары кеңейеді.
Негізгі идеялар Сабақ барысында оқушылардың өзара әрекеттесуін арқылы танымдық белсенділіктерін арттыру. Баяндау, пайымдау, рефлексивтік талдаулар жасауға бейімдеу.
Тапсырма көздері 1.Өз бетінше іздену жұмыстары. Мәнмәтіндерге логикалық талдау жасауға машықтандыру.
2.Өзара пікір алмасу: ұтқырлық, тәртіп.
3.Бірін-бірі тыңдау арқылы өзара әрекеттестікте жұмыс жасау
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, стикерлер, постерлер
Мотивациялық кезең Шағын топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау Өткен материалды ойға салу мақсатында жұқа және қалың сұрақтар арқылы толығырақ жауап беруге итермелеу.(Ім)
І топ. «Әнші» сөзіне «бес жолды өлең» құрастыру.
ІІ топ. Жүсіпбек кім? Топтастыру.
ІІІ топ.Әміре Қашаубаев кім? Топтастыру. (8минут)


Жаңа сабақ Өткен сабақта біз «Әнші» әңгімесінің авторы Ж.Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып кеткенбіз.
Жүсіпбек - сегіз қырлы, бір сырлы дарын, жан-жақты талант иесі. Жүсіпбек – ақын, жазушы, драматург, сыншы, аудармашы, публицист.
Жүсіпбек – новелла, повесть, романның айтулы шебері, психолог, тұңғыш оқулықтар мен педагогикалық мақалалардың авторы. Жүсіпбектің тағдыры ауыр, өмірі қысқа болғанымен, әдеби мұрасы мол. Ол қазақ прозасын дүние жүзілік деңгейге көтерген қайталанбас ұлы суреткер. Жүсіпбектің шығармашылық шеберлігіне Б.Майлин:
«Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны көрген емеспін» - деп баға берген. Жүсіпбек шығармаларының негізгі тақырыбы – заман шындығын бейнелеу. Соның бір айғағы – осы «Әнші» әңгімесі.
«Әнші » әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі арқылы жазушы өмірі мен өнері аңызға айналған әнші Әміре Қашаубаевтың әдеби бейнесін береді, сол Әміренің өнерінің бір сәтін өз әңгімесіне өзек етеді.
Әміре Қашаубаев кім?
Әміре Қашаубаев – атақты әнші, актер әрі музыкант, қазақ әндерін Парижде өткен сән көрмесінде орындап, күміс медальға ие болған. Қазақ әндерін шетелде орындаған тұңғыш қазақ әншісі. Ресейде, Германияда өз өнерін көрсеткен. (2 минут)
(суреттерін көрсету)

Баяндап беруші – оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, осы оқиғаның мазмұнын дайындау;
1. Жетішатыр қаласы

5. Әмірқанның 2. Шәкет үйінде
әңгімесі




4. Жұртты сүйсіндірген 3. Наурыз мейрамына
Әмірқан дайындық
Зерттеуші – оның міндеті (мәтінге байланысты) басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау. Сондай-ақ бұл жаңа сөздерді меңгеру және суреттеу немесе өткен тапсырманың қалған бөлігі болуы мүмкін.
Арсын-гүрсін
Барды баламайды, сыпайы, бұйығы, момын
Жоқты санамайды.

әннен басқаға олақ еркін


сенгіш әнді жүрегімен орындайды
адал дос

Сұрақтар құрастырушы – негізгі оқиғаларды қамтитын немесе әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. Бастысы, оқушылар сұрақ қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғары деңгейлердің бөлінуі туралы ескерсе болды.
Әншімен алғашқы кездесу қай жерде өтті?
Әмірқан Шәкет үйінде қандай аспаппен ән шырқады?
Жастар сауықты қандай мерекеге орай ұйымдастырды?
Әңгіме кейіпкерлерін ата
Әмірқанның ұстазы кім?
«Үріп ауызға салғандай» деп жазушы кімді сипаттады, ол туралы айт.
Әмірқан мен Ақтамақ қандай ойында тіл табысып кетті?
Қарақшылардан Әмірқан қалай құтылды?
Әнші неге жылады?

Сілтемелер табушы - оның міндеті әңгіменің тақырыбын/руханилығын ашатын немесе құптайтын кез келген сілтемелерді - белгілі және аздап белгілі афоризмдер және мәтелдер табу;

Бейнелеуші-суретші – оның міндеті әңгімедегі кейіпкерге немесе оқиғаға ауызша суреттеу;
Жетішатыр-жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы қымыз, ойын-сауық. Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Жаз шықса пароход, паром желқайық, жасыл Арал, қалың орман... Сырнай-керней, Қызық думан, Қайткенмен сергек қала

Түр — түсі, сыртқы бейнесі. Әмірқанның киімі де, түрі де, жүріс- тұрысы да жат еді, қазақтың еркіндігін еске түсіруші еді.
Орындаушылық шеберлігі. Тағы да ескектете, желпіндіре, желіктіре, ышқындыра, құлшындыра соғып, тыңдаушының айызын әбден қандырды.
Өнерге сүйіспеншілігі. Ән салса, ол өзін- өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі. Ол тәтті үнге, топқа бола жаралған адам. Ән салса, рақаттанып, гүл- гүл жайнайды. Көзі де, аузы да, денесі де, қолы да бірге салады. Әмірқан кісі емес, әнге айналады. Оның ән салғандағы түріне қарап отырсаң, тоясың.
Қарапайымдылығы, сыпайылығы. Әмірқан қол ұстасып, сыпайы амандасып отырды.
Адамға үйірсектігі,бауырмалдығы. Әмірқан кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын жігіт. Наурыздан кейін бізбен дос болып кетті. Бер жаққа шықса, бізге соқпай кетпейді.
Қонақжайлылығы. - Менің құжырамды да бір көріңдер,- деп қайта- қайта шақырып, үйіне қонаққа апарды.
Қымыз, ет алып, тыраштанып, шабылып қалыпты.
Махаббатқа адалдығы. Ақтамақпен бір- ақ жұмадай дәурен сүрдім. Ой, дүние- ай!- деп, Әмірқан ауыр күрсінді де, дыбыссыз қалды. Бетіне қарасам, көзінің жасы парлап тұр екен.
Дәнекер – оның міндеті негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.(20минут)

Сергіту сәті «Балқадиша» әнін тыңдау.(3минут)
Кейінгі тапсырмалар І . Әңгімеде қазақ халқының қандай әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері суреттелген?
Наурыз тойы, орамал тастау ойыны, наурыз көже пісіріп, ет асу, қыз алып қашу дәстүрі, шілдехана. Төс қағысу, ат жарыс, той, құдалық, күрес, айт.
ІІ . Шығармадағы тұрақты тіркестерді тауып, мағынасын түсіңдіріңіз
Иісі кеудеңді жарады, шайдай ашылды,жандырып жүреді, көңіл көкке серпу,аяғы жерге тимей, берсе қолынан, бермесе жолынан;үріп ауызға салғандай, төбем көкке жетті,қас қарая; қалпақтай түстім, есім ауып қалды, өңім екенін, түсім екенін білмей., жанымен салу, қабағынан қар жауған.т.б.
ІІІ .Әңгімедегі теңеулерді табыңыз
Әмірқанды суреттеуі Ұшатын құстай, «Шеулі қаршығадай шап етер, киіктің асығындай тап етер»; «Сұңқылдаған көмейі, Сыбызғының үніндей; Ескектеген толқыны «Бозайғырдың» күйіндей; Аспандап соққан айқайы Алтайдың асқар тауындай;Желпілдеткен түндікті Күздігүні дауылдай; Төмендет сорғалап, Тас бұлақтың суындай».....(10минут)

Қорытынды Жүсіпбек осы бір шағын әңгімесінде Әмірқан образы арқылы әнші Әміренің әншілік өнерін, азаматтық тұлғасын тамаша бейнелеген, шынайы өнерге табындырған. Ұлы әншіге тамаша ескерткіш орнатып кеткендей. Әңгімеден Жүсіпбектің үздік сөз шебері екенін байқау қиын емес. Ол прозада да ақынша сөйлеп кетеді. Әміре әнге жүйрік, Жүсіпбек сөзге жүйрік. Екеуі жарыса тіл қатқандай.
Рефлексия

Бағалау Формативті бағалау
Үйге тапсырма Шығармадағы Әмірқанның Ақтамақ жайындағы әңгімесі аяқталмай қалған сияқты. Себебі, әнші Әмірқан сүйген қыздың тағдыры сіздерге беймәлім.Оны өз қиялдарыңызбен жалғастырып, «Егер мен жазушы болсам...» тақырыбында әңгімені аяқтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.