Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ж.Аймауытовтың  «Қартқожа» романы бойынша «Алтын сақа» ойыны -

Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романы бойынша «Алтын сақа» ойыны

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1746 | Размер: | Автор: гость
. Қазақ әдебиеті 11-сынып

Сабақ тақырыбы: Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романы бойынша «Алтын сақа» ойыны
Сабақ мақсаты: 1. Жазушының «Қартқожа» романы бойынша оқушылардың білімдерін
тексеру, мазмұнын еске түсіру;
2. Эстетикалық тәрбие бере отырып, балаларды жылдамдыққа,
адамгершілікке үйрету;
3.Көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін арттыру, өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу,
сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Түр-әдісі: Сайыс сабақ, сұрақ –жауап.
Көрнекілігі: Жазушының суреттері, кітаптары, жасақталған альбом, кейіпкерлер суреттері;

Қатысатындар: 11-сынып оқушылары
Ұйымдастыру: алдын-ала шығарма желісі бойынша сұрақтар дайындалады, балалар топқа
бөлінеді, сайыс топтар арасында болады, сайыс сұрақтар арқылы
өрбиді.Сұрақтар шығармадан үзінді ретінде алынып, не жалғастыру керек
оқиғаны, не кім, не деген сұраққа жуап табу керек.
Ойынның шарты: Сұрақ берілген сәтте кім жылдам, сол қол көтереді, сол сұраққа жауап
беруі тиіс. Қате болған жағдайда, жауапты айту қарсыластарға беріледі

Қойылатын сұрақтар:

1. «Ұмытпасам, бұдан табандатқан 14-15 жылдар бұрын болса керек, Қаржасбайдың аңыраған қонақ үйінде жиырмаға тарта баланы алқа-қотан отырғызып, қожаның азан-қазан оқытып жататыны» Мұндағы қожа кім еді?
Жауабы: Мәжит

2. «Қарға бір батып, бір шығып, шолақ борбай тырбаңдап, омырауы ашық, көзінен, мұрнынан сорасы ағып, сақал-мұртына сүңгі тұрып, қалтақтап келе жатқан қазақ көрсеңіз...» ол кім?
Жауабы: Жұман

3. «Жұманның алданышы – ораза ашары, қуанышы- ...» Қуанышы кімдер еді?
Жауабы: 4 қарғасы: үшеуі-еркек, бірі –әйел бала

4. «Перуатшіктің жеңіп кеткеніне Қартқожа қатты сүйсінген. Қазақта мұндай жетік, орысшаға судай кісі болады екен-ау! – деп таңданған...»
Қартқожа таңданған перуатшік кісі кім? Жауабы: Әбілда

5. «Үлкен ауыл жақтан екі аты кісі келе жатыр екен. Орныға алмай, қоқиып, атқа отырысы... «ел қазағы емеспін» деп анадайдан айғайлап айтып келеді. Қасындағысы – үлкен ауылдағы...» Ол кім еді?
Жауабы: Сәдуалі

6. «Қараңғы түнде елден адасқан адам алыстан жылт еткен от ұшқынын көзі шалғанда қандай қуанады: Қартқожа оқу деген нәрсенің жарқ сәулесі жылт еткендей болды. Қуантты. Келе жатып ... асықты» Қартқожа неге асықты?
Жауабы: кітапшасын оқуға

7. «Қартқожа әкесінің тарығанын, балаша еңіреп жылағанын екі көрді» Қандай жағдайда?
Жауабы: - қасқа атты бауыздағанда;
-көк биенің іші астаудай боп ісіп кеткенде

8. «Қасқа атты бауыздағанда Жұман төмен қарап, «Қол-аяғымызды кестің бе?» деп еңкілдеп қоя берді» Жұман «кестің бе?» деп кімге атты?
Жауабы:Жұман атына айтты ма, әлде құдайға айтты ма,
болмаса тілмашқа айтты ма, болысқа, шабарманға
айтты ма, Қартқожа кімге айтқанын білген жоқ.

9. «Құдай-ау, не жаздым? Мұнша сорлы қылатындай неңді алдым? Қырсықтан көзімізді ашатын күні бар ма, жоқ па?» деп зарланушы еді. Сонда да оқудан күдерін үзбеді, өйткені...»
Жауабы: Өйткені түсінде оқып жүретін еді.

10. «Жігіттер аттанғалы жатыр. Ауыл улаған-шулаған... Қартқожа егілді, күңіренді» Тағы басқа кімдер күңіренді?
Жауабы: Арба басында әжелер күңіренді,
Мола басында еректер күңіренді.
Молада әруақтар күңіренді.
Далада мал күңіренді.
Қалың қазақ, Сарыарқа күңіренді.

11. Қартқожаның майданға барардағы біз білмейтін бейнеттері қандай еді?
Жауабы: «Сіздерді Қартқожамен бірге қалаға апарып, жігіт алған жерде қаланың саудагерлеріне, бай-болыстарға аунатып жегізіп, докторлардың пара алғанын көрсетіп, Қартқожамен бірге жалаңаштап моншаға апарып ауыртып, тоғыз тазбен бірге қанап, дүнгендерден таяқ жегізіп әуре қылмай-ақ, майданға алып барайық»

12. «Қартқожа жаз шыға еліне қайтуға рұқсат сұрады. «Кәрі шешемді көремін» деген соң Қаршолақ ауылы әрең босатты. Әйтпесе тағы да ұстамақ еді» Қартқожа неге кетті?
Жауабы : «Қартқожаның шолақ оқуы бітіп қалып, өзінен
өзі ұялып жүргенін Қарашолақ қайдан білсін»

13. «Өзге бала алақтап ойнап, оқыған болып, өтірік ыңылдап, болса бірдеңемен алданып, сарылып отырғанда, Қартқожа...» қайтетін еді?
Жауабы: «Жалықпай қағазын шұқылап, «Құл ағұздан»
шығып, «Бір әбнасқа» түсіп, екі-үш күнде
«Уәсуасілханнастарға» да барып қалатын»

14. Қартқожаның шешесі қандай жан?
Жауабы: «Біртүрлі момын, біртоға жан. Күйбеңдеп шаруасын істеп,
балаларының асты-үстін бүтіндеп, анаған да, мынаған да
«қарағым», «шырағым» дегеннен басқа бар дәмін кісіге
бергеннен басқа бөтен мінезі жоқ»

15. «Осының бәрі Қартқожаны ойландырды. Жанын кейітті. «Әттең менің кедейлігім-ау, әйтпесе менен ақылы артық па, зейіні артық па? Артық болса малы артық» Қартқожаны ренжіткен не?
Жауабы: Жұматтан таяқ жеуі, бай баласының қарға аунатуы,
тонын жыртуы, кітабын шашуы, өгізшесінен аударуы

16. «Таңдайын жібітіп отыратын «бір бие – бұлақтың басы, екі бие – елдің асы» деп дәтке қуат қылатын жалғыз көк бие еді.Осы жаз жамандатып, сол өлді. Жұман бар емді істеп көрді» Жұманның істегені қандай ем еді?
Жауабы: «Тұз қайнатып та құйды, қара қоңызды да тесіп тықты,
алмас та салды, қайдағы, түк болған жоқ»

17. «Ертеңіне Жұманның ауылдың әрқайсысынан «сататын астық білген жерлерің бар ма?» деп сұрастырды» Астықты Жұман қайдан алды?
Жауабы: «Отыз шақырымдай жерде Байбек дегенде қызыл
бұзауға сататын астық бар деп естіп, Жұман бір
қапты беліне байлап соған жөнелді»

18. – Қартқожа бар ма? Шық бері! – деген түнгі айқай сойылмен салып жібергендей, сарт ете түсті. Қартқожа қалай тұрғанын да білмеді. Қартқожа аң-таң. Есі шығып кетті. Не екенін білген жоқ. Бірақ таныс жігіт» Ол кім?
Жауабы: Имақан.

Айса САҒЫНДЫҚ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Сарға ауылы
«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.